Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасының психологиялық жақтары



Дата10.05.2017
өлшемі444 b.


  • Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасының психологиялық жақтары.

  • (баяндама)

  • Психологтарды аудандық семинары




  • Педегогикалық қарым-қатынас барлық білім беру жүйелеріне қатысты мекемелерде болатын қарым-қатынастың ерекше түрі.Білім берудің қай сатысында болмасын мұгалім оқушымен,оқушы мұғаліммен тікелей және кері қарым-қатынаста болады. Өйткені оқыту мен білім беру үрдісінде мұғалім үйретуші, бағыттаушы,

  • басқарушы,тәрбиелеуші,т.б. рөлді атқарса,оқушы-білімді алушы, қабылдаушы,іс-шара-әрекетке араласушы болып қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да, педагогикалық қарым-қатынастың негізгі құралы-сөз.

  • Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді(сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың қай түрі болмасын, ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтар едім .Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты дер едім .Әрине,қанша тәжірибелі мұғалім болса да, балалармен қарым-қатынас жасау,әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес.

  • Тәжірибеге және өзім жүргізген психологиялық зерттеулеріме сүйенсем, жалпы оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерді екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) деп бөлуге болады.



  • Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.

  • Оның себебі: өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде:

  • баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;

  • мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;

  • мұғалім сөзінің тәртіптілігінде,жүйелігінде,анықтығында,нақтылығында;

  • оқу – тәрбие үрдесінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынастың түрлерін пайдалана білуінде.



Екінші топ мұғалімдерінің оқушыларымен қарым-қатынасқа түсуі қиын.

  • Екінші топ мұғалімдерінің оқушыларымен қарым-қатынасқа түсуі қиын.

  • Оның себептері бірінші топта көрсетілген себептерге қарама-қарсы.

  • Дегенмен, менің пікірімше,кебір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым-қатынастарының өте қиын болу себептері:

  • авторитарлық стильді пайдалануында;

  • балаларға салқындық танытуы;

  • балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;

  • балалардың іс-әрекетін,ойын,сөзін әділ бағаламауы;

  • бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі,оны жариялау дер едім.

  • Оқушылармен дұрыс қарым – қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар.



Сондай негізгі себептердің бірі:

  • Сондай негізгі себептердің бірі:

  • 1.Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар.

  • Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш,

  • тез қозғалғыш,бәрін білгісі келіп қарым-қатынасқа

  • тез түсіп отырады.Бұндай топтың балаларын кейбір

  • мұғалімдер тежейтіні жасырын емес.



3. Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс.Осының негізінде қарым-қатынас барысында дау, жанжал болып жатады.

  • 3. Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс.Осының негізінде қарым-қатынас барысында дау, жанжал болып жатады.

  • Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге де қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы:

  • - әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып,қарым-қатынас орнату;

  • - мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау

  • - қарым-қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау;

  • - бұйрық емес,өтініш денгейінде қарым-қатынас жасау;

  • - қарым-қатынаста дау, жанжалға жол бермеу;

  • - сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;

  • - қиын,қыңыр,қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып,олармен тіл табысу. Оның бірден –бір жолы психологиялық ойындар,тренингтер,т.б.;

  • - қарым-қатынаста мұғалім оқушыға, оқушы мұғалімге сену;

  • - қарым-қатынаста сезімдік,танымдық,іскерлік болу керек

  • Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар арқылы








Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет