Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасы Жалпы ережелер Осы Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасы (бұдан әрі Қағида) «Темір жол көлігі

Loading...


жүктеу 26.96 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі26.96 Kb.


Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму

министрінің  


2014 жылғы «___» ________
№ ____ бұйрығымен 
бекітілді


Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша
темір жол қатынасын тоқтату қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес әзірленген және мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату тәртібін белгілейді.

2. Темір жол қатынасы деп жөнелту және межелі пункттер арасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау түсініледі.

Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының темір жол көлігі туралы заңнамасында белгіленген мағыналарда қолданылады.

2. Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату тәртібі
3. Темір жол қатынасын тоқтатуды темір жолдарды магистральдық темір жол желісінің белгілі бір учаскесінде одан әрі пайдалану экономикалық орынсыз (рентабельді емес) екендігіне байланысты темір жол қатынасын тоқтату қажеттілігі туралы Ұлттық темір жол компаниясының ұсынысы негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

Темір жол қатынасын тоқтату туралы ұсынысты Ұлттық темір жол компаниясы уәкілетті органға жібереді.

Темір жол қатынасын тоқтату туралы ұсыныс еркін нысанда жасалады, Ұлттық темір жол компаниясының мөрімен бекітіледі және тиісті темір жолдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын және тиісті бағыттағы көліктің балама түрлерінің болуымен жолаушыларды, багаждарды, жүк-багажды және/немесе жүктерді тасымалдау көлемі туралы деректерді, магистральдық темір жол желісі операторы қызметінің пайдалану көрсеткіштері туралы мәліметтерді көрсете отырып, тиісті темір жол учаскесінде қызметті жүзеге асыратын адамдардың тізбесін қамтуы тиіс.

Ұлттық темір жол компаниясының ұсынысына:

1) темір жол қатынасын тоқтату қажеттілігі туралы анықтама-негіздеме;

2) темір жол учаскесін күтіп ұстаудың және пайдаланудың шығындылығын растайтын экономикалық есеп, сондай-ақ қаржыландыру көлемін одан әрі пайдалану үшін қажетті ақпарат қоса беріледі.

4. Уәкілетті орган ұсынысты алған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде темір жол қатынасын тоқтату туралы Ұлттық темір жол компаниясы берген материалдарды қарайды және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, аумағында темір жол учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органға және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.

5. Темір жол қатынасын тоқтату туралы материалдар қарауға жіберілген мүдделі мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы орган оларды алған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде қарайды және келіседі немесе дәлелді себептермен қабылдамайды.



6. Темір жол қатынасын тоқтату туралы ұсынысты мүдделі мемлекеттік органдармен және аумағында темір жол учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органмен келіскеннен кейін, уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде темір жол қатынасын тоқтату туралы бұйрық шығарады.



: sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу»
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы № бұйрығына анықтама-негіздеме
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Даму министрінің 2015 жылғы № бұйрығына анықтама-негіздеме
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Анықтама-негіздеме Р/с
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Әуежай қызметіне жататын қызметтер және операциялар тізбесін бекіту туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы № бұйрығына анықтама-негіздеме
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...