Мешікке қарсы қылмыстар детерминациясы мен себептілігінің ерекшелігі

Loading...


Дата07.06.2017
өлшемі44 Kb.
Атаханова Гүлзағира Махатқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу

және криминалистика кафедрасының

з.ғ.к., доценті

Мешікке қарсы қылмыстар детерминациясы мен себептілігінің ерекшелігі
Меншікке қарсы жалпы қылмыстық пайдакүнемдік қылмыстылықтың детерминациялану және себептілік процестерінің зерттелуі мына сұрақтарға берілетін жауаптармен байланысты: ол қалай, неге пайда болады және дамиды, қандай әлеуметтік, экономикалық және басқа да жағдайлар оны туындататын себептерге айналады; себептердің пайда болуына және криминалдық нәтиженің осы бір немесе бірнеше қылмыс түрінде орын алуына жағдай туғызатын жағдайлардың ерекшеліктері қандай және әрине, осы құбылыстардың барлығы үйлескенде олардың өзара әрекеттесуінің ерекшеліктері қандай? Сондықтан қылмыстылықтың себептілік мәселесі криминология ғылымы үшін аса маңызды болып есептелінеді.Себептіліктің ғылыми мазмұнын анықтау криминологияны теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан да зерттеуді қажет етеді.

Криминология ғылымында барлық криминогендік жағдайларды себептермен жағдайларға бөлу қалыптасқан. М.Д. Шаргородский «Өздігінен туындайтын және пайда болатын қылмыстылықтың себептеріне кең мағынада барлық жағдайларды жатқызуға болады. Бірақ та барлық жағдайлар біртекті роль атқармайды. Олардың біреуі шынайы қылмыстық ниетті туғызса, ал басқалары осы мүмкіндікті шын мәнінде қылмысқа айналдырады. Сондықтан біріншісін жағдай ретінде қарастырып, ал екіншісін себеп ретінде қарстыру қажет. Нақты қылмыстың себебі- бұл субъектінің қылмыс жасаудағы ниеті және оның мүддесі» деп жазған [1].

Сондай-ақ, барлық кезеңде халық арасында қылмыстылықтың пайда болуының себептері әртүрлі жағдайда «негізгі», «басты» себептер болып саналатын бірізділік қалыптаспаған[2].Шындығында да барлық қылмыстылықтың себептерінің шығу тегі жөнінде осы уақытқа дейін бірізділік байқалмайды. Детерменизм мүлікке, оқиғаға әртүрлі факторлардың өзгеруімен, пайда болуымен тығыз байланысты білдіреді [3]. Ал В.Н. Кудрявцевтің пікіріне сүйенсек «адамның қажеттілігі және оны қанағаттандырудың жағдайы және амал тәсілдері» деп топшылаған [4].

Криминология ғылымында меншікке қарсы қылмыстардың себептерін жіктеуді талдаушылар аз болмаған. Қылмыстылықтың себептерін мынадай деңгейлер бойынша бөліп қарстыруға болады: жалпыәлеуметтік тұрғыдан, әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан.

Меншікке қарсы жалпы қылмыстық пайдакүнемдік қылмыстылық тұтас қылмыстылық құбылысының құрамдас бөлігі ретінде әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жүйесімен, оның типімен себепші болады. Сонымен қатар аталған жүйе мен қарастырылып жатқан қылмыс түрінің өзара әрекеттесуінің маңызды ерекшелігі бар: көптеген басқа қылмыс түрлеріне қарағанда меншікке қарсы жалпы қылмыстық пайдакүнемдік қылмыстылық әлеуметтік-экономикалық жүйемен, оның қатынастарымен байланысты. Бұл кез-келген жүйенің мәнін меншік қатынастары құрайтынын түсіндіреді, демек аталған қылмыстылық түрі меншік қатынастарының белгілі-бір жүйесімен генетикалық жолмен байланысқан. Басқа қылмыстылық түрлеріне қарағанда, оның қарастырылып жатқан түріне белгілі-бір әлеуметтік-экономикалық қатынастар типіне тән қасиеттер қысым жасауы тиіс және жасап та жатыр.

Нарықтық қатынастар жағдайындағы жалпы қылмыстық пайдакүнемдік қылмыстылықтың детерминациясының ерекшелігі олардың өзара қатаң келісілгендігінде. Байланыстар сипатына мемлекеттік және қоғамдық өмірдің көптеген және әртүрлі салалары, олардың күйі, дамуы, бағыттылығы, мазмұны, қоғамға әсер ету дәрежесі тікелей немесе ортада әсер тигізеді. Біздің ойымызша олардың ішінде төмендегі салалар ерекше салмақты орын алады:



  • меншікке – меншіктің қатыстылығына, түбегейлі өзгеруіне, меншіктенуші мен оның мүліктік мүдделерінің қауіпсіздігіне, қорғалуына; теңдей қауіпсіздік туралы мәселенің шешілуіне және белгілі-бір меншік формалары мен белгілі-бір меншіктенушілерге қатысты жасампаздық, басымдылық принциптерін қорғауға немесе қолдануға қатысты мемлекеттік саясаттың, пікірлердің, идеялардың, тұжырымдамалардың қалыптасу саласы;

  • мемлекеттің, яғни уәкілдік етілген органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың меншікке, - аталған субъектілердің белгілі-бір әдістерге, қатаң саяси және экономикалық нұсқауларға немесе осы субъектілердің қызметін дер кезінде түзетуге бейілділігіне қатысты мемлекет қабылдаған шешімдерді, идеяларды, тұжырымдамаларды іске асыру бойынша практикалық қызмет ету саласы; адам мен азаматтың лауазымына, мүлкінің мөлшеріне, белгілі-бір ұйымға қатыстылығына, кәсібіне қарамастан олардың құқықтарына көзқарасы немесе бағытталған, көбінесе мекенжайлық таңдау;

  • мәдениет, ғылым, білім беру, адамгершілік тәрбие беру, құқықтық ағартуды қоса алғанда ағарту, бұқаралық ақпарат, яғни қоғам мен жекелеген адамдарға белсенді әсер ету, меншікке қатысты пікірлерді қалыптастыру мүмкіндігін беретін салалары.

Сонымен бірге, жалпы қылмыстық пайдакүнемдік қылмыстылық детерминациясы мағынасында зор мәні бар салалар қатарына мыналарды жатқызу қажет: әлеуметтік, меншікке, оны қорғауға, бөтен мүлікке қол сұғушылықтармен тікелей күресуге; аталған қылмыстылықпен күресті, оның ішінде оның алдын алуды ұйымдастыру және жүзеге асыруға жататын салада құқықтық пайдалану және құқықтық шығармашылық ету.

Бұл жағдайда халық пен мемлекет тарихы себепші болған ұрпақтардың сабақтастығы, әлеуметтік психологияның және меншікке, оның ішінде жеке меншікке қатысты азаматтық нұсқаулардың тұрақтылығы; дәстүрлер, әдеттер, меншікке, бөтен мүлікке қатысты ұлттық-демографиялық және аумақтық ерекшеліктер сияқты категориялардың әсер ететіндігін ұмытпау керек. Бұл категориялардың өздері де, олардың жалпы қылмыстық пайдакүнемдік қылмыстылыққа әсері де аса өзгеше.

Осы аталғандардан-ақ меншікке қарсы жалпы қылмыстық пайдакүнемдік қылмыстылықтың себепті кешені қаншалықты күрделі екендігі байқалады. Өзара әрекеттесетін құбылыстардың себепті кешеніне жасалатын криминологиялық талдау процесінің күрделілігі де осыдан, оның үстіне бұл процесс мемлекет я қоғам дағдарысқа ұшырағанда немесе өзінің дамуының көшпелі кезеңіне келгенде бұрынғыдан да күрделене түседі.

Қорытындылай келе қылмыстылықты детерминациялайтын құбылыстардың ішінен мыналарды бөліп шығаруға болады:



  • халықтың мүліктік дифференциациясының артуы және кедейлік деңгейінің жоғарылауы, қоғамның тар байлар шеңберіне және басым болып отырған кедей, болашаққа сенімі жоқ адамдарға жіктелуі; ауылға қарағанда қалада кедей халық топтарының көбеюі; жұмыссыздықтың артуы; жалақының кешіктіріп төленуі; кәсіпорындардың тоқтатылуы;

  • қоғам мен шаруашылық қызметтің криминалдануы.

Қылмыстылықты, оның ішінде меншікке қарсы жалпы қылмыстық пайдакүнемдік қылмыстылықты детерминдейтін аталған құбылыстармен қатар, нарықтық қатынастар жағдайында басқа да құблыстар пайда болды. Олар да нарықтық қатынастар үшін міндетті және шарасыз: пайдалану және асыра пайдалану; бастапқы кезеңде көбінесе криминалдық әдіспен, ал кейіннен – еңбекті құнсыздандыру, үстеме табыс табу арқылы капитал жинау; мүмкіндіктердің әртүрлілігі; ешқандай қылмыстың алдында тайсалмайтын, алдау мен күштеуге айналатын бәсекелестік; ақшаның билеуі, оңай олжаға табыну; дарашылдық пен агрессияшылдық; осы қатынастарға бейімделе алмаған адамдардан шеттену немесе тіпті менсінбеу; мәдениет және адамгершілік құндылықтар саласында дүниеқорлықтың таралуы.

Әдебиеттер


  1. Шаргородский М.Д. Преступность, ее причины и условия в социалистическом обществе. Преступность и ее предупреждение. Л., 1966.С.30

  2. Криминология: Учебник для вузов//Под общ. ред. д.ю.н.,проф. А.И.Долговой. М.:Норма, 2005.С.234

  3. Кудрявцев В.Н. Причины правонарушений. М.,1976.С.103

  4. Поисковик по словарям: 15.01.2007.

РЕЗЮМЕ
В данной статье автором рассматриваются причины и условия преступления против собственности и меры по их предупреждению.



Ключевые слова: преступность, причина, условия, детерминация
The issues of application of norms of criminal statute, related to the fight against intellectual property, and issues of his perfection, are presented in this article.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...