Оқыту үрдісінің заңдылықтары: оқытуды дербестендіру және деңгейлік дифференциалдау технологиясы; логикалық -дидактикалық принциптер жүйесі; білім жүйесінің мақсаттары



жүктеу 57.82 Kb.
Дата10.09.2017
өлшемі57.82 Kb.
Оқыту  үрдісінің заңдылықтары: оқытуды дербестендіру және деңгейлік дифференциалдау технологиясы; логикалық -дидактикалық принциптер жүйесі; білім жүйесінің мақсаттары.
«Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір – қасиеттердің мән – маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан – жақты мәдениетті, патриот – азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз»

Н.Ә.Назарбаев
Біздің еліміздегі білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жаңалықтар, реформалар іске асу үшін бірінші маңызды мәселе мұғалім қауымы жаңару керек. Яғни ұстаздар өз біліктілігін арттырудың маңызы өте зор. Заман талабы сабақтың тиімді түрлерін тәжірибеге кеңінен ендіру болып табылады.
Оқыту үрдісінің заңдылықтарын атап өтейік.

1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс–тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.

2. Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.

3. Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.

4. Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс–әрекетеріне тәуелді

5. Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыруы

6. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс–тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы

7. Оқыту мақсаты, оның мазмұны және әдістері арасында тұрақты тәуелділік бар; яғни мақсаты, оның мазмұнын, әдісін анықтайды, ал соңғысы мақсатқа жетудің шарты болып табылады.
Профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру және деңгейлік дифференциалдау технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

Қараевтың оқытуды дербестендіру және деңгейлік дифференциалдау технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1)
репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
2)
алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3)
Эвристикалық деңгей оқушы тез ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді
4)
шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. 

Оқытуды дербестендіру және деңгейлік дифференциалдау технологиясы:

-Оқушымен жеке жұмыс мүмкіндігі;
-Оқушы тұлғасын тану және қадірлеу;
-Қабілеттеріне қарай топтарға бөлінген балаларды оқыту;
-Балалармен ынтымақтастық;
-Оқытудың түрін, мазмұнын, формасын таңдауға мүмкіндік беру;
- Оқушылардың танымдық стратегиясын дамыту;
-Оқыту үрдісінде балалардың тұлғалық тәжірибесін есепке алу;
-Адамгершілік қасиеттерін дамыту;
-Оқыту үрдісінде баланың өзіндік «менін» іздеуге көмек көрсету;

Дифференциалды оқыту – бұл бір сыныптағы әртүрлі қабілеттері бар балаларды оқыту технологиясы. Даралық ретінде оқушы тұлғасын дамытудың қолайлы шарттарын жасау

Дарынды шәкірттерді даралауда дифференциалды оқытуға баса назар аудару – болашақ ұрпақтың білікті маман болуына жол ашылады.
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс» К.Д.Ушинский.
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.

Оқушылардың логикалық ойлауын  дамыту үшін сабақтың түрлерін сабақ үрдісінде дөңгелек үстел, сайыс, саяхат сабақ түрлерін ұйымдастырукерек.

Мысалға сабақтың бір түрі пікірталас. Пікірталас оқушылардың өз пікірін анық, дәл және қисынды білдіру дағдысын дамытады. Логикалық ойлау оқушыларға пікірталастың тиімді шешуін табуға үйретеді.



Оқушылар идеялары мен көзқарастарын дәлелдеу мен талдау кезінде пәнге деген қызығушылығын дамыту

Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.

Мұғалімнің кәсіби білімі мен біліктілігі жоғары деңгейде болып, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту мәселелерін шешуге шығармашылық қабілеттері болуға тиіс. Мұғалімнің кәсіби даярлығын жетілдіруде екі негізгі міндетті орындау қажет:

- Бірінші мәселе – ұстаз қызметінде тәрбие беру мәселесі;

- Екінші мәселе – дидактикалық даярлығын арттыру
Дидактика - педагогиканың маңызды саласы, білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым. Дидак- оқытушы тика -оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635).

Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен–бірі логикалық өзара байланыста болады.

дидактикалық принциптер жүйесі:

ғылымилық,

саналылық пен белсенділік,

көрнекілік,

жүйелілік пен бірізділік,

беріктілік,

тиімділік,

теория мен тәжірибенің байланыстылығы



Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында 12 жылдық білім беру стандартында «Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы мәселелерді өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріледі»

Білім жүйесінің мақсаттары : 
- өзектілікті шешу немесе зерттеушілік құзіреттілігі

- ақпараттық құзіреттілік

- коммуникативтік құзіреттілік
Ақпараттық құзіреттілік

Сабаққа қажетті материалдармен жұмыс істей отырып, ағылшын тілі пәнінде электронды оқулықтарды кеңінен пайдалану;

Коммуникативті құзіреттілік

Мысалға мен өз тәжірибемде пікірталас сабақтың осы түрін көп қолданамын. Біріншіден оқушы тақырып бойынша түрлі ақпарат алуға, проблемалық сипаттағы тапсырмаларды талқылауға, шешу барысында өздерінің білімін қолдана отырып, коммуникатвті құзыреттілігін арттыруға, өз идеяларын, пікірлерін нақтылауға үйренеді.

Дөңгелек үстел, сайыс, саяхат сабақ түрлерін ұйымдастыру;

Зерттеушілік құзіреттілік

Ғылыми - жоба жұмыстарына қызығушылықты ояту;

Оқыту үрдісінің белсенділігі - мұғалімнің біліктілігін жоғарылату жүйесінде кәсіби шеберлігінің құрылуының қорытындысы болып табылады. ХХІ ғасыр білім беру жүйесінің нақты кешендерін ескере отырып, қазіргі заманғы мұғалім өзгермелі оқыту технологиясын тез арада жүзеге асыруға, балалармен инновациялық оқу үрдісін жылдам ұйымдастыруға қабілетті болуы қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жолдасбекова С.А. Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімін кәсіби даярлау. Алматы: Жаршы, 2008.

  2. Аубакиров С.А. Қазіргі заманғы мұғалім //Қазақстан мектебі. №6. Алматы, 2005.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет