«Өлең – сөздің патшасы »



жүктеу 146.89 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі146.89 Kb.
«

Өлең – сөздің патшасы...»

Жамбыл облысы Тараз қаласы

Ерекше дарынды балаларға арналған

мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Дүйсенбаев Базарбай Рысбайұлы





р/с

Оқу фрагментінің атауы. Оқу фрагментінің мазмұны

Интерак


ция

Инновациялық

толықтырулар



Оқушылар

дың білімін бағалау



Оқу

фрагментінің мақсаты


уақыты

1


І. Кіріспе сөз.

Әлем жаратылғалы бері, оны билеудің тізгіні адам баласына тигелі бері, ашылмаған жаңалығы, таппаған құпиясы қалмаған шығар, сірә! Дегенмен әлемнің қойнауындағы тылсым сырды, жасырынған құпияны, шешілмеген жұмбақтарын тапқанымен, адамзат өз кеудесіне рух сәулесі әнмен енген поэзия тылсымын әлі шеше алмай келеді.

Қазақтың ақыны Серік Ақсұңқарұлы «Анти-поэзия кәріне мініп тұр. Адамзаттың алғашқы ақыны Гомер туған күні ол да қоса туған» деуі не?..

Әлишер Науайының тілімен айтсақ

Ұқсайды өлең – сөздің патшасына,

Жайдарлы, әнші, күйші кел қасыма –

деп еріксіз іздейтініміз тағы бар. Онсыз сән-салтанатымыз мына өмірдің мәні жоқ құбылыс екенін түсінеміз.

Абайша айтсақ:

Туғандай дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең –

деп еріксіз тағы мойындаймыз.

Осы өлең жұмбағының шешімін таба алмай жүрудің себебі қандай? Жауабы не? Сыры неде?

Қадір Мырза Әліше айтсақ «Өлең деген – ой мен сезімнің ар жағы» Бұл не? Тағы жұмбақ.

Меніңше ақын айтқан өлең дегендегі ой – теңіз, сезімі – кеме емес пе?



Сабақтың мақсаты:

Көркем шығармаларды сындарлы оқыту арқылы табыстылыққа қол жеткізудің практикалық негізін дәлелге ала отырып мұғалімдер іс-тәжірибемен бөліседі, өздерінің оқыту әдістемелерінде пайдаланады.

Қаламымды көкпеңбек көлдерге,

Малып алып жазып отырмын.

Тамшы - әріптерді аспаннан,

Қағып алып жазып отырмын.

Бір сөздерімнің қызуы көтеріліп, Жанып бара жатады,

Көз алдымда талып бара жатады.

Сол кезде - Алатаудан бір уыс қар алып

Маңдайына басам.

Бұлағының суын таңдайына басам.

Т. Медетбек



ІІ. Қызығушылықты ояту.

Сыныптың психологиялық ахуалын реттеу.

Түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлу

ІІІ. Топқа бөлу.


І. Білімділік

/ мұғалім іс-әрекеті/


Слайд

1



Көркем шығармаларды сындарлы оқыту – табысты оқыту кепілі



І, ІІ, ІІІ,ІV, V топтарға қойылатын ортақ сұрақ

Поэзия дегеніміз не?


Мағынаны тану.

Әдебиет – сөз өнері.

Әдебиет – өмір оқулығы.

Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы.


«Әдемілік – адам. Ал адамдағы әдемілік – өмір. Адамның бақыты, адам өмірінің рахаты не болса, соның бәрі – адам үшін әдемі»

З. Қабдолов.

Көркемдікті жасырамын мен кейде,

Түк қалдырмай көз көретің деңгейге

Мен түгілі табиғаттың өзі де,

Тереңірек, тереңірек көмбейме?

Ж. Нәжімеденов

Бейнетаспаны тыңдаңыз. Бейнетаспа бойынша ойларыңызды топпен ақылдасып, тапсырмамен сабақтастыра айтып беріңіздер.



І топқа

«Өлең туралы айтылғанның көбі даулы, сондықтан бәрі қызық»

Б. Томашевский

ІІ топқа

«Өлең деген – ой мен сезімнің ар жағы»

Қадыр Мырза Әлі

ІІІ топқа

"Өлең деген не? Оған анықтама беруге амалсызбын"

Жаң Шомиң

ІV топқа

«Поэзия - әлемдік өмірдің қан тамырларының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні»

Белинский

V топқа
«Өлеңім - менің бөбегім, Өзіме тартқан секілді»

Қ. Аманжолов

ТҮЙІН:

Өлең туралы анықтамалардың бiр-бiрiн қайталамайтындай алуан түрлi болуының өзi-ақ “өлең деген не?” деген сұраудың оңай-оспақ жауаптарға қанағат ете қоймайтын, өте күрделi түйiн екендiгiн аңғартады. Өйткенi өлеңге анықтама беру нақтылы бiрыңғай бiлiмдiк мәселе емес. Ол - өлеңтанушының философиялық тереңдiгi мен әлеуметтiк көзқарасы және эстетикалық талғамы мен көркемөнерлiк тәрбиесiне тiкелей қатысты, күрделi байланыстарға құрылған бiр бүтiн жүйелi әлем. Сондықтан да өлеңге әркiм өз өресiне қарай өзiндiк анықтама бергiсi келедi.


10 минут


2


Шығармашылықпен жұмыс:

ІІ. түсіну /оқушы мен мұғалім іс-әрекеті/





Слайд

2



«Миллион сөз ойлап, соның тек біреуін ғана таңдау – қандай азап»
Л. Толстой
Слайд

3



«Өлеңдегі негізгі объект – адам. Сондықтан да кез келген шығарма адам үшін жазылады. Сол өлеңдегі мазмұн мен форма біртұтас ұғым. Формасыз мазмұн, мазмұнсыз форма болуы тағы мүмкін емес»

З. Қабдолов

І, ІІ, ІІІ,ІV, V топтарға қойылатын ортақ сұрақ




Поэзия әлемі дегеніміз не?



Тапсырма: Өлең туралы 10 көзқарас
І топқа

бағыты

анықтамасы

сын

1,2








ІІ топқа

бағыты

анықтамасы

сын

3,4








ІІІ топқа



бағыты

анықтамасы

сын

5,6








ІV топқа

бағыты

анықтамасы

сын

7,8,9








V топқа

бағыты

анықтамасы

сын

10









15 минут

3


Мәтінмен жұмыс:

Ай қамауда,

Күн талада тұр ұлып.

Иткөзденген дүние

Сүйексінер құнығып.

Қарға тамыр қазекем,

Қарамайды бұрылып

Сыңғырына тиынның

Сыйыр тілді ындындар

Шөліркейді құнығып



Сабыр Адай
Мен тағдырды сынаймын да мінеймін,

Бүгін төрде ертең көрде түнеймін

Бара жатыр қып-қызыл боп күн батын

Жаратқаннан жалбарынып тілеймін.

Мені әлдилеп өсіріп ең дана жыр

Сақал қойып шалға айналды бала жыл

Жаратқаннан жалбарынып сұраймын

Қазағыма көз қырыңды сал жүр

Мендік көңіл ағыл – тегіл жылап тұр

Соған қарап халқым енді құлақ түр

Жүрегіңде батпандай боп тас жатса

Ауырса да жұлып алып лақтыр.

Қ. Мырзалиев
Мың сәуле бар: «кел, кел»- деп шықыратын,

Бір сәуле бар қасымда отыратын.

Мың кітап бар ешқашан оқылмайтын,

Бір кітап бар күн сайын оқылатын

Қ. Аманжолов

ІІІ. Пайдала-

ну /оқушы мен мұғалім іс-әрекеті/


Слайд

4



«Көркем шығарма жазу - әрқашан пішіні жағынан өнер табы, мазмұны жағынан жаңалық ашу»

Л. Леонов

Слайд

5



«бір ғана образбен, бір ғана сөзбен, қаласа, тіпті бір ғана дыбыспен... өмірді өзгеше құбылыс қалпында, қозғалыс үстінде әркімнің көз алдына әкеле алады.»

Некрасов

Слайд

6



Әдебиет псхиканың заңдылықтарын емес, адамның қоғамдық өміріндегі орны мен содан туындап, дамитын психолгиялық құбылыстарды бейнелейді.
Слайд

7



Образ үшін психологиялық дәлел қажет болса, оқиға үшін логикалық дәлел қажет

З. Қабдолов

І, ІІ, ІІІ,ІV, V топтарға қойылатын ортақ сұрақ

«Не»

Дегеніміз не?

«Қалай» дегеніміз не?

«Бейнелі ой» дегеніміз не?
Лирикада ақын бейнесі қалай көрініс табады?




Поэзиядан не бар, қалай бар, сол сияқты үшінші бір нәрсе бейнелі ой бар»
Паруйр Севак

10 минут


4


Талдау жұмыстары: Аттың сыңы

Шоқпардай кекілі бар,қамыс құлақ,

Қой мойынды,қоян жақ,бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шағыңқы,майда жалды,

Ой желке,үңірейген болса сағақ.
Теке мұрын,салпы ерін,ұзын түсті,

Қабырғалы,жоталы,болса күшті.

Ойынды еті бөп-бөлек,омыраулы,

Тояттаған бүркіттей салқы төсті.


Жуан,тақыр бақайлы,жұмыр тұяқ,

Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.

Жерсоғарлы,сіңірлі,аяғы тік,

Жауырыны етсіз,жалпақ тақтайдай-ақ.


Кең сауырлы,тар мықын,қалбағайлы,

Алды-арты бірдей келсе ерге жайлы.

Күлте құйрық,қыл түбі әлді келіп,

Көтендігі шығыңқы,аламайлы.


Ұршығы төмен біткен,шақпақ етті,

Өзі санды,дөңгелек келсе кетті.

Сырты қысқа,бауыры жазық келіп,

Арты талтақ,ұмасы үлпершекті.


Шідерлігі жуандау,бота тірсек,

Бейне жел,тынышты,екпінді мініп жүрсек.

Екі көзін төңкеріп,қабырғалап,

Белдеуге тыныш тұрса,байлап көрсек.


Тығылмай әм сүрінбей жүрдек көсем,

Иек қағып,еліріп жүрсе әсем.

Шапса-жүйрік,мінсе-берік,жуан,жуас,

Разы емен осындай ат мінбесем.


Аяңы тымақты алшы кигізгендей,

Кісіні бол-бол қағып жүргізгендей.

Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс,

Ыза қылдың қолымаа бір тигізбей.




ІV. талдау /оқушы іс-әрекеті/





І, ІІ, ІІІ,ІV, V топтарға қойылатын ортақ сұрақ


Ақын даралығы дегеніміз не?







тапсырма: Жылқының суретін салып, оның негізгі статьтарын цифрлап белгілеңіздер (2-сурет): 1 – құлақ; 3 – кекіл; 4 – қарақұс; 5 – самай; 6 – көзінің үстіндегі ойпат; 7 – қас үстіндегі доғалар; 8 – көз; 9 – мұрын ортасы; 10 – мұрын арқасы; 11 – тұмсық; 12 – ерін; 13 – иек; 14 – иек шұңғылы; 15 – сағақ; 16 – беті; 17 – жақтың қыры; 18 – жақтың асты; 19 – шеке; 20 – жал; 21 – мойын жалы; 22 – мойын бүйірі; 23 – тамақ; 24 – мойын тамыры; 25 – шоқтық; 26 – арқа; 27 – бел; 28 – сауыр; 29 – құйымшақ; 30 – жая; 31 – құйрық негізі; 32 – құйрық; 33 – көтен; 34 — көтен аралығы; 35 – кеуде; 36 – кеуде асты; 37 – қабырға; 38 – кеуде сүйегі; 39 – жалған қабырға; 40 – қарын; 41 – аш бүйір; 42 – жыныс мүшелері; 43 – жыныс ауызы; 44 – жыныс қалтасы; 45 – жауырын; 46 – иық; 47 – жауырын мен қол жілігін қосатын буын (төмпешігі); 48 – шынтақ; 49 – иық асты; 50 – білек; 51 – сирақ; 52 – тұсау буыны; 53 – тұсау; 54 – тұяқ үсті; 55 – тұяқ; 56 – мықым төмпешігі; 57 – сан; 58 – жамбас; 59 – тізе; 60 – бұт; 61 – ахилла сіңірі; 62 — өкше; 63 – шабу буыны; 64 – артқы сирақ; 65 – каштан сүйегі; 66 – тұяқша қылы.


15 минут

5


Шығарма кейіпкерлермен жұмыс:

Мұхаң қайда, Мұхаң қайда кешегі?

Айтшы жұрт- ау, рас па өлді деседі.

Жарқын жанды, жақсы адамға япыр- ай

Арсыз ажал неге мұнша өш еді.
Ақын жанын ақырет қып орармын.

Ақ мәрмәрден мұнара да соғармын.

Бірақ сені асыл жүрек ағатай,

Қара жерге қалай қиып қоярмын


Аласаршы, айналайын, Алатау!

Басыңа бір орнатайын ақ отау.

Ой үстінде ұйықтап кетті ұстазым.

Оянғанша сақтай берші жан ата-ау

Балтабай Адамбаев

V. пайымдау /оқушы іс-әрекеті/






Слайд

8



Кез келген халықтардың поэзиясы бір – бірінен сөз байлығы, образдар жиынтығымен ерекшеленеді.Өлеңдегі образдардың бейнеленуі мен берілу тәсілдері ұлтың көркем ойлау ерекшеліктеріне байланысты.
Т. Қоңыров

І, ІІ, ІІІ,ІV, V топтарға қойылатын ортақ сұрақ
Ұлттық мінез дегеніміз не?


«Өмірді өлеңмен ғана емес, өзінің өмірімен суреттей білу ірі жанды адамның қолынан келеді.»
М. Жұмабаев

7 минут


6


қорытынды бағалау

Зәки Ахметов "Поэзия - сөз өнерi, көркемдiк шеберлiктiң теңдесi жоқ озық үлгiсi“деген келте ғана анықтамасы бізге мәлім. Бұл анықтамаға: "Өлеңдi  кiм сөз өнерi емес дей алмақ?! Оны көркем шеберлiктiң теңдесi жоқ озық үлгiсi емес деп кім айта алады? Сіздер жоғарыдағы айтылған ойға қалай байланыстырып баға берер едіңіздер?




VІ. бағалау /оқушы іс-әрекеті/






І, ІІ, ІІІ,ІV, V топтарға қойылатын ортақ сұрақ


Ұстаздардың бірін-бірі бағалауы

_______________________________________

аты-жөні

_______________________________________



Бағаланушының аты-жөні

Не бағаланды ?

5

4

3

2

Сұраққа жауап беруі













Тақырыпты түсіндіре білуі













Топтастарына көмек беруі













Сыни тұрғыдан салыстыра білуі


















3 минут


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет