Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

Loading...


жүктеу 0.63 Mb.
бет1/4
Дата15.04.2017
өлшемі0.63 Mb.
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2017 жылғы 1 ақпандағы

№ 36 бұйрығына

1-қосымша

Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бағалардың негізсіз өсуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)
124-6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібін айқындайды.

2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) аумақтық уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;

2) баға белгілеу – тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және өнімге, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаларды қалыптастыру және қарау процесі;

3) газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

4) инвестициялық бағдарлама (жоба) – бір немесе бірнеше инвестициялық жобаны қамтитын, техникалық-экономикалық нәтиже алу мақсатында қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің жаңа активтерін құруға, қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;

5) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі (бұдан әрі – Субъект) –қоғамдық маңызы бар нарықтарда тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіретін (өткізетін) жеке немесе заңды тұлға;

6) қоғамдық маңызы бар нарықтар – Кодекстің 116-бабының


14) тармақшасына сәйкес бағалары мен тарифтерін мемлекет реттейтін кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері;

7) негізделген баға – осындай шығындар мен пайданың негізділігін растайтын нарық субъектісі ұсынған құжаттарға сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің негізделген шығындары мен пайдасының негізінде, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының бағаға жүргізген сараптамасының негізінде айқындалған баға;

8) өзіндік құн – уәкілетті органның ведомствосы тауардың (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) шекті бағасында ескеретін шығындар жиынтығы;

9) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

10) шекті баға – Қағидаларға сәйкес өндіру және (немесе) өткізу үшін қажетті шығындар мен пайданың негізінде Субъект белгілеген және уәкілетті органның ведомствосымен келісілген тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін оған қатысты мемлекеттік реттеу қолданылған баға да сондай-ақ шекті баға болып табылады.

2-тарау. Алдағы уақытта шекті бағаның өсетіні туралы хабарламаны қарау және бағаға сараптама жүргізу үшін ақпарат ұсыну тәртібі


  1. Субъект алдағы уақытта шекті бағаның өсетіні туралы хабарламаны (бұдан әрі - Хабарлама) оған алдағы уақытта шекті бағаның өсу себебін растайтын негіздеуші материалдар қоса беріле отырып уәкілетті органның ведомствосына алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаның өсуіне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын ұсынылады.

Хабарлама Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда ұсынылады.

Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау мақсатында, сондай-ақ Кодекстің 124-8-бабы 1) тармақшасында көзделген жағдайларда уәкілетті органның ведомствосы Субъектінің бағаларына мониторингті жүзеге асырады.

Шекті бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша, сондай-ақ Субъекті Кодекстің 124-8-бабы 3) және 4) тармақшаларында белгіленген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы Қағидаларға сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.

Баға сараптамасының шеңберінде ұсынылатын құжаттарды немесе негіздеуші материалдар қоса берілген Хабарламаны Субъект қағаз жеткізгіштерде ұсынылған материалдар тігіледі, нөмірленеді және Субъектінің мөрімен (ол болған кезде) және басшысының не оны ауыстыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлік есеп пен қаржы мәселелері кіретін басшысы орынбасарының қолымен расталады. Қаржы құжаттарына субъектінің бірінші басшысы және бас бухгалтері не оларды ауыстыратын адамдар қол қояды және Субъектінің мөрімен (ол болған кезде) расталады.

Субъекті екі немесе одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында ішкі рейстерде әуежайлардың қызметтерін көрсеткен жағдайда баға сараптамасы шеңберінде ұсынылатын құжаттар не Хабарлама уәкілетті орган ведомствосына ұсынылады.

Субъекті бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардың аумағында ішкі рейстерде әуежайлардың қызметтерін көрсеткен жағдайда, баға сараптамасы шеңберінде ұсынылатын құжаттар не Хабарлама Субъектінің тіркеу орны бойынша тиісті аумақтық уәкілетті органға ұсынылады.

4. Субъекті уәкілетті органның ведомствосына баға сараптамасының шеңберінде құжаттарды немесе алдағы уақытта шекті бағаның өсу себебін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып Хабарлама ұсынады, оның ішінде:

1) «Жария мүдделі ұйымдардың жариялауы үшін (қаржы ұйымдарынан басқа) жылдық қаржылық есептіліктің тізбесін және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы


27 ақпандағы № 143 бұйрығымен (бұдан әрі – № 143 Бұйрық) бекітілген нысан бойынша бухгалтерлік балансты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген);

2) № 143 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша пайда мен зияндар туралы есепті;

3) «Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы статистикасы бойынша жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 282 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша еңбек жөніндегі есепті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14590 болып тіркелген);

4) «Кәсіпорындардың қаржысы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы


7 қазандағы № 154 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қаржы-шаруашылық қызметі туралы есепті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12227 болып тіркелген);

5) № 143 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ақшалай қаражаттың және материалдық емес активтердің қозғалысы туралы есепті;

6) шығындар баптары бойынша толық жазылған жалпы кәсіпорын және әрбір түрі бойынша жекелеген, бағаларды есептеу үшін қолданылатын кірістер мен шығыстар туралы жиынтық деректерді;

7) қолданылып отырған еңбекақы төлеу жүйесі туралы мәліметтерді;

8) шикізат пен материалдар шығысының қолданылатын нормалары, жұмыскерлердің нормативтік саны туралы мәліметтерді;

9) ол болған жағдайда – есепке алу саясатын;

10) болған жағдайда инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды);

11) негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын;

12) болған жағдайда негізгі құралдар құнының ұлғаюына әкелетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған шығындардың жылдық сметасын;

13) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдері көрсетілген амортизациялық аударымдардың есептеулерін;

14) тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізудің жоспарланған және (немесе) нақты көлемін растайтын құжаттарды – ниет хаттамаларын, шарттарды, өндіру (жеткізу) көлемдерінің есептеулерін, жобалық қуат және оны іс жүзінде пайдалану туралы деректерді, сондай-ақ өндіру (жеткізу) көлемдері төмендеген кезде Субъектілер негіздемені ұсынады;

15) электр энергетикасы саласындағы Субъект, Қағидаларға


2-қосымшаға сәйкес, электр энергиясына шекті баға құрылымын ұсынады.

16) көтеру себептерін растайтын құжаттармен (шикізат, материалдар, көрсетілетін қызметтер құнының өсуін растайтын тиісті (жасалған) шарттардың көшірмелерін) қоса, шекті бағаны көтерудің орындылығын негіздейтін түсіндірме жазбаны, Субъект Хабарлама ұсынған жағдайда;

17) әрбір қызмет түрі бойынша жоспарланған шекті бағаның жобасын ұсынады, Субъект Хабарлама ұсынған жағдайда.

5. Негіздеуші материалдар ретінде төрт тоқсан ішіндегі баға сараптамасының шеңберінде құжаттар беру немесе Хабарлама ұсыну алдындағы және өткен күнтізбелік жыл ішіндегі шығындар туралы нақты деректер ұсынылады.

Субъект қызметін бір жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, негіздеуші материалдар ретінде, қызметті жүзеге асырудың нақты кезеңі үшін деректер ұсынылады.

Субъект уәкілетті орган ведомствосының талабы бойынша баға сараптамасын жүргізу үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынады. Субъект ақпарат пен құжаттарды күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынады.



  1. Уәкілетті органның ведомствосы алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бағаға сараптама жүргізеді немесе Хабарламаны қарайды.

Уәкілетті органның ведомствосы қосымша ақпаратты сұратқан жағдайда, баға сараптамасын жүргізу немесе Хабарламаны қарау мерзімі Субъекті тиісті ақпаратты ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады. Бұл ретте, шекті бағаны енгізу күні Субъектінің тиісті ақпаратты ұсыну мерзіміне ауыстырылады.

  1. Сараптама жүргізу немесе Хабарламаны қарау қорытындылары бойынша Субъектінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаларды қалыптастыру Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүргізіледі.

  2. Кодекстің 124-6-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы Хабарламаны қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді.

  3. Уәкілетті орган ведомствосының Хабарламаны қараудан бас тарту себептері:

1) Қағидалардың 3-тармағында көзделген талаптардың бұзылуы;

2) Субъектінің Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;

3) Субъектінің анық емес ақпаратты ұсынуы болып табылады.

Уәкілетті органның ведомствосы Хабарламаны қараудан бас тартқан жағдайда, алынған бас тарту бойынша наразылық болмаған жағдайда, Субъект уәкілетті органның ведомствосынан Хабарламаға қоса берілген материалдарды сұратуға құқылы. Субъекті сұрау салуды ұсынған кезде, уәкілетті органның ведомствосы Хабарламаға қоса берілген материалдарды сұрау салуды алған кезден бастап бес жұмыс күн ішінде кері қайтарады.



  1. Хабарламаны қарау немесе бағаға сараптама жүргізу қорытындылары бойынша уәкілетті органның ведомствосы Субъектіге:

1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шекті бағаға келісу туралы хабарландыру немесе

2) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы бағаны, шекті бағаны төмендету немесе жоспарланған шекті бағаны негізделген баға деңгейіне дейін өсіру туралы дәлелді қорытынды немесе

3) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шекті бағаны көтеруге тыйым салу туралы дәлелді қорытынды жібереді.

Субъектіге хабарлама немесе дәлелді қорытынды жіберу кезінде Қағидаларға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша шығыстар сметасы қоғамдық маңызы бар нарық тауарына (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) қарай, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы Субъектіге Қағидаларға


2-қосымшаға сәйкес электр энергиясына шекті бағаның құрылымы және тауарлық газды бөлшек саудада өткізу саласындағы Субъектіге Қағидаларға
9-қосымшаға сәйкес қоса беріледі.

Хабарлама немесе дәлелді қорытынды Субъектіге пошта арқылы хабарламамен жіберіледі не оның өкіліне қол қойғызып қолма қол беріледі.



  1. Шекті бағаны келісуге (қолдану):

  1. тауарлық газды бөлшек саудада өткізу - тұтынушылар топтары бойынша;

2) жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер және локомотивтік тартқыш қызметтері - тасымалданатын жүктердің, жылжымалы құрамның түріне байланысты;

3) энергиямен жабдықтау ұйымдарының электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге саралаумен жол беріледі.



  1. Субъекті алған хабарламаның немесе дәлелді қорытындының негізінде уәкілетті органның ведомствосы айқындаған күннен бастап тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаны белгілейді.

  2. Субъекті шекті бағаны көтерместен, уәкілетті органның ведомствосына бағаның төмендеу немесе көтерілу себептерін көрсететін ақпаратты баға төмендеген немесе көтерілген күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей ұсына отырып, қоғамдық маңызы бар нарықтарда өткізілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды дербес төмендетуге немесе көтеруге құқылы.

14. Электр энергетикасы саласындағы Субъектінің бұрын келісілген шекті бағасында ескерілген электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру және (немесе) бөлу шығыстары орындалмаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы келісілген шекті бағаға енгізілген шығыстардың және электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру және (немесе) бөлу бойынша іс жүзіндегі шығыстардың арасында айырманың пайда болу нәтижесінде алынған кірістің сомасына келісілген шекті бағаны төмендетеді.

Уәкілетті органның ведомствосы электр энергетикасы саласындағы Субъектінің Хабарламасын қарау барысында жобаланған шекті бағаны келісілген шекті бағаға енгізілген шығыстардың және электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру және (немесе) бөлу бойынша іс жүзіндегі шығыстардың арасында айырманың пайда болу нәтижесінде алынған кірістің сомасына төмендетеді.

Егер электр энергетикасы саласындағы Субъектіде келісілген шекті бағада ескерілген электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру және (немесе) бөлу бойынша және электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру және (немесе) бөлу бойынша іс жүзіндегі шығыстардың арасында айырманың ұлғаю нәтижесінде шығын пайда болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы электр энергетикасы саласындағы Субъектінің Хабарламасын қарау кезінде туындаған айырмаға шекті бағаны ұлғайтады.

3-тарау. Субъектілердің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) баға белгілеу тәртібі

15. Шекті бағаны қалыптастыру үшін Субъекті тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) әрбір түрі бойынша шығындарды бөлек есепке алуды жүзеге асырады.

Субъектіде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлері бойынша шығындарды бөлек есепке алуы болмаған жағдайда, Субъектінің шығындары Субъектінің жалпы шығындарындағы кірістердің үлес салмағы (көлемі, өндірістік персоналға еңбекақы төлеуге арналған шығындар) бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін Субъектінің белгілі бір қызмет түріне жататын шығындарды айқындауды көздейтін жанама әдістердің негізінде өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлері бойынша бөлінеді.

16. Шекті бағаны қалыптастыру кезінде өзіндік құнда тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге (көрсетуге) тікелей жататын, негіздеуші материалдармен (шарттармен, шот-фактуралармен, қаржы құжаттарымен) расталған шығыстар ескеріледі, оның ішінде:

1) растайтын құжаттарда (шарттарда, шот-фактураларда, төлем тапсырмалары) көзделген бағаларға және тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бір бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, материалдық ресурстар энергиясы шығысының қолданылатын нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына сүйене отырып, материалдық ресурстардың нақты көлеміне негізделіп айқындалатын материалдық шығыстар;

2) еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуді қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге арналған шығыстар шекті бағаларды қалыптастыру кезінде ескеріледі, бұл ретте, еңбекақы төлеу шығыстарын айқындау кезінде нормативтік саннан аспайтын (болған кезде) персоналдың (әкімшілік-басқару және өндірістік) нақты саны және инфляция деңгейінің болжамды өзгерісі ескеріліп, қолданыстағы бағаларда қабылданған орташа айлық жалақы есепке алынады;

3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары тікжелілік (біркелкі) есептеу әдісі бойынша есептеледі және шекті бағаның шығын бөлігіне қосылады. Амортизациялық аударымдар инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға және (немесе) негізгі құралдардың құнын арттыруға алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталады;

4) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына Субъекті жұмсайтын қаражаттар осындай жұмыстың қажеттігін растайтын құжаттардың (осындай жұмыстарды жүргізу қажеттігін құжаттамалық техникалық растау, жиынтық сметалық есептеулер, объектілік, жергілікті және ресурстық сметалар (әрбір объект бойынша жеке) оның ішінде Субъектінің сенімгерлік басқаруындағы объектілері бойынша егер сенімгерлік басқару шартында негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін осындай жөндеу өткізу туралы талап қамтылса) негізінде шекті бағаның шығын бөлігіне енгізіледі;

5) өндірілетін және (немесе) өткізілетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тікелей жататын өзге өндірістік шығыстар шекті бағаның шығын бөлігіне салалық ерекшеліктер ескеріліп, растайтын құжаттардың негізінде енгізіледі;

6) инвестициялық бағдарлама (жоба) болған кезде, бағаларында инвестициялық бағдарламаны іске асыруға қарыз қаражаттары үшін сыйақы төлемі ескерілетін шығыстар;

7) егер көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу оларды көрсету фактісі бойынша жүргізілген жағдайда қызметті көрсету үшін қажетті айналым қаражатын толтыруға тартылған қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеміне арналған шығыстар;

8) сатып алынатын аудиторлық, маркетингтік көрсетілетін қызметтер;

9) қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу;

10) кезең шығыстарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлері, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер шығыстары ескеріледі.

17. Шекті бағаға енгізілетін пайда деңгейі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға қажетті қаражат ескеріліп шектеледі.

Субъектілер инвестицияларды өз және (немесе) қарыз қаражаттары есебінен жүзеге асырады. Өз қаражаттарының көздері пайда (таза кіріс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.

Қарыз қаражаттарын қайтару пайда (таза кіріс) және (немесе) амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылады.

Субъектіде инвестициялық бағдарлама (жоба) болмаған жағдайда, шекті бағаға енгізілетін Субъекті пайдасының деңгейін уәкілетті органның ведомствосы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму факторларына сүйене отырып айқындайды.

18. Өзіндік құнда шекті бағаны қалыптастыру кезінде тауарларды (жұмыстарды, көрсететін қызметтерді) көрсетуге (өндіруге) тікелей жатпайтын шығыстар ескерілмейді, оның ішінде:

1) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру (көрсету) кезінде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;

2) ластаушы заттардың нормативтен тыс шығындылары (тастандылары) үшін төлемдер;

3) үмітсіз борыштар;

4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімдер, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлері, сот шығыстары;

5) кірісті жасырғаны (кеміткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;

6) жымқырудан болатын шығындар;

7) қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен учаскелер өндірісінде қолданысқа енгізілмеген активтерді ұстау;

8) кәсіптік-техникалық училищелерді қоспағанда, денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар ұйымдарын, оқу орындарын ұстау;

9) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстау;

10) ұйым жұмыскерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бау-бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған пайызсыздарын қоса алғанда несиелерін өтеу;

11) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;

12) бау-бақшалық серіктестіктерді абаттандыру (жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру);

13) демеушілік көмек көрсету;

14) ақаудан болған шығындар;

15) өндірісті вахталық ұйымдастыруды қоспағанда, персонал үшін пәтерлерді, тұрғын ғимараттарды және құрылыстарды, жатақханалар мен қонақ үйлердегі орындарды сатып алу, жалдау және ұстау;

16) мерейтойлар күніне немесе жұмыскерлерге ынталандыру түрінде берілетін сыйлықтарды сатып алу;

17) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық шығындар, тауар-материалдық құндылықтардың, қоймадағы қорлардың бұзылуы және жетіспеушілігі, басқа өндірілмейтін шығыстар;

18) жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы беруге және ынталандырудың басқа да нысандары;

19) өндірістік қажеттікке байланысты іс-шараларды қоспағанда, оқытатын курстарды, семинарларды, тренингтерді, лекцияларды, көрмелерді, пікірталастарды, ғылым мен өнер қайраткерлерімен кездесулерді, ғылыми-техникалық конференцияларды өткізу және ұйымдастыру;

20) қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға арналған мүшелік жарналар;

21) білім беру ұйымында оқитын жұмыскерлердің демалыстарына ақы төлеу;

22) кәсіптік ауруларды оңалтып емдеуге байланысты шығындардан басқа, Субъектінің қаражаты есебінен жұмыскерлердің және олардың балаларының емделуіне, демалуына, экскурсияларына арналған жолдамаларға ақы төлеу;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемдері (Субъекті өз жұмыскерлерінің пайдасына жасаған жеке және мүлікті сақтандыру шарттары бойынша Субъекті төлеп отыратын жарналар);

24) жұмыскерлерге қосымша берілген демалыстарға (заңнамада көзделгеннен тыс), оның ішінде бала тәрбиелеп отырған әйелдерге ақы төлеуге, жұмыскердің отбасы мүшелеріне демалысты пайдаланатын жерге бару және қайту жолына ақы төлеу;

25) Субъектінің жұмыскерлеріне жеңілдіктер;

26) мектепке дейінгі мекемелердегі, санаторийлердегі және сауықтыру лагерлеріндегі балалардың тамақтану құнын өтеу;

27) ұжымдық шартта айқындалған мақсаттарға кәсіптік одақтарға аударымдар;

28) банктер және тұтынушылардан коммуналдық төлемдерді қабылдау жөніндегі банк операцияларының жекелген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтердің;

29) консалтингтік компаниялар көрсететін қызметтердің шығыстары ескерілмейді.

19. Инвестициялық бағдарлама (жоба) Субъектінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) шекті бағада ескеріледі.

Субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып әзірленеді.

20. Инвестициялық бағдарламаға (жоба) Субъект мына материалдарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын);

2) сатып алынатын негізгі құралдардың, құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнын көрсетумен баға деңгейін салыстырмалы талдауды қоса, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға арналған жоспарланып отырған шығындар туралы ақпаратты;

3) қаржыландырудың, оның ішінде қарыз ресурстарының (қарыз қаражаты бойынша сыйақы, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемдер, қарыз қаражатын қайтару мерзімдері мен шарттары) болжамды мөлшерін және алдын ала шарттарын растайтын құжаттарды;

4) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық, жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылған жағдайда, оны қаржыландыру мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттарды.

Субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және Субъектінің мөрімен (ол болған кезде) және бірінші басшысының не оны ауыстыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлік есеп пен қаржы мәселелері кіретін басшысы орынбасарының қолымен расталады. Қаржы құжаттарына Субъектінің бірінші басшысы және бас бухгалтері не оларды ауыстыратын адамдар қол қояды және Субъектінің мөрімен (ол болған кезде) расталады.

21. Тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны есептеу Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес жүргізілетін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу Субъектісін қоспағанда, Субъектінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны есептеу Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес есептеледі.

22. Кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, Субъекті шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаны) орындалуы не орындалмауы туралы жартыжылдық ақпаратты уәкілетті органның ведомствосына Кодекстің 124-8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей ұсынады.

Жыл қорытындылары бойынша, шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарлама орындалмаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы Кодекстің 124-6-бабының 7) тармақшасына сәйкес Субъектіге нұсқама енгізеді.

23. Субъект Кодекстің 124-8-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосына Қағидаларға 14, 15 және 16 қосымшаларына сәйкес өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кірістілік деңгейі және босату бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына

1-қосымша

Нысан


: images
images -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз І
images -> Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен кездесті
images -> Ш. Жақсылықова №6 Хромтау гимназиясының директордың инновациялық жұмысы жөніндегі орынбасары Педагогикалық іс- әрекетті талдауға дайындықты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар
images -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
images -> Құжатты библиографиялық сипаттау Әдістемелік ұсыныстар Терминдер мен анықтамалар
images -> Тіл біліміндегі “концепт” ұғымы Орындаған: доцент Досова А. Т
images -> Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О
images -> Ата-аналар жадынамасы ұлттық бірыңғай тестілеу
images -> Оқу жылындығы №6 гимназиясының 11- сынып оқушыларының Ұбт-ға дайындығы туралы анықтама


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...