Мемлекеттік орган Қр инвестициялар және даму министрлiгi Қызметті алушылар



жүктеу 25.83 Kb.
Дата26.04.2017
өлшемі25.83 Kb.
АВТОМАТТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚЫЗМЕТ

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру



Мемлекеттік орган

ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар



Қызмет көрсету орны

Порттың теңiз әкiмшiлiгi

Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары

Қызмет құны

АЕК мөлшерінің 500% құрайды.

Қызмет көрсету мерзімі

30 күнтізбелік күн



Қызметтің толық атауы

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру



Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)  

  1. мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді қамтитын теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы өтiнiш-сауалнама;

  2. жеке басын куәландыратын құжат:

    • Қазақстан Республикасының азаматы үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат;

    • шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үшін – Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде консулдық есепке қойылуы туралы таңбасы бар Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

    • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматы үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхат және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыру ретінде танылатын азаматтығы мемлекеті берген өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат;

    • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

  3. тұрғылықты жері немесе уақытша тұратын орны бойынша тiркеу туралы анықтама;

  4. өтiнiш берушi кеме бортында оның экипажы құрамында кез келген ретте жұмыс iстейтiнiн растайтын құжат (жоқ болған жағдайда дипломдар, маманның біліктілік дайындық деңгейiне сәйкестігін растайтын бiлiктiлiк және арнайы куәлiктер, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама қабылданады);

  5. оның еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек кiтапшасы, одан үзiндi, жұмыс орнынан анықтама, теңізде жүзу кiтапшасы) не оқу орнынан анықтама.

Көрсетілетін қызметті алушының кемеде жұмыс істейтінін растайтын құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар ұсынады:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес капитанды және экипаж мүшелерiн жалдауға құқығы бар кеме иесiнiң ұсынысы;

  2. кемеде өтiнiш берушiнiң айналысатын қызметi туралы жазу бар теңiзде жүзу кiтапшасы;

  3. Қазақстан Республикасының портынан шығатын кеменiң кемелiк рөлi (ерекше жағдайларда, рейске шығатын кеме экипажының мүшесiн ауыстыру қажет болған кезде).

Қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру. 

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет