«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Loading...


Дата28.05.2017
өлшемі26.4 Kb.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы «9» маусымдағы

№ 371 бұйрығымен бекітілген



«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көсретілетін қызметті беруші) № 11105 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік Реестрінде тіркелген «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 207 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде жүзеге асырады.

Құжаттарды қабылдауды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға – мемлекеттік тіркеу нөмірімен тіркеу картасы беріледі;

ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға – шифрымен куәлік беріледі;

ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды орындау бойынша есептерге – түгендеме нөмірімен ақпараттық карта беріледі;

ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне – мемлекеттік тіркеу нөмірімен өтінім беріледі.

4. Осы регламентте қолданылған түсініктер мен қысқартулар:

- ғылыми, ғылыми-техникалық жоба және бағдарлама – жоспарланған жұмыстарды жүргізудің ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулер мақсаты мен міндеті, маңыздылығы, жаңашылдығы, ғылыми-тәжірибелік маңызы мен пайдасы көрсетілген жоспарланған ғылыми-техникалық жұмыстың мазмұны бар құжат;

- ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне (бұдан әрі – ҒТҚН) – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған және кез келген ақпараттық тасымалдағышта тіркелген жаңа білімдер мен шешімдер, ғылыми талдамаларды және технологияларды өндіріске енгізу, сондай-ақ жаңа өнім, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері;

- ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – ҒТБ МТ) – Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджет, олардың орындалуы жөніндегі есептердің есебінен іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тізбесі.



  1. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойнша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарсттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы негіз болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

1) 1-процесс – ғылыми-техникалық бағдарламаларды, ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды, олардың орындалуы жөніндегі есепті және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін есепке алу және тіркеу үшін құжаттар топтамасын қабылдау.

2) 2-процесс – ұсынылған құжаттар топтамасының тізімге сәйкестігін, тапсырыс берушіге берілген (бар болса), мазмұнын және толтырылуының дұрыстығын, белгіленген заңдылық талаптарына сәйкес, қағаз жүзіндегі және электронды түріндегі тексеру;

3) 3- процесс:

- тиісті шифр беру арқылы ҒТБ-ны тіркеуден өткізу және күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде тіркеу туралы куәлік беру және бағдарламаны ҒТБ МТ-ге қосу;

- ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды мемлекеттік тіркеу нөмірін беру арқылы тіркеуден өткізу және тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде орындаушы ұйымға (орындаушыға) тіркеу картасының бір данасын жіберу:

- «Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп» ГОСТ 7.32-2001 Халықаралық стандартына (2006 ж. өзгертулер) сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық жобаның орындалуына байланысты есепті тіркеуден өткізу, мемлекеттік тіркеудің түгендеме нөмірін беру және тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде орындаушы-ұйымға (орындаушыға) ақпараттық картаның бір данасын жібереді;

- ҒТҚН мемлекеттік тіркеу нөмірін беру арқылы тіркеуден өткізу және МТ деректеріне енгізу.



4) 4-процесс – МТ-ге ақпаратты енгізу: жүзеге асырылған ҒТБ, орындалатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар, орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен ҒТҚН есептері туралы; орындаушы ұйым (орындаушы) туралы деректер, көрсетілетін қызметті беруші берген тіркеу және түгендеу нөмірлері, ғылыми жетекші (жобаның, бағдарламаның, есептің т.б.) туралы ақпарат;

5) 5-процесс – мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың мемлекеттік есебінің және олардың орындалуы бойынша есептерінің деректері бойынша мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жүзеге асырылады;



6) 6-процесс – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы қысқаша ақпарат қызметті берушінің интернет-ресурсына салынады.

7) 1-шарт – тіркелген жобаға түзетулер енгізу барысында орындаушы-ұйым (орындаушы) күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша түрдегі хабарлама (ескерту) жібереді;

8) 2-шарт – орындалу барысындағы жобаны жасырын түрде ұстау қажет болса орындаушы ұйым (орындаушы) 10 (он) күн мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге ҒТБ МТ-не тиісті белгі қою үшін жазбаша түрде хабарлама жібереді;

9) 3-шарт – ҒТҚН-ге құқығы тоқтатылған жағдайда орындаушы ұйым (орындаушы) күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қызметті берушіге ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің мемлекеттік тізілімінен ҒТҚН шығарыл туралы хабарлама жібереді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде көрсетілетін қызметті берушінің келесі құрылымдық бөлімшелері қатысады:

1) Көрсетілетін қызметті берушінің канцеляриясы.

2) Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаменті.

3) Инновациялық технологиялар департаменті.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімнің (әрекеттің) бірезділігінің сипаттамасы.

1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ілеспе хатты тіркейді және құжаттар топтамасын (ҒТБ, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар, есептер, ҒТҚН) 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды.

2) Ілеспе хат тіркелгеннен кейін құжаттар топтамасы (ҒТБ, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар, есептер, ҒТҚН) күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментіне қарауға жолданады.

Құжаттар топтамасы толық берілмеген және лайықты толтырылмаған жағдайда анықталған кемшіліктер толығымен түзелмейінше құжаттар тіркелмейді.

Ұсынылған құжаттар қайтаруға жатпайды.

3) Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаменті ҒТБ, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар, есептер, ҒТҚН туралы деректерді ҒТБ МТ-ге енгізеді және күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде қызмет көрсету нәтижесін кеңсеге жібереді.



4) Кеңсе нәтижені ілеспе хатпен бірге көрсетілетін қызметті алушыға қолма қолма-қол немесе күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде пошта арқылы жолдайды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы ақпараттық жүйені қолдану тәртібінің сипаттамасы
9. Көрсетілетін қызметті беруші ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды, ҒТБ, олардың орындалуы жөніндегі есептерді және ҒТҚН тіркеу туралы қысқаша ақпаратты оны өткізгеннен кейінгі 90 (тоқсан) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
Каталог: storage
storage -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
storage -> «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
storage -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау
storage -> Қабылдау комиссиясына
storage -> Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарыналуғаарналғанжұмыстардыұсыну,ресімдеу және беру
storage -> Алматы отд бойынша 29. 12. 2012ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Бас аппарат бойынша бос орындар
storage -> Регламенті Жалпы ережелер
storage -> «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысының 2008 жылғы 11 наурыздағы шешімімен №35 хаттама бекітілді (29. 12. 2011ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
storage -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
storage -> Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...