Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы



жүктеу 0.64 Mb.
бет1/4
Дата15.05.2017
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4


Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 62-баптан қараңыз.

      Қолданушылар назарына!


      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

      МАЗМҰНЫ

      Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды.

1-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:


      1) бұзушылықтар – Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілеріне қайшы келетін іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік);
      2) бұзушылықтар сыныптауышы – құқықтың бұзылған нормалары және оларға сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық түрлерi көрсетiле отырып, мемлекеттік аудит объектілерінде анықталатын бұзушылық түрлерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ осы бұзушылықтарды жою тәсiлдерiн қамтитын құжат;
      3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
      4) кемшіліктер – бұзушылықтарға жол беру мүмкіндігіне жағдайлар (бұзушылықтардың туындау тәуекелін) жасайтын іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік);
      5) қаржылық бақылау – мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған қызмет;
      6) мемлекеттік аудит – бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен, оның ішінде бюджетті атқаруға байланысты тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген басқа қызмет кезінде тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін талдау, бағалау және тексеру;
      7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері) – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      8) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 12.11.2015 N 392-V Заңының 62-бабының 2-тармағынан қараңыз.
      8) мемлекеттік аудитор – мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар мемлекеттік әкімшілік қызметші;
      9) мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары (бұдан әрі – Кәсіби әдеп қағидалары) – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлқының әдеп қағидаларының бірыңғай жиынтығы;
      10) электрондық мемлекеттік аудит – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан жүзеге асырылатын мемлекеттік аудит.

      2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және


              қаржылық бақылау туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.


      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасының күші Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, сондай-ақ оның шегінен тыс жерде әрекет ететін мемлекеттік аудит объектілеріне қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша осы органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      3-бап. Мемлекеттік аудит

      1. Мемлекеттік аудиттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
      2. Субъектіге байланысты мемлекеттік аудит мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) міндеттері халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру болып табылатын сыртқы мемлекеттік аудит;
      2) міндеттері мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуін, қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен анықтығын, мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру болып табылатын ішкі мемлекеттік аудит.
      3. Мемлекеттік аудит мынадай типтерге бөлінеді:
      1) қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалау;
      2) тиімділік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің қызметін тиімділік, үнемділік, өнімділік және нәтижелілік нысанына бағалау және талдау;
      3) сәйкестік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауын бағалау, тексеру.

      4-бап. Мемлекеттік аудит көрсеткіштері

      Мемлекеттік аудиттің типіне қарай мынадай көрсеткіштер ескеріледі:
      1) тиімділік – жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы;
      2) үнемділік – қызметтің бағаланатын нәтижелерінің тиісті сапасын сақтай отырып, осы нәтижелерге қол жеткізу үшін бөлінген ресурстардың құнын барынша азайту;
      3) өнімділік – санын, сапасын және мерзімдерін ескере отырып бөлінген ресурстарды пайдалана отырып, экономика немесе жекелеген басқару саласы үшін барынша пайдалы нәтиже алу;
      4) нәтижелілік – әрбір қызмет бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы;
      5) мәнділік – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық және шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынан ауытқу, сондай-ақ ең жоғары жол берілетін мөлшері мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателер;
      6) перспективалық – жүргізілген шығыстардың белгіленген күтілетін кезеңге қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.

      5-бап. Қаржылық бақылау

      1. Қаржылық бақылауды осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету, нұсқамаларды орындау және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту жолымен қалпына келтіруді қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шаралары:
      1) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару;
      2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау;
      3) мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беру;
      4) бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіру және нұсқамаларды орындау мақсатында сотқа талап қоюды беру болып табылады.
      3. Ішкі аудит қызметтері осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген ден қою шараларын жүзеге асырады.

      6-бап. Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың


              негізгі қағидаттары

      Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары:


      1) тәуелсіздік – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының тәуелсіздігіне қол сұғатын араласуға жол бермеу;
      2) объективтілік – Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде объективті тәсілдерді қолдануы және мүдделер жанжалын болғызбау;
      3) кәсіби құзыреттілік – мемлекеттік аудиторлардың білікті және сапалы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білім мен дағдының қажетті көлемінің болуы, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, кәсіби әдеп қағидаларын сақтауы, сондай-ақ кәсіби борышын орындауы;
      4) құпиялылық – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау барысында алынатын немесе өздері жасайтын құжаттарды үшінші тұлғаларға беру не онда қамтылған мәліметтерді ауызша жария ету құқығынсыз сақтау жөніндегі міндеттемесі;
      5) анықтық – мемлекеттік аудит нәтижелерін аудиторлық дәлелдемелермен растау;
      6) ашықтық – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін баяндаудың анықтығы;
      7) жариялылық – құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін жариялау;
      8) мемлекеттік аудит нәтижелерін өзара тану – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтаған жағдайда осы органдардың мемлекеттік аудит нәтижелерін тануы.

      7-бап. Бұзушылықтар сыныптауышы

      1. Анықталған бұзушылықтарды сыныптау, сондай-ақ оларды жою нәтижелері туралы есептілікті қалыптастыру кезінде бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бұзушылықтар сыныптауышын қолданады.
      Бұзушылықтар сыныптауышын республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
      2. Бұзушылықтар сыныптауышы бұзушылықтардың мынадай түрлерін қамтиды:
      1) бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды негізсіз жұмсауға әкеп соққан қаржылық бұзушылықтар;
      2) бюджет қаражатының, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың негізсіз пайдаланылуына әкеп соқпаған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
      3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы бюджет өтелуге, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды беру және (немесе) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамасы және (немесе) сот шешімі негізінде есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтірілуге жатады.

      8-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау


              стандарттары

      1. Мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға қойылатын талаптар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарында айқындалады.


      2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары мыналарға бөлінеді:
      1) халықаралық стандарттардың негізінде әзірленетін және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне қойылатын негіз қалайтын талаптарды қамтитын мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары.
      Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын Есеп комитеті әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;
      2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуге (рәсіміне, тетігіне және әдістеріне) және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне қойылатын рәсімдік талаптарды қамтитын мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары, олар:
      Есеп комитеті мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары;
      Есеп комитеті әзірлейтін және бекітетін сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары болып бөлінеді. Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу мен бекіту тәртібін Есеп комитеті айқындайды;
      Есеп комитетімен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары болып бөлінеді.
      3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, мемлекеттік аудит жүргізуге тартылған жеке және заңды тұлғалар қолдануға міндетті.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ішкі аудит стандарттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

      9-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы
              мемлекеттік реттеу

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Есеп комитеті және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      10-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
               органдарының жүйесі

      1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесін:


      1) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Есеп комитеті;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі – тексеру комиссиялары);
      3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган;
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері;
      5) көзделген штат саны шеңберінде бірінші басшының қалауы бойынша құрылатын орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтері құрайды.
      2. Есеп комитеті және тексеру комиссиялары сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады.
      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады.
      3. Ішкі аудит қызметтері заңды тұлғалар болып табылмайды.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі ішкі аудит Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекітеді;
      2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      12-бап. Есеп комитетінің құзыреті



      1. Есеп комитеті мыналардың:
      1) өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын, есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес республикалық бюджетті жоспарлаудың және атқарудың;
      2) мемлекеттік аудит объектілері қызметінің;
      3) республикалық бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асырудың;
      4) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының іске асырылуының;
      5) квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік және басқа да салаларының дамуына әсерінің;
      6) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты қалыптастырудың және басқарудың;
      7) байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдаланудың;
      8) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске асырылуының және жүзеге асыруы тиімділігінің;
      9) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуға бөлінген (жұмсалған) ұлттық қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, баға белгілеудің;
      10) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың;
      11) салықтық және кедендік әкімшілендірудің;
      12) шарттардың;
      13) қоршаған ортаны қорғау саласындағы;
      14) ақпараттық технологиялар саласындағы тиімділігіне аудитті жүзеге асырады.
      2. Есеп комитеті мыналарға:
      1) республикалық бюджет қаражаты мен ұлттық ресурстарды пайдалану бойынша мемлекеттік аудит объектілері қызметіне;
      2) мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына;
      3) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына;
      4) республикалық бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығына және уақтылығына, сондай-ақ республикалық бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазу дұрыстығына;
      5) мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуына;
      6) республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалуын қаржыландыруға;
      7) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыруға және пайдалануға;
      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша ғана пайдалануға;
      9) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануына сәйкестік аудитін жүзеге асырады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақтың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 12.11.2015 N 392-V Заңының 62-бабының 1-тармағынан қараңыз.
      3. Есеп комитеті республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді.
      4. Есеп комитеті:
      1) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;
      2) сыртқы мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
      3) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;
      4) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық есептерін сұратады және талдайды әрі мемлекеттік аудит сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар береді;
      5) бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына және осы Заңға сәйкес жүргізілетін аудит нәтижелерін бақылауды жүзеге асырады;
      6) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында талдау және зерттеулер жүргізеді, әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік аудит саласында оқыту бағдарламаларын іске асырады;
      7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
      8) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес, сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
      9) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді, оның ішінде онда мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданатын құжаттардың, Есеп комитеті мен тексеру комиссияларының тиісті құжаттарда қолданылатын логотиптерінің нысандары қамтылады;
      10) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      11) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін әзірлейді және бекітеді;
      12) тексеру комиссиялары туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
      13) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
      14) Есеп комитеті туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге енгізеді;
      15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйесіне кіретін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның, ішкі аудит қызметтерінің тәуекелдерді басқару жүйесін үйлестіреді;
      16) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, өзге де мемлекеттік органдармен, мемлекеттік аудит объектілерімен ақпарат алмасу, сондай-ақ электрондық мемлекеттік аудит жүргізу мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорды дамытуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекітеді;
      17) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізеді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін әзірлейді және келіседі;
      18) сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдарының жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа да мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша құқықтық актілер қабылдайды;
      19) құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, өз қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады;
      20) тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсетеді;
      21) орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауда тексеру комиссияларының атынан олардың мүддесін білдіреді;
      22) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарына тексеру комиссиясының төрағасын тағайындауға ұсыныс енгізеді;
      23) өздері қабылдаған актілердің мерзімдік жинақтарын, бюллетеньдер, журналдар және басқа да басылымдар шығарады;
      24) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалауды жүзеге асырады;
      25) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет