«Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінде партияға кіру және мүшелік жарналарды төлеу мен есепке алу ережесі Жалпы ережелер Осы Ереже



жүктеу 79.22 Kb.
Дата10.04.2017
өлшемі79.22 Kb.
«Нұр Отан» партиясы

Саяси кеңесі Бюросының

2014 жылғы «___» ________

№____ қаулысымен бекітілген



«Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінде

партияға кіру және мүшелік жарналарды

төлеу мен есепке алу ережесі



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінде (бұдан әрі – партия) партияға кіру және мүшелік жарналардытөлеу, есепке алу, мониторингілеу және бақылау тәртібін айқындайды.

2. Партияның орталық аппараты, филиалдар және бастауыш партия ұйымдары осы Ережемен белгіленген партияға кіру және мүшелік жарналардытөлеу, есепке алу тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.

3. Партияға кіру және мүшелік жарналар (бұдан әрі - жарналар) партияны қаржыландыру көзінің бірі болып табылады.

4. Жарналар мөлшері және жарналарды төлеуден босатылған партия мүшелерінің санаты партия Жарғысына белгіленеді.

5. Жарналарды жинауды бастауыш партия ұйымдары (бұдан әрі - БПҰ) жүзеге асырады.

6. Жарналарды толықтығын, уақытылы жиналуынПартияның орталық аппараты, филиалдар және БПҰ қамтамасыз етеді.

7. Партияның орталық аппараты жарналарды жинау және есепке алу бойынша партия филиалдарына ұйымдық және әдістемелік көмек көрсетеді, партия Жарғысы мен осы Ережеге сәйкес жарналарды жинау мен есепке алуды мониторингілеу мен бақылауды үйлестіреді және қамтамасыз етеді.


2. Жарналарды есептеу және төлеу тәртібі
8. Партияға қабылданған сәттен бастап, партияға кіру және мүшелік жарналары төленеді.

Партия мүшелері жарналарды ай сайын ағымдағы айдың 15 күнінен кешіктірмей төлейді. Партия мүшесінің қалауы бойынша жарналарды алдын ала күнтізбелік жылдың аяғына дейін төлеуге болады.

9. Ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге ұзақ мерзімді қызметтік іссапарға, оқуға кету) партия мүшесі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде немесе демалыста болған кезде жарналарды төлеуге құқылы.

10. Партияға айдың 16 күніне дейін қабылданса, партия мүшесі ағымдағы ай үшін жарна төлейді. Партияға айдың 16 күнінен кейін қабылданса, жарналар партияғақабылданғаннан кейінгі айдан бастап төленеді.

11. Партияда мүшелігі тоқтатылған жағдайда алдын ала төленген жарналарды аумақтық филиал партия мүшесіне партиядағы мүшелігі тоқтатылған күннен бастап, алдын ала төленген кезеңге дейінгі жарна сомасы осы Ереженің № 1 қосымшасына сәйкес партия мүшесінің жазбаша өтінішінің негізінде қайтарылады, өтініш 20 жұмыс күні ішінде қаралады.

12.БПҰ-да жарналарды қабылдауды оның төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша жауапты тұлға жүзеге асырады.

13. БПҰ төрағасы немесе жауапты тұлға жарналарды қабылдауды осы Ереженің № 2 қосымшасына сәйкес жарналарды төлеу тізімдемесіне (бұдан әрі – тізімдеме) сәйкес жүзегеасырады және қажеттігіне қарай партия мүшесіне осы Ереженің № 3 қосымшасына сәйкес жарналарды төлегені туралы анықтама беріледі.

Аумақтық филиал БПҰ төрағасын номерленген, тігілген тізімдемебланкісімен қамтамасыз етеді.

14. Партия мүшелері жарналарды қолма-қол ақшасыз келесі тәртіпте төлей алады:

1) өздігінен партия шотына банк бөлімшесі арқылы қолма-қол ақшаны аудару жолымен;

2) партия мүшесінің ағымдағы немесе карточкадағы шоттарынан;

3) осы Ереженің № 4 қосымшасына сәйкес жазбаша өтініш негізінде партия мүшесінің жұмыс орны бойынша ұйымның (бұдан әрі – жұмыс беруші) бухгалтериясы арқылы еңбекақысынан.

Бұл жағдайда жұмыс берушінің келісімі бойынша олар жарналары аударылатын партия мүшелері тізімінің (бұдан әрі - тізімі) қосымшасымен төлем тапсырмасын ресімдейді. Жарналарды аудару төлем тапсырмасында келесі көрсетіледі:«Тізім бойынша «Нұр Отан» партиясы мүшелері үшін мүшелік партиялық жарналарды аудару».

Тізімде жарналарын аударып отырған партия мүшелері туралы ақпарат мазмұндалуы тиіс, партия мүшесі партиялық билетінің номері, әр партия мүшесі үшін төленетін жарна сомасы, сондай-ақ жарналар төленетін кезең көрсетіледі.

4) басқа да электрондық төлемдер.

15. Төлемдерді партия мүшелері осы елді мекенде банктік бөлімше болмаған жағдайда, партия мүшесінің ағымдағы немесе карточкадағы шоты болмаған жағдайда, жұмыс беруші жарналарды аударудан бас тартқанда, партия мүшесі өздігінен жұмыс істегенде және жоғарыда айтылғандар мүмкін болмаған басқа да жағдайларда есепке алу орны бойынша тізімдемегесәйкес БПҰ-ғақолма-қол ақшамен төлей алады.

БПҰ төрағасы ай сайын келесі айдың 10 күніне тізімдеменіңтүпнұсқасын аумақтық партия филиалына береді.

16. Жарналарды есептеуді ай сайын жүргізеді.

17. БПҰ төрағасы жарналарды есептеуді партия Жарғысына және осы Ережеге қатаң сәйкестікте қамтамасыз етуге міндетті.

18. Партия мүшелерінің жарналарды төлегенін растайтын құжаттар төлем жүргізілген кезеңдегі тізімдемеге тіркеледі.


3. Жарналарды төлеуден түсетін ақшалай

қаражатты аудару тәртібі
19. Жарналарды есепке алу және бөлу үшін Орталық аппарат партияның бірыңғай банкілік шотын ашады.

20. Жарналарды есепке алу үшін аймақтық филиалдар партияның арнайы банкілік шотын ашады.

21. БПҰ төрағасы ағымдағы айдың 25 күнінен кешіктірмей жарна түрінде түскен қолда бар ақшалай қаражатты банк бөлімшесі немесе «Қазпошта» АҚ арқылы аймақтық партия филиалының банкілік шотына аударады.

Жарналарды аудару бойынша банк комиссиясының шығындары жарна сомасының есебінен партияға жатқызылады. БПҰ төрағасы жарнаны банк комиссиясын құрайтын соманы шегере отырып аударады.

22. Жарналарды төлеуден түсетін ақшалай қаражат аймақтық филиалдың арнайы банкілік шотында әр айдың 30 күніне дейін жинақталады және сол күні шотқа жинақталған жарналар Партия орталық аппаратының бірыңғай банкілік шотына аударылады.

Аймақтық филиалдардың жарналарын есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес Орталық аппарат белгілейтін бухгалтерлік есептің бірыңғай шоты қолданылады.

Аймақтық филиал жарналардың есебін бөлек жүргізеді және оларды өз қажеттіліктеріне қолдануға құқығы жоқ.

23. Партия орталық аппаратының, филиалдарының және БПҰ тиісті лауазымдық тұлғалары белгіленген тәртіпте жарналардан жинаудан түскен ақшалай қаражаттың сақталуын қамтамасыз етеді.


4. Есепке алу және есептілік
24. Жарналарды қолма-қол ақшасыз төлеген кезде партия мүшесі бес жұмыс күні ішінде БПҰ төрағасына жарналарды төлегенін растайтын құжатты ұсынуға міндетті.

25. Жұмыс беруші тізім бойынша партия мүшелеріне жарналарды қолма-қол ақшасыз төлеген жағдайда БПҰ-ның сұрауы негізінде жұмыс берушінің бухгалтериясы осы Ереженің № 5 қосымшасына сәйкес БПҰ-ға жарналарды төлеу туралы жиынтық ақпаратты ұсынуы мүмкін.

26. БПҰ төрағасы ай сайын 30 күнге дейін тиісті аумақтық партия филиалына осы Ереженің № 6 қосымшасына сәйкес ағымдағы айдағы жарналарды төлеу туралы есепті және тізімдемесінің көшірмесін ұсынады.

Жарналарды қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде есепке партия мүшелерінің жарнаны төлегенін растайтын құжаттар қоса беріледі.

Еңбекақы бойынша есеп айырысу-төлемтізімдемесі, партия мүшелері тізімінің қосымшасымен төлемдік тапсырмасы, партия мүшесінің карточкалық немесе ағымдағы шотының дербес шотынан үзіндісі жұмыс берушінің мүшелік жарналарын ай сайын төлеуін растайтын құжаттар болып табылады.

27. Аумақтық партия филиалы ай сайын 5 күнге дейін осы Ереженің № 7 қосымшасына сәйкес өткен айдағы тиісті БПҰ жарналарын төлеу туралы жиынтық есепті тиісті аймақтық партия филиалына ұсынады.

28. Аймақтық партия филиалы ай сайын 10 күнге дейін осы Ереженің № 8 қосымшасына сәйкес өткен айдағы тиісті аумақтық партия филиалдарының жарналарды төлеуі туралы жиынтық есепті тиісті Партияның орталық аппаратына ұсынады.

29. Жарналарды төлеу туралы жиынтық есепке партия филиалының төрағасы немесе төрағаның бірінші орынбасары қол қояды.

30. Аумақтық партия филиалында тізімдемелерінің түпнұсқасы қатаң есептіліктегі құжат ретінде істер номенклатурасының мерзіміне сәйкес тиісті салықтық есептілігін тапсырудың қуыну мерзімі өткенге дейінсақталады.

31. Аймақтық, аумақтық партия филиалдарында қаржылық құжаттарды есепке алу мен сақтауды ұйымдастыру-бақылау жұмысы жүктелген жауапты қызметкер қамтамасыз етеді және белгіленген тәртіпте тиісті партия филиалының мұрағатына тапсырады.


5. Жарналардың толықтығын, уақытылы

берілуін және есепке алынуын бақылау

және мониторинг жүргізу
32. Аумақтық партия филиалы БПҰ-ға жарналардың жиналуына, төленілуіне,сондай-ақ аймақтық филиалдың банкілік шотына жарналардың толық, уақытылы түсуіне, есептелуіне мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.

Тоқсан сайын есеп беретін тоқсаннан кейінгі келесі айдың 10 күніне БПҰ төрағасы салыстыру актісіне қол қоя отырып, аумақтық партия филиалымен жарналар бойынша салыстыруды жүзеге асырады және ол аймақтық филиалдың жауапты тұлғасына беріледі.

33. Аймақтық партия филиалы тиісті аумақтық партия филиалдарында жарналардың жиналуына, төленілуіне, партия бюджетіне жарналардың толық, уақытылы түсуіне, есептелуіне мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.

Жарты жылда бір рет Партияның орталық аппаратына мониторинг пен бақылаудың қорытындылары және анықталған кемшіліктерді жою мақсатында қабылданған шаралар бойынша аналитикалық талдауды ұсынады.

34. Аймақтық және аумақтық партия филиалдарын жедел бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жарналардың толық, уақытылы түсуіне талдауды жүргізеді, оның қорытындысы бойынша материалдар партиялық бақылау комиссияларының отырыстарында қаралады.

35. Бақылау-тексеру комиссиялары аймақтық және аумақтық партия филиалдарында және БПҰ-да жарналардың толықтығы мен уақытылы түсуін, есепке алу мен пайдалануын бақылау мен тексеруді жүзеге асырады.

36. Партия орталық аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысына жауапты құрылымдық бөлімшесі аймақтық партия филиалдарындағы партия бюджетіне жарналардың есептелуі мен уақытылы түсуіне мониторингті жүргізеді.

Жарты жылда бір рет Партия орталық аппаратының басшылығына мониторинг пен бақылаудың қорытындылары және анықталған кемшіліктерді жою мақсатында қабылданған шаралар бойынша аналитикалық талдауды ұсынады.

Орталық аппараттың бюджетке жауапты құрылымдық бөлімшесі ай сайын Партия орталық аппаратының басшылығына ақпарат ұсыну және тиісті салыстыру актісіне қол қою арқылы жарналарды аудару бойынша аймақтық партия филиалдарымен салыстыруды жүргізсін.

37. Партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясы партия бюджетіне жарналардың толық, уақытылы түсуінежәне олардың есепке алынуына жалпы бақылауды жүргізеді.

38. Партияның орталық аппараты қажет болған жағдайда партияның аумақтық филиалдарынан және БПҰ-дан жарналарды жинау мен есепке алуға байланысты кез-келген ақпаратты сұратады.

39. Жарналарды есептеуді, түсуін, есепке алуды және пайдаланылуын бақылау партияның ХІІ съезінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 1-3 қаулысымен бекітілген «Нұр Отан» партиясы Бақылау-тексеру комиссиясы туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.


_____________

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет