Мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Loading...


жүктеу 149.47 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі149.47 Kb.
Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі  
№ 352 бұйрығына     
2-қосымша         

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың


бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 24 (жиырма төрт) жұмыс күн ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 15.00-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 19.00 аралығында, 13.00-ден 15.00-ға дейінгі түскі үзіліспен жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші және екінші бағыттары бойынша:
      осы стандартқа қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтініш-сауалнама;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолтаңбасымен расталған көшірме);
      лицензия, егер қызмет түрі лицензияланатын болса (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолтаңбасымен расталған көшірме);
      жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам акциялар шығарылымының жиынтығын және бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірмені қосымша ұсынады (тіркеушінің мөрімен/қолымен расталған көшірме;
      өтініш бергенге дейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдерге берешегінің жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы;
      көрсетілетін қызметті алушыға Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарымен кредит беру немесе кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің хаты;
      Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша:
      осы стандартқа қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген нысаны бойынша қатысуға өтініш-сауалнама;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
      лицензия, егер қызмет түрі лицензияланатын болса (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолтаңбасымен расталған көшірме);
      жарғы, акционерлік қоғамдар акциялар шығарылымының жиынтығын және акционерлердің тізілімінен үзінді көшірме;
      өтініш бергенге дейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдерге берешегінің жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы;
      экспорт режимінде тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар кедендік жүк декларациялары;
      Қазақстан Республикасы кеден шекарасының өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарға ілеспе құжаттар;
      соңғы есепті кезеңдегі валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттар.
      Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттармен кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешімі бар екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің хаты.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
      Қолданыстағы кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламасында көзделген мөлшерге дейін төмендету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) қолдаухатпен екінші деңгейдегі банкіге, Даму банкіне, лизингтік компанияға жүгінеді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша


көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.


      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
      жеке тұлғалардың – аты-жөні, тегі, пошталық мекен-жайы көрсетіледі;
      заңды тұлғалардың - атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Арыздың қаралу нәтижесі туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс түрінде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол түрде беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге


де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.


      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер арқылы, қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.economy.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті
қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы   
мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия  
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
стандартына қосымша           

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қайда _______________________________________ әкімдігі
Кімнен ______________________________________________
              (жеке кәсіпкерлік субъектісі)

__________ӨТІНІШ-САУАЛНАМА

      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудын бірыңғай бағдарламасының шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерінің бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) сәйкес Сізден «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде кредит бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің бөлігін субсидиялау туралы __________________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төменде аталғандарға сәйкес мәселені шығаруға бастамашылық етуіңізді өтінемін:

1. Бағдарламаның бағыттары (бағытты қанат белгісімен белгілеу)





Моноқалалары, шағын қалалары және ауылдық елді мекендері кәсіпорындардың жаңа бизнес-бастамаларын қолдау



Экономиканың басым секторларда және өңдеу өнеркәсіптің салаларында қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпорындардың салалық қолдау



Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету

2. Қатысушы туралы мәліметтер

Жеке кәсіпкерлік субъектісінің атауы



Құрылтайшы(лар) туралы мәліметтер



Заңды мекенжайы



Нақты мекенжайы



Пошталық мекенжайы



Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу күні



Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік №



Қызмет түрлері



Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе иегер компания



ЖСН/БСН



Жұмыс тәжірибесі



3. Басшылық

      Бірінші басшы



Т.А.Ә.



Лауазымы



Жұмыс/үй телефоны



Туған жылы және жері



Жеке куәлік №, сериясы



Тұрғылықты жері (нақты)



Тіркелген жері



Жұмыс тәжірибесі



      Бас бухгалтер

Т.А.Ә.



Жұмыс/үй телефоны



Туған жылы және жері



Жеке куәлік №, сериясы



Тұрғылықты жері (нақты)



Тіркелген жері



Жұмыс тәжірибесі



      Байланыс жасаушы тұлға

(Т.А.Ә., лауазымы, телефон)



4. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, АҚ үшін – акцияларының 5% және одан көп пайызын иеленетін акционерлері).

Атауы/Т.А.Ә.

%

Деректемелері





































5. Ағымдағы қызметі туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ сәйкес)



Кіші сала (ЭҚЖЖ сәйкес)



Өнімдер мен қызмет түрлері



Жылдық айналым



Соңғы есептік күнге табыстары немесе шығыны



Жұмыскерлерінің нақты саны

___________ олардың ішінде әйелдер
__________________________________

Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)



Жобаны іске асыру орны (облыс, қала)



Жұмыс орындарының саны



6. Банктік есепшоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелері (барлық қызмет көрсетілетін банктердегі


барлық ағымдағы және жинақ шоттарын көрсету):
_____________________________________________________________________

7. Кредит тарихы

Жеке кәсіпкерлік субъектісі жұмыс процесінде пайдаланылған барлық
банк қарыздары, өтелген, қазіргі уақытта өтелмеген қарыздарда
көрсетіледі.

Кредитор

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі қарызды өтеу шарттары

Банктік қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу күні

1.













2.













8. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат

Күні және валюта бағамы: ___/___.





Банк

Банктік қарыз шартының деректемелері
(№, күні)

Сыйақы ставкасы, %

Кредит валютасы

Кредит сомасы

Негізгі қарыз бойынша берешектің қалдығы, көрсетілген күнге

Кредит мерзімінің аяқталу күні

Кредит мақсаты (қысқаша сипаттамасы)

1

















2

















9. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және жеке кәсіпкерлік
субъектісіне қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы
ақпарат



Мемлекеттік бағдарламаның атауы /мемлекеттік қолдау шаралары

Мемлекеттік даму институтының атауы

Қосымша ақпарат

1







2















10. Кепілдіктер және келісімдер

      Жеке кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі - ЖКС) деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісіне келесілерді мәлімдейді және кепілдік береді:


      1. Осы өтініммен бірге, немесе жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісінің сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші тапсырылған (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық мәліметтер, ақпарат және құжаттама шынайы болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толығымен сәйкес келеді, аталған мәліметтер өзгертілген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші дереу хабарлауға міндеттенемін.
      2. Осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпаратты және құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші алғашқы талап етуі бойынша беруге және ашуға міндеттенемін.
      3. Көрсетілетін қызметті беруші аталған куәландырулар мен кепілдемелердің шынайылығын тексермейді.
      4. ЖКС, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілген.
      5. ЖКС жарғылық құзыреттілігі осы өтінішті берілген өтінішке қол қоятын тұлғаға беруге мүмкіндік беретіндігін ЖКС растайды.
      6. Көрсетілген мәліметтер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда берілген өтініштің көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталатын кез келген кезеңде қабылданбайтындығымен келісемін, бұл жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қабылдамау себептерін жарияламауға құқылы.
      Жеке кәсіпкерлік субъектісі көрсетілетін қызметті берушісіне төмендегілер бойынша өз келісімін береді:
      1. Көрсетілетін қызметті беруші осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатымен мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.
      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама аясында Субсидиялау үшін ғана ұсынылған.
      3. Көрсетілетін қызметті беруші ЖКС хабарлаған кез келген өзі туралы ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал ЖКС ұсынған құжаттар мен өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмеген болса да, көрсетілетін қызметті беруші сақталатын болады.
      4. Көрсетілетін қызметті берушісінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ ЖКС ықтимал шығыстары (Субсидиялауды алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге, және басқаға) көрсетілетін қызметті беруші Субсидиялауды беру немесе ЖКС шығасыларын өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетіндігін растайды, кейін көрсетілетін қызметті беруші наразылық білдірмеймін.

      ___________________ (Т.А.Ә.)


      (қолтаңба)    Күні

11. Қосымшалар



_____________________________________________________________________
      (бірінші және екінші бағыт бойынша көзделген құжаттар)
_____________________________________________________________________
               (үшінші бағыт бойынша көзделген құжаттар)
___________________ (Т.А.Ә.)
     (қолтаңба)      Күні
: assets -> uploads -> docs -> 2016
2016 -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық және кәсіптік
2016 -> «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
2016 -> «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру»
2016 -> 2016 жылғы «13» мамырдағы №154 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 -> 2016 жылдың 1 қазанына Батыс Қазақстан облысы бюджетінің орындалуы туралы анықтама Облыс бюджетінің жылдық көлемі 165 659,2 млн теңге құрады, соның ішінде
docs -> Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
2016 -> 2016 жылғы «15» сәуірдегі №122 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
docs -> Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...