Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус



жүктеу 347.75 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі347.75 Kb.



Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф2 Н ШҚМТУ 701.01-II

Сапа менеджмент жүйесі

Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус

бет 18 беттен




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

АТжБ факультетінің

деканы


____________М.К.Кылышканов

« ____»______________2015 ж.


БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП

Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус
БУХГАЛТЕРСКИЙ УЧЕТ

Рабочая модульная учебная программа и силлабус


Мамандық: 5В050900 – Қаржы, 5В050600 – Экономика


Пәннің кредиттер саны: 3, 2

Өскемен


Усть-Каменогорск

2015


Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус Типтік оқу бағдарламасы және Мамандықтың модульдік білім беру бағдарламасы негізінде «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасында әзірленді.

Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.


Төрайымы Г. Уазырханова
______________________ж. №____ хаттама

Қаржы, есеп және салық салу кафедрасының отырысында талқыланды.


Кафедра меңгерушісі Э. Мадиярова
____________________ж. №____ хаттама

Әзірлеген


Аға оқытушы Г. Байтикенова

Норма бақылаушы Т.Тютюнькова

Элективті курстарға, базалық және бейіндік пәндерге арналған шығарушы кафедрамен жасалған келісім парағы
Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус Типтік оқу бағдарламасы және Мамандықтың модульдік білім беру бағдарламасы негізінде «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасында әзірленеді.
Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.
Төрайымы Г. Уазырханова
______________________ж. №____ хаттама

Қаржы, есеп және салық салу кафедрасының отырысында талқыланды.


Кафедра меңгерушісі Э. Мадиярова
____________________ж. №____ хаттама
Бакалаврларды шығарушы «Теориялық және қолданбалы экономика» кафедрасымен келісілді.
Кафедра меңгерушісі С.Суйеубаева
Әзірлеген
Аға оқытушы Г. Байтикенова

Норма бақылаушы Т.Тютюнькова


1 ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ОРНЫ


1.1 Зерделенетін пәннің қысқаша мазмұны

«Бухгалтерлік есеп» пәні бухгалтерлік есеп теориясы мен тәжірибесінің негізін құрайды. Берілген бағдарлама нарықтық экономика жағдайындағы жалпы қабылданған халықаралық қағидаларды, бухгалтерлік есеп әдістері мен амалдарын қарастырады, қаржы саласындағы мамандарға қаржылық есептілікті жасау және талдау дағдыларын алуға, ақпаратты өңдеудің қазіргі әдістері мен құралдарын меңгеруге мүмкіндік береді.

Қаржы және экономика саласында бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау үшін мамандардың бухгалтерлік есеп теориясы мен тәжірибесін білуі үлкен роль атқарады.

Экономика қалыпты жұмыс істеу үшін оперативті түрде келіп түсетін жан-жақты, объективті ақпарат қажет. Оның негізгі көздері болып бухгалтерлік есептегі мәліметтер табылады. Ұйымның өндірістік, қамтамасыз етушілік және сату қызметінде болып жатқан өзгерістер дұрыс басқару шешімдерін қабылдау арқылы бұл ұйымның жұмысын жақсарту мақсатымен бухгалтерлік есепте тіркеледі. Бұл бухгалтерлік есепті барлық деңгейде ақпараттық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өндірісті басқару жүйесінің бөлігі ретінде қарастырады.

Бұл курста бухгалтерлік есептің негізгі базалық қағидалары, әдістері мен кәсіби ойлауға әкелетін есеп процедуралары қарастырылады.

Бухгалтерлік есепті оқуға әкелетін пәндерге: статистика теориясы, экономикалық теория, микроэкономика, макроэкономика және басқа да экономика ғылымдар қатары жатады.


1.2 Пәнді зерделеу мақсаты мен міндеттері

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - субъектінің нарықтағы тәртібін анықтау, ішкі және сыртқы резервтерді айқындау, ресурстарды рационалды пайдалану, бәсекелестермен, жабдықтаушылармен, мердігерлермен және т.б. тұрақты қарым-қатынасты орнату үшін әртүрлі деңгейде басқару шешімдерін негіздеуге қажетті нарықта субъектінің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы және уақытылы ақпаратты қалыптастыру болып табылады.

Пәнді оқыту міндеттері мыналардан тұрады:


  • курс барысында нарық жағдайында бухгалтерлік есептің негізін құрайтын қағидаларын қарастыру;

  • ұйымдарда есеп үдерісін ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік дағдыларға ие болу;

  • бухгалтерлік есеп шоттар жүйесімен, есептік ақпаратты өңдеу технологиясымен, есептік тіркемелерімен және бухгалтерлік есеп нысандарымен танысу.

Бухгалтерлік есеп объектілері болып табылады: ұйым активтері, міндеттемелері, капиталы, кірістер мен шығыстар.

Бухгалтерлік есеп маңызы мен қажеттілігі мынада: ол басқару шешімдерін оперативті және дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді, ал оның әдістемелік негіздерін білу қалыптасқан жағдайды бағалауға және ұйым қызметінің қаржылық нәтижелері және қаржылық жағдайы туралы негіздемелі ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.




    1. Пәнді зерделеу нәтижелері

Оқу нәтижелері тиісті білім беру деңгейінің Дублин дескрипторлары негізінде анықталады және құзыреттіліктер арқылы белгіленеді. Сонда бес басты оқу нәтижесі айкындалады:

Білу және түсіну: бухгалтерлік есептің басқа есеп түрлеріндегі (басқарушылық, салық, өндірістік) орны туралы нақты білуі , оның пәнін, әдістерін, кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды білуі қажет; қаржылық есептіліктің стандарттарын білуге, есептік қызметтің мазмұнын, оның жолдары мен әдістерін, мақсаты мен оны іске асыру жолдарын, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың алдында тұрған мәселелерді шешудегі есептің мүмкіндіктерін білуі қажет.

Білім мен ұғымды қолдану: қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын біледі, экономиканы жаһандандыру жағдайында отандық практикада қолдана біледі; қабылдаған білімдерін тәжірибеде бақылау мен талдау мақсатында, жұмыс көлемін арттыру үшін қаржылық ресурстарды тарту, құны төмендеген резервтерді анықтау мен рентабельділікті жоғарылату үшін қолдана білуі қажет.

Пайымдауды қалыптастыру: қойылған мәселелерге сәйкес қаржы- экономикалық ақпарат өңдеу үшін инструменттік құралдарды таңдауға, алынған қорытындыны негіздеуге қабілетті; басқарушылық шешімдердің ұсынылған нұсқаларын критикалық бағалауға және әлеуметтік-экономикалық тиімділік, тәуекелдер және мүмкін әлеуметтік- экономикалық салдарлары критерияларын ескере олдарды жетілдіру бойынша ұсыныстар негіздеуге қабілетті.

Коммуникативтік қабілеттілік: кәсіби қызметке байланысты әр түрлі жағдайға бейімделген және мобильді; нақты экономикалық жобаны жүзеге асыру үшін құрылған шағын топтар қызметін ұйымдастыруға қабілетті; оқыту дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі: кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін кешендік талдау және диагностика өткізуге қабілетті, оңтайлы басқарушылық шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін алынған нәтижелерді пайдалану.


    1. Пререквизиттер

ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп


2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Тақырыптамалық жоспар


Модуль

дің, тақы

рыптың



Тақырыптың атауы, оның мазмұны

Әдебиеттерге және басқа да деректерге сілтеме

Кредиттердегі көп еңбек сіңіруді қажетсіну

1

2

3

4

5

к/о

с/о

1


1-Модуль «Бухгалтерлік есеп негіздері»




Дәрістік сабақтар

1

Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп

1,2,3,5,7







2

Бухгалтерлік есеп пәні мен әдісі

1,2,3,5,7







3

Бухгалтерлік баланс

1,2,3,5,7







4

Шоттар жүйесі және екі жақты жазу

1,2,3,5,7







5

Бухгалтерлік есептегі құжат айналымын ұйымдастыру

1,2,3,5,7










Жиыны




0,17

0,17




Семинарлық (іс-тәжірибелік) сабақтар

1

Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп

1,2,3,5,7







2

Бухгалтерлік есеп пәні мен әдісі

1,2,3,5,7







3

Бухгалтерлік баланс

1,2,3,5,7







4

Шоттар жүйесі және екі жақты жазу

1,2,3,5,7







5

Бухгалтерлік есептегі құжат айналымын ұйымдастыру

1,2,3,5,7










Жиыны




0,33

0,17




Мұғалім бақылауындағы білім алушының өздік жұмысы (СОӨЖ)

1

Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп

1,2,3,5,7







2

Бухгалтерлік есеп пәні мен әдісі

1,2,3,5,7







3

Бухгалтерлік баланс

1,2,3,5,7







4

Шоттар жүйесі және екі жақты жазу

1,2,3,5,7







5

Бухгалтерлік есептегі құжат айналымын ұйымдастыру

1,2,3,5,7










Жиыны




1

0,66




1 модуль бойынша жиыны




1,5

1

2


2-Модуль «Қаржылық есеп»

в стиле презентаций»"




Дәрістік сабақтар

1

Ақша қаражаттары және инвестициялар есебі

1,2,3,5,7







2

Дебиторлық берешек есебі

1,2,3,5,7







3

Қорлар есебі

1,2,3,5,7







4

Ұзақ мерзімді активтер есебі

1,2,3,5,7







5

Ұйымдардағы міндеттемелер есебі

1,2,3,5,7







6

Капитал мен резервтер есебі

1,2,3,5,7







7

Кірістер мен шығыстар есебі


1,2,3,5,7







8

Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну

1,2,3,5,7










Жиыны




0,17

0,17




Семинарлық (практикалық) сабақ

1

Ақша қаражаттары және инвестициялар есебі

1,2,3,5,7







2

Дебиторлық берешек есебі

1,2,3,5,7







3

Қорлар есебі

1,2,3,5,7







4

Ұзақ мерзімді активтер есебі

1,2,3,5,7







5

Ұйымдардағы міндеттемелер есебі

1,2,3,5,7







6

Капитал мен резервтер есебі

1,2,3,5,7







7

Кірістер мен шығыстар есебі


1,2,3,5,7







8

Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну

1,2,3,5,7










Жиыны




0,33

0,17




Мұғалім бақылауындағы тәлім алушының өздік жұмысы (СОӨЖ, СӨЖ)

1

Ақша қаражаттары және инвестициялар есебі

1,2,3,5,7







2

Дебиторлық берешек есебі

1,2,3,5,7







3

Қорлар есебі

1,2,3,5,7







4

Ұзақ мерзімді активтер есебі

1,2,3,5,7







5

Ұйымдардағы міндеттемелер есебі

1,2,3,5,7







6

Капитал мен резервтер есебі

1,2,3,5,7







7

Кірістер мен шығыстар есебі


1,2,3,5,7







8

Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну

1,2,3,5,7










Жиыны




1

0,66




модуль 2 бойынша жиыны




1,5

1




ҚР кредиты, пән бойынша жиыны




3

2


2.2 Реферат орындалуына қойылатын талаптар және мазмұны


  1. Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі.

  2. Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның міндеті.

  3. Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі.

  4. Шаруашылық процестері және олардың нәтижесі.

  5. Бухгалтерлік баланстың рөлі мен мағынасы.

  6. Бухгалтерлік баланстың түрлері.

  7. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны.

  8. Шаруашылық операциялар әсерінен баланстың өзгеруі.

  9. Бухгалтерлік шоттардың құрылымы мен мазмұны.

  10. Екі жақты жазу жүйесі. Шоттар корреспонденциясы.

  11. Айналым ведомостері, олардың мәні және құрастырылуы.

  12. Шахмат ведомостері, олардың мәні және құрастырылуы.

  13. Типтік шоттар жоспары, оның құрылымы.

  14. Бухгалтерлік құжаттар, олардың есептегі ролі мен мәні.

  15. Құжаттарды жіктеу.

  16. Түгендеудің мәні, толық және ішін-ара түгендеу.

  17. Түгендеуді өткізу және тіркеу тәртібі.

  18. Түгендеу нәтижесін анықтау мен оларды есепке алу.

  19. Бағалау. Бағалаудың түрлері.

  20. Калькуляциялау объектілері, калькуляциялық өлшем бірлігі.

  21. Есеп регистрлерінің мәні мен мағынасы.

  22. Есеп регистрлеріегі қате жазуларды түзету.

  23. Есептің журнал-ордерлік формасы.

  24. Есептің автоматтандырылған формасы.

  25. Касса операцияларының есебі.

  26. Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі.

  27. Валюта шоттардағы ақша қаражаттары қозғалысының есебі.

  28. Қаржылық инвестициялар есебі.

  29. Есеп беретін адамдармен есеп айырысудың есебі.

  30. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.

  31. Еңбек және еңбекақы есебі.

  32. Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі.

  33. Бюджетпен есеп айырысу.

  34. Шаруашылық субъектілерінің басқадай кредиторлық борыштарының есебі.

  35. Негізгі құралдардың анықтамасы, сипаттамасы, жіктелуі, бағалануы.

  36. Негізгі құралдар есебі.

  37. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі.

  38. Тауардың, дайын өнімнің есебі.

  39. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері.

  40. Материалдық емес активтер, олардың түрлері және мінездемесі.

  41. Материалдық емес активтердің есебі.

  42. Материалды емес активтердің амортизациясы.

  43. Табыстар мен шығындар жайлы түсінік.

  44. Табыстар мен шығындарды танудың критерилері.

  45. Сатылған өнімнің нақты өзіндік құнын есептеу.


2.3 Өздік жұмыс тапсырмалары (СОӨЖ)



Тақырып

Тапсырманың мазмұны және мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

1 Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп

Баяндамалар дайындау:

1.Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі. 2.Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің жалпы сипаттамасы. 3.Бухгалтерлік ақпарат пен басқару шешімдерін қабылдау. 4.Бухгалтерлік есеп қызметтері мен оның міндеттері.

5.Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті нормативті-заңнамалық реттеу.


1,2,3,5,7,12

1 апта

Жағдай-

ларды талқылау



1 апта

2 Бухгалтерлік есеп пәні мен әдісі

Тапсырманы орындау

1. Бухгалтерлік есептің пәні

2.Бухгалтерлік есептің әдістері: құжаттау, түгендеу, бухгалтерлік баланс жасау, шоттар және екі жақты жазу әдісі, бағалау, кальку-ляциялау, кәсіпорын-ның есеп беруі. Есепте қолданылатын өлшем-дер.

3.Шаруашылық процес-тер және олардың нәтижесі.



1,2,3,5,7,12

2 апта

Жеке сөйлесу

2 апта

3 Бухгалтерлік баланс

Есеп шығару, кесте толтыру

1. Бухгалтерлік баланстың рөлі мен маңызы. 2.Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны. 3.Бухгалтерлік баланс-тың бөлімдері. 4.Баланстың негізгі баптарының түсінік-тері. 5.Бухгалтерлік баланс түрлері. Активтер құрамы және сипаттамасы.

6.Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелер құрамы және сипаттамасы. 7.Меншікті капитал құрамы және сипаттамасы. 8.Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа әсері.


1,2,3,5,7,12

3 апта

Тапсырманы қорғау

3 апта

4 Шоттар жүйесі және екі жақты жазу

Есеп шығару

1.Бухгалтерлік шоттар анықтамасы және арналымы. 2.Бухгалтерлік шоттардың құрылымы мен мазмұны.

3.Есеп шоттарының экономикалық мазмұны, құралуы және арналымы бойынша жіктелуі (негізгі, реттеуші, калькуляциялық, қаржылық нәтижелік, баланстық, баланстан тыс және т.б.). 4.Талдамалық (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есеп. 5.Айналым тізімдемесі, оның мәні мен құралу тәртібі.

6.Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары.

7.Екі жақты жазу әдісін негіздеу, оның бақылаушылық маңызы.

8. Жай және күрделі бухгалтерлік жазулар.



1,2,3,5,7,12

4 – 5 апта

Жағдай-

ларды талқылау



4 – 5 апта

5 Бухгалтерлік есептегі құжат айналымын ұйымдастыру

Жағдайларды талқылау, тапсырмаларды орындау

1.Бухгалтерлік құжаттар, олардың есептегі ролі мен мәні. Құжаттау – бухгалтерлік есептің негізі. Құжаттар реквизиттері.

2.Түгендеудің мәні, толық және ішін-ара түгендеу.

3.Есеп регистрлерінің мәні мен мағынасы. Есепте тіркеу жұмыстарын жүргізу тәртібі.

4.Есеп регистрлеріндегі қате жазуларды түзету.

5.Бухгалтерлік есеп нысандары жөнінде ұғым.



1,2,3,5,7,12

6 апта

Тапсырманы қорғау

6 апта

6 Ақша қаражаттары және инвестициялар есебі

Баяндамалар талқылау, терминдер білу, есеп шығару

1.Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі.

2.Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен олардың сипаттамасы. 3.Банктердегі есеп айырысу шоты мен арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.

4. Инвестициялар анықтамасы, түрлері мен жіктемесі.



1,2,3,5,7,12

7 апта

Тапсыр-маны қорғау

7 апта

7 Дебиторлық берешек есебі

Тапсырманы орындау, жағдайларды талқылау

1.Дебиторлық борыштардың танылуы мен бағалануы.

2.Күдікті дебиторлық борыштардың есебі.

3. Жұмыскерлердің дебиторлық берешектерінің есебі.

4. Алдағы кезең шығындарының есебі. 5. Берілген аванстар есебі.


1,2,3,5,7,12

8 апта

Тапсыр-маны қорғау

8 апта

8. Қорлар есебі

Тапсырманы орындау

1.Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік. 2.Тауарлы-материал-дық қорлардың жіктелуі.

3.Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері Әдістерді салыстыру.

4.Тауарлы-материалдық қорлар-дың кіріс етіліу мен шығыс етілуінің құжат-тық рәсімделуі. 5.Кәсіпорындағы ТМҚ қоймадағы және бухгалтериядағы есебі.



1,2,3,5,7,12

9-10 апта

Тапсыр-маны қорғау

9-10 апта

9. Ұзақ мерзімді активтер есебі

Баяндамалар талқылау, жағдайларды талқылау

1. Негізгі құралдардың анықтамасы мен сипаттамасы.

2. Негізгі құралдардың жіктелуі. 3.Негізгі құралдардың бағалануы.

4.Негізгі құралдардың тозуы.

5.Негізгі құралдардың шығыс етілуі мен олардың түрлері. 6.Материалдық емес активтер, олардың түрлері және мінез-демесі.

7.Материалды емес активтерді кіріске алу және бағалау. 8.Материалды емес активтердің амортиза-циясы.

9. Материалдық емес активтердің есептен шығарылуы.


1,2,3,5,7,12

11апта

Тапсыр-маны қорғау

11апта

10.Ұйымдардағы міндеттемелер есебі

Тапсырманы орындау.

1. Бюджетпен есеп айырысу.

2.Тауарлы-материалдық қорларды жеткізуге немесе орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін субъектіден алынған аванстар бойынша есеп айырысудың есебі.

3.Жұмысшыларға сыйақы. Төленілетін дивидендтер, қайтарылатын дивидендтер. 4.Шаруашылық субъектілерінің басқадай кредиторлық борыштарының есебі. 5.Алдағы кезең табыстары.



1,2,3,5,7,12

12 апта

Тапсыр-маны қорғау

12 апта

11. Капитал мен резервтер есебі

Тапсырманы орындау.

1. Капитал түсінігі және элементтері. 2.Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі мен оның есебі. 3.Акционерлік капитал, оның қалыптастыру тәртібі және өзгеруі. 4.Төленбеген капитал. 5.Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі.

6.Резервтік капиталды қалыптастыру және пайдалану есебі.


1,2,3,5,7,12

13 апта

Тапсыр-маны қорғау

13 апта

12. Кірістер мен шығыстар есебі


Тапсырманы орындау

1.Кірістер мен шығыстар түсінігі және жіктелінуі.

2.Негізгі және негізгі емес қызметтің кірістері мен шығыстары есебі. 3.Алдағы кезеңдегі кірістер мен шығыстар есебі. Өзге кірістер мен шығыстар есебі.

4.Кезең шығыстарын тану және оларды ұйым қызметінің қаржылық нәтижесіне енгізу тәртібі. 5.Қаржылық нәтижелер есебі және пайданы пайдалану.



1,2,3,5,7,12

14 апта

Тапсыр маны қорғау

14 апта

13. Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну

Тапсырманы орындау

1.Қаржылық есептілік құрылымы: бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп беру, ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп беру, капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру. Түсіндірме жазба мәні. 2.Қаржылық есептілікті жасауға қойылатын талаптар.



1,2,3,5,7,12

15 апта

Тапсыр маны қорғау

15 апта



2.4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Бақылау /тапсырма түрі

Академиялық оқу мерзімі, апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысу

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Дәріс конспектісі



















*






















*

Ауызша сұрау

*

*




*

*




*

*




*

*




*

*




Коллоквиум



















*



















*




Тестілеу













*













*













*

Баяндама










*










*










*










Презентация дайындау
















*
















*










Есептерді тапсыру




*

*

*




*

*

*




*

*

*




*

*

Аралық тестілеу



















*






















*

Барлығы













































Тапсырмалар түрлері және ағымдағы бақылау мерзімділігі оқытылатын пәннің ерекшелігіне байланысты әзірленеді және мыналарды ескеруі мүмкін: сабаққа қатысу, дәрістер конспектілері, ауызша сұрау, коллоквиум, тестілік сұрау, реферат, эссе, аралық тестілеу және т.б.

Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша аралық бақылау нәтижесі (рейтинг) қалыптасады.

Оқытушы ағымдағы және аралық бақылаудың барлық түрлерін өткізеді және білім алушының ағымдағы үлгеріміне сәйкес келетін бағасын (ағымдағы және аралық бақылаулардың орташа арифметикалық бағасын) шығарады. Сонда білім алушының оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырмасы үшін 100 балл санының шкаласы бойынша бағаланады.


3 ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер


  1. С.Т. Миржакыпова, Г.Н.Аппакова, Основы бухгалтерского учета, Учебное пособие для вузов – Алматы: «Издательство Экономика», 2009. – 186с.

  2. В.Л. Назарова, М.С. Жапбарханова Бухгалтерлік есеп, Оқулық – Алматы: Экономика, 2012. – 623б.

  3. В.Л. Назарова Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Оқулық – Алматы: Экономика 2005. – 309б.

  4. В.П. Проскурина Бухгалтерлік есеп «басынан бастап» балансқа дейін (көмекші құрал) – Алматы. «LEM», 2010. – 370б.

  5. Е.О. Нұрсейітов Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Оқулық құралы – Алматы қаласы, «Издательство LEM» ЖШС, 2006. – 326б.

  6. Э.О. Нурсеитов Национальный бухгалтерский учет и МСФО. Учебное пособие – г.Алматы, «LEM», 2010.

  7. Қ.К. Кеулімжаев, Н.А. Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері». Оқулық – Алматы, 2006. – 382б.

  8. О.М. Карибжанов Основы формирования финансовой отчетности в соответствии с МСФО, Учебное пособие – г.Алматы, 2010.

  9. Формы бухгалтерских регистров, утвержденные приказом Министра финансов РК от 21.06.2007. №215

Қосымша әдебиеттер




  1. ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-ІІІ Заңы. (2012.26.11.берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

  2. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары, ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығымен бекітілген

  3. Перечень и формы годовой финансовой отчетности для публикации организациями публичного интереса (кроме финансовых организаций)», утвержденный Министром Финансов РК приказом от 23.05.2007. №184

  4. Разъяснения Международных стандартов финансовой отчетности: учебно-справочное пособие; пер. с англ. – Алматы Кітап 2001.

  5. Ә.Ә. Әбдіманапов «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері». Оқулық – Алматы, 2006. – 331б.

  6. изменениями и дополнениями по состоянию на 26.11.20Астахов В.П. Теория бухгалтерского учета. учебное пособие – Ростов на Дону; 2002.

  7. С.Б. Баймұханова Бухгалтерлік есеп. Оқулық – Алматы. 2005.

  8. Ержанов М.С., Ержанова С. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов, Учебное пособие – Алматы «Ержанов и К.» 2003

  9. Ержанов М.С. Финансовая отчетность казахстанских предприятий: учеб.пособие/ Ержанов М.С. – Алматы: Экономика 2007. – 180с.

  10. Ларионова А.Д., Нечитайко А.Н. Бухгалтерский учет. Учебник – М.ООО «Изд-во Проспект», 2008. – 360с.

  11. Мэтьюс М.Р., Перера М.Х. Теория бухгалтерского учета – М., 2001

  12. Ф.С. Сейдахметова Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп Оқу құралы – Алматы: «Издательство LEM» ЖШС, 2008. – 548б

4. БІЛІМДІ БАҒАЛАУ


4.1 Оқытушының талаптары

Оқытушы талаптары:



  • Сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;

  • студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;

  • балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;

  • қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;

  • орташа рейтингі Рср = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;

  • студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.


4.2 Бағалау критерийлері
Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Білімді ағымдағы бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі.

Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады:




Аттестациялау кезеңі

Бақылау түрі, меншікті салмақ, %

Қатысу

Конспекті дәрістер

Ауызша сұрау

Коллоквиум

тестілеу

Есеп шығару

Презентация дайындау

Ағымдағы тестілеу

Барлығы

Модуль 1

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Модуль 2

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Әр пәннен емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.

Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:

- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.

Қорытынды баға есебінің формуласы:


, (1)
мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;

Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.


Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:

Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағатсыздандырылған


4.3 Аралық және қорытынды бақылауларға арналған материалдар


  1. Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі.

  2. Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның міндеті.

  3. Бухгалтерлік есепті дамытуға әсер ететін факторлар.

  4. Бухгалтерлік есеп мамандығы және этикалық жауапкершілік.

  5. Бухгалтерлік есеп объектілері және олардың нәтижесі.

  6. Бухгалтерлік баланстың рөлі мен мағынасы.

  7. Бухгалтерлік баланстың түрлері.

  8. Бухгалтерлік шоттардың құрылымы мен мазмұны.

  9. Бухгалтерлік құжаттар, олардың есептегі ролі мен мәні.

  10. Түгендеудің мәні, оның түрлері.

  11. Есеп регистрлерінің мәні мен мағынасы.

  12. Бухгалтерлік есеп формалары.

  13. Касса операцияларының есебі.

  14. Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі.

  15. Қаржылық инвестициялар есебі.

  16. Есеп беретін адамдармен есеп айырысудың есебі.

  17. Еңбек және еңбекақы есебі.

  18. Қарыздар есебі.

  19. Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі.

  20. Бюджетпен есеп айырысу.

  21. Негізгі құралдардың есебі.

  22. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі.

  23. Материалдық емес активтердің есебі.

  24. Меншікті капитал есебі.

5 НЕГІЗГІ ОҚУ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ


Пәндерді оқыту барысында қолданылатын, оқу әдістері (технологиялары) көрсетіледі. Білім алушыларды ізденіске және білімді басқаруға тарту, түрлі міндеттерді өз бетімен шешуде тәжірибе жинау мүмкіндігін беретінтиімді педагогикалық әдістемелер мен технологиялардың ішінен мыналарды белгілеп көрсету керек:

  • проблемалық және жобалық-бағдарланған оқыту технологиялары;

  • оқу-зерттеу қызметі технологиялары;

  • коммуникативтік технологиялар (пікірталас, баспасөз конференциясы, батыл ми әрекеті, оқу дебаттары және басқа да белсенді нысандар мен әдістер);

  • кейстер әдісі (жағдайды талдау);

  • ойын технологиялары, бұл шеңбер аясында білім алушылар іскерлік, рөлдік, еліктеме ойындарына катысады;

  • ақпараттық-коммуникативтік (соның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар.

6 КЕҢЕС БЕРУ УАҚЫТЫ




  • оқытушының жұмыс графигі бойынша.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет