Моркунас Роман Пәні: Қазақ әдебиеті Сынып



жүктеу 113.51 Kb.
Дата24.05.2017
өлшемі113.51 Kb.
16.02. 2017 Моркунас Роман

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сынып: 7 Г

Тақырыбы: М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі

Мақсаты: М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінің оқып және мазмұнын қорытындылау, шығарманың тақырыбын, идеясын анықтау; шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлеу білуін дамыту, сөздік қорын молайту;

Тапсырмалар:

1. Әңгімені оқиға желісіне қарай бөліктерге бөліп ат қою.

1. Кішкене Көксерек

2. Көксеректің адамдар қатарына қосылуы.

3. Ауыл адамдарының наразылығы

4. Ауыл иттерінің бөтенсуі

5. Ұрлық

6. Ашқарақ Көксерек

Әңгімелету

1. Көксеректі суретте.

Жотасы күдірейген, құйрығы шолақ бойы тау басында тайдай көрінеді, нағыз көкжал, сұсты, көзі жап-жасыл.

2. Салыстыр.

Ауыл иттерінен Көксеректің ерекшелігі қандай?

Көксерек- айлакер, ашқарақ, дыбыс шығармайды, сұсты, жасымайды.

Ит- қолдан тамақтанады, өз иесіне бауыр басады, еркелейді, тілін алады, иесіне қызмет етеді.

3. Қолданыңыз.

Көксерек туралы ел не дейді?

Кәпір, қырыс, тағы емес пе? Кеудесін бермейді жасымайды. Ұры

асырасаңда мал болмайды, тұқымы жау емес пе?

( Шығармашылық жұмыс)

Мәтін желісіне қарай сұрақтар

1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың?

2. Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады дегенді қалай түсінесің?

3. М.Әуезов кім? Өткен тарауда оның қандай әңгімесімен танысып едің?

Ой қозғау.

Қай жазушылардың шығармаларын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес.

- Ендеше, мына сөзге назар аударыңдаршы?

- Табиғат дегеніміз не, қалай түсінесіңдер

Табиғат

қоршаған орта халық қазынасы



Ал табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?

- Олай болса кеше ғана оқып танысқан бәріміз көркем фильм арқылы жақсы білетін Көксерек және оның иесі ( Құрмаш) олардың іс-әрекеті турасында әңгіме өрбімек.

Сұхбат алу.

1. Көксерек фильмін көрдің бе?

2. Қай жері сіздің есіңізде қалды?

3. Көксерек туралы сіздің ойыңыз?

Көксерек фильмінен үзінді көру.

1-бөлім: Қасқырлар мекені

2-бөлім: Адамдар қиянаты

3-бөлім: Көксерек пен Құрмаш

4-бөлім: Әжесі мен Құрмаш

5-бөлім: Айқас

6-бөлім: Қасқыр қашанда қасқыр

Сұрақтар.

1. Қасқырлар апанын адамдар неге талқандады?

2. Бөлтіріктерге істегендеріне қалай қарайсыңдар?

3. Өзін мәпелеп өсірген Құрмашты танымай, Көксеректің жауыздық істеген себебін қалай түсінесің? ( 1-шіден ол аш, 2-шіден адамдарға деген өшпенділік және ол бөрі, тағы аң, оның иесі болмайды)

Топтау ( сәйкестендіру кестесі)

Кейіпкерлер Тән қасиеттер

Адам саналы

Қасқыр санасыз

ойлайды

еңбектенеді



жыртқыш

қомағай


Шығармашылық жұмыс

1. Қасқырға байланысты мақал-мәтелдер айту

2. Қасқыр туралы қысқаша мәлімет

3. Қасқыр туралы 5 жолды өлең құрастыр



Сабақты бекіту.

Әңгімені тізбектей оқу.



Бекіту сұрақтары:

1. Көксерек әңгімесі қай жылы жазылған? ( 1929 ж)

2. Қасен деген кім? ( белгілі аңшы)

3. Құрмаштың елі? ( Қараадыр)

4. Көксеректі жеңген иттің аты? ( аққасқа)

5. Көксерек әңгімесінің тақырыбы? ( Адам-Табиғат-Қасқыр)



Қорытынды.

Әуезовтен жетті бізге көп дерек,

Тұтқын бопты Құрмашжанға Көксерек.

Шуылдасып ауылдың көп иттері,

Жабылыпты Көксерекке көп төбет.

Жасалған қорытынды. ( пікір алысу)

Қасқырдың болмысы адам тәрбиесіне көнбейді екен, түз тағысы да өмір сүруге құқылы.

Адамдар табиғат заңдылығын бұзса, ол өзіне қатер төндіреді.

Балалар сабағымызды табиғат пен бастап едік, табиғат пен аяқтайық.

Жер бәріміздің ортақ үйіміз. Ол аңға да, адамға да жетеді. Сондықтан сыйысып-сыйласып тату өмір сүрейік.

Үйге тапсырма: Оқу, талдау. Адам және табиғат туралы эссе жазу

02.03.2017

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сынып: 7 Г

Тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»

Мақсаты: Ғабит Мүсіреповтың өмірбаянымен таныстыру, «Автобиографиялық әңгіме» шығарманы оқып талдау үйрету;

Автобиографиялық әңгіменінің 1 бөлімді оқу 
Талдау 
-Бала қай кезде туды? 
-Наурыз ол не? 
-Қандай Наурыз өлеңдерді білесіңдер? 
- Баланың елі қазақ даласының қандай жағын жайлайтын еді? 
-Ол ел қыс айларын қайда өткізеді? 
-Ол күні есте қаларлық қандай оқиға болды? 
-Қалжа ол не? 
-Қалжа сүйегіне неліктен иттер таласа алмаған 
-Баланың аты қалай берілген? 
-Баланың есінде нелер қалмаған? 
-Баланың шешесі не туралы айтып отыратын еді? 
5. Автобиографиялық әңгіменінің 2 бөлімді оқу 
6. Талдау 
-Әке-шешенің қандай тілегі орындалды? 
-Ауыл жазда қай жерді қоныстайды? 
-Ауыл қыс айларын қай жерде өткізеді? 
-Бес-алты ауыл молданы не үшін жалдады? 
-Молданың жылдық еңбегіне не беріледі? 
-Ауыл бітір садақасын кім алады? 
- «Жұмалық» ол не? 
-Молда балаларды әр үйде қанша уақыт оқытады? 
-Балалар оқитын мектебі қандай? 
7. Оқу-білім туралы мақал мәтелдер мен тақпақтарды мәнерлеп оқу 
8. Дәптерде Ғабит Мүсірепов бойынша «Синквейн » 5 жолды стратегиясын жасау 
Ғабит Мүсірепов 
Қайсар,атақты 
Туды,өсті,жыламады 
Ғабит Мүсірепов наурызда туды. 
Махмұтұлы 
Үй жұмысы Эссе « Кім болғым келеді?» 

16.03. 2017

Пәні: Қазақ әдебиеті Моркунас Роман

Сынып: 7 Г

Мақсаты: Тестілеу арқылы өткен материал бойынша оқушынң білімін қадағалау



1.Шешендік дегеніміз-

А)қорытынды В )мәнерлеп сөйлеу С)ақыл айту Д)көркем тілмен айтылған үлгі тұжырымдар Е) жатқа оқу



2. «Би»деген кім?

А) сөзге шебер , ел мүддесін қорғайтын адам В) өз ойынан жыр шығаратын адам

С) әнші,өнерлі адам Д) айтысқа түсетін адам Е) сурет салатын адам

3.Төле, Әйтеке, Қазыбек билер жасаған заң жобасы:

А) «Заңдар жинағы» В) «Жетпіс жарғы» С)«Жеті жарғы» Д) «Жарғы» Е) Он жеті жарғы



4. Жыраулар поэзиясының қалыптасу кезеңі:

А) XV ғасыр В) XIX ғасыр С) XIII ғасыр Д) XVI ғасыр Е) XIV ғасыр



5.Жыраулық өнер кімнен бастау алған?

А) Бұқар жырау В) Асан қайғы С) Жиренше шешен Д) Сүйінбай Аронұлынан Е) Дулат Бабатайұлынан



6. Жыраулар поэзиясының тақырыбы:

А) жастардың бас бостандығы В) табиғатты қорғау С) ел бірлігі,ел бүтіндігі

Д) Отанды қорғау Е) хандарды дәріптеу

7) Жыр деген не?

А) поэзиялық шығарма атауы В) прозалық шығарма атауы С) драмалық шығарма атауы

Д) ерекше екпінмен айтылатын шығарма Е) өлең жолдары

8) Жырау деген кім?

А) жырды таратушы В) айтысқа түсетін адам С) прозалық туындылырды таратушы

Д) поэзиялық туындыларды таратушы Е) өз жанынан шығарып жыр айтушы

9. Жыршы деген кім?

А) жырды айтушы , таратушы В) жырды өзі шығарушы С) поэзиялық жырды таратушы

Д) драмалық туындыларды таратушы Е) прозалық туындыларды таратушы

10.Дулат Бабатайұлы кім?

А) ақын В) жыршы С) жыр кейіпкері Д) жырау Е) күйші



11.Дулат Бабатайұлы өмір сүрген жылдар:

А)1802-1871 В) 1802-1874 С) 1802-1876 Д) 1802-1877 Е) 1802-1872



12. Риторикалық сұраулы сөйлем:

А) жауапты қажет етеді В)жауапты қажет етпейді

С) сұрау белгісі қойылмайды Д) леп белгісі қойылады Е) нүкте қойылады

13. Д.Бабатайұлының Ақтаны:

А) бай баласы В) жетім бала С) хан баласы Д) ақын бала Е) күйші бала



14.Абайдың туған жылы:

А)1845 В)1854 С)1904 Д)1846 Е)1902



15.Абай білім алған медресе:

А) Ахмет-Риза В) Ғалия С) Уәзифа Д) Ахмет –Сәлім Е) Мұстафа



16.Абайдың «Қара сөздерінің» жазылған уақыты:

А)1891-1898 В) 1890-1898 С) 1854-1898 Д) 1855-1858 Е) 1848-1888



17. «Қара сөз»-

А) поэзиялық шығарма В) диалог С) мақал-мәтелдер Д) драмалық шығарма Е) прозалық шығарма



18. А.Байтұрсынұлының аударма жинағы:

А) «Қасқыр мен мысық» В) «Егіннің бастары» С) «Оқу жайы» Д) «Білім жарысы» Е) «Қырық мысал»



19. «Қырық мысал» жинағына қанша аударма мысалдар енген:

А) 24 В) 14 С) 10 Д) 9 Е) 40



20. «Ғибрат» сөзінің аудармасы:

А) мысль В) пример С) басня Д) ум Е) мнение



21.А.Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» мысалындағы Бидай қандай?

А) салмақты В) тәкаппар С) мақтаншақ Д) ұялшақ Е) білімді



22. Мысал-

А) ұзақ оқиғалы шығарма В) мәтін С) шағын аллегориялық шығарма

Д)шытырман оқиғалы шығарма Е) шағын поэзиялық шығарма

23. «...адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,-кімнің сөзі?

А)Дулат Бабатайұлы В)Ахмет Бабатайұлы С)Абай Құнанбайұлы Д)Сүйінбай Аронұлы Е)Мұхтар Әуезов



24. «Доктор Дарханов» романының авторы:

А) Ж.Молдағалиев В) Ш.Мұртаза С) М.Әуезов Д) З.Шашкин Е) А.Құнанбаев



25. «Жүз жылдық жара» әңгімесіндегі Жуанқұл қандай кейіпкер?

А) жағымды В) жағымсыз С) беделді Д) дарынды Е) жақсы



Қазақ әдебиеті. 7-сынып. 2-нұсқа

1.Жүсіпбек Аймауытовтың туған жері:

А) Оңтүстік Қазақстан облысы В) Павлодар облысы С) Батыс Қазақстан облысы

Д) Шығыс Қазақстан облысы Е) Солтүстік Қазақстан облысы

2.Ж.Аймауытов кім?

А) Жазушы,драматург В) ақын С) мысалшы Д) әнші Е) сазгер



3. «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқанның прототипі:

А) Біржан сал В )Әбіржан С) Әсет Д) Балуан Шолақ Е ) Әміре



4.Прототип дегеніміз-

А) автор В) түпкі тұлға С) кейіпкер Д) табиғат суреті Е) қала көрінісі



5.Әміре Қашаубаев кім?

А) жыршы В) күйші С) әнші Д) ақын Е) жазушы



6. С.Торайғыров тәлім алған мұғалім:

А) Нұрғали В)Бекет С)Әбдрахман Д)Ғабитхан Е)Мұқан



7. «Серт ету» сөзінің аудармасы:

А) давать клятву В) завершать С) превращать Д) обещать Е) приглашать



8. «Әнші» әңгімесінің авторы:

А) С.Торайғыров В) Ж.Аймауытов С)А.Құнанбайұлы Д) С.Аронұлы Е) Д.Бабатайұлы

9. Шетелде өнер көрсеткен тұңғыш қазақ әншісі:

А)Ғ. Құрманғалиев В) Құрманғазы С) Ә. Қашаубаев Д) Әсет Найманбайұлы Е) Балуан Шолақ



10. «Көрнекті өкіл»тіркесінің аудармасы:

А) видный представитель В)видный деятель С)видный писатель Д)видный поэт Е)видный литератор



11.Тұңғыш рет өлеңмен роман жазған қаламгер:

А) Ж.Аймауытов В) А.Құнанбайұлы С) С.Торайғыров Д) А.Байтұрсынұлы Е) С.Аронұлы



12. «Әнші»әңгімесіндегі оқиға орын алған қала:

А) Омбы В) Қызылжар С) Жетішатыр Д) Кереку Е) Орынбор



13. «Тебем деп тірі болсам надандықты,

Серт етіп, өзіме-өзім еткем емес!»-қай өлеңнің жолдары?

А) «Шәкірт ойы» В) «Шығамын тірі болсам адам болып»

С) «Арманым» Д) «Оқып жүрген жастарға» Е) «Оқудағы мақсат не?»

14. «Қазақстанның рухани әрі мәдени астанасы»мәртебесін алған қала:

А) Тараз В) Өскемен С) Семей Д) Астана Е) Алматы



15.М.Жұмабаевтың алғашқы өлеңдерінің бірі:

А) «Алтын хакім Абайға» В) «Сүйемін» С) «Мен жастарға сенемін» Д) «Толқындар» Е) «Қарағым»



16.М.Жұмабаевтың «Сүйемін» атты өлеңіндегі ананың шашы:

А)қараша В)күңгірт С) сары Д) ақ Е) күлгін



17. «Алғашқы» сөзінің синонимі:

А)соңғы В)кезекті С)ортаңғы Д)күнделікті Е)бірінші



18. Б.Майлиннің өмір сүрген жылдары:

А) 1893-1937 В) 1894-1938 С) 1894-1937 Д) 1893-1938 Е) 1892-1937



19. «Айт күндері» әңгімесінің авторы:

А) М.Әуезов В) Ж.Жабаев С) Б.Майлин Д) Ж.Аймауытов Е) С.Торайғыров



20. «Айт» сөзі нені білдіреді?

А) мереке В) демалыс күні С) жұмыс күні Д) оқу күні Е) ойын күні



21. «Әсірелеу» сөзінің аудармасы:

А) преувеличение В) умножение С) прибавление Д) укорочение Е) сокращение



22. «Дүниеде не өлмейді?»:

А) байлық В) ғалымның хаты С) ағынды су Д) табиғат Е) асқар тау



23. Аллегория дегеніміз -

А) бір затты немесе құбылысты шамадан тыс ұлғайта суреттеу

В)бір затты немесе құбылысты шамадан тыс кішірейте суреттеу С) астарлы, тұспалдау арқылы суреттеу

Д) бір затты басқа затпен салыстыру арқылы суреттеу Е) бір затты басқа затпен теңеу арқылы суреттеу



24. Абай қара сөздері ең алғаш жарық көрген журнал:

А) «Айқап» В) «Абай» С) «Қазақ» Д) «Қазақ елі» Е) «Бостандық»



25. А.Байтұрсынұлының «Қырық мысалына» кімнің аудармалары енген?

А) М.Лермонтов В) А.Пушкин С) И.Крылов Д) Д.Фонвизин Е) А.Грибоедов

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет