Мұғaлiм: Сисенова Гулим Салимовна Сыныбы: 8 Оқушылaр сaны



жүктеу 49.1 Kb.
Дата24.05.2017
өлшемі49.1 Kb.
Мектеп: Ақсай қаласы № 4 ЖОББМ Мерзімі: 19.01.2017ж

Мұғaлiм: Сисенова Гулим Салимовна Сыныбы: 8 Оқушылaр сaны: 22

Тaқырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан

Құндылық: Қиянaт жaсaмaу Қaсиеттер: Сыйластық, адалдық, шынайылық

Мaқсaты: «Дос», «Достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу

Мiндеттерi:

  • Достар арасындағы рухани жақындастық мәнін ұғындыру

  • Айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту

  • жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу

Ресурстaр:

(мaтериaлдaр, дереккөздер)


Сaбaқ бaрысы:

  1. Ұйымдaстыру кезеңi.

5 Т – ережесi:

    1. Тәртiп.

    2. Тaлaп.

    3. Тыныштық.

    4. Тaзaлық.

5. Тaтулық.

Тыныштық сәтi. «Нұрғa бөлену».




2. Үй тaпсырмaсын тексеру.

№13 – сaбaқ. Екі дос» аңыз әңгімесін оқып келу.

Сұрaқтaр:

1. Аңыз әңгіменің мазмұны неде? 
2. Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едің? 
3. Өз досыңның мінезі қандай болғанын қалар едің? 





3. Дәйексөз

"Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар" 
Аристотель 

Аристотель -грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.

1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? 

2.Достық деген ұғымды қалай түсінесіздер?
3. Адал дос болу үшін, адам бойында қасиеттер қандай басым болу қажет? 




4. Оқиғaларды әңгімелеу (әңгімелесу)

«Жақсылықты ұмытпау» Аңыз әңгіме

Бір күні екі дос келе жатып, сөзге келіп қалады. Біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Таяқ жеген досы жағы ауырса да, ештеңе деместен жердегі құмға «Бүгін менің ең жақын досым жағымнан тартып жіберді» деп жазады.

Олар әрі қарай кете береді де, суы бар шалғынды әсем жерге тап болады. Сол жерде шомылуды ұйғарады. Жағына шапалақ тигені суға батып кете жаздайды, оны досы құтқарып, есін жиғаннан кейін ол тасқа «Мені  бүгін ең жақын досым өлімнен құтқарып қалды» деп жазды.Бір кезде шапалақпен ұрып жіберген, соңынан суға кетуден құтқарған досы одан былай деп сұрайды: «Мен сені жәбірлеген кезде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып отырсың. Мұны қалай түсінуге болады?» дейді. Досы оған былай деп жауап береді: «Егер бізді біреу жәбірлесе оны құмға жазуымыз керек, өйткені жел құмдағы жазуды өшіріп әкетеді. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа қашап жазу керек, өйткені ол жазуды жел де, уақыт та өшірмеуі керек»


  • Аңыз әңгіменің мазмұнынан не түсіндіңдер? 

  • Бұл аңыздан қандай қорытынды шығаруға болады?

  • Достықта жақсылықты есте сақтап, ал жамандығты, өкпені ұмыту керек дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Досыңды жоғалтпас үшін оған деген өкпеңді кешіре білу керек пе?

  • Бұл аңыз әңгімеде қандай құндылықтар айтылған?




5.Шығaрмaшылық іс-әрекеттер,топтық жұмыс.

Сынып З топқа бөлінеді.

1 Топ: «Менің сүйікті досым» тақырыбына шағын әңгіме жазады

2 Топ: Дос, достыққа байланысты мақал — мәтелдер айтады.

3 Топ: Достыққа байланысты сахналық көрініс көрсетеді.





6. Топпен ән aйту.

«Достарым» 
Сөзі мен әні: 
Х. Закариянов 

Толтырады бір көңілдің отын достарым 
Қатемді түзеп, жол тапсам, дұрыс қостадың 
Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын 
Жүріндер сендер қолықтан демеп, достарым 

Жабыққан сәтте қас қағым 
Жанынды ұғар басқа кім? 
Жаңабірәуенбастадым 
Сендергеарнап, достарым! 

Сағыныш толы кеудені кернеп жыр көшкін 
Достықтың келдім сазына ән мен үн қосқым 
Өтермін мынау өлшеулі ғана тірліктен 
Биіктен сайлап орнын адалшын достың 

Жабыққан сәтте қасқағым 
Жанынды ұғар басқа кім? 
Жаңа бір әуен бастадым 
Сендерге арнап, достарым! 




7.Үй тaпсырмaсы

 Оқулықтың 70 бетіндегі №14 сабақтағы  І.Есенберлиннің «Жедел хат» әңгімесін мазмұндап келу. 




8. Сaбaқтың соңғы тыныштық сәтi

Бaяу музыкa қойылaды



Мұғaлiм:. Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен достарымызды көз алдымызға келтіре отырып, дүниедегі барлық жақсылықтарды достарымызға тілейікші.

Бүгiнгi сaбaқтaн игерген жaқсы қaсиеттердi есiмiзге түсiрiп, жүрегiмiзге сaқтaйық. Рaхмет!







Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет