Мемлекеттік білім беру гранты, оның ішінде, ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түсіп жоғары білім алған студенттердің мамандық бойынша дербес бөлу комиссиясына қатысуына арналған жаднама

Loading...


жүктеу 25.96 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі25.96 Kb.
Мемлекеттік білім беру гранты, оның ішінде, ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түсіп жоғары білім алған студенттердің мамандық бойынша дербес бөлу комиссиясына қатысуына арналған жаднама

  1. Білім беру бағыты бойынша мамандықтарда мемлекеттік білім беру гранты, оның ішінде, ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түсіп жоғары білім алған түлектерді 2012 жылдың 30 наурызындағы №390 Қаулысы негізінде дербес бөлу жүзеге асырылады.

  2. Мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқуға түскен азаматтар ЖОО-нын аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмысты өтейді. Педагогтік мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл ауылда (селода), кентте, ауылдық (селолық) округте орналасқан тиісінше мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмысты өтейді.

  3. Жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу жөніндегі комиссияға түлек білім беру ұйымынан (үлгі бойынша) қолдаухатты және білім беру ұйымына жұмысқа көрсетілген мерзімде келу келісімі туралы ректордың атына жазылған өтінішті ұсынады. Қолдаухатсыз түлекке дербес бөлу рәсіміне қатысуға рұқсат етілмейді.

  4. Түлек кадрлардың қажеттігі туралы өтінімде көрсетілмеген білім беру ұйымынан қолхатты алуына болады (мысалы, оқу орына түскенге дейінгі тұрған өзінің тұрғылықты жеріндегі немесе іс-тәжірибеден өткен білім беру ұйымының әкімшілігімен келісім бойынша)

  5. Егер түлек БжҒМ ұсынған бос орынға жұмысқа орналасуды жоспарласа, онда оған өтінімде көрсетілген ұйымның жауапты адамына хабарласып, ол орынның әлі де бос екендігіне көз жеткізіп, өзінің атына қолдаухатты жазып беруін өтініуі керек. Қолдаухатты электрондық пошта немесе факс арқылы алуына болады (түпнұсқасын алған кезде әкелуі міндетті).

  6. Мамандық бойынша бос орынның жоқ болған жағдайында түлектер тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына тіркелуі міндетті және дербес бөлу комиссиясына жұмыссыз ретінде тіркеуге алынғандығы жөнінде анықтама әкелуі тиіс.

  7. Дербес бөлу комиссиясы түлектің дербес бөлуге келмеген немесе жұмыс орнынан қолдаухатты әкелуден бас тартқан жағдайында өз қалауы бойынша жұмысқа дербес бөлуіне құқығы бар.

  8. Осы оқу жылында магистратураға тапсыруды жоспарлаған түлектерге дербес қайта бөлу жүзеге асырылады. Олар дербес бөлу комиссиясына тамыз айында ЖОО магистратурасына қабылданғандығы туралы бұйрықтан үзінді ұсынуы керек. Түлектер өз қолхат алған немесе дербес бөлінген білім беру ұйымына өзінің қайта дербес бөлінгендігі жайлы хабардар етуі тиіс.

  9. Түлектер №1 оқу ғимаратының 226 кабинетінен жұмысқа жолдама алулары міндетті, жолдамада көрсетілген жұмыс орнының дұрыстығын тексеруі керек.

  10. Ағымдағы жылы оқуын бітірген жас мамандар 1 тамыздан кешіктірмей жұмыс орнына жолдама бойынша келеді.

  11. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына бірінші кезекте бөлу құқығы: жұбайы бос жұмыс орнын ұсынған елді мекенде тұрақты немесе оған жақын орналасқан елді, мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өтеп жатқан түлектерге; ата-анасының біреуі немесе екеуі де I және II топ мүгедектері болып табылатын түлектерге, сондай-ақ бос жұмыс орнын ұсынған елді мекенде тұрақты тұрып жатқан адамдардың қамқоршысы және қорғаншысы болып табылатын түлектерге беріледі.

  12. Жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттар Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылады: жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өтеп жатқан елді мекенде немесе оған жақын орналасқан елді мекенде бос жұмыс орны болмағанда; I және II топтағы мүгедектер; одан әрі оқуға магистратураға түскен жағдайда; жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ оны (оларды) жалғыз тәрбиелеп отырған жағдайда.

: sites -> default -> files -> files
files -> «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...