НҰСҚаулар р 042 01-2015 «Фармацевтикалық технология негіздері»

Loading...


бет1/3
Дата09.09.2017
өлшемі3.02 Mb.
түріНұсқаулар
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

НҰСҚАУЛАР

Р 042-1.01-2015



«Фармацевтикалық технология негіздері» пәнінен зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқауы


10.09 2016 ж.

№ 2 басылым




5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

мамандығына арналған

«ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ»

пәнінен практикалық жұмыстардың

әдістемелік нұсқаулар

Семей


2015

Кіріспе

1 ӘЗІРЛЕНГЕН


Құрастырушылар ___________ « » 2016 ж.

Л.К. Оразжанова, х.ғ.к., «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының доцент м.а.


Әдістемелік нұсқаулық «Дәрілік полимерлер технологиясы» пәнінен 5В072100 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының барлық оқыту түрлерінің практикалық (семинарлық) жұмыстар жүргізуіне арналған.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының отырысында

« » 2016 ж. № хаттама


Кафедра меңгерушісі ____________ Б.Х. Мұсабаева
2.2 Әдістемелік нұсқаулық инженер-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылып оқу үрдісінде қолдануға ұсынылды.
« » 2016 ж. № хаттама
Төрайымы ______________ А.Н. Нұргазезова

Мазмұны


1

Кіріспе

4

2

Фармацевтикалық өндірісті ұйымдастырудың жалпы ұстанымдары

5

3

Фармацевтикалық өндірісті нормалау

6

4

Фармацевтикалық технологияның машиналары мен аппараттары. Өндіріс ішінде материалдарды тасымалдау

9

5

Қатты материалдарды ұсақтау, елеу, араластыру

13

6

Фармацевтикалық технологиядағы жылулық процестер

17

7

Ерітінділерді тазарту әдістері. Сүзгіден өткізу (Фильтрлеу)

20

8

Фармацевтикадағы қосымша заттар

22

9

Фармацевтикалық технологиядағы экстракция процестері

23

10

Жинақтар технологиясы

26

11

Ұнтақтар технологиясы

28

12

Таблеткалар технологиясы

31

13

Капсулалар технологиясы

38

14

Инъекциялық формалар өңдірісінің технологиясы

41

15

Жақпа майлар технологиясы

44


Кіріспе
Әдістемелік нұсқаудың өзектілігі және маңызы

«Фармацевтикалық технология негіздері» пәнінен ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтың студенттеріне арналған.



Өңдірістік дәрілік препараттарды әзірлеу, оларды өндіру және сапасын бақылау үшін фармацевтикалық технологияның теориялық негіздерін және қажетті практикалық біліктерін мен дағдыларын игерген, жоғары білікті мамандар жұмыс істеу қажет. Фармацевтикалық технология негіздері элективті пәндердің бірі ретінде инженер-технолог даярлау жүйесінде мағынасы зор.

«Фармацевтикалық технология негіздері» пәні дәрілік заттар өңдірісіне қойылатын заманауи талаптарды, дәріханалық және өнеркәсіптік өңдірісіндегі өнімдердің технологиясы мен сапасын бақылауын, өңдірісте қолданылатын процестер мен қондырғылардың құрылысың, жұмыс істеу ұстанымдарын қарастырады.

Кафедрада 5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығында білім алатын студенттерге «Фармацевтикалық технология негіздері» пәнінен 3 кредит бөлінген, оны 1 кредиті практикалық сабақтар болып табылады. Әдістемелік нұсқауда практикалық сабақтың тақырыбы, сабақтың мақсаты мен міндеттері, қысқаша мазмұны, тапсырмалар мен есептер және әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Практикалық сабақтың мақсаты:  Практикалық сабақтарда студент теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуіне қажет жаттығуларды орындау және есептерді шығару білігі мен  дағдыларды қалыптастыру.

Практикалық сабақтардың нәтижесінде білімалушы міндетті:

- фармацевтік ғылым мен тәжірибенің тұжырымдамасын; қазіргі кезеңдегі даму фармацияның даму тарихын білу тиіс;

- дәрілік препараттар технологиясының биофармацевтическую тұжырымдамасын; дәрілік заттардың биологиялық қол жетімділігіне фармацевтикалық факторлардың (дәрілік түрі, дәрілік заттар бөлшектерінің өлшемі, дәрілік және қосымша заттардың физика-химиялық қасиеттері мен концентрациясы, технологиялық процестердің және т. б.) әсерін білу тиіс;

- анықтамалық, ғылыми, нормативтік әдебиеттерді білу тиіс;

- негізгі нормативті құжаттарды білу тиіс;

- технологиялық жабдықтарды таңдау және сапасы мен жұмысын бағалаудың жалпы принциптерін білу тиіс;

- дәрілік заттарды дайындаудың экологиялық қауіпсіздік негіздерін, қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау ережелерін пайдалана алуы қажет.

Фармацевтикалық технология негіздері пәнінің пәнаралық байланыстары:

Фармацевтикалық технология негіздері пәні физика, химия, математика, биология, жалпы химиялық технология, органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері, сондай-ақ, фармацевтикалық химия пәндерінің теориялық негіздеріне негізделген.


Практикалық сабақ № 1 – Фармацевтикалық өндірісті ұйымдастырудың жалпы ұстанымдары

Сабақ мақсаты: фармацевтикалық өндіріс ұйымдастыру қағидалары білімдерді, біліктілерді, дағдыларды жүй0елік қалыптастыру

Сабақтың міндеттері: Фармацевтикалық өндірісті ұйымдастырудың ұстанымдарымен танысу, дәрілік формалардың жіктелуін, фармацевтикалық технологияның негізгі терминдері мен түсініктерін игеру, фармацевтикалық өндірістің негізгі экономикалық көрсеткіштерін меңгеру.

Бақылау сұрақтары:

  1. Фармокологиялық құрал, дәрілік құрал, дәрілік зат, дәрілік форма, дәрілік препарат, көмекші зат, уытты зат, күшті әсер етуші зат, есірткілік зат ұғымдарына анықтама беріңіз.

  2. Дәрілік формалардың жіктелуі және оларға қойылатын талаптар.

  3. Көмекші заттар, жіктелуі, көмекші заттарға қойылатын талаптар

  4. Өндірісті ұйымдастырудың цехтық принцпінің мәні неде?

  5. Технологиялық процесс, сатылары, операция, дайын өнім, жартылай өнім, қалдықтар, технологиялық үлгі ұғымдарының анықтамасын беріңіз.

  6. Дәрілік препараттардың ұсақ сериялық және ірі сериялық өндірісінің мәні неде?

Әдістемелік нұсқау: «Фармацевтикалық өндірісті ұйымдастырудың жалпы ұстанымдары» бөлімін оқулықтардан, лекция жазбаларынан және оқу-әдістемелік материалдардан алдын-ала мұқият оқып келіңіз. Фармацевтикалық технологияның терминдері мен негізгі түсініктерін дұрыс түсіну үшін «терминологиялық сөздікті» оқып, терминдерді және негізгі түсініктердің мән-мағынасы жазып алыңыз. Практикалық сабаққа арналған журналға негізгі экономикалық көрсеткіштердің: материалдық баланс, өнім шығымы, шығын коэффициенті, технологиялық шығындардың формулаларын енгізіңіз.

Алынған білім деңгейі келесі сұрақтарды талдау арқылы тексеріледі:



  1. Фармацевтикалық технология. Анықтама. Мақсаттары және міндеттері

  2. Негізгі түсініктер және терминдер

  3. Дәрілік формалардың классификациясы

  4. Өнеркəсіптік фармацевтикалық өндіріс

  5. Химико-фармацевтикалық өндірістегі өндірістік ерекшеліктер

  6. Дәріхана өндірісі

  7. Материалдық баланс

Сабақ жоспары:

  1. Жоғарыда көрсетілген сұрақтарды теориялық тұрғыда талдау

  2. Техникалық экономикалық баланстың теңдеуін, шығымның негізгі экономикалық көрсеткіштері, технологиялық шығындар, шығын коэффициентін, шығындық нормаларды есептеу (тапсырма 1-5).

Тапсырма 1. Техникалық экономикалық баланс теңдеуін құру, егер бастапқы шикізат 40кг, ал дайын өнім 39,42 болса шығымын, шығынын, шығын коэффициентін есептеу.

Тапсырма 2. Техникалық экономикалық баланс теңдеуін құру, егер бастапқы материал 500кг, ал дайын өнім 370, қосалқы өнімдер 55кг, қалдықтар 40кг болса шығымын, шығынын, шығын коэффициентін есептеу.

Тапсырма 3. Дайын өнім шығымын және егер біріншісіндегі шығын коэффициенті 1,021, ал екіншісіндегі 1,012 болса, бірдей дайын өнім шығаратын, өнеркәсіптегі өндірістік шығындардың мәнін салыстырыңыз.

Тапсырма 4. Егер өнеркәсіп 1,024 шығын коэффициентінің орнына 1,019 шығын коэффициентімен жұмыс істейтін болса, дайын өнімнің шығыны неше процентке азайған.

Тапсырма 5. 1 кг сілті шайқамасын дайындау үшін шығын нормаларын құрастырыңыз, егер құрамы: 20,0 натрий хлориді, 40,0 натрий гидрокарбонаты, 40,0 натрий бораты және шығын коэффициенті 1,006 болса.

3. Еспетеу қорытындыларын журналға жазыңыз және есепті оқытушыға көрсетіңіз.



Көрнекіліктер: практикалық дәптер, оқулықтар

Әдебиеттер:

  1. Краснюк И.И. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм / Под ред. И.И. Краснюка. – М.: Академия, 2004. С. 5-24

  2. Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 5-14

  3. Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. С. 5-17.


Практикалық сабақ № 2 - Фармацевтикалық өндірісті нормалау

Сабақ мақсаты: фармацевтикалық өндірістің нормалау аспектілері бойынша білімдерді, біліктілерді, дағдыларды жүйелік қалыптастыру

Сабақ міндеттері: Фармацевтикалық өндірісті нормалаудың теориялық аспектілерімен таныстыру

Бақылау сұрақтары:

  1. Нормативтік құжаттар ретіндегі мемлекеттік фармакөшірме, МЕСТ,ТУ нені білдіреді?

  2. Регламент дегеніміз не? Регламенттер түрі. Өнеркіәсіптік регламент бөлімдері және оны дайындау сатылары.

  3. GMP жүйесі. Түсінігін анықтау. Пайда болу тарихы.

  4. Дәрілік заттар өндірісі мен сапасын бақылаудың халықаралық GMP ережелерінің негізгі бөлімдерін атаңыз.

  5. Қолайлы клиникалық практика (GСР) ережелерін сипаттаңыз.

  6. Зертханалық практика(GLР) ережелерін сипаттаңыз.

  7. GМР, GСР және GLР ережелері арасындағы ба ланысты көрсетіңіз.

  8. 9000 сериясындағы ИСО стандарттары. Жалпы түсінігі және ИСО стандарттарын GМР ережелерімен салыстыру.

Әдістемелік нұсқау: «Фармацевтикалық өндіріті нормалу» тарауын оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу-әдістемелік материалдар бойынша алдын ала мұқият оқу. Практикалық сабақтарға арналған журналға фармацевтикалық өндірісті нормалаудың негізгі заңдылықтары туралы, GMP, GCP, GLP ережелері, олардың өзара байланысы; ИСО стандарттары туралы конспектілеу.

Бастапқы білім деңгейін келесі сұрақтарды талдау жолымен бақылау:



  1. GMP жүйесі. Ұғымын анықтау. Пайда болу тарихы.

  2. Дәрілік заттардың өндірііс мен сапсын бақылаудың халықаралық ұйымы GMP ережелерінің негізгі бөлімдерін атаңыз.

  3. Клиникалық практикаға жататын ережелерді сипаттаңыз(GСР).

  4. Зертханалық практиканың ережелерін сипаттаңыз.

  5. GМР, GСР және GLР ережелерінің арасындағы байланысты көрсетіңіз.

  6. 9000 сериясындағы ИСО сиандарттары. Жалпы түсінігі және ИСО стандарттарын GМР ережелерімен салыстыру.

Жұмыс жоспары:

1. Келесі сұрақтар бойынша теориялық талдау: Фармацевтикалық өндірісітің нормалануын қарастыру: GMP, GCP, GLP ережелері, олардың өзара байланысы, ИСО стандарттары.

2. Тесттік сұрақтарға жауап беру:


    1. Қатені табыңыз

GMP негізгі бөлімдері:

А. Сапаны басқару

В. Бухгалтерлік есеп

С. Ғимараттар мен құрал-жабдықтар

Д. Сапа бақылауы

Е. Анализ және есеп

2. Қолайлы өндірістік практика- дәрілік заттардың өндірісі мен сапа бақылау ұйымдастыру бойынша шикізатты өңдеуден бастап дайын өнім алғанға дейінгі ғимараттарға, жабдықтарға, қызметтерге қойылатын талаптарды қоса есептегіндегі талаптар жиынтығының біріккен жүйесі –бұл :

A. GMP.


B. GCL.

C. GCP.


D. GLP.

E. GPM.


3. Эксперттік бағалау және құжаттық рәсімделетін нысандық дәлелдерді GMP принциптарына сәйкес ұсыну:

A. Валидация.

B. Стандартизация.

C.Өзіндікинспекция.

D.Сапа жүйесі.

E. Сапа бақылауы

4. Сапа басқаруын жүргізу үшін басқарушылық құрылымның,әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы аталады:

A. Валидация.

B. Стандартизация.

C.Өзіндікинспекция.

D.Сапа жүйесі.

E. Сапа бақылауы

5. Дәрілік препараттар өндірісінің негізгі принциптерін ұсынатын еуропалық ұйым комиссиясына ашылу жылы:

A. 1991


B. 1992

C. 2001


D. 1998

E. 2008


6. Дәрілік препаратты сынақтан өткізу процесінде және сынақ субьектісін қорғау негізінде құрылған клиникалық сынақ жүргізу стандарты,-бұл:

A. GMP.


B. GCL.

C. GCP.


D. GLP.

E. GPM.


7. GCP ережесінің артықшылықтары:

А. Жаңа ДЗ жасауды жылдамдату.

В. Фармацевтикалық нарықтағы ДЗ позицияландыру.

С. Сынаққа қатысатындардың мүдделерін қамтамасыздандыру.

Д. Жаңа ДЗ ең тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты зерттеудің сенімді нәтижелерін алу.

8. Фармакологиялық, таксикологиялық және басқа да биологиялық профильдегі зертханалардың жұмысына арналған, басты мақсат жаңа препараттарды клникаға дейін зерттеу сатысында ғылыми зерттеулердің қолайлылығымен қамтамасыз ету олып табылатын зертханалық практика ережесі,-бұл:

A. GMP

B. GCL


C. GCP

D. GLP


E. GPM

9. Тапсырушылардың тек сапа саласында ғана емес, бағасы жағынан да жұмысты орындау уақытына қатысты да мүдделерін ескеретін саудада жұмыс істеуге бағытталған стандарттар-бұл:

A. GMP.

B. GCL.


C. ИСО стандарттары.

D. GLP.


E. GPM.

10. 9000 сериясындағы ИСО стандарттарының өнеркәсіпте қолданыла бастау уақыты:

А. 90-шы жылдардың басы

В. 90-шы жылдардың аяғы

С. 80-ші жылдардың басы

Д. 80-ші жылдардың аяғы

Е. 90-шы жылдардың ортасы.

Көрнекіліктер: практикалық дәптер, оқулықтар

Әдебиеттер:


  1. Краснюк И.И. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм / Под ред. И.И. Краснюка. – М.: Академия, 2004. С. 27-45

  2. Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 19-40

  3. Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. С. 44-70


Практикалық сабақ № 3 - Фармацевтикалық технологияның машиналары мен аппараттары. Өндіріс ішінде материалдарды тасымалдау

Сабақ мақсаты: фармацевтикалық өндірістің машиналары мен аппараттары, сонымен қатар өңдіріс ішінде материалдарды тасымалдау бойынша білімдерді, біліктілерді, дағдыларды жүйелік қалыптастыру

Сабақ міндеттері: Фармацевтикалық өндірісітің аппараттары мен машиналарының түрімен, міндеттері мен жұмыс принциптерімен танысу. Өндіріс ішінде материалдарды тасымалдауды зерттеу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Машиналар мен аппараттар деген не?

  2. Фармацевтикалық өндірістің машиналарының механизмдерінің жіктелуін атаңыз.

  3. Беріліс механизмдерінің функциясы қандай?

  4. Машиналардағы тісшелі беріліс қалай жүзеге асырылады?

  5. Кривошиптік механизмнің мәні неде?

  6. Эксцентриктік механизмнің айырмашылығы неде?

  7. Фармацевтикалық өндірістің машиналары мен аппараттары қандай көрсеткіштермен сипатталады?

  8. Өнімділік дегеніміз не? Өнімділіктің өлшем бірігі қандай?

  9. Машиналар мен аппараттардың қуаттылығы деген не? Қуаттылықтың өлшем бірілігі қандай?

  10. Сұйықтарды тасымалдау немесе жоғары көтеру қалай жүзеге асырылады?

  11. Материалдарды тасымалдауда өндірісте қандай аппараттар қолданылады?

Әдістемелік нұсқау: «Фармацевтикалық технологияның машиналары мен аппараттары» тарауын оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу-әдістемелік материалдар бойынша алдын ала мұқият оқу. Практикалық сабақтарға арналған журналға әр түрі беріліс механизмдері бойынша машиналардың құрылғысы мен жұмыс принцпі, фармацевтикалық технологияның машиналары мен аппараттары негізгі сипаттамаларын конспектілеу, материалдардың тасымалы жүзеге асатын машиналардың сызбасын сызыңыз.

Бастапқы білім деңгейін келесі сұрақтарды талдау жолымен бақылау:



  1. Машиналар және аппараттар туралы жалпы түсініктер.

  2. Беріліс механизмдері.

  3. Қозғалысты қайтадан қалыптастыру механизмдері

  4. Аппараттар мен машиналардың негізгі сипаттамалары

  5. Өндіріс ішінде материалдарды тасымалдау

Сабақ жоспары:

1.Фармацевтикалық технологияның машиналары мен аппараттарының құрылғыыс мен жұмыс істеу принципін қарастыру.

2.Төменде келтірілген механизмдердің мәнін түсіндіріңіз:

Сурет 1 – Фрикциондық беріліс


Сурет 2 – Тістік беріліс


Рисунок 3 – Червякты беріліс



Сурет 4 – Кривошиптік механизм



Сурет 5 – Жұдырықты механизм


Сурет 6 – Эксцентриктік механизм

3. Машиналар мен аппараттардың негізгі сипаттамаларын талдаңыз – аппараттар мен машиналардың өнімділігі; аппараттар мен машиналардың қуаттылығы.


  1. Құбырлар жүйесі мен құбырлардың құрылғысын, материалдарды тасымалдау механизмін талдаңыз.

  2. Материалдардың тасымалы жүретін аппараттар мен машиналарды –сорғылар, сифондар, поршеньдерді талдаңыз.

Көрнекіліктер: практикалық дәптер, оқулықтар

Әдебиеттер:

  1. Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 44-63

  2. Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. С. 44-70


Практикалық сабақ № 4 – Қатты материалдарды ұсақтау, елеу, араластыру

Сабақ мақсаты: Ұсақтау, елеу және араластырудың процестері бойынша білімдерді, біліктілерді, дағдыларды жүйелік қалыптастыру

Сабақ міндеттері: Ұсақтау, елеу және араластырудың процестерінің теориялық негіздері және аппаратурасымен танысу.

Бақылау сұрақтары:

1. Риттингер, Кирпичев-Кик, Ребиндердің ұсақтау теориясының гипотезаларының мәні неде?

2. Ұсақтау дәрежесі деген не?

3. Ұсақтау тәсілдерін атаңыз

4. дәрілік өсімдік шикізатты ұсақтауға арналған машиналардың құрылғысы мен жұмыс принцпі қандай?

5. Соққылы ортадан тепкіш диірмендердің: деинтеграторлар мен дисме мбраторлардың құрылғысы қандай ж»не әсер ету принцпі неде?

6. Ұсақ және өте ұсақтау үшін қандай диірмендер қолданылады?

7. Шарлы және дисклі диірмендердің құрылғысы мен жұмыс принцпі қандай?

8. Вибрациялық және ағынды ұсақтағыштардың құрылғысы мен жұмыс принцпі.

9. Бөлшектерді механикалық бөлу үшін қандай торлар қолданылады?

10. Вибрациялық және көпярусты, ірі торлардың құрылғысы мен жұмыс принцпі қандай?

11. Араластырғыштардың құрылғысы мен жұмыс істеу принцпі.



Әдістемелік нұсқау: «Қатты материалдарды ұсақтау, елеу, араластыру» тарауын оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу-әдістемелік материалдар бойынша алдын ала мұқият оқу. Практикалық сабақтарға арналған журналға машиналар мен аппараттардың әртүрлі ауыстыру механизмдерімен жұмыс істейтін принциптер, материалдардың ауысуын жүзеге асыратын машиналардың сызбаларын суреттеу.

Бастапқы білім деңгейін келесі сұрақтарды талдау жолымен бақылау:

1. Ұсақтаудың теориялық негіздері

2. Ұсақтаудың негізгі принциптері

3. Ұсақтаудың гипотезалары

4. Ұсақтағыштардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципі

5. Елеу. Процестің сипаттамасы

6. Елеуіш механизмдері

7. Араластыру. Процестің сипаттамасы. Дәрілік және көмекші процестерді араластыру аппаратурасы.

Сабақ жоспары:

1. Сусымалы материалдарды ұсақтауға арналған машиналардың құрылғысымен жұмыс істеу принципін талдау.

2. Сусымалы материалдарды елеуге арналған машиналардың құрылғысымен жұмыс істеу принципін талдау.

3. Сусымалы материалдарды араластыруға арналған машиналардың құрылғысымен жұмыс істеу принципін талдау.

4. Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беру:

А) Соққы-ортадан тепкіш диірмендердің құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері: дезинтеграторлар және дисмембраторлар



Б) Шарлы диірмендердің құрылғысы және жұмыс істеу принциптері

В) Вибрациялы, ағынды ұсақтағыштардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері

Г) Шөп кескіштер мен білікті-ұнтақтағыштардың құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері



Д) Түп кескіштер мен білікті-ұнтақтағыштардың құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері



Е) Гүрілдегіштер мен көп ярусты елеуіштердің құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері



Ё) Ортадан тепкіш әрекетті араластырғыштың құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері



З) Бұрамдықты-қалақты, таспалы араластырғыштардың құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері



И) Айналыс-вибрационды елеуіш, электромагниттік көп ярусты елеуіштердің құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері



: ebook -> umm
umm -> Тарау Пән бойынша глоссарий Тарау Лекциялардың қысқаша конспектісі Тарау соөЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау Бақылау – тексеру құралдары. Тарау Пән бойынша глоссарий
umm -> «Қазақ тілінің стилистикасы» ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар семей 2015 Мазмұны
umm -> Әбікенова Гүлнат Төкенқызы Когнитивті лингвистика
umm -> Глоссарий
umm -> Үш әулетті отбасы: ата-ана, бала, немере; Үш әулетті отбасы: ата-ана, бала, немере
umm -> ПОӘК 042-18 35/03-2015 №1 баспа 11. 06. 2015ж
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> 1 Менеджмент туралы түсінік Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып
umm -> Мемлекеттік басқару проблемаларын жете түсіну үшін қазіргі менеджмент теориясының кейбір жайларын білу аса тиімді және қажет


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...