Нарықтық инфрақұрылым: мәселенің теориялық – әдістемелік аспектісі



жүктеу 53.53 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі53.53 Kb.
Нарықтық инфрақұрылым: мәселенің теориялық – әдістемелік аспектісі

Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі болып оның инфрақұрылымы жатады. Инфрақұрылым – бұл институттар ( ұйымдар, фирма, мекемелер) жиынтығынан тұрады және оның мән - мағынасы нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді.

Нарықтың инфрақұрылымының элементіне – тауарлық , қор биржасы, еңбек биржасы, делдалдық және маркетингтік қызметтер , ақпараттық жүйелер , коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондер, жәрмеңкелер және т.б. жатады.

Нарықтық экономиканың бой көтеруі нарықтық инфрақұрылым негізгі элементтерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Құрылған обьектілер қалыпты экономикалық рыноктың қызметін қамтамасыз етуге тиіс. Оларға:

- топтасқан тауарларды көтерме сауда жасау үшін сауда биржасы;

- бағалы қағаздарды саудалау үшін қор биржасы;

- өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын сату үшін коммерциялық көтерме сауда кәсіпорындары;

- акционерлік кәсіпорын мен бірлестіктер қаржысына құрылған қоймалар, элеватор, тоңазытқыш, транспорт шаруашылықтары;



Дамыған нарықты инфрақұрылым кәсіпкерліктің барынша пайдалы бағыттары мен нысандарын іздеуді едәуір жеңілдетеді. 
Көтерме сауда-бұл бір фирманың екіншісіне тауарлардың ірі партиясын сатуы. Сауда және өнеркәсіп кәсіпкерлері мен сауда-коммерциялықтардың арасында,сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарымен жүргізіледі.Әдетте бұл дәстүрлі көтерме сауда орталықтарында жүзеге асады: арнайы көтерме нарығында, жәрмеңке, аукцион және тауар биржаларында. АҚШ-да 420 мыңға жуық көтерме сауда орталықтары бар және олар жалпы көлемі екі триллион доллардан астам сауда көлемін жүргізеді. 
Көтерме қызметті ұйымдастырудың жалпы үш категориясы бар: өндірушілердің көтерме қызметі; өз бетінше іс-әрекеттегі коммерциялық ұйымдардың көтерме қызметі; өз бетінше іс-әрекеттегі коммерциялық ұйымдардың көтерме қызметі; агент пен брокерлер арқылы көтерме қызмет. 
Көтерме сауда-бұл тұтынушыға тікелей көтерме саудагерлердің тауарды саудагерлердің тауарды сатуы. 
Сауданың ең маңызды объектілеріне өз ассортиментті арнайы магазиндер, сондай-ақ универсам, универмаг, кең профилді универсамдар жатады. Соңғы аталған объекті қалыпты универсамның сауда көлемі мөлшерінен асып түседі және сатып алушыларды тамақ өнімдерімен толық қанағаттандыруға арналады. Сонымен қатар сауда кешендері бар, олар өздеріне универсам мен бөлшек қойма –магазиндерін ендіреді. Бөлшек сауда саласында дүкеннен басқа әртүрлі қызмет көрсететін бөлшек кәсіпорындар да жатады: клуб, мейманхана, асхана, шаштараз, киім тазарту мекемесі т.б.
Бағалы қағаздар сауда-саттығының орталығы қор биржасы болады. Бұл тұрақты жұмыс істейтін, тәртіптілікті катаң сақтайтын қаржы мекемесі немесе сатушы мен сатып алушы белгілі уақытта бір-бірін табатын тұрақты орын. Биржалық комиссия экспертизасынан мұқият өткен, айналымға шығарылып, оны реттеп отыратын қағаздарды қайта сатады. Сөйтіп қор биржасы екінші аталатын бағалы қағаздар нарығына қызмет жасайды. Қор биржасы нарықты зерттеу және сегменттеудің негізгі элементі бола отырып, уақытша босаған ақша қорларын бағалы қағаздар арқылы сатуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ компаниялардың акциясы мен облигациясына нарықты құнды белгілейді. Бағалы қағаздарды биржада сату мен сатып алу биржалық курс негізінде жүзеге асады. 
Биржалық курс дегеніміз-қор биржасы айналымындағы бағалы қағаздың сатылу бағасы. Биржалық курс дивиденд көлеміне тікелей, ал қарыз пайызының мөлшеріне кері байланысты болады. Биржалық курстың кәдімгі акциясы облигация мен жеңілдетілген акцияға қарағанда көп болады. Оның табыс деңгейі алдын-ала белгілі емес, себебі конъюктураның тербелісіне ұшыраған. Тіркелген биржалық курс биржалық бюллетенде жарық көрі, мерзімді басылымда қайта шығарады. Мұндай курс сұраным мен ұсынымға байланысты және оған төленетін дивиденд мөлшерінің әсері де ықпал етеді. 
Қор биржасы көп жағдайда жабық болады. Себебі қор саудасында қор мүшелері ғана қатыса алады. Қор мүшелері маклер мен диллерге бөледі. Олар табысының бір бөлігін биржада клиенттер тапсырмасын орындап, делдалдық операция жасау арқылы табады. Биржа мүшелерінің құрамынан биржа комитеті сайланып, арнайы комиссия ұйымдастырылады. Комиссия бағалы қағаздарды биржа операциясына жіберу туралы шешім қабылдайды. 
Бағалы қағаздар-иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын мүліктеріне қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ. 
Бағалы қағаздардың түрлері келесі: 
- депозиттік сертификат; 
- жинақтық сертификат; 
- чек; 
-вексель; 
-аудармалы вексель (тратта); 
-акция; 
-облигация.

Қазақстандық шаруашылық жүйесінде инфрақұрылымның роліне үлкен мән берілмесе де, «инфрақұрылым» экономикалық категориясы ғылыми және шаруашылық айналымға ертерек және берік енген еді. Инфрақұрылымның мәні, мазмұны, қызметтер, құрылымы және басқа да маңызды бөліктері ғалым-экономистермен зерттелуде.

«Инфрақұрылым» түсінігі, латын сөзінен шыққан infra-төмен, structure-құрылыс, орналасуы деген сөзді білдіреді. Қанша адам болса, сонша пікір болатынындай «инфрақұрылым» экономикалық терминін алғаш енгізген Х.Зингер (ХХғ. 40-жылдарында) деген мәліметтер де бар, өйткені Х.Зингер енгізген «overheadal capital» термині аударғанда инфрақұрылым деген мғынаны білдіреді. Кейбір зерттеулерде бұл түсінікті шаруашылық айналымға алғаш рет 1955 жылы амарикалық ғалым П.Н.Розенштейн-Родан енгізген деп беріледі. Осы ғалымнан бастап, батыстық теоретик-экономистер инфрақұрылымды экономиканың негізгі салаларындағы жеке капитал айналымын қамтамасыз ету мен тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті қоғамдық өндірісті дамытудың жалпы шарттары ретінде түсіне бастады.

Бірақ аталған зерттеушілерге дейін, инфрақұрылымның экономикалық сипаттамасын негізінен алғаш рет К.Маркс өз еңбектерінде берген. Ол инфрақұрылымды дамудың қоғамдық процестерінің жалпы шарттарының бөлігі ретінде немесе жалпы еңбек құралының бөлігі ретінде қарастырды.

Кеңестік экономикалық әдебиеттерде де инфрақұрылым мәселелеріне айтарлықтай мән беріледі. «Инфрақұрылым өзінің табиғатында қоғамның өндіргіш күштерінің

Инфрақұрылым - бұл кез-келген тұтас экономикалық жүйенің міндетті компоненті болып табылады.

Рыноктық қатынастарға өтуде экономикалық әдебиеттерде инфрақұрылымның өндірістік, әлеуметтік түрлеріне тағы бір бөлік рыноктық инфрақұрылым қосылды. Инфрақұрылым:


  • өндірістік;

  • әлеуметтік;

  • рыноктық.



Қолданылған әдебиеттер тізімі



  •  

  • 1. Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә., Макроэкономика Алматы -2003ж 23-28б

  • 2. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О., Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері 2002 202 б.

  • 3. Осипова Г.М., Экономикалық теория негіздері  Алматы-2002ж 123б.

  • 4.http://refa.kz/load/tegin_azasha_referattar/ehkonomika/nary_ty_infra_rylymy/21-1-0-1907


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет