Моральдық зиянды өтеу жолдарының Қиын тұстары сыдықбек Д. Ж



жүктеу 82.83 Kb.
Дата22.01.2017
өлшемі82.83 Kb.
МОРАЛЬДЫҚ ЗИЯНДЫ ӨТЕУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚИЫН ТҰСТАРЫ

Сыдықбек Д.Ж.

Қазақ-Америка Университеті, Алматы қ.

26dauren26@maіl.ru

Ғылыми жетекші: Аралбаева А. А.

Қазіргі заманда саясатта, экономикада және көпшіліктің әлеуметтік өмірінде көптеген өзгеріс болып жатыр. Олардың бәрі мемлекетте адам өмірінің рөлін жоғарлатуға бағытталған. Бұл талаптардың бастауы - Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияға сәйкес мемлекеттің ең басты байлығы: адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы.Осы құқықтардың қорғау кепілідігі мемлекетке жүктелген және де адам құқығын қорғау үшін барлық шараларды қолдануға міндеттенген, көбінесе олардың қатарына құқықтың материалдық және материалдық емес жақтарын жатқызуға болады.[1]

Азаматтық қарым-қатынастар кезінде көптеген құқық бұзушылық орын алып жатады. Соның кесірінен адамдарға залал келуі мүмкін.Сол залалдардың көбісінде материалдық құндылықтарға көп мән беріліп, материалдық емес құқықтарымыз ұмытылып жатады, яғни адамға келген моральдық зиянға назар аудармаймыз.

Ең бірінші моральға түсінік беріп көрейік . Мораль - адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады.

Осы орайдан « моральдық зиян не?» - деген сұрақ туындауы мүмкін. Моральдық зиян – азаматтық құқықта жеке және заңды тұлғалардың өзіндік беймүліктік игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылу, соның ішінде жәбірленушіге қарсы жасалған құқық бұзушылықтың салдарынан басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы.

Ұзақ жылдар бойы моральдық зиян мәселесі ғалымдардың арасындағы өткір пікір-таластың нысаны болып келді. Оларды көп толғандыратын мәселесінің бірі: моральдық зиян қалай келеді, оны өтеу деген не? Моральдық зиянды өтеу мүмкін бе, мүмкін емес пе? Моральдық зиянды ақшалай өтелгені дұрыс па, әлде бұрыс па? Егер өтелу дұрыс болса, адамдық құндықтарымызды ақшалай бағалағандай болмай ма? Ал егер өтелмесе, моральдық зиян келген адамға қалай құқығын қалпына келтіреміз? Осы мәселелерге жауап табылғаннан гөрі сұрақтар көп туындап жатады.

Заң шығарушы “моральдық зиян” ұғымын анықтаған кезде азап термининін басты ұғым ретінде қолданады деп ойлаймын. Себебі: азап ұғымы құқыққа қарсы әрекеттерімен моральдық зиян келтірген кезде, жәбірленушінің санасында міндетті түрде орын алу тиіс, яғни белгілі бір психикалық реакцияның болуын білдіреді. ҚР азаматтық заңнамасында моральдық зиянға “жан азабы және тән азабы” деп анықтама береді. Жан азабына мәні жағынан жақын синонимдес сөз - уайым. Уайымның негізінде қорқыныш, ұят, қорлау, және т.б. психикалық аспектінің теріс жағдайлары болуы ықтимал. Яғни моральдық зиян тек адамның мүліктік емес және игіліктеріне зиян келсе ғана орын алады. ҚР АК - ның 115- бабының 3 - тармағына сәйкес Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi- атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады. Моральдық зиян осы құқықтар бұзылған жағдайда ғана пайда болады.

Моральдық зиянды өтеу – ҚР Азаматтық кодексінде бейматериалдық игіліктерді қорғау тәсілдерінің бірі. Егер азаматқа моральдық зиян оның өзіндік беймүліктік игіліктеріне қол сұғушылық әрекеттермен келтірілсе, сондай-ақ заңда көзделген өзге де материальдық емес құқықтарын бұзса, сот зиян келтірушіні аталған зиянды ақшалай өтеуге міндеттей алады. Азаматтың мүліктік құқығын бұзушының әрекетімен (әрекетсіздігімен) келтірілген моральдық зиян заңда көзделген реттерде өтелуге тиіс. Моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау кезінде сот зиян келтіруші кінәсының деңгейін, өзге де мән-жайларды ескеріп, сот моральдық зиян келтірілген адамның жеке өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оның басынан кешірген тән және жан азабының деңгейін де бағалайды. ҚР АК-нің 951-бабына (3-тармағы) сәйкес азаматқа келтірілген моральдық зиян мына жағдайларда зиян келтірушінің кінәсына қарамастан өтеледі:


  • азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып зиян келтірілсе;

  • азаматты заңсыз сотталу, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылу, заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау немесе ешқайда кетпеуі туралы қолхат алу, қамауда ұстау, психиатр немесе басқадай емдеу мекемесіне орналастыру түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану салдарынан зиян келтірілсе;

  • ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы зиян келтірілсе. Заңда өзге де жағдайлар қарастырылуы мүмкін.[2]

Қазақстанда моральдық зиянның ақшалай өтелетіндігі туралы 12.06.1990 жылы Нормативтік-құқықтық актілерде орын алды. Одан бұрын азаматтық заңнамаларда моральдық зиян ұғымы және оны өтеу институты қарастырылмады. Бұл мәселенің қарастырылмауының себебінің жауабы КСРО-ның саясатында жатыр. КСРО кезіндегі доктриналарға моральдық зиян қарама-қайшы болды. Ал сот тәжірибесі доктринамен тұрақты сипатта үйлесімді болғандықтан: барлық сот инстанциялары моральдық зиянды өтеу жөніндегі сирек берілетін шағымдарды қанағаттырмай отырды. Доктринаның негізгі мәні – моральдық зиянды өтеу қағидасы социалистік құқықтық санаға қайшы келетіндігінде болды. Кеңес адамдарының қадір-қасиеттін ақшамен өлшеуге болмайтынғына негізделген.[3]

Бұл оймен келісуге болады. Адамның қадір-қасиетін ақшалай бағаласақ, адам өмірін де ақшамен бағалағандай боламыз. Бірақ адам өмірін құнсыз депойлай берсек , бұл мәселелерге шешім табыла қоймайтыны, рас.

Моральдық залалды өтегенде ақшалай мөлшерін анықтау әдісінің ақылға қонымдылық пен әділеттілік қағидаларын ескеретігіндігін атап өткен жөн. Сонымен жәбірленушінің басынан өткен жағдай мен материалдық жағдайына мән берген жөн деп есептеймін. Себебі: әр азаматта әлеуметтік жағдай әр түрлі болғандықтан, жағдайы жақсы адамға аз ақша берсек, ол риза болмай қалады, яғни моральдық залал өтелмеді десек болады.Ал егер жағдайы төмен адамға моральдық зиян үшін көп ақша берсек, сол адамда арам пиғылы оянуы мүмкін. Ең бастысы моральдық зиян келтірген адамның отбасына және мүліктік жағдайына аса қатты мән беру керек, бұған себеп моральдық залалға жауапты адам оны өтей алмайтын жағдайда болса, моральдық зиян өтелсін деп бұйырғаннан не пайда?

Моральдық зиян мөлшерін анықтау кезінде А.М.Эрделевский математикалық формуланы қолдануға болады деп ойлаймын:

), мұндағы

D - өндірілуге тиісті моральдық зиян мөлшері;

d - жалпы моральдық зиян мөлшері;

f(v) - зиян келтіруші кінәсінің нысаны, бұл орайда

і - жәбірленушінің жеке қасиеттері мен ерекшеліктерінің коэффициенті, бұл орайда ;

c - назар аударуға тұратын мән-жайлар, бұл орайда

f(s) - жәбірленуші кінәсінің нысаны, ? 1

Осы формулада пайдаланған ағылшын әріптеріне мынандай мазмұнға ие:



D, d – damage (зиян)

f – fault (кінә)

v – violator (зиян келтіруші, құқықбұзушы);

s – survivor (жәбірленуші)

i – individual (жеке)

c – circumstances (мән-жайлар).

Бұл формулада ең бастысы зиян келтірушінің кінәсінің жәй және өрескел,абайсыздық, тікелей және жанама қасақаналық түріндегі нысандарды ажырата білу керек. Сол себепті формуладағы құқық бұзушының кінәсі, яғни f(v) мыналарға тең болуы керек:



= 0. 25 жәй абайсыздық үшін;

= 0. 5 өрескел абайсыздық үшін;

0. 75 жанама қасақаналық үшін;

1. 0 тікелей қасақаналық үшін;[4]

Тағы бір айтып кететін жайт, моральдық зиянның мөлшерін анықтар алдында, яғни тергеу кезінде сот медициналық сараптамаға жүгіну мен психологтың қатысуы әдетті жағдай болуы тиіс. Және де сот медициналық сараптамаға және психологқа жүгінген сайын мемлекеттік бюджеттен ақша бөлінбеуі тиіс деп ойлаймын, себебі сараптамалар мен психолог мамандары үшін мемлекет тарапынан көп шығын кетеді. Соған байланысты қаржыны моральдық зиянның жалпы соммасының мөлшерінің 10%-ы сот медициналық сараптамаға және психологқа төленуі тиіс деп ойлаймын.

Бүгінгі моральдық зиянды өтеуге қатысты тағы бір өзекті сұрақ : заңды тұлғаны моральдық зиян келетін субъектілер арасынан алып тастау - осы таңдағы цивилист ғалымдардың арасында қарама – қайшы пікір тудыратын мәселенің бірі. Көптеген ғалымдар осы мәселе төңірегінде ғылыми негізделген әрі дәйекті пікірлер айтып келеді. Мәселен, ғалым У.К Ихсановтың ойын алсақ <<... <<моральдық зиян>> ұғымының дәлме –дәл түсініктемесін алатын болсақ, заңды тұлғалардың жан азабы мен тән азабын басынан кешіре алмайтындығын және тиісінше оларға моральдық зиянның келтірілуі мүмкін емес екендігін >>, - дәлелдейді. Мұндай пікірді Б.Т. Раймбай, Б. Базарбаев, М.И. Брагинский, Е.А. Суханов, К.Б. Ярошенко, А.М. Эрделевский сияқты ғалымдардан қолдау тапқан. Менің ойымша, осы цивилист ғалымдардың құқықтық пікірлері негізді және дәлелді. Және ғалымдардың көзқарастарын негізге ала отырып мынандай ұсыныстар мен қортындылар туындайды:


  1. Моральдық зиян – адамның психикалық жағдайына тікелей әсер ететін құқықбұзушылық салдары, сол себепті ол тек жеке тұлғаға ғана келуі мүмкін;

  2. Заңды тұлға мүліктік емес құқыққа иесіз, олардың бұзылуы мен кемісітілуі жалпы негіздер бойынша өтелуге жататын зиян(алынбаған пайданы қоса алғанда) арқылы көрініс табады.

  3. ҚР АК 951- бабынан заңды тұлғаны моральдық зиян келтірілуі мүмкін субъектілер қатарынан алып тастау. [5]

әдебиеттер:

1. ҚР Конституциясының п. 1 бап 12

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

3. ҚР Нормативтік - құқықтық акті 12.06.1990 жылы

4. Эрделевский А.М. - Компесация морального вреда. Юрист, 1997. 69 бет

5. Қыстаубай Өмірбай Сайынұлы – “ Моральдық зиянды өтеу ” кітабы
Баяндамамен бірге төмендегідей тіркелу үлгісі жіберілуі тиіс:
Аты-жөні: Сыдықбек Дәурен Жаканбекұлы

Оқу орны: Қазақ-Америка Университеті

Баяндама тақырыбы: Моральдық зиянды өтеу жолдарының қиын тұстары

Секциясы: Құқық, саясаттану, философия

Мекен-жайы: Алматы қ. Торайғырова 28

Телефоны: +7 775 122 24 26

E-maіl: 26dauren26@mail.ru

Автордың конференцияға келу мүмкіндігі: Жоқ



Қонақ үйдің қажеттілігі (нен … дейін …) Жоқ

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет