Мемлекеттік қызмет ұҒымы және принциптерінің маңыздылығына қатысты мәселелер



жүктеу 68.28 Kb.
Дата28.03.2017
өлшемі68.28 Kb.
УДК 342

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР


Бекмурзаева Л.Ж., Абиева А.С. – ОҚМПИ., Шымкент қ.
Әдетте, кеңестік мемлекеттік қызмет-мемлекет мақсатын және функциясын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік орган қызметкерлерінің кәсіби негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде қарастырылды.

Мемлекеттік қызметті бұлай анықтау нәтижесінде бір жағынан, мемлекеттік орган және қызметшілер жүзеге асыратын мемлекет функциясы және міндеті, ал, екінші жағынан, аталған функцияны жүзеге асыратын және нақты міндеттерді шешетін еңбек қызметі бөлініп шығады.

Мемлекеттік қызметті және оның құқықтық реттелуін қалыптастыру қажеттілігі – мемлекеттің өз қызметі мен міндетімен бірге өмір сүруімен, сондай-ақ, мемлекеттік органдардағы (заң шығару, атқарушы және сот билігі) кадрлар деңгейін ұйымдастыру қажеттілігімен байланысты. Дәл осы қызметшілер мемлекеттік органдардың көп түрлі құрылымдарында, мекемелер мен ұйымдарда, басқаратын және басқарылатын жүйенің ішкі институтында ерекше роль атқарады.

Мемлекеттік қызмет - бұл жариялы қызмет, яғни жариялы билік органындағы қызмет. Мемлекеттік ретінде – мемлекеттік мекеме, кәсіпорны, ұйым және қоғамдардағы қызмет түсініледі.

Кең теориялық мағынадағы мемлекеттік қызмет-бұл мемлекеттік органдар аппараттарында, соның ішінде заң шығарушы, атқарушы, сот билігі, прокуратурада, қадағалау-бақылау органдарында, мемлекеттік кәсіпорындардың әкімшілігінде тұрақты немесе уақытша қызмет атқаратын және мемлекеттік бюджеттен еңбек ақысын алатын, барлық тұлғалардың мемлекеттік органдардағы жүзеге асыратын қызметі.

А.П.Алехин және Ю.М.Козлов мемлекеттік қызметті кең мағынада мемлекеттік ұйымдардағы, мемлекеттік билік органдарындағы, кәсіпорын, мекемелердегі қызметкерлердің өз міндетін жүзеге асырудағы қызметі.

Ал, мемлекеттік қызмет тар мағынада, осы авторлардың пікірі бойынша, қызметшілердің өз міндеттерін мемлекеттік органдарда ғана жүзеге асыру деп түсіндіріледі.

Ғылыми әдебиеттерде В.М.Манохиннің мемлекеттік қызметке берген анықтамасы дәстүрге айналған. Оның анықтамасы бойынша: «мемлекеттік қызмет – мемлекеттің және мемлекеттік органның жеке құрамының және өзге де мемлекеттік ұйымдардың құқықтық реттелуінің және ұйымдастырылуының бір жақты қызметін, сондай-ақ, осы жеке құрамының – мемлекеттік қызметшілердің мемлекет қызметін және міндеттерін жүзеге асырудағы қызметін білдіреді» .

Б.Ю.Лазарев мемлекеттік қызметке мынадай анықтама береді: «... мемлекетке қызмет ету, яғни, оның тапсырмасы бойынша және оның төлейтін ақысына мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет міндеттерін жүзеге асыруды орындау».

Қазіргі уақыттағы заң шығарушының көзқарасы бойынша, ҚР мемлекеттік қызмет – бұл ҚР мемлекеттік билік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің және заңдарда және нормативтік актілерде анықталған, осы орган субъектілерінің кәсіби қызметі.

Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызметі. Бұл анықтамадан келесі аспектілерді бөліп шығаруға болады.

1. Мемлекеттік қызмет – кәсіби қызметті білдіреді, яғни, мемлекеттік қызметші үшін кәсіп болып табылатын қызмет және ол жекелеген арнаулы өкілетті қызметті жүзеге асыруға байланысты.

2. Қызметті жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік орган құзіретінің іске асуы байқалады.

3. Бұл қызмет мемлекеттік органды қызметпен қамтамасыз етуге бағытталған.

4. Мұндай қызмет лауазымдық міндеттерді орындауды білдіреді, яғни, міндеттер мемлекеттік қызметке емес, лауазымға емес, мемлекеттік қызметшіге тән.

Жалпы, мемлекеттік қызметті жүзеге асыру кезінде мынадай принциптер қолданылады:



  • заңдылық:

  • мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;

  • азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы;

  • мемлекеттік қызметтің жалпыға ашықтығы, яғни өздерінің қабілеті мен кәсіби даярлығына сәйкес азаматтардың оған кіруге тең құқылылығы;

  • азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге еріктілігі;

  • өз өкілеттіктері шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі;

  • мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы мен есеп беріп отыруы;

  • барлық азаматтар мен лауазымды адамдар үшін мемлекеттік қызметшілердің заңды талаптарын орындаудың міндеттілігі;

  • мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;

  • мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;

  • мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу және өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісті орындамағаны үшін және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігі;

  • мемлекеттік қызметшілердің қызмет перспективасы;

  • мемлекеттік қызметтің үзіліссіздігінің мемлекеттік қызмет кадрларының сабақтастығымен және оларды алмастырып отырумен үйлесуі принциптері.

Жалпы, мемлекеттік қызмет принциптері бұл – мемлекеттік қызмет жүйесіндегі мемлекеттік қызметшілердің өкілеттігін, мемлекеттік органның міндеттері мен қызметін, ғылыми негізделген құзіретінің жүзеге асыруының бағытын анықтайтын және объективті заңдылықты бекітетін негізгі идеялар. Мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және олардың органдарының, қоғамдық бірлестіктердің және олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.

Мемлекеттік қызмет принциптері мемлекеттік қызмет жүйесінде пайда болатын заңдылықтың және әлеуметтік құнды қатынастардың маңыздылығын білдіреді.

Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқықтық негізін қайта құру қажеттігі туды.

Қазақтан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтың және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу.

Егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейілінше, маңызды екендігі сөзсіз. Сонымен қатар, демократия және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекетті, азаматтардың құқықтық санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдында өз міндеттерін түсінбей, қоғамдық өмірдің маңызды жақтарын заң арқылы ретке келтірмей құру мүмкін емес.

Заңды бұру фактілері қылмыс жасау, оның ішінде мүлікті ұрлау, экономика аясындағы қылмыс, лауазымдық қылмыстар сияқты қоғам үшін қауіпті қылмыс түрлері әлі де болса кең етек алып отыр.

Қазіргі таңдағы елеулі мәселелердің бірі мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар және онымен байланысты сыбайлас жемқорлықпен күрес. Яғни еліміздегі жалпы мемлекет мүдделеріне қарсы қылмыстармен күресті одан әрі жетілдірмей елімізде бірегей құқықтық жағдай қалыптастыру мүмкін емес.

Құқықтық мемлекет құру барысында мемлекет мүддесін қорғауды қамтамасыз ету мемлекетіміздің одан әрі нығаюына септігін тигізіп қана қоймайды, мемлекеттік қызметке заң талабын орындауды қамтамасыз ететін білімдар, отаншыл, ел жанды азаматтардың келуіне жағдай жасайды.

Мемлекетімізде мемлекеттік қызмет ұғымы да, оның механизмі де жаңадан қалыптасып келе жатыр. Оның куәсі ҚР Парламенті қабылдаған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет» жайлы заңы, жаңадан құрылған агенттіктер, басқа да басқару органдары.

Нарықтық экономиканы қалыптастыру – мемлекеттік қызметті каммерциялық және өзге де ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардан ажыратуды қажет етеді.

Қазіргі таңда Қазақстанда өркендеген экономика мен демократиялық, құқықтық мемлекет құру кезінде басты роль мемлекеттік қызмет органдарымен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында. Сондықтан да осы мемлекеттік қызмет органы қызметкерлері арасында қылмыстың болуы өте қауіпті және жол беруге болмайды.

Резюме

Государственная служба- важная часть государства. В данной работе рассматривается понятия и принципы государственной службы.
Resume

The state employment is the important implement of the state. This article is considered the question of crimes against interests of state services and struggle.
Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз.



  1. Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңы. 1999ж.23 шілде.№453-1.

  2. Гришковец А.А. Правовое регулирование государственной службы / М., 1998г.

  3. Лазарев Б.М. «Государственная служба» / М., 1993г.,

  4. Старилов Ю.Н. «Государственная служба» / Воронеж 1996 г.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет