Мусабекова Г. К. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. Шойынбаева Ғ. А



жүктеу 95.71 Kb.
Дата22.01.2017
өлшемі95.71 Kb.
Мусабекова Г.К.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Шойынбаева Ғ.А.

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ӘӨЖ. 1(091)

М79

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді [1,95 б].  Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Жалпы технология, ақпараттык және компьютерлік технология дегеніміз не? Соларға жауап бере кетелік. Анықтама бойынша технология дегеніміз — материалды өңдеу үрдістерінің жиынтығы, немесе материалды өңдеу тәсілдері туралы білім жиынтығы. Мағынасы бойынша технология дегеніміз — түрлендіруді жүзеге асыруга мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл бізге «технология» түсінігін тек материалды өндіріс сферасында ғана емес, сонымен қоса адам іс-әрекетінің басқа да сферасында да, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік береді. Оқыту теориясында «технология» ұғымының үш жүзге жуық анықтамасы бар екенін айту жөн. Ақпараттық технологияның арқасында әрбір тәлімгердің тек дәстүрлі ақпарат көздерімен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар [2,59 б]. «Ақпараттық технология» деген терминді В.Тлушков енгізді. ол оған былай анықтама береді: «Ақпараттық технология дегеніміз-ақпаратты өндеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз-ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық технология дегеніміз - ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы». Д.Матрос «жаңа ақпараттық технология» ұғымын қарастыра отырып, кез келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты тәлімгерлер, оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді, яғни, оның анықтамасы бойыңша, кез келген педагогикалық технология дегеніміз — бұл ақпараттық технология. Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану нәтижесі «компьютерлік технология» терминінің пайда болуына әкелді. Бірақ та есептеуіш техниканың белсенді түрде дамуы және жаңа аппаратты, бағдарламалық құралдардың пайда болуы компьютерді қолдану аясын кеңейтті. Білімді ақпараттандыруды оқытушылар мен студенттер мәліметтер және білім базасында, электронды мұрағаттарда, аныктамаларда, энциклопедияларда белсенді түрде жұмыс істеуі деп анықтауға болады.

«Технология» ұғымының (мағынасының) өзі өнеркәсіптік өндірісте қолданылады және өндіріс үрдісінде өнімді әзірлеу тәсілдерінен және өзара байланысқан материалдарды өңдеу жүйесі ретінде анықталады [3,126 б]. Әдістер жүйесі техникалық құралдарды пайдалану негізінде ақпараттық жинау, жіберу, өндеу, жинақтау. сақтау тәсілдерін қолдану арқылы ақпараттық технологияны анықтаймыз. Ақпараттық технологиялар ақпараттық үрдістердің әр қилылығына байланысты мынандай технологияға жіктеледі:

ақпаратты жинау;

– ақпаратты жеткізу;

– ақпаратгы өндеу;

– ақпаратгы жинақтау;

– ақпаратты сақтау;

– ақпаратты ұсыну;

ақпаратты паидалану;

– ақпаратты қорғау.

Нақты ақпараттық технологияны жүзеге асыру үшін мынадарды орындау қажет:

– ақпараттық үрдістің өзін жүзеге асыратын тиісті техникалық құралдардың кешені;

– техникалықкешенмен басқару құралдарының жүйесі;

– техниқалық құалдардың барлық іс-әрекеттерінің жүзеге асырылуын байданыстыратын ұйымдастырушылықты әдістемелік қамтамасыз ету.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде білімгердің жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

ХХІ ғасырда әлем өркениеті жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл кезең кез-келген мемлекеттің даму деңгейін табиғат ресурстарымен емес, интеллектуалдық, шығармашылық потенциалымен, ғылымда жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру, өндіру жетістіктерімен анықтайды. Осы тұрғыда білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру ақпараттық білім кеңістігін қалыптастыруға алып келеді.



Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Философия – бұл адамзат мәдениетінің өзіндік санасының тарихы. Философия – бұл адам болмысының іргелі принциптері мен негіздері туралы, адамның табиғатқа, қоғамға және барлық негізгі көріністерінде алынғандағы рухани өмірге қарым-қатынасының ең жалпы мәнді сипаттары туралы білімдер жүйесін талдайтын дүниені танудың айрықша формасы. Философия - қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ол-үнемі дамып, адамзат ақыл-ойының жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Сондықтан бұл пәнді дүние жүзі өркениетті елдерінің бәрі де бағалайды. Философия пәні дүние жүзіндегі барлық оқу орындарында оқылады. Философия – алдымен жалпылық ғылым. Бұл әсіресе қазіргі ғылымдарға қажет. Өйткені философия ғылымдардың басын біріктіретін, белгілі теорияға негіздейтін жалпылық ғылым. Ол әрбір жеке ғылымдардың бәріне тән заңдылықтарды зерттейді, топтастырады, әрқайсысының дүниетанымдағы, оны өзгертудегі алатын орнын көрсетеді. Сөйтіп, жалпылық ғылым нақты ғылымдарға жетекшілік, методологиялық рөл атқарады. Гректің әмбебап философы Аристотель шығармаларында «бірінші философия» деген сөз негізгі, іргелі ғылымның синонимі ретінде қолданылған. Философия тарих көшінің өне бойында әлем мен адам туралы ең күрделі сұрақтарға жауап іздейтін ғылым ретінде қарастырылды. Әрине, бұл жай ғана кездейсоқтық емес, өйткені философиялық ойлау бастапқы кезінен бастап – ақ адамзаттың танымдық тәжірибесін жинақтай отырып, адам, оның төңірегіндегі барлық күрделі мәселелерге жауап іздеуге тырысты. Сондықтан, көптеген философтардың кең өресі, жоғарғы эрудициясы мен ойлау мәдениеті болған. Философияның пайда болуының негізгі себебі – танымның жеке түрлерінің (математика, астрономия тағы басқалары) адам мен әлем туралы біртұтас – білім жүйесін жасай алмауы. Оның шығуына ертедегі қоғамда дін мен мифологияға қарама – қарсы рационалдық таным жүйесінің қажеттігін түсіну де әсер етті. Философия - әлем туралы және ондағы адамның орны туралы жалпы ілім. Ол адам мен әлем байланысын қарастыра отырып, әлемді танудың, оны өзгертудің жалпы заңдылықтарын зерттейді.

«Жас ұрпақ тәрбиесі жаңа технологияның ғаламдық қамту үрдісінің күшті ықпалында. Жаңа технологиялар ықпалынан біз зиян шекпеуіміз керек. Керісінше, оны игілігімізге асыруымызға әрекет, жұмыс жасауға міндеттіміз., – деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауында өз сөзін жалғастыра келе: – Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! Сондықтан мемлекеттік құзырлы орындар жастардың жаңа өмірге деген ынтасын, құштарлығын ынталандырып, оларға өз болашағына, тағдырына жауапкершіліктерін арттыру шараларын үздіксіз, үнемі жүргізіп тұруымыз қажет»,- деп жастарға үлкен сенім білдірді. Сондықтанда, жаhандану заманында жастардың дүниетанымына, олардың азаматтық ой санасының қалыптасуында философияның маңыздылығы арта түспек. Философия категориялары мен философия тарихы - көне дәуір көрінісі, түрлі дәстүр ауқымы, талпынған ойдың өрнегі мен өрісі, жаңа әдісті әрекет пен даналықтың үлгісі. Оның үйретері мол, одан үйренгендер де мол. Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосар білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін, тарихын оқып-үйрену өте қажет. Ал, философия пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабы. Философия-әмбебап ғылым ретінде ауқымды, кең сарынды екені сөзсіз, сондықтан да ақпараттық технологиялар философия пәнін оқытуда жүйелеуге септігі тиеді.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер). Философия сабағында арнайы бейне сабақтар, бейне сұрақтар, флипчарт, мультимедиалық өнңмдерді қолдану білімгерлердің философия сабағына деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады [4,221 б]. Ұлттық философияның атасы Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерін жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек»- деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.

Философия пәнін оқытуда жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі болып саналады Осындай жаңа жолдарының біріне заман талабына сай ХХІ ғасырдағы ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технологиясы арқылы пән үйретуді жатқызуға болады. Білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес. Соның бәрі компьютер, интернет, мультимедиялық құралдар және интерактивтік тақта көмегімен болмақ. Философия сабақтарында ақпараттық оқыту жүйесінің жобалау технологиясын қолданудың ерекшелігі: білімгердің танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.

Ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі білім саласын ақпараттандыру болып табылады. Қоғамымызды құрайтын тұрғындардың ой-еңбегінің жемісі болып табылатын ақпараттық ресурстарды күнбе-күн пайдалану ісі қарқындап дамып келе жатқан өскелең ұрпақты ізденісі мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек екендігін анықтап отыр.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз берілетін білім сапасын арттыруды жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі технологияларды тиімді жаңа типті ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды дамыту мен нақты түрде практикада жүзеге асыру шаралары болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген [5,25 б]. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. 


Философия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыруға септігі тиеді. ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы білімгердің философиялық-дүниетанымдық ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. 


Әдебиеттер тізімі


1.С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж. 
2.Т.Жұмажанова, С.Дүйсебаев, Ә.Мамырова, З.Көпбаева, «Қазақ әдебиетінің» әдістемесі. Алматы «Білім», 2003. 
3.А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000

4. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.



5. Информационные технологии. – Москва, 2005.

Аннотация.В этой статье расcматриваются эффективность информационной технологии в преподовании философии.
Аnnotation. In this article are considered efficiency of information technology in teaching philosophy.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет