Қоғам әлеуметтік шындық. Жоспары



жүктеу 74.03 Kb.
Дата22.01.2017
өлшемі74.03 Kb.

Қоғам әлеуметтік шындық.

Жоспары:

1. Қоғам ұғымы және оның негізгі түрлері

2. Қоғамдық-экономикалық формациялар жүйесі.

3.Әлеуметтік қозғалыс ұғымы


  1. Сонымен социология ғылымының негізгі ұғымы қоғам болып табылады. Жалпы қоғам дегеніміз не? Жалпы алғанда қоғам дегеніміз-адамдардың бірлесуі, жиынтығы. Хайуандардың да, оның ішінде адам тектес маймылдардың да жиынтығы, тобырлары бар, бірақ олардың кейбір сырт көріністері адам қоғамына ұқсас болғанымен, оларды қоғам деуге болмайды. Қоғам, санасы, ақыл-ойы бар адамдар жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса солай жинала салуы емес, ол адамдар арасындағы айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежедегі берік қарым-қатынасы бар бірлестік. Күнделікті тұрмыста қоғам ұғымы түрліше мағынада қолданылғанымен, бірақ социологияда “қоғам” деп мына төмендегідей сипаттамаларға ие жиынтықты айтады: 1) өмір сүретін территория бірлігі болуы; 2) өзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиынтығының болуы; 3) өзін-өзі қамтамасыз етіп, басқарып отыруы. 4) әлеуметтік байланыстар негізін құратын мінез-құлық нормалары мен әдет-ғұрыптар жүйесін құратын дамыған мәдени дәрежесінің болуы.

Жоғарыда айтылған жайлардың бәрін ескере отырып, “ қоғам” ұғымына мынадай анықтама беруге болады: Қоғам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында өзара байланысудың тарихи қалыптасқан формасында біріккен адамдар жиынтығы.

Адамзат тарихы қоғам ұғымына байланысты 2 кезеңге бөлінеді: 1) адамдардың әлеуметтік тіршілігіне дейінгі кезең. 2) Әлеуметтік өмір кезеңі.

Қазіргі кездегі саналы тіршілік иесі ретіндегі адамның пайда болу уақытына байланысты көптеген болжамдар бар. Солардың бірі анатомиялық адам осыдан 200 мың жыл бұрын пайда болды. Ал іс-әрекетті қазіргі адам шамамен 50-мың жыл бұрын пайда болды. Алғашқы адамдар тобы алғашқыда қарапайым қоғам деп аталды. Кейіннен адамдардың аңшылық пен терімшіліктен мал және егін шаруашылығына , көшпелі өмірден отырықшылыққа , өндірістің дамуы мен жеке меншіктің пайда болуына және қоғамды қарама-қарсы таптар мен мемлекеттің пайда болуына байланысты күрделі қоғам пайда болды және әлемде әртүрлі елдер құрыла бастады. (1-схема)

Қоғам

Қарапайым

Күрделі


  • Қандық-туысқандық байланыс

  • Ру-тайпалық қоғам

  • Қоғам қабаттарға бөлінген жоқ.

  • Мемлекет пен таптар болған жоқ.

  • Адамдар арасындағы әртүрлі, күрделі қарым-қатынас.

  • Қоғам әлеуметтік қабаттарға бөлінді

  • Қоғамды мемелекет арқылы басқарды.


Қоғам, мемлекет, ел ұғымдары өте жақын. Егер қоғам дегеніміз бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін

адамдар жиынтығы болса, мемлекет оларды басқарушы билік органы, ал ел дегеніміз- олар өмір

сүріп отырған нақты территория. (2-схема)

Қоғам

Ел




Мемлекет


  • Белгілі бір мемлекетке қатысты шекарасы бар географиялық территорияда тұратын халық.

  • Осы елдің немесе қоғамның өзіндік басқару және билік органдарының режиміне негізделген саяси ұйым.

Адамдар қарым-қатынастарының жиынтығы

Адамдар



2. Формациялық жүйенің негізгі критериі – қоғамның кластық құрылымы болып табылады. Ол қоғамның тарихи дамуына қарай 5 қоғамдық формацияға бөлінеді: 1. Алғашқы қауымдық 2.Құлиеленушілік 2.Феодалдық 3.Капиталистік 4. Коммунистік (К.Маркс) (3-схема)

Өндірістік меншігі

Қоғамдық экономикалық формация

Негізгі таптар

Ортақ

Жекеменшік

Жекеменшік

Жекеменшік

Ортақ


Коммунизм

1.Коммунистік

Социализм

2.Капиталистік

3.Феодалдық

4.Құлиеленушілік

5.Алғашқы қауымдық


Тап болған жоқ

Жұмысшылар мен шаруалар

Капитал иелері мен жұмысшылар

Феодалдар мен шаруалар

Құл иелері мен құлдар

Тап болған жоқ



К.Маркс құл иеленушілік, капиталистік, феодалдық қоғамдарды антогонистикалық (гр. Antogonisma-күрес), эксплуататорлық(фр.-пайдалану) қоғам деп қарайды. Ал коммунистік қоғамды әділ, үйлесімді, адамдарда жекеменшік жоқ, барлығы тең, адамдардың еңбек бостандығына байланысты қарқынды еңбек ететін, тұрмыс жағдайы жоғары деңгейдегі қоғам деп есептейді. Бірақ ХХ ғ. Қоғам дамуының нақты тәжірибесі көрсеткеніндей капитализм мен социализмнің бақталастығында мұндай қорытындылар негізсіз болып қалды.

Социалистік құрылыстың көп жылдық тәжірибесі көрсеткеніндей социализм: 1) Адамдарды бір орталықтан басқарды және қарапайым адамдарда құқық болмады. 2) Іс жүзінде орындалмаған “Ұлы” мақсаттар мен бағдарламалар 3) Адамдардың тұрмыс-тіршілігі төмен болды. 4) Әлеуметтік теңдестірулер мен жеңілдіктер тек қана “жоғарыдағыларға” арналды. Жекеменшіктің ешкімдікі болмағандығы себепті адамдардың жұмысқа деген қабілетін түсірді.

3. Әлеуметтік қозғалыс дегеніміз-әлеуметтік өзгерістерді тудыратын күш. Көптеген авторлар әлеуметтік қозғалыстың маңызды ролін көрсетеді, “қазіргі қоғамды өгертетін басты әдіс ретінде”; “әлеуметтік өзгерісті жасаушы” және “тарихи қайраткерлер” ретінде қарайды. Әлеуметтік қозғалыстар басқа әлеуметтік өзгерістердің субъектілерінің ішінен қандай орын алады? Бұл сұрақтың шешімін табу үшінәлеуметтік өзгерістердің пайда болу жолдарын қарастыру керек. Олардың кейбіреулері “төменнен”қарапайым адамдардың көпшілігінің белсенділігінен болады; басқалары “жоғарыдан”, үстем таптың басқаруынан келеді.(басқарушылар, менеджерлер, әкімдер т.б), олар өздерінің қалауларын қоғамның басқа мүшелеріне орындаттыра алады. Кейбір өзгерістер алдын-ала ойластырылған іс-әрекеттің, алдын-ала жасалған жобаның нәтижесі болып табылады; басқалары іс-әрекеттің жанама нәтижесі, басқа мақсатқа жету арқылы істелінген іс болып табылады.

Бұл екі жікжарғының бірлігі(орналасу және қайраткердің ниеті) әлеуметтік қозғалыстың 4 түрін береді.



  1. Астарлы(жасырын, айқындалмаған) өзгерістер, “төменнен пайда болатын (Мысалы, күнделікті өмірде адамдардың арқасында, өздерінің жеке мақсатын қанағаттандыру үшін шешім қабылдап, экономикада, демографияда т.б) өзгерістер келтіруі.)

2.“Жоғарыдан” орындалатын латентті(астарлы, жасырын) өзгерістер (Мысалы, үкіметтің іс-әрекетінің арқасында күтпеген жанама нәтижелер әкелетін немесе жорамалданған өзгерістерге қарама-қарсы болатын өзгерістер)

3.“Жоғарыдан шығатын айқын өзгерістер (Мысалы, жоспарлардың табысты орындалуы, үкіметтің, әкімшіліктің немесе басқару аппаратының реформаларды әрекетке келтіруі)

4.“Төменнен” шығатын айқын өзгерістер (мысалы, көпшіліктің қысымымен үкіметтің саяси реформаларға кірісуі), қоғамға өзгерістер енгізу үшін адамдардың бірігу және топтасу жағдайы.

2. Қоғам әрдайым өзгеріп, бір жағдайдан екінші жағдайға ауысып, үздіксіз даму үстінде болады. Осыған байланысты социологтар қоғам қозғалысының екі бағытын көрсетеді. Олар: прогресс және регресс деп аталады. (5-схема)

Прогресс (лат. Progressиs-алға жылжу) –дегеніміз қоғамның төменнен жоғарыға жылжуын айтамыз. Бұның негізінде қоғам ғылым мен мәдениетте жетістіктерге жетіп, аадамдардың тұрмыс жағдайы жақсарады. Әлемдік әлеуметтік прогресске біз тек қана адамдардың әлеуметтік қорғалуы мен атериалдық байлықтарын ғана емес, сонымен қатар әртүрлі елдер мен кластар арасындағы қайшылықтың бәсеңдеуін, және жалпы адамзаттық қызығушылық пен өркениеттің дамуын да жатқызамыз. Бұған мысал ретінде К.Маркстің 5 қоғамдық формациясын айтуға болады. Ол- тарихи даму өткеннен болашаққа қарай, ескі сападан жаңа сапаға өту арқылы жүретінін дәлелдеп берді.

Алайда қоғамда прогрессивтік күштермен қатар керітартпа реакцияшыл күштер де әрекет етіп, әлеуметтік жаңалықтарға кедергі жасауы, тіпті тарихи кері қайтаруға әрекет жасауы мүмкін. Ол ол ма, тоқырау кезеңдері мен кері кету фактілері де болып тұрады. Бұл жеке елдер мен мемлекеттерде кездеседі.



Регресс(лат.rеgressиs-кері жылжу)- қоғам дамуының бәсең тенденциясын және қоғамның жоғарыдан төменге өтуін көрсетеді. Бұл бағыт өндіріс пен адамдардың тұрмыс деңгейінің қарқынының төмендеуінен, қоғамда ішкілікке, нашақорлыққа салыну, тұрғындардың денсаулығының төмендеуі, өлімнің көбеюі және т.б келіп шығады.

Қоғам қозғалысының екі бағыты

Прогресс


  • Жоғарылау, төменнен жоғарыға өту

  • Ескіден жаңа сапаға ауысу

  • Қоғамның тұрақтылығы мен өмір сүру қарқынының жоғарылауы

Регресс


  • Төмендеу, жоғарыдан төменге өту

  • Жаңа сападан ескі сапаға ауысу

  • Қоғамның өмір сүру қарқынының төмендеуі және өзгеріссіз қалуы


Қоғамдық прогресстің жалпы адамдық критерийі-қоғамдық құбылыстың адамның адамдық табиғатына, оның жан-жақты еркін даму қажеті мен мүддесіне объективті түрде сәйкес келуі немесе сәйкес келмеу дәрежесі. Марксист емес социологтар мен тарихшылардың бірқатары қоғам дамуының прогрессивтік сипатын мойындамайды. Мысал ретінде”мәдени-тарихи тип теориясы” дегенді алуға болады. Бұл теорияның негізін салған Ресей социологы Н.я.Данилевский дүниедегі халықтарды “тарихи” және “тарихи емес” деп екіге бөлді. “ Тарихи емес” халықтар “өзіндік цивилизация” жасап, тарихи процестің субъектісі болуға қабілетсіз болады, ал тарихи халықтарға, айрықша мәдени-тарихи цивилизацияға қабілетті халықтарға славяндар, гректер,, роман-герман халықтары сияқты 13 халық жатады. Бұл “тарихи” халықтарды бөліп алудың негізі мынадай 4 белгіні ұштастырып көрсету дейді ол: дін, мәдениет, саяси және қоғамдық экономикалық құбылыс.



Әлеуметтік қозғалыстар даму формасына қарай әлеуметтік эволюция және революция және реформа болып бөлінеді.болып бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет