Мрнти: 10. 79. 01 Қылмыстық қудалау қылмыстық процестің негізгі функция ретінде

Loading...


Дата07.09.2017
өлшемі100.64 Kb.
МРНТИ: 10.79.01

УДК: 347.137.


Қылмыстық қудалау – қылмыстық процестің негізгі функция ретінде
Кенжибекова Э.П. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институты қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. email. danaestai@mail.ru
Аңдатпа
Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік заңнамасына сай қылмыстық қудалау органы қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында құқық бұзушылықтар белгілерін тапқан әрбір жағдайда өз құзыреті шегінде құқық бұзушылық оқиғасын белгілеу, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі адамды әшкерелеу, оларды жазалау үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға, сол сияқты кінәсіз адамды ақтау үшін шаралар қолданады.

Қылмыстық қудалау - бұл қылмыстық процесс функцияларының негізгі ұраны, ол тергеушімен, анықтаушымен, айыптаушымен (прокурормен) немесе жәбірленушімен жүзеге асырылады. Ол қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды әшкерелеу, қоғамға жасаған қылмыстың ауырлығын анықтау шараларын қамтиды.

Кілт сөздер: процесс, қудалау, қылмыстық қудалау, функция, прокурор, айыптау тарабы, мәжбүрлеу, адам құқықтары, күштеу, еркінен тыс, міндеттеу, санкция, классификациясы, заңды мүдделер, әдістер.

Уголовное преследование – как из основных функции в уголовном процессе

Кенжибекова Э.П. - к.ю.н., старший преподователь кафедры уголовно-правовых

дисциплин Института истории и права КазНПУ им Абая

email. danaestai@mail.ru
Аннотация
В соответствии уголовно-процессуальному законодательству - уголовное преследование (обвинение) - процессуальная деятельность, осуществляемая стороной обвинения в целях установления деяния, запрещенного уголовным законом, и совершившего его лица, виновности последнего в совершении уголовного правонарушения, а также для обеспечения применения к такому лицу наказания или иных мер уголовно-правового воздействия.

Уголовное преследование – деятельность, осуществляемая прокурором, следователем, органом дознания, лицом, производящим дознание, с целью изобличения на основе собранных доказательств подозреваемого, обвиняемого в совершении преступления. Уголовное преследование подозреваемого в совершении преступления именуется подозрением, а уголовное преследование обвиняемого – обвинением. Начальным моментом уголовного преследования является вынесение постановления о привлечении лица в качестве обвиняемого или задержание, либо применение меры пресечения до предъявления обвинения.

Ключевые слова: процесс, преследование, уголовное преследование, функция, прокурор, обвинительная сторона, принуждение, права человека, против воли, обязывать, санкции, классификация, законные интересы, методы.


PROSECUTION - AS OF THE MAIN FUNCTIONS IN THE CRIMINAL PROCESS
Kenzhibekova E.P.- Ph.D., senior lecturer of the department of criminal law disciplines of the Institute of History and Law email. danaestai@mail.ru

Abstract
According to the criminal procedure law - criminal proceedings (prosecution) - procedural activities carried out by the prosecution to establish the acts prohibited by criminal law, and the perpetrator is guilty of the latter in the commission of a criminal offense, as well as to ensure the application of such person punishment or other measures of criminal law.

Prosecution - activities carried out by the prosecutor, investigator, body of inquiry, the person conducting the inquiry, with a view to exposing, based on the collected evidence a suspect accused of a crime. The criminal prosecution of a suspect of a crime referred to suspicious and criminal prosecution of the accused - the prosecution. The starting point of criminal prosecution is the issuance of the decision on the person as an accused or detained, or the application of preventive measures before charges are brought.

Keywords: process, harassment, criminal prosecution function, the prosecutor, the indictment side, coercion, human rights, against their will, to oblige, sanctions, classification, legal interests and methods.
Қылмыстық сот өндірісін жүргізудің жарсыпалылық қағидасын Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінде бекітілуі заңшығарушыға қылмыстық процестегі қылмыстық қудалау мен қорғаудың өз араларында шектелуімен және сот қызметтерінен бөлінгендігін білдіреді.

Қылмыстық – процессуалдық заңнама «қылмыстық сот өндірісі жарыспалылық және тараптардың айыптау мен қорғаудың тең құқықтылық қағидасының негізінде жүзеге асырылатындықтарын бекітеді. Қылмыстық қудалау, қорғау және істі қарап шешу бір-бірінен дараланған және оларды әр түрлі органдар мен лауазымды тұлғалар жүзеге асырады» (ҚПК 23 бап, 1, 2 бөліктері).

ҚР ҚПК-нің 7 бабы, 2 тармағына сәйкес қылмыстық қудалау органы қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында құқық бұзушылықтар белгілерін тапқан әрбір жағдайда өз құзыреті шегінде құқық бұзушылық оқиғасын белгілеу, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі адамды әшкерелеу, оларды жазалау үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға, сол сияқты кінәсіз адамды ақтау үшін шаралар қолданады.

Заң шығарушы орган айыптауға қылмыстық қудалау органын, жәбірленушіні (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдерін жатқызады (ҚР ҚПК 7 бабы 2 тармағы). Өз кезегінде, ҚПК 23 бабының 7 тармағына сәйкес органдар (уәкілетті тұлғалар) қылмыстық қудалау – бұл прокурор, анықтаушы, тергеу органдары, тергеуші. Осылайша, Б.Х. Төлеубекованың айтуы бойынша, «қылмыстық қудалау» және «айыптау» заңда синоним ретінде қолданылатыны мәлім. Ғылыми әдебиетте бұл терминдер тең қолданылады, бірақ қаралып жатқан қылмыстық-процессуалдық функция көбінесе «айыптау» сөзімен аталып келеді, себебі, ол қылмыстық айыптау мен қорғаудың мағынасын анық түрде айқындайды [1, с. 161].

Бәсекелестік тәртіп нысанын жақтаушылар, тәуелсіз процессуалдық функциялардың барын айтады, солардың ішінен айыптау функциясы ерекшеленеді. Процессуалдық функцияның үш түрі пайда болып дамуы осы үш функцияның болуын айқындайтын қылмыстық қудалау, қорғау және сотта істі қарап шешу екендіктерін айтады. Аталған үш қылмыстық процессуалдық функциялар, өз ерекшеліктерін әрбір сот қарауындағы қылмыстық істе айқындалатыны жөнінде автор ескерген. Осындай тәсілмен қылмыстық іс жүргізудегі бәсекелестік қағидасы ҚПК-де осы үш функциядан көрініс табады. Оларды тек мемлекеттік органдар ғана емес, қылмыстық іс жүргізуде қатысушылары және істе өз құқықтарын қорғаушылар қолданады.

Қылмыстық қудалау белгілеріне мыналар жатады: қылмыстық заңмен істің қылмыс және қылмыстық жазалануы бар деп танылса; қылмыстық қудалауды тоқтатудың негіздері болмаған жағдайда; тұлғаның кінәсін нақты растайтын қажетті дәлелдемелік базаның болуы.

Қылмыстық қудалау түсінігін толық түсіну үшін В.М. Савицкий және А.Л. Лариннің берген анықтамасында ескеріледі. Олар былай жазады: «Қылмыстық қудалау - бұл қылмыстық процесс функцияларының негізгі ұраны, ол тергеушімен, анықтаушымен, айыптаушымен (прокурормен) немесе жәбірленушімен жүзеге асырылады. Ол қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды әшкерелеу, қоғамға жасаған қылмыстың ауырлығын анықтау шараларын қамтиды. Қылмыстық қудалауға жатқызылады: күдіктіні ұстау, мәжбүрлеу шарасын тағайындау, істе айыпталушы ретінде тану; сот-психиатрлық сараптамасын тағайындау; айыптау үкімін шығару немесе сот-медициналық мәжбүрлеу шарасын тағайындау туралы үкім шығару; сотта жәбірленушінің арызын ұсыну; айыптау сөзі. Қылмыстық қудалау қылмыстық іс тоқтатылғанда немесе айыптау үкімі шыққанда қысқартылады [2, 180 б.] .

Келтірілген анықтамада соңғы сәттері нақты белгіленген, бірақ қылмыстық қудалаудың бастапқы сәттері көрсетілмегендіктен елеулі кемшілік болып табылады. Қылмыстық қудалаудың асырылуын қамтамасыз ететін процессуалдық әрекеттердің толық келтірілуі құнды болып есептелінеді.

В.К.Бобров, Р.Д. Лисицын және П.В. Фадеев істі қараудың өзгеше әдісін қолданды. Аталған процессуалисттер қылмыстық қудалауға келесідей анықтама береді: «Қылмыстық қудалау – прокурормен, тергеушімен, тергеу органдарымен, күдіктіні әшкерелеу мақсатында оған қарсы жиналған айғақтар,айыпталушының қылмыс жасауы бойынша анықтау органдарымен жүзеге асырылады. Күдіктінің қылмыстық қудалауда қылмысқа қатысуы – күдікті деп танылуымен орын алады, ал айыпталушының қылмыстық қудалануы – айыпталу. Қылмыстық қудалаудың бастапқы сәті қылмыскерді айыпты деп танылуы туралы қаулы шығарып, тұтқындалуы немесе айыпталу үкімі шыққанға дейін, мәжбүрлеу шарасын қолдану кезінде болады. Қылмыстық қадағалау қылмыс тоқтатылғанда немесе айыптау үкімі шыққанда қысқартылады [3, 77 б.] .

ҚР ҚПК және РФ ҚІЖК-нің ережелерінің айырмашылығына қарамастан, қылмыстық қудаланудың анықтамалары анық және толық.

Осындай тәсілмен қылмыстық қудалаудың қалыптасуы келесідей белгілерге тән:

- қылмыстық қудалау дың қылмыстық іс жүргізуде өзіндік ерекшеліктері бар;

- қылмыстық іс жүргізу тәртібінде қылмыстық қудалауға іс емес қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға жатады;

- қылмыстық қудалаудың уақытында шектеу бар. Басталуы мен аяқталуы бар, соттылық пен тергеулік негізінде жүзеге асырылады;

- өкілеттілігі бар субъектілермен іске асырылады;

- заң қылмыстық қудалауды асырудың түрлері мен тәсілдерін бекітеді;

- заңсыз қылмыстық қудалаудың әсерінен бұзылған құқықтар қалпына келтірілуге тиіс (ақтау, аппеляция).

Жасалған қылмыстық құқық бұзушылық сипатына және ауырлығына қарай қылмыстық қудалау мен сотта айыптау жекеше, жекеше-жариялы және жариялы түрде жүзеге асырылады.



Жеке қылмыстық қудалау және айыптау - көбінесе осы істер бойынша іс жүргізу жәбірленушінің шағымы бойынша басталады. Қылмыстық қудалау тәртібінің сақталуы әрбір қылмыстық құқық бұзушылық ерекшелліктерімен айқындалады.

Жекеше қылмыстық қудалау мен айыптаудың белгілері келесідей:

1) жеке айыпталушымен жүзеге асырылады. ҚПК-нің 72 бабына сәйкес жеке айыптаушы – бұл жеке айыптау ісі бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдайтын тұлға, сондай-ақ жариялы, жекеше-жариялы айыптау істері бойынша мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда, сотта айыптауды жеке өзі қолдайтын жәбірленуші жекеше айыптаушы болып табылады. Жекеше айыптаушы жәбірленушінің барлық құқықтарын пайдаланады және барлық міндеттерін көтереді және аталған субъектінің ешқандай өкілеттіліктерге ие болмайды;

2) мемлекеттің рөлі істің сотпен шешілуіне әкеледі (ҚПК-нің 411 бабы);

3) осындай іске сотқа дейінгі тергеп-тексеру тән емес;

4) жекеше айыптау ісі жәбірленушінің сотқа арыз беруімен қозғалады (ҚПК-нің 408 бабы, 1 т.);

5) қылмыстық қудалау бұл міндетті емес, жәбірленушінің құқығы;

6) істі өндіру жәбірленушінің шағымы бойынша ғана басталады;

7) іс айыпталушы мен сотталушының татуласуына орай тоқтатылуға жатады (32 бап, 2 т.).

Жекеше айыптау тәртібіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтар ҚР ҚК- нің баптары ойынша қаралады.



Жекеше-жариялы қудалау және айыптау – бұл қылмыстық істер жәбірленушінің шағымы бойынша басталып, айыпталушы мен сотталушының татуласуына орай тоқтатылады. ҚР ҚК 68 бабында көзделгендей қылмыстық құқық бұзушылық немесе өлімге әкеп соқтырған орташа ауырлықта қылмыстық теріс қылық жасалынып, айыпталушы мен сотталушы медиация тәртібімен татуласып, келтірілген зиян орны толықтырылса, іс қысқартылады.

Жекеше - жариялы қудалау және айыптау – бұл жеке және жариялы қылмыстық қудалау белгілерін бір мезгілде қамтитын, тұлғаны қылмыстық құқық бұзушылық жасауда әшкерелеуге бағытталған айыптау жағының процессуалдық қызмет [4, 57 б.] .

Қылмыстық қудалаудың (айыптаудың) осы түрінің ерекшеліктері келесідей:

1) қызметтің бұл түрі – мемлекеттің міндеті (ҚПК 179 бабы, 3 т.);

2) өкілеттілігі бар, қылмыстық юрисдикция атымен жүзеге асырылады (ҚПК 7 бабы, 23 т.);

3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жәбірленушінің шағымы болмаған жағдайда прокурордың бастамасымен жүргізілуі мүмкін;

4) жәбірленушінің қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға қатысуы міндетті емес (ҚПК 71 бабы);

5) жәбірленушінің арызы сотқа емес, қылмыстық қудалау органдарына жіберіледі (ҚПК 179 бабы, 3 т.);



  1. 6) татуласу қылмыстық қудалауды тоқтатудың негізі бола алмайды [3, 57 б.].

ҚР ҚК-нің баптарына сәйкес, тұлға жасаған мына іс-әрекеттері үшін жекеше-жариялы тәртіпте қудаланады:

Жекеше-жариялы қудалау және айыптау – бұл қылмыстық істер жәбірленушінің шағымы бойынша басталып, айыпталушы мен сотталушының татуласуына орай тоқтатылады. ҚР ҚК 68 бабында көзделгендей қылмыстық құқық бұзушылық немесе өлімге әкеп соқтырған орташа ауырлықта қылмыстық теріс қылық жасалынып, айыпталушы мен сотталушы медиация тәртібімен татуласып, келтірілген зиян орны толықтырылса, іс қысқартылады.

Жекеше - жариялы қудалау және айыптау – бұл жеке және жариялы қылмыстық қудалау белгілерін бір мезгілде қамтитын, тұлғаны қылмыстық құқық бұзушылық жасауда әшкерелеуге бағытталған айыптау жағының процессуалдық қызмет [5, 97 б.] .



Жариялы қылмыстық қудалау (айыптау) – қылмыс жасаған тұлғаны анықтаудың ҚР заңына сүйеніп жасалған түрінің бірі.

Аталған қылмыстық қудалаудың (айыптаудың) негізгі ерекшеліктері мынадай:

1) ол тек қана мемлекет атынан жүзеге асырылады (58 б,1 т; 60 б,1т; 61 б 1 т; 63 б; 191 б ҚПК);

2) қылмыстық қудалаудың бұл түрін келесідей органдар жүзеге асырады – тергеуші, анықтаушы, анықтау органы, прокурор (мемлекеттік айыптаушы);

3) қылмыстық қудалау органдары орындалуға міндетті мемлекеттік өкілеттіліктерге ие (ҚР ҚПК 34 бабы, 5 т.);

4) қылмыстық қудалаудың бұл түрі – мемлекеттің міндеті болып табылады;

5) қылмыс бойынша істі бастау жәбірленушінің қалауына байланысты болып табылмайды (34 бап, 1 т.);

6) қылмыс бойынша істің басталуы қандай да органдар мен лауазымды тұлғаларға байланыссыз;

7) істің міндетті түрде қылмыстық процесс қадамдарынан өтуі;

8) қылмыстық қудалау бойынша жақтардың татуласуы істің міндетті қысқартылуына әкелмейді.



ҚР ҚПК-нің 33 бабына сәйкес көзделген іс-әрекеттер коммерциялық ұйымның немесе мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын өзге де ұйым мүшелеріне ғана зиян келтірсе және басқа ұйымдардың мүдделеріне, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделеріне зиян келтірмесе, қылмыстық жауаптылыққа тарту осы ұйым не уәкілетті орган басшысының, құрылтайшысының (қатысушысының) арызы не олардың келісуі бойынша жүзеге асырылады. Қылмыстық процесстің кез келген сатысында мекеме немесе уәкілетті органның басшысы, негізін салушы (қатысушысы) арызды кері қайтарып алуға құқылы. ҚПК-нің 35 бабының, 1 тармағының 5 бөлігіне сәйкес арыздың қайтарылып алынуы істің мәні бойынша тоқтатылуына әкеледі.


  1. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Часть Общая: Академический курс /Под ред. д.ю.н., профессора Б.Х. Толеубековой. Книга первая. - Алматы: ТОО Издательская компания «HAS», 2004. – 412 с.

  2. Савицкий В.М., Ларин А.М. Уголовный процесс: Словарь-справочник. – М.: РАН, 1999. – 657 с.

  3. Словарь основных терминов по уголовному процессу/Под ред. В.К. Боброва. – М.: МА МВД России, 2001. – 748 с.

4. Строгович М.С. Уголовное преследование в советском уголовном процессе. - М.: Изд-во Акад. наук СССР, 1951. – 112 с.

5. Уголовный процесс Республики Казахстан: Общая часть. В схемах: Учебно-методическое пособие /Толеубекова Б.Х., Грек Е.Н., Жуманбаева Н.А., Кенжибекова Э.П., Хведелидзе Т.Б.– Алматы: КазНПУ им. Абая, 2015. – 123 с.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...