Орман экологиясы



жүктеу 0.97 Mb.
бет1/6
Дата05.02.2017
өлшемі0.97 Mb.
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университетi
Биология және химия кафедрасы

Г.Ж. Сұлтанғазина., Б.Х.Утебаева


ОРМАН ЭКОЛОГИЯСЫ
Оқу - әдістемелік құралы

Қостанай, 2013



ББК 43.4

C-85
Рецензенттер:

Қонысбаева Дамиля Туремуратовна - биология ғылымдарының кандидаты,

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы

Сулейманова Куляй Уразгалиевна - биология ғылымдарының кандидаты,

ветеринарлы медицина кафедрасының меңгерушісі

Жемпиисов Шаруан Сыздыкович - ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, агрономия кафедрасының профессоры


Авторлары:

Султангазина Гүлнар Жалелқызы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент, биология және химия кафедрасының меңгерушісі

Утебаева Балауса Хантаевна, биология және химия кафедрасының оқытушысы
C-85 Султангазина Г.Ж.

Орман экологиясы. 5В060700- Биология мамандығы бойынша оқу- әдістемелік құралы – Қостанай, 2013.-56б.

Оқу-әдістемелік құралында тәжірибелік-зертханалық сабақтарының орман морфологиясы, орман экологиясы,орманға климаттың, жарықтың, жылудың, ылғалдың, ауаның, топырақтың, биотикалық факторлрдың, антропогендік факторлардың тигізетін әсері, Қазақстан ормандары мен орманды қорғау шаралары тақырыптары қарастырылған. Тәжірибелік – зертханалық сабақтарына арналған тапсырмалар және оларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар енгізілген.

Бұл оқу-әдістемелік құралы 5В060700-Биология, мамандықтарының студенттеріне арналған.

ББК 43.4

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесімен __ ________2013 жылы № ­­­­­­­­­­­­­­­­­____ хаттамасымен бекітілген.



©Султангазина Г.Ж.,2013
Мазмұны
Кіріспе ..........................................................................................................................4

1 Орман морфологиясы..............................................................................................5



    1. Қарағайлы орман морфологиясы бойынша

зертханалық жұмыс.........................................................................................6

2 Орман – табиғи жүйе..............................................................................................7

2.1 Таулы алқаптың шырша орман биогеоценозы

бойынша зертханалық жұмыс........................................................................9

3 Орман экологиясы.................................................................................................10

3.1 Орман экологиясы бойынша зертханалық жұмыс .....................................12

4 Орман және климат...............................................................................................14

4.1 Орман және климат бойынша зертханалық жұмыс....................................15

5 Орман және жарық................................................................................................16

5.1 Орман және жарық бойынша зертханалық жұмыс....................................18

6 Орман және жылу..................................................................................................21

6.1 Орман және жылу бойынша зертханалық жұмыс.......................................23

7 Орман және жел.....................................................................................................25

7.1 Орман және жел бойынша зертханалық жұмыс.........................................26

8 Орман және ауа.......................................................................................................28

8.1 Орман және ауа бойынша зертханалық жұмыс..........................................29

9 Орман және ылғал..................................................................................................31

9.1 Орман және ылғал бойынша зертханалық жұмыс....................................34

10 Орман және топырақ............................................................................................36

10.1 Орман және топырақ бойынша зертханалық жұмыс...............................37

11 Орман және фауна................................................................................................40

11.1 Орман және фауна бойынша зертханалық жұмыс...................................42

12 Орман және фитценоз..........................................................................................43

12.1 Орман және фитценоз бойынша зертханалық жұмыс..............................44

13 Орманға антропогендік факторлардың тигізетін әсері.....................................47

13.1 Орманды өртке қарсы орналастыру жобасы

бойынша зертханалық жұмыс........................................................................48

14 Қазақстан ормандары...........................................................................................51

14.1 Қазақстан Шренк шыршасы ормандары бойынша

зертханалық жұмыс.........................................................................................52

15 Орманды қорғау шаралары..................................................................................54

15.1 Орманды қорғау шаралары бойынша

зертханалық жұмыс...........................................................................................55

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................57


Кіріспе
Орман – өсімдіктің көптеген пішіндерінен тұратын, жердегі өсімдік жамылғысының негізгі түрінің бірі, олардың ішінен ағаштар мен бұталар, екінші кезекте, бұташықтар, шөптер, мүктер, қыналар және тағы басқалар басты рөл атқарады.

Орман, қандай да болмасын, өсімдік тәрізді, қоршаған ортамен тығыз байланыста және динамикалық бірліктер бола отырып, оны құрайтын өсімдіктердің бірге өсіп – өнетіндігі, бір – біріне әсер ететіндігі орманның өзіне тән сипаты болып табылады.

Организм мен ортаның өзара байланысын, организмдер мен орта арасындағы өзара ықпалды, жердің тірі жабылғысының тіршілік заңдылықтарын зерттейтін ғылым экология.

Орман экологиясы биогеоценоздарды, яғни популяцияларды және әр түрлердің аумақтық жиынтығын зерттейді.

Биогеоценоз – биологиялық ортаның алғашқы қарапайым бірлігі. Ол орман өсімдігі мен орта бірлігі екенін өте анық көрсетеді.

Орман экологиясында екі мәселені алып қарауға болады: экологиялық факторлардың орман тршілігіне ықпалы және сондай ақ ерекше, өзіне ғана тән орман ортасының құрылуы. Осылайша, орман экологиясы міндетіне орта жағдайларының орманға ықпалының сипатын, сонымен қатар орманның өзіндік алып жатқан аумағы мен жақын жақын жатқан кеңістігіне әсерін зерттеуде кіреді.

Орман биоценозында өсімдіктер тіршілігіне әсер ететін барлық экологиялық факторлар биотикалық, абиотикалық және антропогендік деп бөлінеді. Ормандағы биотикалық факторларға өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің бір біріне әсер ететін ықпалы жатады. Өсімдіктер арасындағы өзара қарым қатынас пайдалы яғни ол бір түрдің өркендеуіне бағыттайды, бәсекелестік қатынас болуы мүмкін.

Антропогендік факторларға немесе адам іс-әрекеті факторларына орманды кесулер мен орман өрттері, мал жаю мен шөп шабу, орманды жерлерді құрғату мен тыңайтқыштар енгізу, орманның сүректен басқа өнімдерін дайындау, адамдардың демалысы үшін орманды пайдалануы жатады.

Табиғатта барлық экологиялық факторлар бір бірімен байланыста болады.

Тақырып 1. Орман морфологиясы

Мақсаты: орманның морфологиялық ерекшеліктерімен танысу, оның негізгі компоненттерін ажырата білу.

Жоспар:


  1. Орман жалпы сипаттама

  2. Орман өсімдіктерінің компоненттері


Әдістемелік нұсқау

Орман – жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас өсімдіктердің күрделі қарым – қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы, құрамы, көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып , қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады.

Орман өсімдік қауымдастығының компоненттері ( құрам бөліктері)

Орманның негізгі компоненттеріне мыналар жатады: алқа ағаштар, сүрекдің, өскін, өсімтал, орман астары, топырақ тірі жамылғысы және орман төсемесі, ризосфера және сатыдан тыс өсімдіктер.

Алқа ағаш – ағаш пен бұта өсімдіктері және тірі топырақ жамылғысы бойынша біртекті орман учаскісі. Алқа ағашқа белгілі бір учаскеде өсетін барлық ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер, мүктер мен қыналар кіреді.

Сүрекдің – алқа ағаштың негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын ағаштар жиынтығы. Бұл орманның аса маңызды компоненті, негізгі құрамдас бөлігі.

Өскін – ағаш өсімдіктерінің орман шымылдығы астында немесе кесілген ормандағы сүрекдіңді құрауға қабілетті жас ұрпағы.

Жас ұрпаққа ең алдымен сүректі өсімдіктердің бір жастағы балғын нмесе санақ жүргізген жылы пайда болған балғын өсімдіктер жатқызылады. Тірі қалған жағдайда олар 3-5 жасқа дейінгі, ал солтүстік жағдайында -10 жасқа дейінгі өздігінен өскен жас ұрпаққа айналады.

Өсімтал – жанына көлеңке түсіре отырып, басты ағаш діңінің өсуін жеделдетуге және пішінінің жақсаруына ықпал ететін сүректі ағаш немесе бұта түрі.

Әдетте өсімтал ретінде, көлеңкеге төзімді ағаш-бұта түрлері қалыптасады. Өсімталды жас кезінде баяу өсетін түрлер, мысалы емен тәрізділер қажет етеді.

Орман астары – орман шымылдығы астында өскен және қазіргі өсіп өніп тұрған жағдайында сүрекдіңді құрауға қабілетсіз бұталар, стрегірек сүректі ағаш түрлері.

Біздің ормандарда кезедесетін бұталардан орман астарына жататындары: арша, шетен, тал, ұшқат, қарақат, сыңғақ итшомырт, шаттауық.

Орман астарының орман өсірушілік маңызы өте зор. Ол топырақ қорғау рөлін орындайды, яғни орман топырағын шөптесін өсімдіктер басып кетуін тежейді, көптеген пайдалы құстар мен аңдардың баспанасы болып табылады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Орман фитоценозы дегеніміз не?

  2. Орман қандай құрам бөліктерден құралады?

  3. Алқа ағаш пен сүрекдің туралы анықтама беріңіз.



Тақырып 1.1 Қарағайлы орман морфологиясы бойынша зертханалық жұмыс

Мақсаты: қарағайлы орманның жарық көп түсетін және ашық,құрғақ жерлерінде кездесетін өсімдіктермен, олардың өсу ортасымен танысып биоморфологиялық сипаттама жасау;
Әдістемелік нұсқау

Қарағайлы орманның негізгі тұқым құраушы түріне кәдімгі қарағай мен арша жатады.Қарағай жалаң тұқымдылардың ішінде кеңінен тараған, қылқан жапырақтылар класының өкілі. Оның басқа өсімдіктер мен салыстырғанда өсу ортасына, яғни топыраққа, қоятын талабы төмен, ол құмды құрғақ, тау тасты жерлерде тіршілік ете алады, бірақ жарық сүйгіш өсімдік. Сабағының сыртын қалың қатпарлы қыртыс жауып, сыртқы ортаның әр түрлі жағымсыз жағдайларынан сақтап тұрады. Қарағайдың сабағы моноподиалдық жолмен бұтақтанады, биіктігі 40м. Негізгі сабағында шоқтанған бұтақтар пайда болып, жыл сайын буын түзеді. Қарағайдың жасын осы негізгі сабақтағы пайда болған буындардың санына байланысты, яғни төменнен жоғары, санап анықтайды. Жанама бұтақтарындағы қысқарған өркендерде екі екіден қылқандары орналасады. Қылқандар әрбір 3-4 жылда бір рет түсіп, жаңадан пайда болып отырады. Төменде бірінші пайда болған жанама бұтақтар жарықтың нашар түсуіне байланысты қурап, өліп отырады. Сондықтан қарағайлы орманда орманның басқа түрлерімен, мысалы аралас орманмен, салыстырғанда жарық мол болады. Қарағайлы орманның топырағының ерекшелігі, топырақтың үстіңгі бетін күзде түскен қылқандар, қураған бұтақтар мен басқа өсімдіктердің жапырақтары, бүрлер қалың төсеніш қабат құрап жауып жатады.

Қарағайлы орманда, басқа ағаш тектестермен салыстырғанда, қарағай басым. Ал басқалардан қайың, көк терек кездеседі. Бұта тектестен шамалы түрде және өзіндік ярус құрмай итмұрын, тобылғы, долана, қара ырғай, үшқат және арша кездеседі. Шөптесін өсімдіктер қарағайлы орманда оқта-текте кездескенімен, түр жағына әр түрлі болып келеді. Мысалы: қоңырбас, бетеге, боз кілем, қоян от, саршатыр, мысық табан, бөдене шөп, ал тау шатқалдарында – мыңжапырақ, жусан кездеседі.
Тапсырма:


  1. Қарағайлы орманның жарық көп түсетін және ашық, құрғақ жерлерінде кездесетін өсімдіктерімен, олардың өсу ортасымен танысып биоморфологиялық сипаттама жасау; қарайғайдың даму циклімен танысу. Сукулентті өсімдіктерімен: қоян от, боз кілем және мәңгі жасыл өсімдіктер қарағай мен дөңгелек жапырақты алмұрт шөп, басқа ксерофиттерден: тасшүйгін, мысықтабан т.б.

  2. Қарағайлы орманның көлеңкелі жерлерінде, ылғалды ортада кездесетін өсімдіктерімен танысу: папоротниктер, көкек зығыры, орман бүлдіргені т.б. Көкек зығырының даму циклі мен танысу ( гаметофит жәнек спорофит).

  3. Қарағайлы орманнан жиналған өсімдіктерді гербарийден қарастыру.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қарағайлы орманның негізін құраушы сүректі ағаш түрлерін атаңыз.

  2. Қарағайлы орманда бұталардан қандай түрлер кездеседі?

  3. Қарағайлы орманда шөптесін өсімдіктерді атаңыз.



Тақырып 2. Орман – табиғи жүйе

Мақсаты: орман алқабындағы биогеоценозға жалпы сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқау

ХІХ ғасырдын өзінде тірі организмдердің уақытпен кеңестік бойынша біртұтас ұйымдасқаны, олардың абиотыкалық ортамен өзара байланысы туралы көз қарастар кең тарала бастаған .

К. Мебус биологиялық қауымдастығы туралы ұғым енгізді, онда түрлермен дарақтар жиынтығы тұрақты шектеуде және сұрыптала отырып , белгілі аумақты үзіліссіз иемденеді.

Орман жүніндегі қазіргі ғалымның негізгі қалаушысы Г.Ф Морозов- сүректі және басқа өсімдік организмдері,сондай – ақ, жануарлар жағрапиялық орта өкімімен тіршілік ететіндер арасындағы байланыстыра туралы идеяны өмірге біртіндеп енгізе бастады.

ХХ ғасырдың басында Ф. Клементстің, толық дамыған биологиялық қауымдастықтың кең көлемде белгілі болады. Бұл биологиялық қауымдастық қоршаған өлі ортадан қалайда бөлектенген дегенді білдіреді.

Содан кейін белгілі сыртқы ортамен мекендейтін тірі организмдер бір-бірімен және қоршаған ортамен бірегей физикалық жүйемен байланысқан деген ғылыми идеялар таныла бастады.

1935 жылы А.Тенсли осындай өзара байланыстаға кешендерді белгілеу үшін « экожүйе» терминін ұсынды, мұнымен табиғаттың тұтас қосымша жүйелері ұғындырылды, мұнда организмдер,сондай – ақ, бейорганикалық факторлар біршама тұрақты жағдайда тұрады, әрі жетекші компонент өсімдік болып табылады.

Тірі және өлі табиғаттың байланысы жөніндегі ғылым үшін В.И. Вернадскийдің «биосфера» ілімінің маңызы зор.

Ол тіршіліктің абиотикалық ортаға (атмосфера, гидросфера,литосфера) даусыз әсерін және осыған байланысты ерекше биологиялық жанама табиғи денелердің, мысалфы топырақтың қалыптасуын көрсетті. ХХ ғасырдың 40- жылдарының басында табиғи кешендерді басқару міндеттерін шешу кезінде

В.Н.Сукачев биогеологиялық қауымдастық жөніндегі ілімнің негізін қалады. Ол мынадай анықтама берді: «Биогелценоз-

жер бетінің белгілі тартылысында табиғи құбылыстардың (атмосфераның, тау жыныстарының, өсімдіктердің, жануарлармен топырақ организмдері дүниесінің ) және гидрологиялық жағдайлардың, олардың компонентерінің өзді-өзімен, заттармен қуаттардың бір – біріменқатынас түрлері және ішкі қарама – қайшылыққа тұрақты қозғалыста және даму болатын жиынтығы» .

Сонымен, биогеоценоз-бұл биоценоз құрайтын жанама орта – экотоп және тірі организмдердің биокостық жүйесі. Экотоп өз кезегінде климатоп пен эндотоптан ( топырақ – жер жағдайлары) құралады.

Биологиялық қауымдастықтың құрамына өсімдіктер (фитоценоз), жануарлар ( зооценоз) және микроорганизмдер ( микробоценоз) кіреді. Олар екі трофикалык топтарды көрсетеді: автотрофтар - органикалык заттарды құрау үшін күн қуатын пайдаланатын өсімдіктер және гетеротрофтар - энергия ретінде автотрофтар құрған органикалык затгарды пайдаланушы жануарлар, бактериялар, саңырауқұлактар.

Биогеоценоз және экожүйе – өте жақын ұғымдар. Бірақ, экожүйе мөлшерсіз құрылым ретінде ұғындырылады. Бұл орман ішіндегі шіріген түбір, жеке ағаш және осы түбір мен ағаш орналасқан өсімдік қауымдастығы (фитоценоз) болуы мүмкін және т.б.

Биогеоценоз өсімдік кауымдастығы шегіндсгі экожүйе. Бұл түрғыдан биогеоценоз - өсімдік жамылғысын, әсіресе, орманнын аса қолайлы өлшем бірлігі.

Жүйеге кіру сыртқы қуаттың келуін сипаттайды, ал кері байланыс бөліктері жүйені орнықты тепе-теңдік жағдайда ұстаудың қажетті шарты болып табылады.

И.С.Мелехов (1980) бойынша, орман табиғи жүйе ретінде мынандай ерекшеліктерімен:

1) күрделі кешенді ұйымдастырылуымен, организмдер мен қауымдастықтардың (ценоздардың) өзара байланыстылығымен, осы кешендегі организмдермен, ортаның бірлігімен;

2) динамикалық тепе-теңдікпен, орнықтылығымен, орман қауымдастығының барлық бірлігі ұзақ даму (эволюция) және табиғи іріктеу нәтижесінде жасалғанымен;

3) жоғары қабілеттің қалпына келуімен және жаңаруымен;

4) энергия мен заттың ерекше тендігімен, тұрақты биологиялық айналымымен және алмасуымен, сонымен қатар, заттардың биогеоценоздардан шығуымен, олардың косылуымен;

5) процестердің динамикасымен, орманның орныктылық пен тұрақтылықка талпынысымен, күрделі қарама- қайшы өзара ықпалымен;

6) жағрапиялық шарттылығымен сипатталады.

Табиғат жуйелерінің соңғы ерекшелігіне назар аудару қажет. Жағрапиялық шарттылык белгілі бір мөлщерде экожүйелердің (биогеоценоздардың) қайталанбастығын алдын ала аныктайды. Бірақ олардың қасиеттерін зерттеу, дамуын болжау, адамның жасампаз қызметін ұйымдастыру үшін сипаттамалары бойынша жакын биоцеоценоздар түрлерге (мысалы орман түрлеріне) және басқа сапалық жағынан ұқсамайтын топтарға, кластарға бірігуі мүмкін.

Экожүйелердің тұтастык қасиеттерін зерттеу құрылымдардың және оларың функцияларының болжам сипатты қасиетгеріне қарай үлкен қияншылықтармен ұласады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Биогеоценоз ұғымын кім енгізді және оны қалай түсіндіріп бере аласыз?

  2. Экожүйе терминін кім алғаш рет енгізді және оны түсіндіріп беріңіз?

  3. Орман биогеоценозы дегеніміз не?



Тақырып 2.1 Таулы алқаптың шырша орман биогеоценозы бойынша зертханалық жұмыс

Мақсаты: таулы алқаптың шырша орман биогеоценозымен танысу.

Әдістемелік нұсқау

Алматы маңындағы Іле Алатауындағы шыршалы орман биогеоценозының ерекшеліктері. Бұл алқаптағы шыршалы орман биогеоценозы ғасырлар бойы бірте – бірте қалыптасқан, әрі көп өзгеріске ұшырамай қоймаған тұрақты экологиялық жүйеге жатады. Іле Алатауындағы шыршалы орман биогеоценозында басым орынды Тянь-Шань шыршасы немесе шренк шыршасы алады. Бұл алқапта шыршадан басқа да көптеген өсімдік түрлерін кездестіруге болады, шырша қылқандарында микроскоппен ғана көрінетін өте ұсақ саңырауқұлақтарды, ал бұтақтарында өсіп тұрған қыналарды көреміз. Шыршалы орман ішінде атмосфералық ауаның құрамы да өзгеше болады, шыршалар қалың өскен жерде олардың төменгі бұтақтарындағы қылқандары бірте бірте түсіп қалады, өйткені оған күн сәулелері толық түсіп үлгермейді. Шыршалы орманда басқа да ағаштар, мысалы Тянь-Шань шетені, тағы басқа ағаштар және бұтаның көптеген түрлері, шөптесін өсімдіктер, мүктер өседі. Ондағы орта жағдайы көптеген жануарлар түрлерінің тіршілігі үшін де қолайлы мекен болып табылады.

Шыршалы ормандағы шырша популяциясының құрамы да әртүрлі болып келеді, онда негізінен, өсіп келе жатқан жас шыршалардың басым екені бірден байқалады. Шырша популяциясында жас ерекшеліктеріне қарай екі топты байқаймыз. Биік өскен шыршалар табиғаттан өз қажетін керегінше алып, тұрақты қалыпты жағдайға көшкен, ал жаңадан өсіп келе жатқан шыршалар үшін алдағы уақытта қаншама жарық, ылғалдылық және қоректік заттар қажет. Мұның бәрі де жас шырша көшеттері қурап қалады. Бұл тіршілік үшін күрестің қаталдығына мысал бола алады.

Шыршалы ормандағы қоректену тізбегі де күрделі болып келеді. Шыршалы орман биогеоценозындағы барлық қоректену тізбегіне қажетті органикалық заттарды сол ормандағы жасыл өсімдіктер синтездейді.

Шыршалы орманда өсімдіктер сатылы болып өседі. Ондағы шырша ағаштары сатыдағы ең биік өскен ағаш болып табылады. Олардың арасында көлеңкеге төзімді итмұрын, қарақат, үшқат бұталары өседі. Ал бұталардың арасында шөптесін өсімдіктер мен төртінші сатыны қамтитын мүктер өсіп шығады. Сонымен шыршалы орманда алқапта бір-бірімен айқын бөлінген төрт сатыны көруге болады. Мұның бәрі де шыршалы орман биогеоценозының біртұтас екенін көрсетеді.

Шыршалы орманда алқабындағы шыршаларда түзілген органикалық заттарды паразитті саңырауқұлақтар пайдаланады. Әсіресе жас шыршалардың қылқандарында кей жылдары паразитті саңырауқұлақтар қаптап кетеді. Саңырауқұлақтардың кейбір түрлері шырша бұтақтары мен діңдерінде де кездеседі. Сонымен қатар, бунақденелілер қылқан шырындарын сорып, кейбір сүгендер шырша бұтақтарында паразитті тіршілік етеді. Шыршалы ормандағы қорек тізбегінде самыркеш құс та елеулі орын алады. Ол шырша тұқымымен қоректене отырып, олардың тұқымының таралуына да септігін тигізеді, яғни шырша популяциясының қалпына келуіне жағдай жасайды. Шыршалы ормандағы қоректену тізбегінде шыршаторғайдың алатын орны ерекше. Ол да шырша тұқымымен қоректенеді. Шыршалы орманда қоректену тізбегіне тиін де қатысады. Сонымен қатар бұл тізбекке бұғылар, еліктер, жабайы шошқалар да жататды.

Кез келген биогеоценоздағы сияқты, шыршалы орман биогеоцеенозындағы жануарлар бірін-бірі толық жойып жібермейді, тек түрлер арасындағы даралар санын белгілі дәрежеде реттеп отырады.
Тапсырма:


  1. Орман биоценозы үшін жайылымдық және детриттік қоректік тізбекті ойлап тауып, суретін салыңыздар.

  2. Бір экологиялық энергия пирамидасын ойлап суретін салыңыздар;


Бақылау сұрақтары:

  1. Іле Алатауының шыршалы орман биогеоценозының ерекшеліктері қандай?

  2. Шыршалы орманда алқабындағы шыршаларда түзілген органикалық заттар қалай ыдырайды?



Тақырып 3. Орман экологиясы

Мақсаты: студенттерге орманға әсер ететін экологиялық факторлар жайында білім беру.

Жоспар:

  1. Орман экологиясы туралы түсінік

  2. Экологиялық факторлардың топтары


Әдістемелік нұсқау

Организм мен ортаның өзара байланысын, организмдер мен орта арасындағы өзара ықпалды, жердің тірі жабылғысының тіршілік заңдылықтарын зерттейтін ғылым экология деп аталады.

Орман экологиясы биогеоценоздарды, яғни популяциялпарды және әр түрлердің аумақтық жиынтығын зерттейді.

Биогеоценоз биологиялық ортаның алғашқы қарапайым бірлігі. Ол орман өсімдігі мен орта бірлігі екенін өте анық көрсетеді.

Орман экологиясында екі мәселенә алып қарауға болады.экологиялық факторлардың орман тіршлігіне ықпалы және сондай ақ ерекше, өзіне ғана тән орман ортасының құрылуы. Осылайша орман экологиясы міндетіне орта жағдайларының орманға ықпалының сипатын, сонымен қатар орманның өзіндік алып жатқан аумағы мен жақын жатқан кеңістігіне әсерін зерттеу де кіреді. Экологиялық факторлар орманға толығымен сондай ақ оны құраушы компоненттеріне ықпал етеді.

Экололгиялық факторлар жиынтығын үш негізгі топтарға бөледі: абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлар.

Абиотикалық топтарға бейорганикалық табиғат факторларын жатқызады: климаттық, эдафикалық және геологиялық факторлар.

Климаттық фактолар- бұл күн радиациясы ( жарық, жылу) жауын-шашындар, ауауның ылғалдылығы, жел, булану, көмірқышқыл газы мен атмосфераның басқа компоненттерінің концентрациясы.

Эдафикалық факторлар немесе топырақ ортасы – бұл топырақ ылғалдылығы және оның сипаты, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері.

Геологиялық факторларға жер бедері, аналық тау жынысы, үстіңгі ағын кіреді.

Биотикалық факторлар өсімдік және жануарлардың өзара әсерін құрайды. Оған сондай ақ өсімдіктердің бір-біріне өзара ықпалы және жануарлар мен микроорганизмдердің өсімдіктерге ықпалы жатады.

Антропогендік факторларға немесе адам іс-әрекеті факторларына орманды кесулер мен орман өрттері, мал жаю мен шөп шабу, орпманды жерлерді құрғату, тыңайтқыштар енгізу, опрманның сүректен басқа өнімдерін дайындау, адамдардың демалысы үшін орманды пайдалану ы жатады.

Экологиялық жағдайлар – бұл тіршілік үшін маңызды факторлар жиынтығы, олар табиғат жағдайында неше түрлі үйлесімде бола отырып, өз кезегінде жер үстінің салыстырмалы, тіпті кішкене учаскесінде таңқаларлық әр түрлі орманның сипатын көрсетеді.

Орманның экологиялық жағдайын, оның ашық жерлерге ұқсамайтын ерекше ішкі ортасын қалыптастыу қабілетін білу, орман табиғатын түсіну үшін ғана емес, сонымен бірге, адамның шаруашылық мүддесі тұрғысында сан қырлы қасиеттерін пайдалану үшін маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет