Нуржан Сейілбеков



жүктеу 32.43 Kb.
Дата10.04.2017
өлшемі32.43 Kb.
Нуржан Сейілбеков, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік

университетінің студенті



Әбігерге толы әлеуметтік желілер
Өркениет өркен жайған қазіргі кездегі жаңалыктардың бірі - элеуметтік желілер. Олар бүгінде жақсылық пен жамандыктың, ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатыгездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасына айналып барады. Әр алуан ағымдардың, әрқилы идеялардың, жүз қырлы жобалардың, сан түрлі тақырыптардың түйісер жері де -осы ғаламтор, ондағы әлеуметтік желілер. Көзі ашық, көкірегі ояу адамның ғаламторды пайдаланудағы мақсаты айқын болса, өмірдің ақ пен қарасын ажырата алмайтын жас жеткіншектердің адасары анық.

Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білсек, оның пайдасы ұшан-теңіз. Мәселен, ғаламтор арқылы хат-хабарламаларды, құжаттарды, фотосуреттерді қабылдап алуға немесе жолдауға, әлемде болып жатқан жаңалықтармен танысуға, кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға, үйде отырып білім игеруге, қызмет түрлерін ұсынуға, дос-жарандармен дер кезінде хабарласуға болады. Әр уақытта әлеуметтік желіге тіркелген кез келген адаммен байланыса аласың. Көп уақыт хабар алыспай кеткен кісіңіз не болмаса жырақта тұратын туысыңыз болса, ат арытып барып-келудің қажеті жоқ, тұрған жеріңізде бірден желіге кіресіз де, сол жанға бар жан дұниеңізді ақтара салсаңыз болады. Әлеуметтік желінің арқасында отау құрып, түтін тутетіп жатқандар да бар. Бұрынғы кезде жігіт пен қыз жеңгелері арқылы сөз алысып, көңіл табысқаны белгілі, ал бүгінгінің "жеңгесі" осы желі ме дерсің?! Міне, ғаламтордың құдіреті қайда жатыр!

Дейтұрғанмен, осы желілердің зиянды жақтары да баршылық. Интернет иіріміне ессіз уңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Осыған байланысты әлеуметтік желілерді көп қолданатын жасөспірімдер уйқысыздық, куйзеліс және мазасыз-дану сияқты жағымсыз жағдайларға душар болуда.

Осы ретте өңіріміздегі бірқатар өрендердің пікірін де тыңдаған едік. Біз сауал жолдаған жастардың дені әлеуметтік желілерді танысудың, адамдармен қарым-қатынас жасаудың құралы ретінде пайдаланатындарын айтады.



Дәурен Исламғалиев, студент:

- Бугінгі көп жастар сияқты мен де әлеуметтік желілерді пайдаланамын. Алайда, желі қолданушылардың жариялаған дүниелерімен танысып, пікір білдіру үшін уақытымды жұмсамаймын. Жалпы әлеуметтік желілерді танысудың, мәселелердің шешімін табудың құралы ретінде пайдалану қателік деп ойлаймын. Өкінішке қарай, бүгінгі жастардың көбі ғаламторды жандарына жақын тұтады. Тіпті, алтыннан қымбат уақыттарын желідё өткізіп жүрген жандар да бар. Желілерді көп қолданатын адам достарымен, ағайын-туыстарымен, тіпті, ет жақындарымен араласудан қалады. Сондықтан да, әрбір ата-ана баласына, ұстаз шәкіртіне желілердің пайдалы және зиянды тұстарын айтып, қауіп-қатерлерден сақтандырып отырғаны абзал.



Айнұр Құлтайқызы, жас маман:

- Менің қызметім адамдармен қарым-қатынас жасауға бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда байланыс құралы ретінде әлеуметтік желілердің пайдалы жақтары орасан. Қажет болып турған құжаттың суретін жіберуге, жұмыстың қорытындысын алуға мүмкіндік мол. Әлеуметтік желілерсіз өмір сүре алмайтын жағдайға жеткен адамдарды түсіне алмаймын. Өйткені, олардың көбі уақыттарын, гүлдей жастық шақтарын бос әигімемен өткізіп жүр. Бүгінде әлеуметтік желілердің дені ұятсыз бейнероликтер мен суреттерді, шоу-бизнес өкілдерінің өмірін жарнамалайтын алаңға айналып отыр. Адамның тұлғалық жетілуіне, білім өрісін кеңейтуіне осындай жылтыраған дуниелер бөгет жасары анық. Оны көрген адам түрлі түсті дүниенің шырмауына байланып, олардан басқа жаңалық жоқтай аңтары-лып қалады. Жастардың барлығына бірдей топырақ шашуға болмас. Мәселен, менің бос уақытын көркем әдеби дүниелерді оқып, деректі фильмдерді көруге жұмсайтын достарым жетерлік. Жастар кез келген нәрсенің тиімді әрі пайдалы жағын ойлағандары абзал.




// Қызылжар нұры. - 2016. - 17 маусым

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет