Облыс әкімі Б. Б. Атамқұловтың 2015 жылы атқарған жұмыстарының есебі



жүктеу 0.6 Mb.
бет1/4
Дата18.02.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4
Облыс әкімі Б. Б. Атамқұловтың

2015 жылы атқарған

жұмыстарының есебі

Өнеркәсіп

2015 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 668,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда 64,4 млрд. теңгеге артты, НКИ 103,1% құрады (2014ж. – 604,0 млрд. тг.). Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада 5-орынды иеленді.



Кен өндіру өнеркәсібінде 182,9 млрд. тг. өнімі өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда 33,5 млрд. теңгеге артты (2014ж. – 149,4 млрд. тг.), нақты көлем индексі – 115,6% құрады (ҚР – 97,5%). Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада 3-орынды иеленді.

Өңдеу өнеркәсібінде 420,5 млрд. тг. өнімі өндіріліп, 23,1 млрд. теңгеге (2014ж–397,4млрд. тг.), немесе 1,3% артты (ҚР – 100,2%). Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада 5-орынды иеленді.

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының өсімі бойынша облыстың даму бағдарламасында межеленген көрсеткіштерінің барлығы орындалды.

Бұл нәтижеге қол жеткізуге өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларында өткен жылға қарағанда өнеркәсіптік өнімдер көлемінің өсуі себеп болды, атап айтқанда: тамақ өнімдерін өндіру, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру, металлургия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсібі, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру және дайын металл бұйымдарын жасау салаларында.

Сонымен қатар, «индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасының қатысушыларымен 75,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өңдеу өнеркәсібі өнім көлемінің 18% құрады. Өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестиция көлемі 93,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанды 52,7% артты.

2015 жылы жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1 адамға шаққанда 48,2 мың АҚШ долларын құрап (ҚР – 33,0 мың АҚШ доллары), 2014 жылмен салыстырғанда НКИ 17,9% артты (ҚР-124,7%). Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада 8-орынды иеленді.

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында 2015 жылы 12455 жаңа жұмыс орындары ашылды (Индустрияландыру картасы – 2608, «Бизнестің жол картасы – 2020» – 3892, «Максимум» АИО» – 4262 және т.б.).



«Индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы басталғалы құны 228,5 млрд. теңгені құрайтын 164 жоба іске қосылып, 13,8 мың жұмыс орны ашылды.

Іске қосылған жобалардың 94% жоспарланған қуаттылықтың 90-100% жүктелген. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада алдыңғы қатарда.

Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығында (2015-2019 жж.) 869 млрд. теңгені құрайтын 115 жобаны іске қосу жоспарлануда, 19,9 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Есепті жылы 27 жоба (44,6 млрд. тг.) іске қосылып, 2,6 мың жұмыс орны ашылды. Оның ішінде ірі жобалар:



  • «Стандарт Цемент» ЖШС – қуаттылығы жылына 1,0 млн. тонна құрайтын цемент және клинкер шығаратын зауытты кеңейту, құны 18,1 млрд. теңге, 450 жұмыс орны;

- «Әлем БТ» ЖШС – дайын тоқыма өнімдерін өндіру, құны 2 млрд. теңге, 400 жұмыс орны;

- «ЦветЛит» ЖШС – алюминий собалақтарын өндіру, құны 1 млрд. теңге, 40 жұмыс орны;

- «ЮгЭлектроПривод» тоқ және кернеу ажыратқыштарын, айырғыштардың өлшегіш трансформаторларын шығару, 0,8 млрд. теңге, 50 жұмыс орны және т.б.

Жалпы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығында өңірде жаңа өнім түрлері игеру жоспарлануда (ауылшаруашылық техникасы, рентген аппараттары, алюминий радиаторлары, биоорганикалық тыңайтқыштары, джинс маталары, құрғақ құрылыс қоспалары мен жылуды оқшаулайтын материалдар, өрт сөндіргіштер, қан жинауға арналған контейнерлер, сары фосфор және т.б).



Индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтар

Бүгінде Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалдық аймақта (337 га) 38 кәсіпорын жұмыс істеуде, 2,8 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, 19,8 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Оның ішінде ірі жобалар:

«HILL Corp» ЖШС – жоғары сапалы майлау өнімдерін өндіретін зауыт, жалпы шығарған өнім көлемі 23 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы 7,4 млрд.теңге.

«Ferrum Vtor» ЖШС – болат құю цехі, жалпы шығарған өнім көлемі 4,2 млрд.теңге, оның ішінде, есепті жылы 1,2 млрд.теңге.

«АРТ-Құрылыс» ЖШС – темірбетон өнімдерін өндіретін зауыт жалпы шығарған өнім көлемі 1,3 млрд.теңге, оның ішінде есепті жылы 251 млрд.теңге.

«Юг пласт» ЖШС – полиэтиленді трубалар өндіретін зауыт жалпы шығарған өнім көлемі 2,2 млрд.теңге, оның ішінде 2015 жылы 584 млрд.теңге.

«Еврокристалл» ЖШС – шыны ыдыстар шығаратын зауыт, 2015 жылы 603 млн.теңгеге өнім шығарылды.

«Tectum Engineering» ЖШС – шифер өндіретін зауыт, есепті кезеңде 364 млн.теңгеге өнім шығарылды.

33 жобаның құрылысы жүргізілуде. Жалпы аймақта 73,7 млрд. теңгеге 71 жоба, 5000 астам жұмыс орны құрылады.

Сонымен бірге, Шымкент қаласында көлемі 89 га құрайтын екінші «Тассай» индустриалдық аймағы құрылды.

Қазіргі таңда, осы аймақта 4493 жаңа жұмыс орындарын құрайтын, құны 16,4 млрд. теңгеге 18 инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жоспарлануда.

Инфрақұрылым құрылысы 2015 жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталатын болады. Нәтижесінде, бюджеттік 1 (бір) теңгеге 19 теңге жеке инвестиция тартылатын болады.

Ағымдағы жылы жалпы 114 жұмыс орынын құрайтын, құны 1,1 млрд.теңгеге 3 жобаның іске асырылуы жоспарлануда («Мега смарт» ЖШС – МДФ плиталарының өндірісі, «Marai E7 Group» ЖШС – ортопедиялық бұйымдардың өндірісі, «Казтехникас» ЖШС – светодиодты шамдардың өндірісі).

Шымкент қаласының халықаралық әуежайы қасынан 50 га жерге Қазақ-түрік индустриалдық аймағының жер телімдерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында, 1,8 млрд.теңге қаржы бөлініп, инфрақұрылым құрылысы ағымдағы жылы аяқталатын болады.

Бүгінгі таңда, құны 14,6 млрд. теңге, 872 жұмыс орнын құрайтын 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде ағымдағы жылы, «Embawood» ЖШС – панельдік, жұмсақ және кеңселік жиһаздар шығару зауытын (3,6 млрд.тг., 70 жұмыс орны) іске қосу жоспарланған.

Бұдан бөлек, Бадам индустриалдық аймағын құрып, 153 га жер телімінде құны 40,2 млрд. теңге, 1500 жұмыс орындарын құрайтын 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде 1 жоба 2015 жылы жүзеге асырылды («KAZKIOTI» ЖШС – корейлік Daedong компаниясымен бірлескен тракторлар өндірісі, 11,7 млрд. тг., 400 жұмыс орны).

Сонымен қатар, бұл индустриалдық аймақта «РТ-Онтүстік Энерго» - өнеркәсіпте пайдаланылатын насостар шығару зауыты (3,3 млрд.тг., 300 жұмыс орны), «АртТекКран» ЖШС – Камаз базасындағы арнайы техника шығару (3,6 млрд.тг., 140 жұмыс орны), «Karlskrona LB AC» ЖШС – болат балқыту зауыты (18,2 млрд.тг., 300 жұмыс орны), «Центрально-Азиатский автомобильный завод» ЖШС – FORD және ГАЗель NEXT жеңіл автокөліктерін шығару (5,1 млрд.тг., 300 жұмыс орны) инвестициялық жобаларының жүзеге асырылуы жоспарлануда. Нәтижесінде, 1 теңгеге 22 теңге жеке инвестиция тартылатын болады.

Шымкент қаласының маңайындағы жоғарыдағы аталған төрт индустриалдық аймақта 11865 (102 жоба) жұмыс орны ашылатын болады.

Бұдан бөлек, облысымыздың барлық аудан, қалаларында индустриалдық аймақтар құрылуда. Қазіргі таңда, Түркістан қаласындағы (40 га) және Созақ (50 га) аудандарындағы индустриалдық аймақтар іске қосылды. 2015 жылы 4 индустриалдық аймақтың инфрақұрылым құрылыстары аяқталды (Шардара, Түлкібас, Мақтарал, Қазығұрт аудандары). Ал, ағымдағы жылы қосымша 2 индустриялық аймақтың (Бәйдібек ауданы, Кентау қаласы) инфрақұрылым құрылыстары аяқталатын болады.

Аудан, қалалардағы индустриалдық аймақтарда жалпы құны 88,9 млрд. теңгені құрайтын 79 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Онда 8621 жаңа жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде 12 млрд. теңгені құрайтын 12 инвестициялық жоба іске қосылып, 815 жаңа жұмыс орны ашылды.

Аталған барлық индустриалдық аймақтарда 162,6 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, 13 мыңдай тұрақты жұмыс орындары (151 жоба) ашылатын болады.



«Оңтүстік» АЭА аумағында 2010-2015 жылдар аралығында 24,8 млрд. тг 10 жоба іске қосылып, 2145 жұмыс орны ашылды.

2015 жылы 2 жоба іске қосылды («Бал Текстиль» ЖШС 2-ші кезеңі және «Алем БT» ЖШС), жалпы инвестиция көлемі 3,5 млрд.теңгені құрап, 700 жұмыс орны ашылды.

Қазіргі кезде «Оңтүстік» АЭА аумағында 18,5 млрд.теңгеге 3 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, 1191 жұмыс орны ашылатын болады («B.А.E.R тоқыма фабрикасы» ЖШС-ның (Бокш Текстиль) «Дәке (марля) шығаратын өндірісті ұйымдастыру», «Ютекс КZ» ЖШС-ның «Оңтүстік» АЭА заманауи тоқыма өндірісін ұйымдастыру», «South Textilе» ЖШС-ның «Бір реттік пайдаланатын гигиеналық комплекттер (жайалық, жөргек) және тоқыма емес бұйымдар өндірісін ұйымдастыру»).

Іске қосылған кәсіпорындарымен 4,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда 800 млн. теңгеге артты (3,7 млрд.тг.).



Кәсіпкерлік

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің саны 2015 жылдың қорытындысы бойынша 184 889 бірлікті немесе 92,4% құрады. Оңтүстік Қазақстан облысының Республикадағы шағын және орта кәсіпкерліктегі үлесі 14,3% құрап, екінші орынды иеленді.

2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ШОК-те жұмыспен белсенді қамтылғандар саны 334 266 адамды құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30 мың адамға, немесе 2,3% артты. Бұл көрсеткіш бойынша Республикадағы облыстың үлесі 10,4%.

2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 563,8 млрд. теңгені құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға өскен. Республикалық көрсеткіште облыстың үлесі – 5,3%.



(Ескертпе: «ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны» және «ШОБ субъектілерімен өндірілген өнім (тауарлар мен қызметтер) көлемі» көрсеткіштері жаңа есептеу методикасы енгізілуіне сәйкес мәліметтер тоқсан сайын ұсынылады, осыған орай аталған көрсетікіштер 2015 жылдың 9 айы бойынша ұсынылуда).

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы жобаларды 7% мөлшерінде несиелендіруде.

Аталған өңірлік даму институтының қызметі ауылдар және шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпкерлікті қолдауда рөлі маңызды. Жобалардың 90% ауылдық жерлерде жүзеге асырылуда. 2015 жылы орталықпен 8,9 млрд. теңгені құрайтын мал шаруашылығы, қарқынды өсу бақтары, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, кіші құс фермаларын ұйымдастыру бағыттарындағы 2245 жоба қаржыландырылдылып, 1987 тұрақты және 2275 маусымдық жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде, «Ырыс» микрокредиттік ұйымы арқылы 4,6 млрд. теңгеге 2158 жоба қаржыландырылды.

2015 жылы облыстың аудан, қалаларында типтік жобада «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ғимараты пайдалануға беріліп, 35 899 кәсіпкерге көмек көрсетілді. Оның ішінде, 3 059 кәсіпкер рұқсатнама құжаттарын алды, 879 кәсіпкердің құны 4,6 млрд. теңгенің жобаларының қаржыландырылуына жәрдем көрсетіліп, 1140 бизнес, маркет жоспарлары әзірленді.

2015 жылы барлық аудан, қалаларда кәсіпкерлік мектептер ашылып, 7193 адам оқытылды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуынан бастап жалпы құны 482,1 млрд. теңгені құрайтын 997 жоба мақұлданып, 16 048 жұмыс орны ашылды.Оның ішінде, 2015 жылы 202,6 млрд. теңгеге 275 жоба, 3892 жұмыс орны.

Оның ішінде:

- Банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 68,7 млрд. теңгені құрайтын 152 жоба.

- Банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге жалпы несие құны 2,1 млрд. теңгені құрайтын 52 жоба.

- Қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша 116,6 млрд. теңгені құрайтын 38 жоба.

- Мемлекеттік гранттар беру бойынша жалпы құны 80,8 млн. теңгені құрайтын 22 жоба.

«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде:

- Банк несиелері бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға 15,0 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба мақұлданды.



Бағаны тұрақтандыру мақсатында, облыс аумағында арнайы штабтар құрылып, іс-шара жоспарлары бекітілді. Мобильдік топтар және облыс халқынан түскен арыздар мен байланыс қоңырауларына жедел жауап беру үшін арнайы жедел байланыс желілері жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, тауарөндірушілер мен сауда орындарының басшыларымен негізсіз бағаны өсірмеу жөнінде 458 меморандумдарға қол қойылды.

Облыс әкімдігі тарапынан, азық-түлік тауарларының бағаларын төмендету мақсатында, жергілікті тауарөндірушілер, базар және дистрибьютерлік компаниялардың басшыларымен арнайы жиналыс өткізіліп, сауда базарларында 3 айлық мерзімде тегін орындар беріліп (Айна, Ақбар, Бекжан) «Тауарөндірушілерден тікелей тұтынушыға» атты шара ұйымдастырылды. Қазіргі таңда, тауарөндірушілердің өнімдері сауда базарларына шығарылуда.

Шымкент қаласында әр аптаның сенбі және жексенбі күндері жергілікті тауарөндіруші кәсіпорындардың қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылуда (Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның көлік тұрағы). Аталған жәрмеңкенің бағасы нарықтағыдан 10-15%-ға төмен.



Тұрақтандыру қорына 1,4 млрд. теңгеге 19,1 мың тонна өнімдер сатып алынды.

Бүгінгі таңда, облыстың тұрақтандыру қорында


4 982 тонна ұн, 1 855 тонна картоп, 510 тонна пияз, 93 тонна сәбіз, 172 тонна күріш, 114 тонна макарон өнімдері, 644 тонна құмшекер, 200 мың литр күнбағыс майы бар. Аталған тауарлар, ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларына дейін жеткілікті.

Тұрақтандыру қорынан тауарларды сатудың тиімді жүйесі жолға қойылған. Азық - түлік тауарлары «Шымкент ӘКК» ҰК» АҚ арқылы облыстың аудан, қалаларына және Шымкент қаласының


10 базарлары мен 8 ірі сауда нүктелеріне жеткізілуде.

Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында облыстың сауда нүктелерінде қазақстандық тауарларға арналған арнайы секциялар бөлініп, 25023 дана «Қазақстанда жасалған» бірыңғай логотиптері орнатылды. Сонымен бірге, «Қазақстандық өнімді таңдаймыз» атты бір мезеттік жастар би флешмобы облыстың Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларында және Сарыағаш, Ордабасы аудандарында ұйымдастырылды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша, «Қазақстанда жасалған» акциясына белсенді қатысқан жергілікті орган ретінде, Республикада, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі І-ші орынға ие болып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің дипломымен марапатталды.

2015 жылы облыс әкімдігі тарапынан облыс аумағында орналасқан барлық сауда базарларын паспорттау бойынша жұмыстар жүргізіліп, жалпы 121 базар анықталды.

Сауда объектілерін заманауи форматқа көшіру мақсатында барлық базар басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құрылымдау, және жетілдіру жұмыстарын жүргізу үшін екі жақты меморандумға қол қойылды.

Бүгінгі күнге жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, облыста


102 базар қалды. Оның ішінде 22 – заманауи форматқа сай,
54 – бойынша қайта құрылымдау және жетілдіру жұмыстары жүргізілуде, 3 – базарды сауда орталығы етіп қайта құрылымдау бағытында жұмыс жасалуда, 17 – қанағаттанарлық жағдайда (мамандандырылған мал базар және автокөлік базарларына қатысты); 2 – не жабу және көшіру жөнінде сот шешімі шыққан, 4 – нің нысаналы мақсатын өзгертуге ұсыныс берілген. (4 – сауда орыталығы, 15 – сауда қатары болып нысаналы мақсатын өзгертті).

Инвестициялар

2015 жылы облыс экономикасына 416,0 млрд.тг. инвестиция тартылды.

Негізгі салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 254 млрд. теңге, үлесі 61,2% құрады.

Халықаралық шетел және еліміздің тәуелсіз сарапшыларымен жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен біздің облыс өңірлер арасында инвестиция тартуға тиімді, әрі қолайлы болып табылды.

Шетел инвестицияларын тарту және сауда-экономикалық қарым-қатынасты орнату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен Ұлыбритания, Ресей Федерациясы мен Украина, Корея және Қытай елдеріне арнайы іскерлік сапарлар ұйымдастырылды.

Жыл сайын өткізілетін іскерлік сапарлардың нәтижесінде облыста 4,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 42 шетел жобалары іске асырылуда. Бүгінгі таңда 42 жобаның 12-і іске қосылды, оның ішінде 2015 жылы құны 32,3 млн. АҚШ доллар құрайтын 4 жоба:

1) «КФ Каз Хансоль Интерком АО Хансоль Интернейшнл Ко ЛТД» ЖШС (Оңтүстік Корея) – мақтамата қолғап шығаратын фабрикасының құрылысы жобасы, 0,8 млн. АҚШ доллары;

2) «Рахат-Шымкент» (Оңтүстік Корея) – кондитерлік бұйымдар өндірісін кеңейту және жаңғырту, 23 млн. АҚШ доллары;

3) «Бал Текстиль» ЖШС (Түркия) синтетикалық иірім жіп шығаратын цех құрылысы, 4 млн. АҚШ доллары;

4) «TRAFO.KZ» ЖШС (Түркия) алюминий және мыс құйындысынан алюминий және мыс катанкаларын өндіру жобасы, 4,5 млн. АҚШ доллары.

Сонымен қатар, ынтымақтастықты орнату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысына АҚШ, Италия, Германия, Венгрия, Болгария, Польша, Канада, Турция, Иран, Оңтүстік Корея, Қытай және Жапония елдерінің ресми тұлғалары мен шетелдік компаниялардың өкілдері келіп, шетелдік делегациялармен келіссөздер жүргізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартылымдығы мен Қазақстандағы инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Елбасымыздың қайта өңдеу салаларын қарқынды дамыту және жергілікті қамтудың үлесін арттыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында облыста «Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар» тақырыбындағы «MACHTEX-2015», «Құрылыс және интерьер» тақырыбындағы «ShymkentBuild-2015» және «Тамақ өнеркәсібіне арналған жабдықтар және технологиялар» тақырыбындағы «AgroProm Shymkent 2015» халықаралық көрмелері өтті. Аталған көрмелерде Қазақстан, Корея, Польша, Германия, Италия, Ресей, Түркия, БАӘ, Украина, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынды. Осы шаралар барысында компаниялар арасында меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының туристік бағыттарын дамыту мақсатында «Silk Road Fair» республикалық туристік жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке жұмысына Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Ұлыбритания, Түркия және БАӘ елдерінің жетекші туристік ұйымдары, Жамбыл, Актөбе, Алматы, Ақмола облыстар және Алматы қ. өкілдері, сонымен қатар, 40-тан аса туристік ұйымдар, қонақ үй кешендері, шипажайлар, демалыс аймақтары, ұлттық табиғи парктер мен қорықтар, туризм саласы мамандарын даярлайтын жоғары және арнаулы орта оқу орындары қатысты. Аталған шараның барысында ұйымдардың арасында келісімдер және меморандумдар түзілді.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы көлік әлеуетін және логистикалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында «Көлік, Логистика және Инфрақұрылым» - Silk Way Transport, Logistics & Infrastructure-2015 1-ші халықаралық көрмесі өтті. Көрмеге Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінен 50-ден астам компаниялар қатысты (Қазақстан Темір Жолы Ұлттық компаниясы; Asia Techno Complect; Ck Logistics; Continental Logistics; Dala-Trans; Damu Logistics; Dhl Logistics; Interlink Global Services; Nimex-Trans; Ұлттық Экспедиторлар Қауымдастығы; Атасу Компаниялар тобы; Шымкент әуежайы; Кифато МК Орталық Азия; Логитекс; Көлік Логистикалық Аумақ және басқалар). Көрмеде жол-құрылыс саласының арнайы техникасы, жүк автокөліктері және қосалқы бөлшектер, арнайы техника мен автокрандар, көлік логистикасын оңтайландыру жүйелері көрсетілді.



Көліктік-логистикалық орталығы

Шымкент қ. (92 га) «Көліктік-логистикалық орталығында» 6 ірі жоба жүзеге асырылуда.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша орталықтың инфрақұрылымына 1,5 млрд.теңге қаралды. Орталықта жобаларды іске асыру үшін 22,3 млрд.теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды. Сонымен бірге, 5 млрд. теңге құрайтын 3 ірі жобалар қарастырылуда.

Орталықтағы қойма алаңдарының жалпы аумағы 230 мың шаршы метр (2015 ж. – 100 мың ш.м., 2016 ж. – 130 мың ш.м.), жүктерді қабылдау қуаттылығы жылына 1,7 млн.тн құрайды.

2015 жылы халықаралық стандарттарға сай «А» класстағы алаңы 2,5 мың ш.м. (бір мезгілде –54 мың тн) бір қойма іске қосылды.

Мақтарал (9 га), Сарыағаш (10 га) аудандары мен Түркістан қаласында (20,0 га) сауда - логистикалық орталықтары құрылуда.



Ауыл шаруашылығы

Саланың маңыздылығына қарай 2015 жылы ауыл шаруашылығы саласына жалпы 29,1 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артты.

Егін алқаптарын әртараптандырудың және жүргізілген жүйелі жұмыстардың арқасында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 772,5 мың га (о.і. игерілген суармалы жер 439,8 мың га) жетіп, республикадағы үлесі 3,6% құрады (республика – 21 205,0 мың га).

Оның ішінде, дәнді және бұршақты дақылдар 255,0 мың га орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 17 мың га артты. Әрбір гектарынан өнімділігі 22,8 центнерден өнім алынып (2014 ж. – 17,7 цн), жалпы 581 мың тонна жиналды (2014 ж. – 421,3 мың тн).



Майлы дақылдар 78,2 мың га орналастырылып, әрбір гектарынан 8,6 центнерден өнім алынып (2014 ж. – 6,6 цн), 67,5 мың тоннаны құрады (2014 ж. – 60,7 мың тн).

Картоп 14,8 мың га өткен жылғы деңгейінде егіліп, әрбір гектарынан түсімділігі 171,9 центнерден (2014 ж. – 168,5 цн) құрап, 254,8 мың тонна өнім жиналды (2014 ж. – 249,4 мың тн).

Көкөніс 36,5 мың га орналастырылып, өткен жылдан 1,4 мың га артып, әрбір гектардың түсімі 233,2 центнерден құрап (2014 ж. – 227,6), жалпы 851 мың тонна өнім жиналды (2014 ж. – 812,8 мың тн).

Бақша 62,5 мың га орналастырылып, өткен жылдан 4,9 мың га артып, әрбір гектарынан 217,7 центнерден өнім алынып (2014 ж. – 215,3 цн), 1361 мың тонна өнім жиналды (2014 ж. – 1236,6 мың тн).

Стратегиялық маңызы бар мақта алқабы 99,2 мың га орналастырылып, әрбір гектарынан 25,7 центнерден «ақ алтын» алынып (2014 ж - 25,1цн), жалпы 254,6 мың тонна өнім жиналды.

Республикада облыстың ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім бойынша мақтаның 100%, бақшаның 65%, жүзімнің 60%, мақсарының 38%, жеміс-жидектің 36%, көкөністің 24,6% өңірдің үлесінде.

Есепті жылы 19,6 мың га суармалы жер жаңадан қосылды.

2015 жылы бюджеттен қаралған 3 518,1 млн.теңгеге жалпы ұзындығы 250,1 шқ құрайтын 43 каналға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 16,6 мың га жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, жаңадан 670 га жер айналымға қосылды.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылық жерлеріне жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде, мақсатына сай пайдаланбай жатқан 334,6 мың га (оның ішінде тәлімі егістік 101,6 мың га, суармалысы 39,5 мың га, жайылымдық 193,5 мың га) жерлер (2014 жылы – 44,9 мың га анықталды, оның ішінде егістік -14,8 мың га,жайылым – 30,1 мың жер құрады) анықталды.

Аудандардың арнайы жер қорына қайтарылған жерлерден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жер бөлу мақсатында аудан, қалаларда 28 рет конкурс өткізіліп, 127,3 мың га жер (2014 жылы 33 конкурс өткізіліп, 140,4 мың га жер жалға беріліп, қайта айналымға қосылған) жалға берілді.

Облыста қабылданған қарқынды бау шаруашылығын дамыту іс-шарасы аясында, қосымша 6015 га жеміс-жидек, оның ішінде 735,5 га қарқынды бау егіліп, жеміс-жидектің жалпы көлемі 22,3 мың га жетті. Оның ішінде, қарқынды бау 1285,5 га құрады. Бұл жұмыс 2016 жылы да жүргізіліп, бау қосымша 6500 га егіліп, жалпы көлемі 28,7 мың га жеткізіледі, оның ішінде қарқынды бау - 2,2 мың га.

Соңғы жылдары облысымызда ауыл шаруашылығында озық технология кеңінен енгізіліп келеді. Облыс бойынша қосымша 115 га жерге жылыжай салынып, жалпы жылыжайлардың көлемі 1025 га жетті (республикадағы үлесі - 87%).

Тамшылатып суғарудың озық әдісі қосымша 10125 гектар жерге ендіріліп, жалпы көлемі 44,1 мың га жетті (республикадағы үлесі - 71%).

Сонымен бірге, агротехникалық әдістердің бірі - терең қопсыту технологиясы облыста 108,8 мың га жерге ендіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты. Мақтаның өнімділігі облыста орташа 26 - 27 ц/га құраса, ал жерді терең қопсыту технологиясын қолданған шаруашылықтарда әрбір гектардан 35 - 40 ц/га өнім алынуда.

Жыл бойы облыс халқын жеміс – көкөніспен қамтамасыз ету мақсатындағы сақтау қоймаларының сиымдылығы 215,0 мың тоннаны құрады. 2015 жылы Шымкент қ. «Доматов» ЖК сиымдылығы 3,0 мың тн, Қазығұрт ауданында «Амангелді» ЖШС 2,0 мың тн қойманы іске қосты (республикалық көрсеткіштің 5/1 бөлігі).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет