Өндірістік тәжірибемнің негізгі мақсаты



жүктеу 0.57 Mb.
бет1/3
Дата06.02.2017
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3

Кіріспе

Қазіргі нарықтық экономикалық заманда бухгалтерлік есеп өзінің ерекше орның алды.Нарықтық қарым қатынастың дамуы белгілі бір экономикалық жағдайға қалыптасуына алып келеді.

Болашақта пайда табу мақсатында әр бір кәсіпорын өзінің есептік саясатын,бухгалтерік есептің ұйымдастырылуын жіргізуге құқылы.

Әр бір кәсіпорын өз бухгалтерік есеп жүйесін жетілдіруді, болашақта табысын ұлғайту үшін мақсат етеді.

Ақшаның айналымына,кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына,табыс табуыны үлкен көңіл бөлінуде.Осы ғасырдағы нарықтық экономикада бухгалтерлік есепке көп көңіл бөлінуде.

Осындай жаңа нарықтық экономика заманында сенімді экономикалық ақпаратсыз кәсіпорынның болашағын болжау қиынға соғар еді.Осы экономикалық ақпарат арқылы белгілі бір кәсіпорынның жоспарын оңай құрастыруға, алдын ала қадамдар жасауға болады.

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорыннан кәсіптің тиімділігін,тауардың бәсекелестікке қабілеттілігін және де қызмет көрсетуін қажет етеді.

Есеп беру құжаттары – кәсіпорынның мемлекет алдында есеп беру кезінде,болашақта жоспар құру үшін,мемлекеттің қаржысын жоспарлауға,болашақтағы шығыстарды болжау үшін керек.

Кәсіпорында тәжірибені өтудің өзектілігі – бухгалтерлік есепті терең түсінуге көмектеседі,сабақта түсінбей қалған жерлерін іс жүзінде көріп есте сақтау болып табылады.

Осы өндірістік тәжірибе менің болашақтағы мамандығым бойынша таныстыру,теориялық білімімді «Қазақстанның тұрғын үй құрлыс жинақ банкі» АҚ – да іс жүзінде жүзеге асыру.Осы менің өндірістік тәжірибемнің есебімде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы көрсетіледі.

Өндірістік тәжірибемнің негізгі мақсаты:

-сабақта бухгалтерлік есеп туралы алған білімімді тереңдету және бекіту;

-мекеменің құрылымымен танысу;

-кәсіпорынның негізгі қызметін зерттеу;

-тәжірибеде бухгалтерлік есепті жүргізуге икемдену.

Өндірістік тәжірибемнің объектісі «Қазақстанның тұрғын үй құрлыс жинақ банкі» АҚ болып табылады.


Кәсіпорынның сипаттамасы

Кәсіпорынның толық атауы Павлодар ОФ «Қазақстанның тұрғын үй құрлыс жинақ банкі» АҚ Павлодарский ОФ АО «Жилстройсбербанк Казахстана»

Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050000 Абылай хан

даңғылы 91,Павлодар қаласындағы негізгі бөлімшесі 140000 Академик Шөкин көшесі 100


Банк бөлімшесінің директоры: Камарова Б

БСН/БИН: 030740001404

ББК/БИК: HCSKKZKA

ЖБК/ИИК: KZ30125KZT1001300369

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі – Қазақстандағы халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту іс-шараларына кредит берудің сапалы жаңа жүйесі. Қазақстан – бірінші кезекте табысы орташа және орташадан төмен халыққа арналған осы жүйенің ұстанымдары мен талаптарын іске асыру басталған ТМД аумағындағы бірінші ел.

БАНК СТРАТЕГИЯСЫ   


      Стратегиялық мақсаттар
      Банк дамуының негізгі стратегиялық мақсаты тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қатысушыларының экономикалақ белсенді халыққа үлесін 16%-ға дейін ұлғайту және меншікті капитал тиімділігінің көрсеткішін 5,7%-ға дейін көтеріп сүйемелдеу арқылы Банктің бәсекеге қабілеттілік деңгейін жоғарылату болып табылады.
     Стратегиялық мақсаттарға жету үшін қаржылық дамуды, маркетингті және корпоративтік/ағымдағы басқаруды, сонымен қатар Ұзақ мерзімді стратегияның ажырамас бөлігі болып табылатын потенциалды даму стратегиясын іске асыру қажет.

      Қаржылық стратегия


     2020 жылдың соңына қарай қол жеткізу жоспарланып отырған Стратегиялық қаржылық мақсаттар:
     1. Банк қызметі пайдалылығының өсуі
     2. Тиімділік көрсеткіштерінің өсуі/ ұстап тұру
     3. Активтер сапасын және активтер мен пассивтерді басқару тиімділігін ұстап тұру.

      Маркетингілік стратегия


      Банктің маркетингілік саясатына Банк клиенттерінің тұтынушылық басымдықтарын есепке ала отырып, банктік өнім әзірлеуді жоспарлау, банктік қызметтер нарығын зерттеу, коммуникацияларды жолға қою, бағаларды белгілеу, банктік өнімнің дамуын  ұйымдастыру үрдістері кіреді.
     Қазақстан халқының сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған, Банк үшін сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және тиімді өнім ұсыну Стратегиялық маркетингілік мақсат болып табылады.
     Оларды дамыту көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін Банк қызметі табыстылығының шешуші факторлары мыналар болуға тиіс:
     - клиент үшін тұрғын үй сатып алудың тиімді талаптары мен оңтайлы тарифтерді қамтамасыз ететін банктік өнімдерді жетілдіру;
    - тиімді жарнама, яғни  клиенттерді Банк өнімдерінің негізгі ерекшеліктері мен тартымдылығы туралы хабарландырудың жарнамалық-түсініктемелік қызметіне дер кезінде баса назар аудару;
     - ТҚЖ жүйесіне қатысуы жыл сайын көбейіп келе жатқан  халық ағынына қызмет көрсетуді  қамтамасыз ету мақсатында өңірлік және агенттік желілерді кеңейту.

      Бизнес-үрдістерді дамыту стратегиясы


     Бизнес–үрдістерді дамыту саласындағы Банктің Стратегиялық мақсаты үрдістерді уақтылы жоспарлау және автоматтандыру және тиімді, оңтайлы басқару құрылымын дамыту жолымен ұзақ мерзімді маркетингілік және қаржылық мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
      Оларды дамыту көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін Банк қызметі табыстылығының шешуші факторлары мыналар болуға тиіс:
      - Банк клиенттеріне жедел және сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін тиімді ішкі бизнес-үрдістер;
      - Банк үрдістерін, әсіресе, клиенттермен өзара әрекеттестік жөніндегі үрдістерді  автоматтандыру деңгейін көтеру.

     Қызметкерлер құрамын дамыту стратегиясы


     Банктің стратегиялық мақсаттарына жетуді қамтамасыз етуге қабілетті, кәсіби деңгейі жоғары және ортақ мақсатқа жұмылған мамандар тобын қалыптастыру және дамыту Банктің Стратегиялық HR мақсаты болып табылады.
     Оларды дамыту көрсетілген мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін Банк қызметі табыстылығының шешуші факторлары мыналар болып табылады:
     - Банк қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейінің жоғары болуы;
     - Банк кадрларының, соның ішінде фронт-кеңсе қызметкерлерінің тұрақтылығы (кадр тұрақсыздығы деңгейінің төмендігі);
     -  қуатты еңбекті ынталандыру жүйесінің болуы.

1.Кассадағы ақша қаражаттар есебі
Мекемелер қаржылық шаруашылық қызметі барысында қажетті үзіліссіз есеп айырысу қарым-қатынастар пайда болады:

  • Жабдықтаушылармен олардан сатып алынған ТМҚ үшін;

  • Сатып алушылармен оларға жөнетілген (босатылған ТМҚ үшін);

  • Көлік мекемелерімен ТМҚ жеткізгендер үшін;

  • Қаржы органдармен салықтар және бюджетке төленген басқа да төлемдер бойынша;

  • Басқада мекемелер, кәсіпорындар, ұйым және тұлғалармен әртүрлі шаруашылық операциялар бойынша;

  • Жұмыскерлермен және қызметкерлермен еңбекақы және тағы басқа боынша.

Мекемелердің кассаларына қолма-қол есеп айырысу арқылы тауарларды сату, қызмет көрсету және жұмыстарды орындаудан салт ақшалар түрінде түсімдердің үлкен сомалары күнде түседі және жиналады. Ақшаларды қабылдап алу, сақтау және беру кассалық құжаттарды рәсімдеу тәртібі. Қазақстан Республикасының қаржы министірінің мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізу туралы 2000 жылғы 25 сәуірдегі №195 бұйрығына (2007 жылғы 3 сәуірдегі №103 бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толтырулар енгізуіне туралы) сәйкес жүргізіледі. Бұл тәртіпті сақтау мекеме басшысы бас бухгалтер және кассирге жүктеледі.



1.1Бастапқы құжаттар
Қолма-қол есеп айырысу бойынша бастапқы құжаттар:

1.ККО Кіріс кассалық ордер

2.ШКО Шығыс кассалық ордер

3.Есептік регистр ( кассалық кітап, ЖО + тізімдеме, кассалық кітап)

Қолма-қолсыз есеп айырысу бойынша бастапқы құжаттар:

1.Чек


2.Т.Т

3.Т.Т.Т Төлем талап тапсырма

4.Қолма-қол салымға хабарлама

5.Есептік регистр (ЖО №1 + тізімдеме, ЖО №2 банктік шот)


1 қадам: ККО, ШКО

2 қадам: Есептік регистр (кассалық кітап, журнал ордер №1 + бірінші тізімдеме (кт пен дт), ЖО №1, бас кітап)

Кассирді басбухгалтер бақылайды.

Түгендеу кезінде онықталған артықшылық міндетті түрде кірістейді. Кассаны түшендеу мерзімі компания басшысы есептік саясатты бекітеді.


1.2 Кассирдің есебі
Қолма-қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады.

Касса – бұл қолма-қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған оқшауланған ұй-ма. Касса операциялардың есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 1993 ж. 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген «ҚР х/ш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.

Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы болып табылады. Қолма-қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген тұлға қол қойған КО№1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі.Қолма-қол ақшалардан беру КО№2 нысанындағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордерінің ШКО мөр таңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомасы, қолма-қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі.

ККО мен ШКО кассаға берілген дейін журналда (КО №3 нысаны) тіркеледі. Операциялар жасалғаннан кейін ордерлерге кассир қол қояды, ол оған қоса берілген құжаттар мөртаңба қоюмен немесе күн көрсетлген «төленді» жазумен өтеледі.

Ақша қаражаттардың келіп түсуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды кассир КО №4 нысанындағы касса кітабына жазады.

Касса кітабындағы жазулар көшіру бағасы арқылы 2 данада жүргізіледі, екінші дана жыртпалы болады және кассирдің есеп беруіне қызмет етеді.

Кассирден қабылданған есептеме деректемелердін бухгалтерия қызметкерлері тексереді. Кассадан алушылар ШКО қолхатымен немесе басқа құжаттама расталмаған ақшалар берілген анықтама, бұл сомма жетіспеушілік болып саналады кассирден өндіріліп алады.
Банк шотындағы ақша-қаражаттар есебі


  1. жылғы негізгі көрсеткіштер:

1.Минималды еңбек ақы 18 660

2.Айлық есептік көрсеткіш 1 731

3.Зейнетақы көлемінің минималды көрсеткіші 19 066

4.Күн көріс көрсеткіші 18 660

4 мың айлық көрсеткіште есеп айырысу асқан кезде міндетті түрде компания қолма-қолсыз есеп айырысады. Негізгі қаржылық шаруашылық негізге қажетті бас ақшалай қаражаттарды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы қажетті төлемдерді жүргізу үшін мекемелер өздеріне қызмет көрсететін банк мекемесінде (2 деңгейлік банкте) ағымдағы банктік есеп шот ашады.

Банктік есеп шот – банкпен клиент арасында салым қабылдау және шартқа заңда көзделген және банк тәжірибесінде қолданылатын іскерлік айналым дағдыларымен қолданылатын клиентке банктік есеп көрсету байланысты банктік операциялар жүргізу жөніндегі шартық қатынастарды көрсету тәсілі.

Банктік есеп шотқа теңгемен, шетелдік валютамен ашуға және жүргізуге болады, және олар ағымдағы , жинақ және кореспондентік есеп шоттар болып бөлінеді

- Ағымдағы және жинақ есеп шоттар – жеке тұлғасынын заңды тұлғасынаң, заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) банктік есеп шоттары.

- Кореспондентік есеп шоттар – бұл банктің және банк операцияларды жекелеген түрлерін жүзеге асыраын ұйымның банктік есеп шоттары.

Банктік есеп шоттарды ашу ақшалай қаражаттарды сақтау және жұмсау құжаттық рәсімдеу және жабу тәртібі.

ҚР ҰБ нормативті-құқықтық келісімдермен белгіленеді.

Банктік ағымдағы есеп шотын ашу үшін салушы клиент банк мекемесіне мынадай құжаттарды тапсырамыз:

1. Мемлекеттік және орыс тілде жазылған қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат (4 данада);

2.Клиентің салық есебіне қоюлу фактысын растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі А4-те (1 данада);

3. Статистикалық карточканың көшірмесі А4-те (1 данада);

4.Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын үәкілетті органдардын күәлігінің көшірмесі;

5.Филиалдар мен өкілдіктер үшін ҚР-ң резидент заңды тұлғасы филиалдардың немесе өкілдіктердің басшысына берілген сенімхаттың көшірмесі;

6.Жарғының натариалды күәландырылған көшірмесі (өтініш);


Банк есепшотта ҚР ҰБ басқармасы бекіткен банктік операциялар келесі құжаттарын рәсімделенеді:

1.Чек – бұл чек беруші мен алушы банктің арасындағы шартқа негізделген чек берушінің, алушы банкке жазбаша бұйрығын қамтитін, бұйрықта көрсетілген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеу туралы төлем құжаты;

Мекеме чектерінің бланктерін өзіне құзмет ететін банк қызметіне өзінің өтініші бойынша тігілген және нөмірленген чек кітапшасы түрінде алады;

Чек бланктері – қатаң бланктер қатарына жатады.

2.Төлем тапсырма – тапсырмадан көрсетілген саладағы бейнефициардың (ақша алушы) пайдасына оның ақшасын аудару туралы ақша жөнелтушінің қызмет көрсететін алушы банкке тапсырманың білдіреді;

3.Төлем талап тапсырма – (Т.Т.Т.) ақша жөнелтуге жеткізілген тауарларға орындалған жұмысқа көрсетілген қызметке АҚ төлем туралы көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын бейнефициардың талабын білдіреді;

4.Инкассалық өкім – бұл заң келісімдерінде көзделген жағдайларда ақша жөнелтушісінің бөлек есеп шоттарынан ақша жөнелтушісінің келісімсіз ақша алу үшін пайдаланылатын төлеу құжаты (салық, кеден, сот органдары);

5.Қолма-қол салымға хабарлама – бұл құжат компания өзінің шотына ақша қаражаттарды, қолма-қол ақшамен салған кезде пайдаланылады, бөліктен тұрады, ақша салушымен толтырылады; журнал ордер №1 тізімдемесімен бірге қолма-қолсыз есеп айырысу бойынша есептік регистр ЖО №2 + тізімдеме толтырылады, айына 1 рет бухгалтеия айдың соңында бекітеді, бас бухгалтер ЖО №2-де жазылады, шоттағы ақша қалдықтар, айдың басында шоттар ай боындағы айналымдар (шығыс, кіріс) айының соңында қалдық; ЖО №1 касса бойынша, ЖО №2 банктік шот бойынша жүргізіледі.



2. Ағымдағы шоттағы ақша қаражаттар есебі
Кәсіпорындар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 1042 «Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары» деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:

1060 " Өзге ақша қаражаты" шоты. Бұл шотта аккредитивтегі  ақша қаржыларының қозғалысы  есепке алынады. 

Аккредитив – клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивкте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.

Аккредитивтің келесі түрлері  ашылады:

жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.

Жабылатын (депоненттелген) аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.

Дәлелденген аккредитив – бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.

Трансферабельдік (аударма) аккредитив – бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

1060" Өзге ақша қаражаты " шоты  бойынша есеп айырысу  чек кітапшаларындағы чектер  арқылы есепке алынады.  

Чек – бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.



1060 "Өзге ақша қаражаты" шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.

1050 " Жинақ шоттардағы  ақша қаражаттары " шотында  субъектінің құрамына кіретін  филиалдардың, құрылымдық бірліктердің  ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек  ақы, кейбір шаруашылық шығыстары,  іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге  асыру үшін жергілікті банк  мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.

2.1. Есеп айырысу формалары. Бастапқы құжаттар
Қазақстан Республикасының  аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол  ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері  арқылы беруді; төлем карточкасын  пайдалануды; тікелей дебеттік банкі  шоттарына аударуды; тапсырма-талап  төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен  белгіленген басқа да әдістерін  пайдаланады.

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі  нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден  мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлеуші мен алушылар өзара  есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың  арасында болатын талаптары мен  міндеттемелерді зачетқа да жатқыза  алады.



Төлем тапсырмаларымен  есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

Төлем тапсырмасын толтыру  кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:

- төлем тапсырмасының  нөмірі;

- төлем тапсырмасының  жазылған күні;

- жеке теңестірілген немесе  теңдестірілген (идентификацияланған)

коды (ЖТК немесе ИИК)

- жіберуші мен бенефициардың  банкі шоттарының нөмірі;

- бенефициардың коды (БК  немесе КБе) және жіберушілердің  коды (ЖК немесе КОд) – бұл  кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын  көрсетеді;

- бенефициар-аудару жасалған  ақша кезде қаражатын алушы;

- банк-алушы-банк атауы,  аударылған ақшада, оның мекен-жайы  көрсетіледі;

- бенефициар банкісі-бенефициардың  пайдасына келіп түскен ақша  қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен  жасалған келісім-шарттың негізінде;

- жіберушілердің теңестірілген  немесе теңдестірілген (идентификацияланған)  банктік коды (ЖТБК немесе ИИК)  – филиаларалық айналымдарының  коды (ФАК немесе МФО);

- төлем арналымының коды  – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық  актісімен белгіленген және соның  негізінде төлемдерді жүзеге  асыратын кодтық белгілер, ал  ол үш символдан (белгілерден)  тұрады;

- бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды  кері қайтаруда қойылатын код;

- валюттелген күні –  ақша қаражатын бенефициардың  (алушының)

банктік шотына ақша қаражатын  аударған күні төлем жасаушының нысанымен  анықталады.

Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады.

Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына  болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:


  • егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;

  • чектің мерзімі өтіп кетсе;

  • төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;

  • чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;

  • чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек);

  • чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;

  • чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;

  • чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;

  • чектің басқа да дефектілері бар болса.



Дефектісі бар чектер чек  ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез  арада тоқтатады. Бұндай дефектісі  бар чектерге акт жасалады, ол акт  төрт данада болады:

     біріншісі  – банкте қалса; 

     екіншісі –  көшірмесімен бірге ішкі істер  органдарына беріледі;

     үшіншісі –  Клирингтік палатаға беріледі;

     төртіншісі  – чекті беруші банкке беріледі.

Мерзімі өтіп кеткен чек  кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.

  Төлем карточкаларымен есеп айырысу. Инкассациялау шығындарын қысқарту, бухгалтерияның жұмысын женілдету, Қазақстаннаң әлемнің кез келген нүктесінен тез автоматталған ақша аударымын жасау мақсатында төлем карточкаларын пайдаланады.

  Төлем қарточкалары- ақша  қаражатына электрондық терминал  немесе басқа да қондырғылар  арқылы қол жеткізу, ондағы  ақпараттар валютаны айырбастауға, қолма-қол ақшаны жасауға мүмкіндік  береді.

  Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік және коорпоративтік  болып бөлінеді.

  Дебеттік карточкалар қаржы-шотындағы ақша сомасың шегінде оның ұстаушысына ( иесіне) төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар, өздерінің қарызын банк берген қаржы қөлемінде төлей алады.

 Кредиттік карточкалар бойынша банк берген қарыз сомасының шегінде оның ұстаушылары төлем жасай алады.

 Одан басқа кәсіпорын іс-сапарының шығыстарын төлеуге, офистік, үстеме шығыстары үшін корпоративтік төлем карточкаларын ашуына болады.

  Корпоративтік карточкалар –бұл да төлем карточкалары, ол оны ұстауышыға банк пен занды тұлғалардың арасында жасалған келісім шарттың негізінде беріледі.

Төлем карточкалары келесі көрсеткіштерден тұрады:

-    төлем карточкаларын  берудің жағдайы;

-    төлем карточкаларымен  жасалатын төлем түрлері және  оның жағдайы;

-    төлем карточкаларын  алған тұлғалардың тізімі

-    төлем карточкаларын  қайтарып алудың және тоқтатудың  жағдайы;

-    төлем карточкаларының  әрекет ету мерзімі;

-    тараптардың құқығы  мен міндеттері, жауапкершілігі.

Касса - бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй-жай.

Касса операцияларын орындау  кассирге жүктеледі. Ол материалды-жауапты  адам болып табылады да (онымен толық  материалдық жауапкершілік шарты  жасалады), ережелерді мүлтіксіз орындауға  міндетті болады. Ол касса операцияларын  жүргізу тәртбімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық  толық жеке дара жауапкершілігі онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы  мен басқа жа төлемдерді беру үшін субьекті басшысының жазбаша бұйрығы  бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық  жеке дара жауапкершілігі туралы олармен  де шарттар жасалынды.

 Кассир ақша қаражаттарын  банк мекемелерінен ақша чектері  бойынша алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет