Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты

Loading...


Дата19.03.2017
өлшемі38.02 Kb.
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТІНІҢ ПАСПОРТЫ




1

Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімдері

2

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлғалар

3

Қызмет нәтижесі

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама


4

Қызмет көрсету нысаны


электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде


5

Қызмет ақысы


мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

6

Қызметті көрсету мерзімі

  1. көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде - 5 жұмыс күні ішінде;

  2. көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

  3. көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды




7

Қажетті құжаттар

  1. көрсетілетін қызметті берушіге:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан мемлекеттік қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

табысы туралы мәлімет (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы адамдардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар табыстары);

көрсетілетін қызметті алушылар үшін отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар есебінен отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық туралы анықтама.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:


  1. тапсырылған құжаттардың тізбесі;

  2. құжаттарды қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, сондай-ақ оның байланыс телефондары.

  1. порталға:

өтініш берушінің ЭЦҚ расталған электрондық құжат нысанында баланың ата-аналарының (қорғаншылар, қамқоршылар) біреуінен сұрау;

баланың жеке сәйкестендiру нөмiрi.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жататынын растайтын анықтама, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбиені бекіту жөніндегі уәкілетті органның шешімі туралы қорғаншылық және қамқоршылық бойынша анықтама туралы мәліметтерді, алынған табыстар туралы мәліметті (еңбекақы, кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстар) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында алады


8

Шағымдану тәртібі

Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімдері басшысының атына жазылады, жұмыс күндері сағ.9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 13.00-ден-15.00-ге дейін.

Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда қызмет алу жеріне байланысты шағым қала/аудандар әкімі аппараттарының басшыларының атына жолданады, жұмыс күндері сағ.9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 13.00-ден-15.00-ге дейін



9

Өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

10

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы

: upload -> media
media -> «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»
media -> Ақпараттық хабарлама «Қазтеміртранс»
media -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты
media -> Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен
media -> Жылдарға арналған мемлекеттік рәміздерді, елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың нышандарын қолдану мен ілгерілету жүйесін жаңғырту жөніндегі
media -> Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
media -> Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
media -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты
media -> Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...