Қорқыт ата атындағы



жүктеу 54.38 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі54.38 Kb.
Қорқыт ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік университеті

Практикалық ағылшын тілі кафедрасының

аға оқытушысы, ф.ғ.к. Ф.А.Оспанова

ХХ ғасыр лингвистикасында тіл – қарым-қатынас пен таным құралы ретінде ғана емес, ұлттық мәдени код ретінде қарастыру қарқынды бағытта дамып келеді.

Бүгінгі лингвистика тілді «тек қана өз ішіміздегі» құрылымдарды зерттейтін ғылым болудан қалып, антропоцентристік лингвистикаға яғни, адамды, оның ой-санасын, рухани-тәжірибелік т.б. әрекеттерін тіл арқылы зерттеуге бағыт алуда.

Тілді антропоцентристік бағытта зерттеу: 1) тіл және адамның рухани белсенділігі; 2) тіл және ойлау; 3) тіл және адам физиологиясы; 4) тіл және индивид психологиясы; 5) тіл және таным; 6) тіл және қоғам; 7) тіл және мәдениет; 8) тіл және этнос т.б. сияқты мәселелерді алға қойды.

Адам санасы – индивидтен тыс белгі мен мағына формасында қалыптасқан интерпсихикалық құбылыс болып табылады. Демек когнитивті лингвистика осындай антропоцентристік бағыт шеңберінде қалыптасқан тіл білімнің жаңа саласы. Адамның зердесі, ойлау қабілеті мен ментальді әрекеттері когнитивтік ғылым саласынан көрініс табады. Ол ширек ғасырдан бері шетел, Ресей және Қазақстан ғалымдарының зерттеу көздеріне айналуда. Бұл ғылым саласы тек қана лингвист ғалымдардың ғана емес, философ, психолог, физиолог, математик т.б. ғалымдардың зерттеулері нәтижелерінің ортақ қорытындыларынан өрбіген.

Когнитивті лингвистика – мәліметтердің адам танымында өңделіп, адам санасында қалыптасқан тілдік формадағы білімдер жиынтығы. Сонымен қатар, дүние бейнесін модельдеуге, тілдік сананың құрылымын модельдеуге бағытталады.Мысалы, ағылшын тіліндегі «достық» концептісін қарастырсақ,

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Достық» - «жақындастық, тілеулестік, ниеттестік, жора-жолдастық» дегенді білдіреді. Ал ағылшын тілінде «Достық» сөзінің ішкі формасына, этимологиясына жүгінетін болсақ, Скиттің (Skeat: 1961) этимологиялық сөздігінде: «friendship» ағылшын тіліндегі «friend» - «дос» және«ship» қосымшасының жалғануы арқылы «достық» мағынасын беретіндігін көрсетеді.

Friend, an intimate acquaintance. Ортағасырлық ағылшын тілінде «frend, freond» етістігінің «жақсы көру» мағынасында, исландияда «froendi, a kinsman» (жақын туыс), «frja» етістігінен – to love (сүю), швед тілінде «froinde (a kinsman)», гот тілінде «frijonds, a friend», «frijon – to love» жақсы көру мағыналарын береді. Демек «достық» концептісінің ішкі формасынан «өте жақсы адам, туысқандық» мағыналарын танимыз.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас жөнінде кез келген ұлттың мәдени тарихында «махаббат, достық» тәрізді мәселелер үлкен ұғымға ие болған. Адамзат баласы достықтың мәнін ашуда дос деген кім, дос неге қажет деген шешімін тереңінен іздеуді мәңгілік қажет ететін сұраққа жауап іздеумен келеді.



Достасу-жауласу. Достасты да орыс, қазақ, сан ұлттар, Кетті демде мінез-құлқы үйлесіп (А.Тоқмағамбетов). Кіші жүздің ханы ол кезде Әбілқайыр, Абылай мен сол екеуі жауласа береді. (С.Мұқанов). Жауласқан ескі тұрмыс адыра қалып, Достасты қазақ қалмақ еңбекші елі (И.Байзақов).

Достасу-өштесу. Осыдан бастап екеуміз жақын жолдас болып алдық, Бара бара достасып кеттік. Даулы екпініне, ашулы сөзіне қарағанда Айранбаймен өштескен кезі келгенде өшін алайын деген адамның түрі бар (Б.Майлин).

Достық - дұшпандық. Досыңа достық қарыз іс. Дұшпаныңа әділ бол (Абай). Ол ата ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Ендігілердің достығы - бейіл емес, алдау, дұшпандығы - кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра алмағандық (Абай).

Достық-қастық. Ұяламыз дегені көңіл үшін, ұсақ қулық бір ғана өмір үшін.Татымды достық та жоқ, қастық да жоқ, жігері жоқ маңызы жеңіл үшін (Абай).

Жоғарыда келтірген мысалдардан достықтың адам өміріндегі маңызы, қарым қатынастағы мәні, бүкіл тіршілігіндегі алатын орны, дұшпандық тірліктерін айшықтауға болады.

Ағылшын тіліндегі «достық» сөзінің мәнін зерттей келе, төмендегідей жиі қолданылатын лексемаларды көруге болады:

• Friendship – Amity

• Friendship – Sociality

• Friendship – Brotherhood

• Friendship – Likeness

• Friendship – Knowledge

• Friendship – Love

• Friendship – Intimacy

• Friendship – Support

• Friendship – Introduction

• Friendship – Reconciliation

• Friendship – Not enmity

Достық болған жерде тынышытық болады, дос болған жерде өзімізді жалғыз сезінбей, қамқорлықта боламыз. Достарымызбен жан сырымызды ақтара отырып, мазалағын мәселелерімізден айыққандай боламыз. Достықты - жан дауасы деп бекер айтпаймыз. Мысалы, оны ағылшын тілінде «A faithful friend is the medicine of life» (The Bible) деген тіркестер көруге болады.

Шын пейілмен достасу - достық үшін таптырмас қасиет. Мысалы ағылшын тілінде «Friendship is not always the sequel of obligation» (Samuel Johnson) деген тіркестен көруге болады.

Өмірдегі досың барда өзіңді сенімді сезініп, қайғыңнан арылғандай боласың. «I was angry with my friend;

I told my wrath, my wrath did end.

I was angry with my foe:

It told it not, my wrath did grow» (William Blake).

Ал «Between friends all is common» деген тіркестен нағыз достар үшін бәрі ортақ. Олардың арасында ұсақ-түйек кикілжің мәселелер туындауы мүмкін емес дегенді ұғамыз. «And the whole summer, when you drive around in the car with your friends, you see the corn grow» (Bushnell) деген тіркесте досыңа қуаныш сыйлау- үлкен бақыт. Досыңды ляззатқа бөлей отырып, өзіңе бақыт сыйлайсың деген мағынағы саяды. Достықты тек адам баласынан ғана емес, кітап әлемінен табуға болады. Кітапті сарқылмас қазына десек, кітап ішінен жан дүниеңнің сұрағын, ізеттіліктің жауабын, кітаптан достықтың кілтін тапқандай да боласың. «Who God doth late and early pray

More of his grace than gifts to lend;

And entertains the harmless day

With a religious book, or friend.

This man is freed from servile bands,

Of hope to rise, or fear to fall: -

Lord of himself, though not of lands,

And having nothing, yet hath all» (Sir Henry Wotton).

«Choose an author as you choose a friend» (Wentworth Dillon).

Шын дос - өміріңнің айырылмастай бөлігі болады. «I often wished that I had clear,For life, six hundred pounds a-year,

A handsome house to lodge a friend,

A river at my garden’s end,

A terrace walk, and half a rood

Of land, set out to plant a wood» (Jonathan Swift) деген өлең жолдарынан көруге болады.

Достық қарым-қатынас кез-келген жаста үлкен психологиялық құндылыққа ие, үміт сезіміне жетектейді. «Hopeless hope hopes on and meets no end,Wastes without springs and homes without a friend» (John Clare).

«There is no man so friendless but what he can find a friend sincere enough to tell him disagreeable truths» (Edward George Bulwer Lytton).

«If he was lucky, there would also be owls carrying letters from his best friends Ron and Hermione, though any expectation he'd had that their letters would bring him news had long since been dashed» (Rowling).

Дегенмен достық-көп уақытты қажет етеді. Оған ағылшын тіліндегі «Friends are thieves of time» деген мақалы дәлел, яғни досыңмен әңгіме-дүкен құру, жақсы-жаманыңмен бөлісуде уақыт кетеді деген сөз.

Орыс ғалымы Е.С.Кубрякова: «Люди, так же как вещи и места, проходят через нашу жизнь, не задерживаясь, во все ускоренном темпе. Чаще всего мы вступаем с окружающими нас людьми в поверхностные, деловые отношения. Сознательно или нет, мы строим наши отношения с большинством людей на функциональной основе. И дружеское общение теряет свою искренность, друг приобретает статус просто собеседника, с которым, как со случайным знакомым, можно провести несколько часов нашей жизни, просто беседуя» деп анықтама береді. Оны төмендегі жыр жолдарынан көруімізге болады:

«And even now, at twenty-five,

He has to work to keep alive!

Yes! Al day long from 10 till 4!

For half the year or even more;

With but on hour or two to spend

At luncheon with a city friend» (Hilaire Belloc).

«I have no problems. No fear of disease, psychopaths, or stalkers. Why not just be with your friends and have real conversations and a good time?» (Bushnell)



Қазіргі уақытта дүниежүзілік жаһандану жағдайында досыңмен көзбе-көз сөйлесуден гөрі ғаламтор желісі, телефон арқылы сұхбаттасу сәнге айналуда, мысалы: «Anyway, we're not lonely. We have extended families in the form of networks of friends connected by telephone,' said Tom» (Fielding).

Бaзaлық кoмпoнeнт бoлып caнaлaтын «Дocтық» кoнцeптіcі тұлғa мeн сoциyмның дүниeтaнымын қaлыптаcтыpaды және тұлғaның қoғaмдaғы ұcтaнымын peттейді, oның кeң көлемдeгі қoлданыcқa ие бoлyын шындықтың түpлі acпектілеpіне жaтaтын құбылыcтаpды aдaмдаpдың ұғынyы дәлeлдeйді

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет