«Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының директоры бос лауазымына орналасуға хабарландыру



жүктеу 32.76 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі32.76 Kb.
«Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының директоры бос лауазымына орналасуға хабарландыру
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі – Кәсіпорын) директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Кәсіпорының байланыс мәліметтер: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Жирентаев көшесі, 1/1 үйі, телефон нөмірлері +7 (7172) 55 20 95, 55 99 22, info@sts.kz.

Конкурс 2017 жылғы 9 маусымда мына мекенжайда өтеді: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 7 қабат, 745 кабинет, анықтама үшін телефондар: + 7 (7172) 74-05-80, 74-18-51.

Радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, радиоэлектрондық құралдардың және радиожіліктерді иелікке берудің тізілімін жүргізу, сондай-ақ радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу Кәсіпорын қызметінің мәні болып табылады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
1) жоғары кәсіби білім: құқықтық немесе экономикалық, немесе техникалық, немесе гуманитарлық ғылымдар. Мүмкіндігінше «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджемент) саласындағы қосымша білімінің болуы;

2) мамандығы бойынша және Кәсіпорын бейініне сәйкес келетін экономика саласындағы басшылық қызметтегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Байланыс туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдарды білуі қажет.

Бұқаралық ақпарат құралдары, телерадио хабарларын тарату, Интернет желілерін реттеу саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ негізгі мемлекеттік стратегиялық құжаттарды білуі қажет;

4) функционалдық міндеттері: кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалпы басшылық ету; Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және оның үздіксіз қызметін қамтамасыз ету; берілген заңнамалық құқықтары шегінде Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешу, қызметінде және шаруашылық-экономикалық байланысты жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; Кәсіпорынның алған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынасын реттеу; жаңа техникалар мен технологияларды, еңбекті басқарудың прогресивті формасы мен ұйымдастыруды ендіруге жағдай жасау; Кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің жұмысы мен заңдылықты сақтауын қадағалау; сотта, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Кәсіпорын мүддесін қорғау.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі 2017 жылғы


23 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Интернет-ресурсында жарияланған күнінен бастап қабылданады және конкурс жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) белгіленген нысандағы денсаулығының жай-күйі туралы анықтама.

 Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылар білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады (біліктілігін арттыруы, ғылыми атақтар мен деңгейлерін алуы, ғылыми жарияланымдары туралы құжаттардың көшірмелері, бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсынымдар және т.с.).



Конкурсқа:

  1. он сегіз жасқа дейінгі;

  2. бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

  3. заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;

  4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қабылдауға болмайды.

____________________________

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет