Мұғалім портфолиосы туралы түсінік Мұғалім портфолиосы



жүктеу 39.75 Kb.
Дата28.03.2017
өлшемі39.75 Kb.
Мұғалім портфолиосы

Мұғалім портфолиосы туралы түсінік

Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.

Мұғалім портфолиосының артықшылықтары:

-         Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;

-         Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі;

-         Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы;

-         Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.

-         Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.

-         Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы.

-         Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы.

Портфолоионы жасақтау қиындықтары

-         Төмен мотивация, жұмысқа қызықпау.

-         Тәжірибенің аздығы, біліктіліктің төмендігі.

-         Өз жұмысын жалпылап, жүйелей алмауы.

-         Рефлексиялық мәдениеттің төмен болуы.



Мұғалім портфолиосының негізгі функциялары

1.Жинақтаушы: мұғалім жұмыстарының жиынтығы.

2.Үлгілеуші: мұғалімдің жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.

3.Рефлексия-шығармашылық: түрлі педагогикалық технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.



Мұғалім портфолиосының түрлері

1.Мақсаты бойынша: жекеменшік (өзі үшін), есеп (басшылық үшін), жоба (ұжым мен ұйым дамуы үшін).

2.Мазмұны бойынша: жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы), рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау), проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер), тақырыптық (негізгі қызмет салалары бойынша маңызды жұмыстар).

Мұғалім портфолиосының маңызды бөлімдері

Автопортрет” бөлімі:

Менің әдістемелік жұмыс жүйем. Менің кәсіби өсу бағдарламам.

Ақпараттық ресурстар” бөлімі:

Қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар. Анықтамалар мен түсіндірме сөздіктер. Жалпы және педагогикалық заңдылықтар мен ережелер.

Жұмыс материалдары” бөлімі:

Менің әдістемелік жобаларым мен дайындамаларым. Қызықты және құнды ақпараттар мен мәліметтер (интернеттен).

Менің жетістіктерім” бөлімі:

Мен ашқан жаңалықтар мен заңдылықтар. Менің табыстарым мен ынталану жолдарым.
Мұғалім портфолиосының мазмұны

-         Жылдық жұмыс жоспары мен жылдық жұмыс есебі.

-         Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары.

-         Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары.

-         Сабақ жоспарлары мен енген сабақтарға талдау жұмыстары.

-         Өзіндік зерттеу-сынақ жұмыстарының аралық қорытынды, түпкі нәтижелері.

-         Өзекті мәселелер мен танымдық тапсырмалардың шешімдері.

-         Жазбаша шығармашылық жұмыстар (рефераттар мен эсселер).

-         Аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер.

-         Жалпылау материалдары (сызба-кестелер, графиктер мен диаграммалар).

-         Сауалнамалар мен сұқбаттасулар және оларды өңдеу қорытындылары.

-         Берілген қосымша тапсырмалардың қорытындылары.

-         Бақылау күнделіктері мен өзіндік ой-толғаныстар.

-         Ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар.

-         Авторлық бағдарламалар мен балама оқу құралдары.

-         Жасалған баяндамалар мен жарық көрген мақалаларының көшірмелері.

-         Әдістемелік нұсқау-жинақтарының қысқаша аннотация, рецензиялары.

-         Портфель авторының жетістіктерін айғақтайтын құжаттар (мақтау қағаздары мен сертификаттар, анықтамалар мен дипломдар).



Мұғалім портфолиосын дайындау технологиясы

1.Мұғалімдерді ынталандыру: аттестациядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін негіз;

2.Портфель типін анықтау: жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту үшін мақсаты, мазмұны бойынша портфель типін анықтау, жекелеген жағдайлар мен арнайы мақсаттарда аралас типін алуға болатындығы.

3.Өткізу мерзімі мен сипатын анықтау: жыл соңында не мерзімді көрсету;

4.Бөлімдер санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі.

5.Бағалау критерийлерін дайындау: міндетті бөлімдердің көпшілігі талқылауға жатпайтындығы мен қалғандарының бірлесе жасалатындығы.



Мұғалім портфолиосын бағалау өлшемдері

1.Сандық бағалау

1.Міндетті рубрикалардың болуы – 2 ұпай.

2.Қосымша жеке рубрикалардың қамтылуы – 5 ұпай.

3.Әріптестері мен ғалымдардың пікірлері – 5 ұпай.



2.Сапалық бағалау

1.      Зерттеу әдістерінің пайдаланылуы – 10 ұпай.

2.      Өзіндік жұмыстары мен дербестігі – 10 ұпай.

3.      Өзіндік пайдалылығы мен құндылығы – 10 ұпай.

4.      Рефлексиялық материалдардың болуы – 10 ұпай.

5.      Материалдардың безендірілуі – 8 ұпай.

6.      Портфолионы көрсету – 10 ұпай.

Барлығы – 70 ұпай.








Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет