Нарықта үстемдік етудің критерийлері мен шарттары Нарық



жүктеу 80.56 Kb.
Дата10.04.2017
өлшемі80.56 Kb.
Нарықта үстемдік етудің критерийлері мен шарттары

Нарық тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы эконмикалық қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері – құн, баға, бәсеке,сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экон. қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған. Сұраныс пен ұсыныс заңы осыны жүзеге асыру нысаны ретінде әрекет етеді, оның іс-әрекеті айырбастың баламалылығын, ақша және тауар ағынының, төлем қабілеті ағынының, төлем қабілеті бар сұраныс пен ұсынылатын тауарлардың (қызметтердің) ара салмағын айқындайды. Нарық қатысушылардың бәрін, бір жағынан, бәсекеден, банкроттықтан, т.б. туындайтын экономикалық мәжбүрлеу арқылы, екінші жағынан, материалдық ынталандыру (пайданы молайту, т.б.) жолымен тауарлар мен қызметтердің жоғары сапада болуына, өндіріс шығынын азайтуға, тұтынушыларды ойдағыдай қанағаттандыруға бағдарлайды. Нарыққа тауар өндірушілердің тәуелсіздігі, олардың толық дербестігі, тауарлардың бағасын еркін белгілеуі, тұтынушылар мен жеткізушілерді еркін таңдауы, тауар өндірушілердің, сатушылардың өткізу бәсекелестігі тән. Мемлекет нарықтық қатынастарды ретке келтіру, шаруашылықты жүргізудің нарықтық нысандарының теріс зардаптарын барынша азайту, халықтың жекелеген топтарын әлеум. жағынан қорғау шараларының кешенді жүйесін әзірлеп, жүзеге асырады. Мұндай реттеу нысандары құрылымдардың (биржалардың, жәрмеңкелердің, жарнамалық және басқа агенттіктердің) жұмыс істеуі ережелерін белгілейтін заңдық және басқа нормативтік актілер жатады. Бағаны мемлекеттің реттеп отыруы, тауарлар мен қызметтердің кейбір түрлеріне тұрақты баға белгілеу немесе жәрдем қаражат белгілеу нарықтың жұмыс істеуіне айтарлықтай ықпал жасайды. Тауарлар нарығы тікелей тауар айналысы, ақшаны тауарға және тауарды ақшаға айырбастау саласы нарықтық жүйенің өзегі болып табылады. Нарық — бұл демократиялық құрал , онда әрбір тұтынушының дауыс құқығы бар. Мемлекеттік артықшылықтар, жеңілдіктер, коррупция және тыйымдармен шектелмеген нарық жүйесінде байлыққа жетудің бірден бір жолы бар. Ол — тұтынушылардың талап-мұқтаждарын дер кезінде аңғарып, оларды өтеу мақсатында тынбай еңбек ету. Мәдениет нарықтық қоғамда оның әрекеттік принциптерінен тыс тұра алмайды, тіпті мәдениеттің өзі тауарға айналып кетуі мүмкін. Құндылықтың нарықтық ұғымы, айырбас құндылығының тұтынушы құндылықтан жоғары болуы, құндылықтың осыған ұқсас адамға қатысты, айталық адамның өзін өзі бағалауына байланысты ұғымының пайда болуына әкеліп соқты. Өзін өзі тауар, ал өзіндік құндылық айырбасқа қатысты есептейтін мінез-құлық бағдарын нарықтық адам бағдары деп сараптайды. Соңғы жылдары «тұлғалық базар» деп аталатын әлеуметтік құбылыс қалыптасқан.


Жетілген бәсеке:


Жетілмеген бәсеке:

Таза бәсеке

Монополистік бәсеке

Олигополия

Таза монополия

Анықтамасы

Нарықта сатушы фирмалардың саны көп бір-тектес тауар, бірде бір фирма бағаға ықпалын жүргізе алмайды

Нарықта сату-шылардың саны көп, тауарлары әртектес

Нарықта бірнеше ірі фирмалар билік жүргі-зеді. (егерде екеу болса дуополия)

Нарықта бір ғана сатушы билік жүргізеді, бағаға ықпалы өте күшті

Фирмалардың саны

Өте көп

Көп

Бірнеше

Бірғана

Тауардың түрі

Біртектес

Әртектес

Жеке дара

Алмастыратыны жоқ біртектес

Бағаға бақылау

Болмайды

Орташа

Орташа

Мемлекет тарапынан бақылау болады.

Салаға кіруге кедергілер

Ешқандай қиыншылық жоқ

Ешқандай қиыншығы жоқ

Салаға кіруге кейбір қиын-шылықтар болады

Кіру өте қиын

Бағалық бәсеке

Болмайды

Өте жоғары деңгейде болады

Орташа деңгейде болады.

Болмайды

 

Мемлекет пен нарық өз мәнінде экономиканың «екі қолы» іспеттес, осы мағынада олар бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның сол қолы мен оң қолы өздігінен, еркін бірігіп қызмет атқаратыны сияқты, мемлекет пен нарық та салыстырмалы түрде бір - біріне тәуелсіз, бірақ ортақ мақсаттар үшін қызмет етеді. Бұрынғы социалистік елдерде, әсіресе Қазақстанда жоғары монополистік құрылымнан бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік құрылымға көшу үшін үлкен жұмыстар атқарылды. Мемлекет иелігінен алу немесе мемлекеттен сатып алу деген атқа ие болған бұл құбылыс шешімі оңай мәселе емес. Осы үдеріске қарқын беру мақсатымен «КСРО-да монополистік қызметті шектеу туралы» (шілде, 1991 жыл) КСРО Заңы қабылданған болатын. Мұндай заң Қазақстанда да өз күшіне енді. Заңда бәсеке қажеттігі, оны қорғау мен мүдделендіру идеясы нақты көрсетілген. Құжатта: «Нарықта үстемдік етуші шаруашылық субъектілері өз жұмыстары барысында бәсекеге тыйым салып немесе басқалай шаруашылық субъектілерінің заңды мүдделерін дамытуға кедергі жасайтын болса, олардың іс-әрекетіне тыйым салынады» деп жазылған. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің басты міндеттеріне меншік құқығын жүзеге асыру және жасалған шаруашылық келісімдерді қамтамасыз ету мен қорғау, монополияға қарсы саясат жүргізу арқылы нарықтық бәсекеге жәрдемдесу, қоғамға пайдалы салық және ақша саясатын жүргізу, әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту, инфрақұрылымның негізгі салаларының дамуына көмектесу және т.б. Қалыпты нарықтық экономикада барлық кәсіпорындар әрдайым бір-бірімен бәсекелік күрес жағдайында болады. Сондықтан өтпелі кезеңде бәсекенің пайда болуына қажетті алғышарттарды жасау қажет. Біріншіден, кәсіпкерлерге жаңа фирмалар ашуға мүмкіндік беретін және оларды ынталандыратын жаңа заңдар жасалуы керек. Екіншіден, кәсіпорындарды жекешелендіру үдерісінде бәсекелі нарықтарды қалыптастыруды алдын ала болжау мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Үшіншіден, елдің ішкі рыногы шетел кәсіпкерлері үшін ашық болуы тиіс. Төртіншіден, бәсекені ынталандыратын және монополиялар мен баға жөнінде өзара, құпия келісімдерге тыйым салатын заңдар шығуы қажет. Нарықтық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек нарықтық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлі табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде де бөлінетінін байқадық. . Нарықтық құрылымдарға өту ісінде мемлекеттің күшті әсері болуы қажет, өйткені, қалыптасқан тәжірибе негізінде, экспорттық және импорттық тауарлар мен қызмет көрсетулер тобының оптималды мөлшерін табу маңызды. Бұл мәселелерді жоғары технологиялық экономикаға өту кезеңі ретінде қарастырсақ онда болашақты қамтамасыз етудің тиімді әдісі – бүгінгі шикізат экспортынан түскен пайданы, халық тұтыну тауарларын сатып алуға емес, техникалық прогресті инвестициялауға қажет. Бұл инвестициялар болашақта Республика экономикасы мен оның халқының жоғары өмір деңгейінің негізін қалайтын болады.

Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі мәселесін толығырақ бағалау үшін оның критерийлері (өлшемдері) мен көрсеткіштеріне баға беру керек. Келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

Бірінші критерий кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігі. Осы критерий бойынша кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалау мынадай көрсеткіштер тобын қарастырады: өндірістік үрдістерді басқару тиімділігі; өндірістік шығындардың үнемділігі; негізгі еңбекті ұйымдастыру; өнімді өндіру; технологияның жетілгендігі.

Кәсіпорынның бәсекеге қабелеттілігінің екінші критерийі кәсіпорынның қаржылық жағдайы, яғни: мүліктік жағдайды бағалау; кәсіпорынның өтімділік және қабілеттілік көрсеткіштері; қаржы тұрақтылығы көрсеткіштері; іскерлік-белсенділік көрсеткіштері; кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиже көрсеткіштері.

Үшінші критерийіне тауар қозғалысы мен өткізуді ұйымдастырудың тиімділігі. Бұл критерий келесі көрсеткіштермен сипатталады: дайын өнімнің жиналып қалу коэффициенті; сату рентабельділігі; өндірістік қуаттарды жіктеу коэффициенті; жарамдылықтың тиімділігі. Отандық нарықта ішкі өндірушілердің үлесін арттыру, оларды сыртқы бәсекелестердің теріс пиғылды бәсекеге әрекеттерінен қорғау, әлемдік нарықта өз орнын табуға бағытталған ынталарын жан-жақты қолдау сынды әрекеттер мемлекетіміздің осы сала кәсіпорындарына жасайтын қамқорлығына өзек болуы тиіс. Саяси экономикалық мағынада нарық — айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды.

Сонымен нарық дегеніміз не? Бұл сауалға бірден жауап берудің өзіндік қиындығы көп. Нарық бұрын — соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі, бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл — әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.  Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.     Нарық — өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.

Нарық — бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.



Нарық — тауарларды сатып алу және сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы. Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет