«Мүгедектікті және/немесе еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

Loading...


Дата03.02.2017
өлшемі104 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ ___ қаулысымен

бекітілген

«Мүгедектікті және/немесе еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мүгедектікті және/немесе еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау».



  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

  2. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер).

  3. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы:

  1. аумақтық бөлімшелер;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) – мүгедектікті растау туралы ақпарат алу.

5. Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтар көрсетілетін қызметті алушы болып табылады.





  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі




  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

аумақтық бөлімшелерде:

  1. мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-қосымшасымен айқындалған құжаттармен өтініш білдірген күні көрсетіледі. Диагнозды және ағза функцияларының бұзылу дәрежесін қосымша тексеру және емдеу арқылы нақтылау қажеттілігі туындаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.

  2. өтініш білдірген күні сол жерде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ шекті уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге 45 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

  3. көрсетілетін қызметті алушыға өтініш білдірген күні қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 45 минуттан аспайды;

  4. үйде көрсетілетін, мамандандырылған мекемелерде, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторында емделіп жатқан жері бойынша мемлекеттік қызметті мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты уәкілетті орган орналасқан жерден бастап мемлекеттік қызмет алушы орналасқан жерге дейін жол жүру уақытына байланысты 1 сағаттан 4 сағатқа дейін;

порталда:

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесіне сауал түскен сәттен бастап – 30 минуттан аспайды (бұдан әрі – ақпараттық жүйе).

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық, қағаз түрінде.

8. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) аумақтық бөлімшеде қағаз жеткізгіштегі құжаттар:

көрсетілетін қызметті алушыға мүгедектік белгіленген жағдайда – мүгедектігі туралы анықтама;

көрсетілетін қызметті алушыға оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленген жағдайда – мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасынан үзінді көшірме;

көрсетілетін қызметті алушыға жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі белгіленген жағдайда – жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі туралы анықтама;

көрсетілетін қызметті алушыға кәсіптік еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі белгіленген жағдайда – кәсіптік еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі туралы анықтама;

зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлері мен көмекке мұқтаждығы айқындалған жағдайда – зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлері мен көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды;

кезекті қайта куәландыру кезінде мүгедек болып танылмаған көрсетілетін қызметті алушыға – толық оңалу туралы хабарлама;

не мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеуден, қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап;

2) порталда: ақпараттық жүйенің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мүгедектікті растау не мүгедектік туралы мәліметтердің болмауы туралы ақпарат.

Портал арқылы өтініш білдірген кезде жәрдемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Жұмыс кестесі:

1) аумақтық бөлімшелерде:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау: дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін.

Алдын ала жазылу және қызметті жеделдетіп ресімдеу көзделмеген.

2) порталда – тәулік бойы.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

аумақтық бөлімшеге өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мына құжаттармен бірге ұсынады:

1) 088/у нысаны ресімделген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей;

2) дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы (үйде, стационарда немесе сырттай консультацияға, куәландыруға, қайта куәландыруға жіберілген, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын (бұдан әрі – ОЖБ) қалыптастыруға немесе түзетуге жіберілген жағдайларда);

3) жеке басын куәландыратын құжат;

4) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы). Адамның түзеу мекемесінде немесе тергеу изоляторында болу фактісін растайтын анықтама (еркін үлгіде);

5) ауру динамикасын талдау үшін амбулаторлық аурудың медициналық картасы;

6) ауру тарихының және зерттеу нәтижелерінің үзінді көшірмелері;

7) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) (жеке басын куәландыратын құжатта ЖСН болмаған жағдайларда);

8) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат;

9) еңбек қызметін растайтын құжат (болған кезде, еңбекке қабілетті жастағы адам ұсынады);

10) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы) (жұмыс істейтін адам ұсынады);

11) еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы акті (еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады);

12) Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығының бергеніне екі жыл өтпеген қорытындысы (кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады);

13) себептік-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат (жараланумен, контузиямен, жарақаттанумен, мертігумен, аурумен байланысты мүгедектіктің себебін анықтау кезінде ұсынылады);

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 4), 5), 8), 10) тармақшаларында көзделген құжаттар түпнұсқада ұсынылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 6), 7), 9), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы көшірмелерде және салыстырып тексеру үшін түпнұсқада ұсынады;

мүгедектікті растау туралы ақпарат үшін порталға өтініш білдірген кезде: электрондық құжат нысанындағы сұрау.

12. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, аумақтық бөлімшенің маманы өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

13. Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер белгіленбеген.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) аумақтық бөлімшенің әдіснама және медициналық-әлеуметтік сараптаманы бақылау бөліміне, жұмыс кестесі және мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мына интернет-ресурсына: http://www.enbek.gov.kz орналастырылған;

2) аумақтық бөлімшенің басшысына тікелей. Азаматтарды қабылдау кестесі мына интернет-ресурстарға: http://www.enbek.gov.kz; www.con.gov.kz орналастырылған;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөлімінде;

5) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжай бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» беті);

6) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

7) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

15. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні, өтініш беру себебі және талаптары көрсетіледі.

16. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

17. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарланады.

18. Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде

электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
19. Мемлекеттік қызмет:

1) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша аумақтық бөлімшенің үй-жайларында;

2) көшпелі отырыстарда:

мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша емдеу-алдын алу мекемесінің базасында;

мамандандырылған мекемелерде емделіп жатқан орны бойынша;

мемлекеттік қызмет алушының барған жері бойынша түзеу мекемелері мен тергеу изоляторында;

үйде, стационарда – егер адам медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмайтын болса;

3) сырттай – куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емделуде жүрген болса, куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен ұсынылған осы стандарттың 11-тармағымен айқындалған құжаттарды ұсыну негізінде көрсетіледі.

20. ЖСН мен ЭЦҚ болған кезде мүгедектікті растау не мүгедектік туралы мәліметтің болмауы туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

21. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған.



22. Консультативтік қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы call-орталығының (1414) телефоны арқылы көрсетіледі.

____________________________________


Каталог: upload -> userfiles -> files
upload -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
upload -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
upload -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері
files -> Халықаралық білім беру корпорациясына (хбк) оқуға Қабылдау ережелері
files -> Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын
files -> Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өніміділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
files -> Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...