Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы



жүктеу 54.7 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі54.7 Kb.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

160012, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 30 а,

анықтама үшін телефон: 8 (7252) 39-01-62, 8 (7252) 30-03-57 (факс), электронды мекенжай: Zh.Taizhanova@economy.gov.kz,
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-О-6 санаты үшін: жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;

Қазақстан Республикасының заңнамасын білу: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзiн-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;

2) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;

3) Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

С-О-6

74954

101604




1. Үй шаруашылықтарын зерттеу басқармасының жетекші маманы (С-0-6, бірлік), СД ЛН 14-6-03-16

Функционалдық міндеттері: Құзыреті шегінде статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу. Үй шаруашылықтарынан белгіленген тәртіппен қажетті алғашқы статистикалық деректерді жинау. Ресми статистикалық ақпаратты ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес қалыптастыру. Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқор жинақтауды, жүргізуді және оны жаңартуды қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, бухгалтер, тауартану), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу) саласында.

2. Сайрам ауданының статистика басқармасының жетекші маманы (С-0-6 санаты, 1 бірлік), СД ЛН 29-6-10-16

Функционалдық міндеттері: Құзыреті шегінде статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу. Ресми статистикалық ақпаратты ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес қалыптастыру. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқор жинақтауды, жүргізуді және оны жаңартуды қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, бухгалтер) немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу) немесе «Білім» (информатика) немесе «Ауылшаруашылық ғылымдары» (агрономия) немесе «Банк ісі» немесе «Агроинженерия» мамандықтары бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі білім.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы не «е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанда толтырылған сауалнама;

3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 30 а мекенжайы бойынша Департаменттің ғимаратында өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі. 

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет