МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі

Loading...


жүктеу 33.76 Kb.
Дата16.01.2017
өлшемі33.76 Kb.
МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекiтілген
Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамға МӘС медициналық ұйымның ДКК жолдамасына сәйкес:

1) тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша;

2) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің орналасқан жерi бойынша;

3) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында емдеуде болған жері бойынша;

4) түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында жүргізіледі.

Куәландыру (қайта куәландыру) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға арналған өтініш бойынша мынадай құжаттар ұсыныл отырып жүргізіледі:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациентті/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігінің көшірмесін (бұдан әрі – ОЖБ-ның медициналық бөлігі) қоса бере отырып, онда көрсетілген жіберу күнінен бастап бір айдан кешіктірмей «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не ауылдық әкiмнiң анықтамасын). Адамды түзеу мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын анықтама (еркін нысанда);

4) ауру динамикасын талдау үшін амбулаторлық пациенттің медициналық картасы. Болған жағдайда ауру тарихынан үзінді көшірмелердің, мамандар қорытындыларының және зерттеу нәтижелерінің көшірмелері.

Бұдан басқа, мынадай құжаттар ұсыналады:

1) жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайларда;

2) медициналық ұйымға бекіту анықтамасының көшірмесі (талоны) – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 7-бабы 1-тармағының 103) тармақшасына сәйкес тұрғылықты (тіркелген) жерінен тыс МСАК ұйымдарына бекітілген жағдайда;

3) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы) – жұмыс істейтін адам ұсынады;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістегі еңбек сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс беруші толтырады) – алғашқы куәландыру кезінде еңбек етуге қабілетті жастағы адам ұсынады (болған жағдайда), өндірістік жарақаттар немесе кәсіптік аурулар болған жағдайларда ұсыну міндетті;

5) ДКК қорытындысы әзірленген күннен бір айдан кешіктірмей ұсынылған консультацияға бағыттаған жағдайда, үйде куәландырудың (қайта куәландырудың) қажеттігі, ОЖБ қалыптастыру немесе түзетуге стационарда немесе сырттай бағыттау жағдайында;

6) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат – осы әлеуметтік тәуекел бойынша жалпы еңбек ету қабілетінің дәрежесі (бұдан әрі – ЖЕА дәрежесі)алғаш рет белгіленген жағдайларда ұсынылады;

7) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5614 болып тіркелген) жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы – өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам осы сақтандыру жағдайы бойынша алғашқы рет КЕА дәрежесін белгілеу кезінде ұсынылады;

8) Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығының берілгеніне екі жылдан аспаған қорытындысы(еркін нысанда)– кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады;

9) себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат – жараланумен, контузиямен, жарақаттанумен, аурумен байланысты мүгедектіктің себебін анықтау үшін бір рет беріледі;

10) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттанумен немесе аурумен себеп-салдарлық байланысы туралы соттың шешімінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы – жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылған немесе заңды тұлға жойылған жағдайда өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік аурумен ауырған адам ұсынады;

11) мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі – тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек немесе оның заңды өкілі ұсынады. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайды тексеру актісін жергілікті атқарушы органдардың мамандары жүргізеді.



Құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> АҒылшын тілін оқытудың Қазіргі замандық Әдістемесі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...