Нұртаева Айсұлу Балтабайқызы магистр аға оқытушы



жүктеу 83.51 Kb.
Дата29.04.2017
өлшемі83.51 Kb.
Нұртаева Айсұлу Балтабайқызы

магистр аға оқытушы

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Алматы қ., Қазақстан

e-mail: aikosh_72@mail.ru



Коммуникация теориясының негізгі қағидалары мәдениетаралық коммуникация құзыреттілігі
Аңдатпа Халықаралық қатынастардың кеңейуінің нәтижесінде және халық-аралық байланыстың даму жағдайында әртүрлі тілде ақпарат алмасу кеңғінен жолға қойылып отырғандығы мәдениетаралық коммуникацияның Қазақстан сияқты дамушы елдегі маңыздылығын көрсетеді. Коммуникация адамдардың өзара түсінісуі, бір-біріне әсер етуі, ақпарат алмасу кезінде негізгі қызмет атқарады. Коммуникация қатынас жасау, ой-пікір алмасу деген мағынада қолданылып жүр. Мәдениетаралық коммуникация мәдени ерекшеліктерді айыра білу, жеке тұлғалар және топтық өзара қатынас жасауға негізделген.

Тірек сөздер: Коммуникация, мәдениетаралық, тұлғалық, топтық, қатынас, ой-пікір, ерекшеліктер, негізгі,теория.
Қазіргі замандағы қоғамның талабына сай шет тілдерін оқып үйрену – адам білімінің тек ағартушы – тәрбиелік компоненті ретінде ғана қарастырылып қоймай, адамның кәсіби және тұлғалық тұрғыдан қоғамда лайықты орын алуға ұмтылысын да қарастырады. Халықаралық қатынастардың кеңейуінің нәтижесінде және халықаралық байланыстың даму жағдайында әртүрлі тілде ақпарат алмасу кеңғінен жолға қойылып отырғандығы мәдениетаралық коммуникацияның Қазақстан сияқты дамушы елдегі маңыздылығын көрсетеді. Коммуникация адамдардың өзара түсінісуі, бір-біріне әсер етуі, ақпарат алмасу кезінде негізгі қызмет атқарады. Коммуникация қатынас жасау, ой-пікір алмасу деген мағынада қолданылып жүр [2].

Коммуникация немесе қатынас жасау дегеніміз қоғамдық субъектілердің (жеке адамдардың, қоғамдық топтар мен таптардың т.б.) өзара байланысу және қатынасу процесі; түрліше іс-әрекеттер, хабарлар мен тжірибе, қабілеттілік пен дағды-шеберлік және сондай – ақ өндіріс нәтижелерін алмасу; қоғам мен жеке адамның қалыптасуының және дамуының қажетті де ең жалпы шарттарының бірі. Коммуникация – латын тілінен енген «communico» байланыс жасаймын немесе қарым-қатынас жасау деген ұғым. Коммуникация сөзінің басқа мағынасы траныспорттық байланысты білдіреді. Әрине «коммуникация» терминінің бірінші мағынасы қолданылады, себебі зерттеуіміздің пәні адамдар арасында қарым-қатынас, байланыс болып табылады. О.Я. Гойхман жне Г.М. Надеин лингвистикалық энциклопедиялық сөздіктен алған ұғымдарын ғылыми анықтамамен байланыстыра отырып «коммуникация – іс-рекетте, қызметте өзін-өзі тану процесінде адамдар арасында ерекше байланыс жасау формасы» деп анықтама береді. Мәдениет жеке этносқа тән белгілі табиғи әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасқан құбылыс екенін айта келе, академик Ә.Т. Қайдар өмір – тіршілік салты ортақ, ортақ дүнетаным, ортақ психология сияқты, этносқа тән белгілердің бәрі сол этнос мәдениет ниетінен көрініс табатынын, ал соның бәрін танып-білу құралы тіл екенін мәдениеттану ғалымдарының тегіс мойындайтынына тағы бір оралады, өйткені «мәдениет» – жеке адамның басына тән қасиеттерден басталып, бүкіл ұлттық тілді, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани – материялдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым [2].

Тіл – ұлт мәдениетінің тірегі. Ол мәдениеттің айнасы, құралы ғана емес, ұлт болмысынан, дүниетанымынан хабар беретін ұлттық рух. Тіл арқылы мәдениеттану негізінде ұлтқа тән психологияны, оның ойлау жүйесіндегі танымдық сана-сезімді анықтауға болады. Мәдениет пен тілдің ара-жігі туралы алғаш сөз еткендердің бірі американдық дискриптивті мектептің ірі ғалымы Эдуард Сепирдің пікірінше «мәдениет – халықтың ойлауының, іс-әрекетінің көрінісі, ал тіл – қалай ойлаудың көрінісі» [9].

Тіл мен мәдениет – бір-бірінен ажырамайтын екі бірдей әлеуметтік құбылыс. Қоғамның өзі адамнан ал адам жеке тұлғаның қалыптасуы тіл мен мәдениет бірлігінің тұтастығынан тұрады. Адам санасындағы шын өмірдің бейнеленуі тілсіз іске асуы мүмкін емес. тіл біздің ойымызды білдіре және баянды ете отырып, бізді қоршаған шын өмір жайындағы білімімізді сақтаушы болып есептеледі. Тіл мәдениетпен бірбүтін тұтастық құрып, ажырамас бірлікте өмір сүреді: ол мәдениеттің өн бойында қалыптасып, оның дамуындағы алғышарттардың міндетті түрдегі басқышы қызметін атқарады, ослайша қайсыбір уақытта қандай да бір жерде өмірсүретін халық мәдениетінің маңызды бөлігін құрайды. [9] Күнделікті өмірде мәдениет «еңбек мәдениеті», «ойлау мәдениеті», «сөйлеу мәдениеті», «тіл мәдениеті» тағы басқа ондаған сөз тіркестерін жиі қолданамыз. Олардың ішінде біздің зерттеу тақырыбымызға қатысты сөйлеу мәдениеті, ойлау мәдениеті, тіл мәдениеті, жазу мәдениеті деген сөз тіркестеріндегі «мәдениет» ұғымының мазмұны мен мағынасы нені білдіреді және оның тілге қандай қатысы бар – осы мәселеге біраз тоқталып өтелік [2].

Мәдениет сөзі түрік тілінен «medeniyet» деген сөзден алынған болуы керек адамның қолымен және ақыл ойымен жасалған дүниені білдіретін сөз. Ал орыс тіліндегі «культура» сөзінің төркініне келсек, ол сөз орыс тілінде XIX ғасырдың орта шенінде пайда болыпты. Батыс Еуропалық авторлардың еңбектеріне қарағанда «культура» сөзі XVIII ғасырдың екінші жартысында Германияда қолданыла бастапты, ал мәліметтерге қарағанда ертедегі Рим философы – Цицерон (біздің эрамызға дейінгі 1 ғасырда) культура души сөз тіркесін қолданыпты. Демек культура сөзі ертедегі латын тілінен «culture» (өңдеу, тәрбиелеу деген мағына береді) сөзінен шыққан. Содан бері ол сөз лексикалық жағынан түрліше өзгерістерге ұшырап, қазіргі заманғы мағынасына жетіпті[2].

Сонымен мәдениет дегеніміз қоғамдық дамудың нәтижесі, қоғам өмірінің аса маңызды бөлігі. Міне осыдан келіп туындайтын мәдениаралық коммуникация қағидаларына сәйкес шет тілін оқып – үйрену оқушыны сабақ барысында ұшырасатын жат әлемді жақсырақ түсінуге, сол жат әлеммен ұшырасу нәтижесінде өз әлемін айқынырақ, дәлірек түсініп, анығырақ білуге төселдіруі тиіс [3].

Адамның мәдениетаралық қарым-қатынасы төмендегідей үш жолмен іске асады: 1) әрбір адам өзі туып өскен тарихи дәуірдің мәдениетін игеру арқылы адам болады; 2) мәдени ортада мәдени байлықтардың бір иесі ретінде әрекет етеді; 3)белгілі бір дәрежеде мәдениетті жасаушы. Күнделікті өмірде «мәдениет» ұғымы үш мағынада қолданылады. Біріншіден, мәдениет – дегеніміз қоғам өмірінің белгілі бір саласы, олар мекемелер мен ұйымдар түрінде өмір сүреді де, рухани байлықтарды өндірумен және таратумен айналысады. (қоғамдар, клубтар, театрлар, мұражайлар т.б.) Екіншіден мәдениет дегеніміз үлкен әлеуметтік топтарға, қауымдарға, халық пен ұлттарға тән (элитарлы мәдениет, орыс мәдениеті, жастар мәдениеті т.б.) құндылықтар мен нормалардың жиынтығы. Үшіншіден мәдениет дегеніміз адамның қандай да бір әрекетіндегі тұрмыс мәдениеті, «тәрбиелі және білімді мәніндегі мәдениетті адам т.б.) жетістіктердің жоғары дәрежедегі көрінісі. [5]

Мәдениет туралы қарапайым түсініктер оны көркем мәдениетке немесе адамдардыңдың білімділігі мен тәрбиелілігіне ұқсатады. Алайда «мәдениет» ұғымының аса кең тараған мәні оны тарих дамуы барысында адам жасаған бейнелердің, нысандардың материалдық заттардың жиынтығы ретінде түсіну. Осы түсіндіруде мәдениет дегеніміз адамзаттың барлық жетістіктерінің қорытындысы сияқты, адам жасаған «екінші табиғат» сияқты немесе жабайы табиғаттан ерекшк нағыз адами әлемі. Кез-келген мәдениеттің ядросы дәстүрлердің көмегімен тарайтын идеялар мен ерекше құндылықтар. Осылайша, адам мәдениетін әртүрлі жергілікті мәдениет құрайды, оларды таратушы халықтар. Әр халық өз алдына этникалық қауымдастықтың формасында көрінеді немесе басқаша айтқанда этнология, жеке этнос деп аталады. Кез-келген мәдениеттің өзгешелігі оның әлемнің мәдени көрінісінде аяқталуы, ал бірте-бірте сол мәдениеттің пайда болуы мен өмір сүруінде қалыптасады. Мәдени қарым-қатынастың ең жоғары күрделі құралы тіл болып табылады. Мәдениетсіз тіл өмір сүре алмайды. Тіл – адамзат өмір көріністері топтасқан сиқырлы айна. Тіл – мәдениет қазынасы. Тіл – мәдениет қаруы. Тіл өмір сүріп отырған кезде сол елдің мәдениеті де өмір сүре береді[3].

Тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдалана білу үшін сөздің мағынасын және грамматикалық ережелерін біліп қана қою жеткіліксіз. Шетел тілін оқыту барысында тек қана тілді үйреніп қоюға ғана емес, сонымен бірге сол тілде ойлай білуге үйрету қажет[9]. Мәдениаралық қарым-қатынас ұлттар мен мәдениеттер арасын-дағы өзара байланысты түсіну құралы ретінде қарастырылады. Е.М. Верещагин және В.Г. Костомаров көзқарасы бойынша екі ұлт өкілінің қарым-қатынас жасау барысындаөзара түсінісуі мәдениетаралық коммуникация болып табылады [4]. Мәдениаралық коммуникация өзінің қалыптасу барысында пәнаралық дисциплина түрінде пайда болады. Мәдениетаралық коммуникацияға үйретудің алғашқы оқу бағдарламалары мен оқу әдістемесі әртүрлі ғылым салаларынан алынып отырды. Оны оқытудың американдық және батыс Еуропа Университеттерінің тәжірибесі негізінде оқу бағдарламалары жасалынды [5].

Мәдениетаралық коммуникацияның зерттеу саласында және мәдениет туралы барлық ғылым салаларында теоретикалық, методологиялық білімдер мен практикалық іс-тәжірибенің ең көлемді бөлігі фольклорлық және этнологиялық бағытта жинақталған. Осыдан мәдениетаралық коммуникацияның екі зерттеу бағыты қалыптасты. Оның біріншісі фольклорлыққа негізделген бағытты сипаттау ерекшелігіне ие және атқаратын міндеттері адамдардың күнделікті менез-құлқына түсініктеме бере отырып оның терең себептерін және мәдениетінің негізгі факторларын анықтау. Мәдени антропологиялық сипатқа ие екінші бағыты өзінің зерттеу пәні ретінде әртүрлі әлеуметтік топтар мен қауымдардың мәдени қызметтерін, олардың еоекшеліктерін, қағидаларын және құндылықтарын алған. Оларды меңгеру мәдениетаралық түсініспеушіліктерді, жедел және нәтижелі шешуге, көп ұлттық коллективте жақсы жұмыс барысын қалыптастыруға көмектеседі. Оқу барысын ол белгілі бір мысалдарды таңдау барысы деп түсіндіре келіп оқушыға басқа ел мәдениетін үйрену кезіндегі құндылықтарды жеңу арқылы мәдениетаралық құзырлылық қабілетін дамытады. Батыс ғалымдары (Г. Кольс, В. Гудикунст және Р. Хациер, М. Педж және Дж. Мартин, М. Хупс, М. Беннет т.б.) мәдениетаралық коммуникацияны оқыту жайында өздерінің жеке модельдерін ұсынған[5].

Басқа ұлт өкілдерін және олардың мәдениетін түсінуге ұмтылыс, мәдениеттер арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді анықтау адамзаттық мәдени және этикалық әртүрлілігі барлық уақытта өмір сүріп келген. Оның синонимдері мәдени түйісу, этникоаралық коммуникация, және де мәдениетаралық интеракцияны түсіндіру[6].

Мамандардың басым көпшілігі мәдениетаралық коммуникация жайлы егер адамдар әртүрлі мәдениеттің өкілдері болса және өз мәдениетіне жатпайтынның барлығын жат деп қабылдаған жағдайда ғана мәдениетаралық коммуникация жайлы айтуға болады деп санайды. Қарым-қатынас жасаушылар өз салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына, өздерін ұстай білу тәртібіне жүгіну орнына бөтен/жат ел ережелері мен күнделікті мінез-құлық тәртібімен танысқан жағдайда қарым-қатынас мәдениетаралық болып табылады[5].

Мәдениетаралық коммуникация ұғымы бірінші рет 1954 ж. Г. Трейгер және Э. Холлдың жұмыстарында тұжырымдалды. Бұл жұмыста мәдениетаралық коммуникация адам өз қалауынша қоршаған ортаға мүмкіндігінше жақсы нәтижелі қалыптасу жайлы тамаша мақсатқа негізделген. Содан бері зерттеушілер бұл феноменді теоретикалық зерттеулерінде жеткілікті алға жылжытты. Шындығында егер түрлі мәдениет өкілдері қарым-қатынас қандай да бір қиындыққа кездессе мәдени ерекшеліктерінің салдарынан бұл күмәнсіз мәдениетаралық коммуникация болды. Бұл қиындықтар әртүрлі мәдениетте ойдан шығу, иландыру, нандыру әрбір адамға тән табиғи ерекшеліктермен байланысты. Мәдениетаралық коммуникация мәдени ерекшеліктерді айыра білу, жеке тұлғалар және топтық өзара қатынас жасауға негізделген. Мәдениетаралық коммуникация термині коммуникативті біліктіліктің әртүрлі жағдайында коммуникативті оқиғаның соңында бейнелеуін білдіретін жағдайға жатады. Барлық деңгейдегі және мәдениетаралық коммуникацияның жалпы сипаты, белгілері оның қатысушыларының мәдени айырмашылығын сезінбеуі болап табылады. Қазіргі таңда мәдениетаралық коммуникация саласындағы ғылыми зерттеулер осы айырмашылықтардың салдарынан зардап шеккен және тілдік қызметтің айырмашылығына соқтыққан адам мінезін зерттеуде. Мәдениетаралық коммуникацияны түрлі мәдениет өкілдерінің жеке тұлға аралық және топтық өзара байланыс және қатынасының түрлі формаларының жиынтығы деп есептеу қажет.

Әдебиеттер тізімі:



  1. Тер –Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. Москва, «Издательство Московского Университета», 2004г.

  2. Садохин А.Г. Введение в теорию межкультурной коммуникации. Москва, «Высшая школа», 2004г.

  3. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. Москва: МГУ

  4. Нургалиева Г.К., Ценностное ориентированное личности в условиях информатизации общения Алматы, 2004.

  5. Хмель Н. Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. – Алматы : Ғылым, 2002.

  6. Өстемиров К. Ө. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту негіздері. Оқу құралы. Алматы. 2007.


Резюме

В статье рассматривается основные принципы теории коммуникации межкультурной коммуникативной компетенции



Summary

This article deals with the basic principles of communication theory of intercultural communicative competence

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет