Қобыланды батыр (жырдан үзінді) Сабақтың мақсаты



жүктеу 34.61 Kb.
Дата24.05.2017
өлшемі34.61 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Қобыланды батыр (жырдан үзінді)

Сабақтың мақсаты:

1.Қобыланды батырдың ерлігі мен атының жігер-күшін, жазушы суреттегендей түр-келбетін көре білуге, сомдап қағаз бетіне түсіре білу шеберліктерінің оянуына жол ашу.

2.Өлеңнің идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру.Шығармашылық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.

3.Батырдың өмірлік ұстанған прициптері мен биік мұраттары- болашақтың қамы екеніне тоқтала келіп, елі мен Отан алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал.

«Жақсы сөз – жанға қуат » /тілектер тілейік/

Абайдай дана бол.

Толағайдай ер бол.

Бауыржан атамыздай батыр бол. т.б.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Өрмекші торы» (сен маған, мен саған) әдісі.



I.Қызығушылығын ояту.

- Балалар биыл тәуелсіздігімізге қанша жыл? (25)

- Осындай бейбіт күнге жетуіміз үшін халқымыздың басынан қандай жағдайлар өтті?

«Суреттер сөйлейді»

- Қазақ батырларынан кімдерді білесіңіздер, кімдердің атын айта алар едіңдер?

- Олардың Қазақстан тарихына қосқан қандай үлестері бар?



c:\users\sony\desktop\кобланг\images.jpgc:\users\sony\desktop\кобланг\загруженное (2).jpgc:\users\sony\desktop\кобланг\images (1).jpg

II. Мағынаны тану.

Батырлар жыры – ауыз әдебиеті шығармаларының халыққа көп тараған түрі. Батырлар жырын жатқа айтушылар да, бізге жеткізушілер де – жыршылар.

Батырлар жырының мазмұнында Отанын жаудан қорғау, өз елін басқаларға тәуелді етпеу мақсаты сөз болады.

Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын сияқты батырлар – өз халқын шын сүйген, елі үшін еңіреп өткен ерлер. Бір қызығы – батырдың астындағы аты да ертегілік кейіпкерге ұқсап, қиналғанда сөйлеп кетеді.



«Топтастыру» әдісі (ассоциация) арқылы постер жасаймыз.

Аналық



Қобыланды

батыр
Елін қорғаған батыр Тайбурыл

Тоқтар Құртқа

Қарлығаш



Қобыланды батыр – аты аңызға айналған халық батыры, қолбасшы. 
Шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Қыпшақ тайпасының қарақыпшақ тармағынан шыққан. Халық жадында сақталған әңгімелерде оны көбіне «Қарақыпшақ Қобыланды» деп атайды.


Ол жас кезінде Көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілхайыр ханның жанында жүреді. Едіге бидің төртінші ұрпағы Әлшағырмен соғысқан. Өзі де Әлшағырдың ұлы Орақ батырдың қолынан қаза табады. Бейті қазіргі Ақтөбе облысы аумағында. 
"Қобыланды батыр" жыры - қазақ халқының қаһармандық жыры.Негізгі мазмұны – шетел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған классикалық шығарма.Жырдың ең көне түрі бізге жетпеген. «Қобыланды батыр» жырын жырлаған ақын, жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып, өңдеп, әрлеп отырған.Сондықтан да, «Қобыланды батыр» жыры көп нұсқалы жыр. 
Бізге талай ғасыр талқысына түсіп, талай ақын-жыраулардың өңдеуінен өткен кейінгі нұсқасы ғана белгілі. 
«Қобыланды батыр» жырын жинау, хатқа түсіру жайы тек ХІХ ғасырда ғана қолға алынды. «Қобыланды батыр» жырының бізге 29 нұсқасы жеткен. Оның 26 нұсқасы – Қобыланды батырдың ерлігі жайында.


Оқулықпен жұмыс.

Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.

Өлеңнің мазмұнын баяндау.

«Сергіту сәті»

III. Ойтолғаныс.

Деңгейлік тапсырма.


  1. Батырлық, ерлік туралы мақал – мәтелдер жазу.

    Қобыланды

    Анасы

    Аналық

    Әкесі

    Алшағыр

    Қарындасы

    Қарлығаш

    Жары

    Құртқа

    Жоңғар ханы

    Тоқтар

    Батыр

  2. Сәйкестендір.



  1. 5 жолды өлең.

Бекіту.

«Ия – жоқ» әдісімен бүгінгі тақарыпты қорытындылау.

Қобыланды батыр ма?

Алшағыр батыр ма?

Тоқтар хан ба?

Аналық Қобландының шешесі ме?

Құртқа қарындасы ма?

Тайбурыл тұлпар ма?



«Бас бармақ» бүгінгі сабақтан алған көңіл күйлерін көрсетеді.

Үйге тапсырма.

Жырдан үзінді жаттау.



Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет