Өнімді инновацияларды ынталандыру

Loading...


Дата11.04.2017
өлшемі57.64 Kb.



"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының

порталын пайдалану бойынша нұсқаулық

Астана 2017 ж.


Бұл нұсқаулық portal.fpip.kz мекенжайы бойынша орналасқан, Өтінім берушінің құзыреттері бар "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының порталын пайдаланушыларға арналған.
Өтінім берушінің қадамдық әрекеттерінің сызбасы:

Порталда



тіркелу
Сауалнаманы

толтыру
Өтінімді

толтыру

Өтінімді қарастыруға жіберу



Назар аударыңыз! Бастапқы және толық өтінімдерді, сондай ақ Технологияға тапсырыс берушінің және бизнес әріптестің/инвестордың және Топ мүшелерінің сауалнамаларын Кіші жоба жетекшісі толтырады.


Мазмұны
Порталда тіркелу және құпия сөзді қалпына келтіру.................................................................. 2
Жеке кабинет................................................ .................................................. .................................... 3
Интерфейс тілін ауыстыру ............................................................................................................... 4
Сауалнама ............................................................................................................................................ 4
Өтінім ...................................................................................................................................................... 4
Жиі қойылатын сұрақтар ............................................................................................ .................... 4

Порталда тіркелу және құпия сөзді қалпына келтіру


Порталда тіркелу үшін өтінім беруші порталдың бас бетіндегі тіркелу формасына өзінің электрондық поштасын және құпия сөзін теру қажет. Тіркелу.




1-сурет
Өтінім берушінің электрондық поштасына электрондық поштаны растауды сұрайтын хат келеді. Осыдан кейін өтінім беруші өзінің логині мен құпиясөзін қолданып Порталға кіре алады.

2-сурет
Егер Пайдаланушы жобаға кіру үшін құпия сөзді жоғалтып алса немесе ұмытып қалса, оны экрандағы Құпия сөзді қайта қалпына келтіру сілтемесі арқылы пайдаланушының тіркелгісінің құпия сөзін қалпына келтіруге болады.

Ашылған құпия сөзді қайта қалпына келтіру терезесінде порталда бұрын тіркелген электрондық поштаны теріп, Жіберу батырмасын басу қажет. Бұдан соң, Өтінім берушінің поштасына жаңа құпия сөзді орнатуға болатын сілтеме жіберіледі.

Жеке кабинет

Порталға кіруде пайдаланушының жеке кабинеті ашылады. Бұл бөлімде пайдаланушының өтінімдерінің статустары көрсетілген.


Назар аударыңыз! Бастапқы және толық өтінімдерді, сондай ақ Технологияға тапсырыс берушінің және бизнес әріптестің/инвестордың және Топ мүшелерінің сауалнамаларын Кіші жоба жетекшісі толтырады.
Жеке кабинеттің төменгі бөлігіндегі Анықтама жолында жобаны қолдау телефондары берілген. Өтінім беруші бұл нөмірлер бойынша хабарласып, кеңес ала алады.

Профиліңізден шығу үшін оң жақтағы ашылмалы мәзірдегі Шығу батырмасын басыңыз.

Профиліңізден Шығу батырмасы арқылы міндетті түрде шығыңыз, әсіресе, сіздің компьютеріңізді басқа пайдаланушылар қолданатын болса!
Интерфейс тілін ауыстыру

Порталдың оң жақтағы жоғары бұрышында интерфейс тілін өзгерту батырмасы бар. Интерфейс үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс жасайды.

Сауалнама

Парақшаның жоғары бөлігіндегі Сауалнама батырмасын басу арқылы Өтінім беруші жеке мәліметтерді енгізуге болатын сауалнамаға өтеді. Мәліметтерді енгізген соң пайдаланушы Сақтау батырмасын басу қажет. Егер қажет болса, өтінім беруші сауалнаманы сақтап, толтыруды кейінірек жалғастыра алады.


Өтінім

Парақшаның жоғары бөлігіндегі Өтінім батырмасын басу арқылы өтінім беруші өтінімге көшеді. Өтінімдегі барлық сұрақтар жолын толтыру қажет. Өтінім беруші өтінімді сақтап, толтыруды кейінірек жалғастыра алады.

Өтінім парақшасының оң жағында бөлім бойынша және жалпы өтінімнің толтырылу статусы көрсетіледі.
4-сурет
Өтінім берушіге өтінімді толтырудан бұрын АҒҚТ және КҒҚТ грантттарын алуға арналған конкурс қатысушыларына арналған нұсқаулықпен танысып шығуға кеңес беріледі. Сұрақтар туындаған жағдайда өтінім беруші консультация телефондарына хабарласа алады.

Назар аударыңыз! Өтінімді қарастыруға жіберу үшін өтінім беруші өтінімді 2 тілде толтыруы тиіс: ағылшын (міндетті) және таңдау бойынша қазақ және орыс тілдерінде.
АҒҚТ және КҒҚТ гранттарына өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі - 2017 жылдың 03 наурызы Астана уақытымен 18.00.


Барлық жолдарды 2 тілде толтырған соң (100%), "Жіберу" батырмасы іске қосылады. Өтінім қарастыруға жіберілген соң, ол тек оқу режимінде ашылатын болады. Сонымен қоса, өтінім беруші өтінімді өзінің компьютеріне pdf форматында жүктей алады.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Портал дұрыс көрсетілмейді, жазулар көрінбейді

Бұл сіздің браузеріңізде кейбір қаріптердің жүктелмейтініне байланысты. Браузеріңіздегі кэшті тазалаңыз немесе Mozilla Firefox браузерін пайдаланыңыз.

2. Тіркелу батырмасы іске қосылмады

Мұндай мәселе бұл компьютерден басқа пайдаланушы порталға тіркеліп, бірақ өзінің профилінен шығуды ұмытқанына байланысты. Пайдаланушыдан профилінен шығуды сұраңыз немесе басқа компьютерді пайдаланыңыз.

3 . Маған электрондық поштаны растау бойынша хат келген жоқ.

Спамды тексеріңіз

4 . Мен тіркелмекшімін, бірақ бұл электрондық пошта бұрын тіркелген деген хабарлама шығады

Бұл сіздің электрондық поштаңыз жүйеде тіркелген дегенді білдіреді, электрондық поштаңыз және құпия сөзді қолданып порталға кіріп көріңіз. Немесе Құпия сөзді қалпына келтіру батырмасын пайдаланыңыз

5 . Мен Сауалнаманы қателесіп заңды тұлға ретінде толтырдым, мұны қалай өзгертуге болады

Бұл мүмкін емес. Сізге порталда жаңа электрондық поштамен қайта тіркелу қажет. Абай болыңыз!




Каталог: files
files -> «Іскерлік байланыс» 2012 жобасы МӘлімдеме формасы
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Ынтымақтастықпен өмір сүру
files -> Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...