Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы



жүктеу 0.65 Mb.
бет3/3
Дата09.09.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3
21-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
               органдарының талаптары

      1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өз құзыреті шегінде берген талаптары мемлекеттік аудит объектілерінің орындауы үшін міндетті.


      2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының талабы бойынша мемлекеттік аудит объектілері, лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар:
      1) ведомстволық ақпараттық жүйелер деректерінің құрамы мен форматтары туралы сұралатын мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүзеге асыру, бюджеттің атқарылуы туралы есептерді дайындау үшін, оның ішінде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит саласында зерттеулер жүргізу үшін қажетті құжаттаманы және ақпаратты өтеусіз беруге;
      2) қажетті материалдарды (дәлелдемелерді): мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыруға және оны мемлекеттік аудит объектісіне шықпай жүргізуге байланысты мәселелер бойынша анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты мәселелер бойынша – бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынуға;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелерге мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті қолжетімділікті ұсынуға міндетті.
      3. Талап етілетін ақпарат мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына сұратылатын нысандарда, тәртіпте, сондай-ақ осы Заңда белгіленген мерзімдерде беріледі.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына міндеттерін орындауға жәрдем көрсетеді, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтай отырып, олардың сұрау салулары бойынша олар жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы ақпаратты береді.

      22-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын


               құжаттар

      Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мынадай құжаттарды қабылдайды:


      1) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп – мемлекеттік аудитті тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған, қаржылық есептіліктің анықтылығы, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы жазбаша нысанда білдірілген пікірді қамтитын құжат;
      2) аудиторлық есеп – мемлекеттік аудитті тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған, белгілі бір уақыт кезеңі үшін жүргізілген тиімділік аудитінің және (немесе) сәйкестік аудитінің нәтижелерін қамтитын құжат;
      3) аудиторлық қорытынды – аудиторлық есептер және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есептер негізінде жасалатын, тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтитын және өз өкілеттіктері шегінде Есеп комитетінің, тексеру комиссиясының қаулысымен, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітілетін құжат;
      4) ішкі аудит нәтижелері туралы есеп – ішкі аудит қызметі жасаған жұмыс тиімділігін арттыру, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ішкі рәсімдерді, қағидаларды, процестерді жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын, орталық мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын құжат.

      23-бап. Қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есептің


               ерекшеліктері

      1. Шоғырландырылған немесе жекелеген қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша:


      1) елеулі қателер болмаған кезде – қаржылық есептілік жөніндегі оң аудиторлық есеп;
      2) елеулі қателер анықталған кезде – қаржылық есептілік жөніндегі ескертпесі бар аудиторлық есеп қабылданады.
      2. Мемлекеттік аудит объектісінде бухгалтерлік есеп жүргізілмеген не бухгалтерлік құжаттар жоғалған жағдайларда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мемлекеттік аудит объектісінің басшысына және мемлекеттік аудит объектісіне басшылықты немесе оны басқаруды жүзеге асыратын жоғары тұрған органға осы жұмыстың аяқталу мерзімін анықтай отырып, мемлекеттік аудит объектісінде бухгалтерлік есепті қалпына келтіру туралы талаппен нұсқама жібереді және мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне тиісті өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік аудитті уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте жекелеген қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша мемлекеттік аудитор пікірін білдіруден бас тарта отырып, аудиторлық есеп береді.

      24-бап. Сапа бақылауы

      1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының басшылары мемлекеттік аудиторлар өз қызметі барысында жасайтын құжаттарды тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің тиісті қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан тұрақты түрде тексерулер жүргізу арқылы сапа бақылауын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      2. Сапа бақылауына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық, сараптамалық-талдау қызметінің барлық кезеңдері, мемлекеттік аудиторлардың барлық қызметі, оның ішінде құқық қорғау органдары және сот мамандар ретінде тартқан мемлекеттік аудиторлар жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша берілген материалдар (қорытындылар) жатады.
      3. Сапа бақылауын жүргізу қажеттілігі мен мерзімділігі, оның ішінде мемлекеттік аудит нәтижелерін қайта тексеру қажеттілігі, сондай-ақ сапа бақылауының жеделдігі мен нәтижелігін қамтамасыз ету мақсатында оны жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің тиісті қағидаларында айқындалған тәртіппен айқындалады.

      25-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері


               бойынша қабылданатын құжаттардың мониторингі

      1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары өздері аудиторлық қорытындыда берген ұсынымдардың және міндетті түрде орындалуға бағытталған нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асырады.


      2. Ұсынымдардың қаралу нәтижелері туралы және нұсқамалардың орындалуы туралы ақпаратты мемлекеттік аудит объектісі және өзге де мүдделі тұлғалар растау құжаттарын қоса бере отырып, тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына тиісті құжаттарда көрсетілген мерзімдерде жіберуге міндетті.
      3. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамаларын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ БАҒЫТТАРЫ

      26-бап. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
               уәкілетті органдарының сараптамалық-талдау
               қызметі

      1. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдау қызметі алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалау түрінде жүзеге асырылады.


      2. Есеп комитеті республикалық бюджетке қатысты, сондай-ақ республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады, жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы ақпаратты жинақтап қорытады.
      3. Тексеру комиссиялары аумағында өздері жұмыс істейтін облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте құрылған аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне қатысты сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады.
      4. Сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу үшін Есеп комитеті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде зерттеулер жүргізу үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.

      27-бап. Алдын ала бағалау

      1. Есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалауды оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша жүзеге асырады.
      2. Республикалық бюджет жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау республикалық бюджет жобасы шығыстарының елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына, республикалық бюджет шығыстарының басым бағыттарына, мемлекеттік бағдарламалар мен орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау нәтижелеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Есеп комитеті берген тұжырымдар мен ұсынымдарға сәйкестігі нысанына жүзеге асырылады.
      3. Алдын ала бағалау нәтижелері республикалық бюджет туралы заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылады және ұсынымдық сипатта болады.

      28-бап. Ағымдағы бағалау

      1. Ағымдағы бағалау Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, мәслихаттар мен әкімдер үшін тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жедел ақпаратты қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады.
      Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары бюджеттердің атқарылу процесінде тиісті бюджет кірісіне салықтық және салықтық емес түсімдердің толықтығын және уақтылығын, тиісті бюджет туралы заңның (мәслихат шешімінің) бекітілген көрсеткіштерімен салыстыра отырып, бюджет қаражатының нақты жұмсалуын талдайды, ауытқу себептерін және олармен байланысты бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасы заңнамасының жетілмегендігін анықтайды, оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.
      2. Ағымдағы бағалауды жүргізу кезінде жүргізілген мемлекеттік аудит материалдары, сондай-ақ жедел есептілікті және тиісті мемлекеттік органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және квазимемлекеттік сектор субъектілері электрондық нысанда Есеп комитеті мен тексеру комиссияларына ұсынатын ақпаратты өңдеуге және талдауға негізделген талдамалық ақпарат, оның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы:
      1) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерді, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкі нәтижелер туралы есептерді;
      2) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын;
      3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын;
      4) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын;
      5) осындай өзгерістердің негіздемелерімен бірге осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға енгізілген өзгерістерді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаржылық есептіліктің барлық нысандарын қоса алғанда, пайдаланылады.
      3. Ағымдағы бағалау нәтижелері тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру кезінде ескеріледі.

      29-бап. Кейіннен бағалау

      1. Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары мемлекеттік аудит барысында бюджеттердің атқарылуының нақты көрсеткіштерінің бюджет туралы тиісті заңмен (мәслихаттардың шешімдерімен) бекітілген көрсеткіштерге сәйкестігін, бюджет көрсеткіштерінің орындалуының толықтығы мен уақтылығын айқындау үшін есепті қаржы жылындағы бюджет туралы заңның (мәслихаттар шешімдерінің) орындалуына, бюджеттердің атқарылу заңдылығын, есеп пен есептіліктің анықтығын, бюджет қаражатын, мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігін айқындау мақсатында бюджеттердің атқарылуы туралы жылдық есептерге, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілігіне кейіннен бағалауды жүзеге асырады.
      2. Кейіннен бағалау жүргізу қорытындылары бойынша тиісті бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының тиісті есебіне қорытынды дайындалады, оларды ұсыну және қарау Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Қорытынды құрылымына және мазмұнына қойылатын талаптар мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың тиісті рәсімдік стандарттарында айқындалады.
      3. Қорытынды:
      1) бюджеттің негізгі параметрлерін орындауды:
      бюджет түсімдері мен шығыстарын;
      салықтық және кедендік әкімшілендіру тиімділігін;
      2) мемлекеттік органдардың өз стратегиялық жоспарларында, аумақтарды дамыту бағдарламаларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуді, мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде алдыңғы кезеңдер үшін және бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды;
      3) бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттерді және кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауды қаржыландыруды;
      4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бөлінген бюджет қаражатын қаржы-экономикалық негіздемеге, бюджеттік инвестициялар тиімділігіне, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін тиімді басқаруға сәйкестігіне қарай пайдалануды;
      5) мемлекеттік аудит объектілерінің есеп пен есептілікті жүргізу анықтығы мен дұрыстығын бағалауды қамтиды.

      30-бап. Камералдық бақылау

      1. Камералдық бақылауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік аудит объектілеріне бармастан, осы Заңда және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.
      2. Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
      3. Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
      4. Камералдық бақылаудың ден қою шаралары:
      1) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу;
      2) осы Заңның 32-бабында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру;
      3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады.
      5. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы бюджетке өтелуге, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама негізінде есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтірілуге жатады.
      6. Камералдық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелместен жүзеге асырылады.

      31-бап. Камералдық бақылау нәтижелері анықталған


               бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

      1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімдейді және бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде растайтын материалдармен қоса мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді.


      2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісі орындауға тиіс.
      3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықты жіберу мен қарау тәртібі камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалады.
      4. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тексерілетін тұлғаға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      32-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару


               жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған
               кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит
               объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік
               шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын
               тоқтата тұру

      1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын басқаруға және қолдануға байланысты камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға әкеп соғады.


      Осы тармақтың қолданылуы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға қарсылықтарды қарау кезеңіне тоқтатыла тұрады.
      2. Мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жалақы төлеу жөніндегі операциялардан;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бюджетке түсетін барлық түсімдерді, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі операциялардан;
      3) ақшаны: өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқарушылық құжаттар бойынша; еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудару бойынша клиенттің міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқарушылық құжаттар бойынша; салық берешегін өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша алып қоюдан басқа, мемлекеттік аудит объектісінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.
      3. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша шығарылады және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алған күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың сөзсіз орындауына жатады.

      33-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау


               нәтижелерін талдау

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындыларын жүйелі түрде талдайды, бюджеттің атқарылуы, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарларын жинақтап қорытады және зерделейді.


      Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына ұсынады.

      34-бап. Халықаралық ынтымақтастық

      Есеп комитеті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған өкілеттіктер шегінде ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен және олардың халықаралық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ынтымақтастық туралы келісімдер жасасады, бірлескен, қатарлас тексерулер және сараптамалық-талдау іс-шараларын өткізуге қатысады, көрсетілген халықаралық бірлестіктердің құрамына кіреді.

      35-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі


               бірыңғай дерекқор

      1. Мемлекеттік аудит жүргізген кезде басқару процестерін оңтайландыру, қайталануды болғызбау және мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды қамтамасыз ету үшін «электрондық үкімет» жүйесімен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі – бірыңғай дерекқор) жұмыс істейді.


      Бірыңғай дерекқорды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау тәртібін Есеп комитеті мен тиісті мемлекеттік органдар бірлесіп айқындайды.
      2. Бірыңғай дерекқор мемлекеттік аудиттің мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі, нәтижелері, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау қызметі бойынша бүкіл ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты қамтиды. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бірыңғай дерекқорға тиісті рұқсат деңгейі беріледі.
      3. Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит объектілері, оның қаржылық және өзге де көрсеткіштері жөніндегі ақпарат бірыңғай дерекқорға шоғырландырылады.
      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бірыңғай дерекқорға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде орналастыруға міндетті.
      Мемлекеттік аудит объектілері бірыңғай дерекқорды толықтыру үшін қажетті сұратылатын ақпаратты ұсынуға міндетті.
      Бірыңғай дерекқорды Есеп комитеті әкімшілендіреді, оның тиімді жұмыс істеуі, ондағы орналастырылған ақпараттың сақталуы мен қауіпсіздігі үшін жауапты болады.
      Мемлекеттік аудит объектілері бірыңғай дерекқорды қалыптастыру үшін ұсынылатын деректердің анықтығы мен толықтығы үшін жауапты болады.

5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТКЕ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

      36-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары
               лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері

      1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде:


      1) мемлекеттік аудит жүргізу шеңберінде қызметтік куәлікті және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу туралы белгісі бар тексеруді тағайындау туралы актіні көрсеткен кезде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге рұқсат алуға;
      2) мемлекеттік аудиттің міндеттері мен нысанасына сәйкес аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп дайындау үшін өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, ақпаратты, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге рұқсатты, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де, оның ішінде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты осы Заңда белгіленген мерзімдерде сұратуға және алуға;
      3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілер мен құжаттарды сұратуға;
      4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудит жүргізу кезінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді беруді, сондай-ақ құжаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған қажетті көшірмелерін талап етуге;
      5) мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы фактілері бойынша актілер жасауға;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
      2) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтіруге;
      3) бұзушылықтардың алдын алу, оны анықтау және оның жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
      4) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды қатаң түрде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес жүргізуге;
      5) қызметтік және кәсіптік әдеп талаптарын сақтауға;
      6) мемлекеттік аудит объектісі басшысының (лауазымды адамдарының) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктер беруге;
      7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді жария етпеуге;
      8) мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлауға;
      9) мемлекеттік аудит нәтижелерін мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпарат пен нақты деректерге ғана негіздеуге;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
      3. Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары мен стандарттарын бұзғаны үшін мемлекеттік аудиторлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады.

      37-бап. Мемлекеттік аудит объектісі басшысының құқықтары


               мен міндеттері

      1. Мемлекеттік аудит объектісі басшысының:


      1) мемлекеттік аудиттің мақсатымен, ұзақтығымен оның нәтижелерімен, тұжырымдарымен және ұсынымдарымен таныс болуға;
      2) қаржылық бақылаудың ден қоюының қабылданатын шараларымен таныс болуға;
      3) тексеру тағайындау туралы актіні ұсынбаған мемлекеттік аудиторларды тексеруге жібермеуге;
      4) мемлекеттік аудит нәтижелерімен келіспеген жағдайда қол қойылған аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына өз қарсылығын жіберуге;
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы:
      1) мемлекеттік аудиторларды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;
      2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары сұрататын деректердің уақтылығын, анықтығын, объективтілігін және толықтығын қамтамасыз етуге;
      3) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне жол бермеуге;
      4) мемлекеттік аудиторлардың әрекетіне араласпауға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуге кедергі келтірмеуге;
      5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының заңды талаптарын орындауға;
      6) аудиторлық қорытындыда берілген, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жіберген ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуы туралы, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы ақпаратты уақтылы ұсынуға;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      38-бап. Мүдделер қақтығысы

      1. Объективтілік пен тәуелсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:
      1) мемлекеттік аудит объектісі басшысының, жауапты хатшысының, бас бухгалтердің немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамның, құрылтайшысының, қатысушысының немесе акционерінің жақын туыстары, жекжаттары немесе сенім білдірілген адамдары болып табылатын;
      2) мемлекеттік аудит объектісінде жұмыс істеген не тексерілетін кезеңде басшының, жауапты хатшының, бас бухгалтердің немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамның, мемлекеттік аудит объектісі құрылтайшысының, қатысушысының немесе акционерінің жақын туыстары, жекжаттары немесе сенім білдірілген адамдары болып табылатын;
      3) мемлекеттік аудит объектісінің құрылтайшылары, қатысушылары немесе акционерлері, лауазымды адамдары арасынан шыққан, онда жеке мүліктік мүдделері бар мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуіне тыйым салынады.
      2. Мүдделер қақтығысы туындаған кезде мемлекеттік аудиторлар бұл жөнінде мемлекеттік аудитті тағайындаған басшыға жазбаша хабарлауға тиіс.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мүдделер қақтығысын жою жөнінде шаралар қолданады.

      39-бап. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер


               адамдарды сертификаттау, мемлекеттік аудит және
               қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін
               қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру

      1. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен ықтимал мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын алу мақсатында оларды сертификаттау жүргізіледі.


      2. Сертификаттауды Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жүргізеді, оның құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Есеп комитетінің, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша) кіреді.
      Есеп комитеті Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол берілген ұсыныстар негізінде саны кемінде жеті адам болатын комиссияның дербес құрамын бекітеді.
      3. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау олардың білімін растауды және мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында айқындалатын тәртіппен әңгімелесуді қамтиды.
      4. Орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдар тізбесін тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бекітеді.
      5. Сертификаттау деңгейлік жүйе бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын, Ұлттық комиссия туралы ережені ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Есеп комитеті бекітеді.
      6. Ұлттық комиссияның жұмыс органы Есеп комитеті айқындайтын тәртіппен мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізеді.
      7. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Есеп комитеті ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп әзірлейтін және бекітетін Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      40-бап. Есеп комитетінің құрамы

      1. Есеп комитеті басшылығының құрамы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын Есеп комитетінің Төрағасы мен оның сегіз мүшесінен тұрады.


      2. Отставкаға шығу туралы өтініш беру түрінде Есеп комитеті мүшесінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Есеп комитетінің мүшесі Есеп комитетінің Төрағасын отставкаға шығу туралы тиісті өтініш беруінен кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.

      41-бап. Есеп комитетіне мемлекеттік қызметке кіру

      1. Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат санының лимиті шегінде Есеп комитетінің үздiксiз қызметін ұйымдастыру үшін Есеп комитетінің Төрағасы тағайындайтын, аппарат басшысы басқаратын Есеп комитетінің аппараты құрылады.
      2. Есеп комитетінің аппаратына мемлекеттік қызметке кіру Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      42-бап. Есеп комитеті мен оның лауазымды адамдары


               тәуелсіздігінің кепілдігі

      1. Есеп комитетінің лауазымды адамдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит объектісінен тәуелсіз болады.


      2. Есеп комитетінің қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың құқыққа сыйымсыз араласуына жол берілмейді.
      3. Мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторларын және өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді.
      4. Есеп комитетінің қаржылық қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

7-тарау. ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРМЕН, МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҰЙЫМДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ

      43-бап. Есеп комитетінің Қазақстан Республикасының
               Президентімен өзара іс-қимылы

      1. Есеп комитетінің Төрағасы тоқсанына бір реттен сиретпей Қазақстан Республикасының Президентіне Есеп комитетінің жұмысы туралы ақпарат береді.


      2. Есеп комитеті жыл қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпараттан басқа, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмысының көрсеткіштері туралы ақпаратты ұсынады.

      44-бап. Есеп комитетінің Қазақстан Республикасының


               Парламентімен өзара іс-қимылы

      1. Есеп комитеті есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Парламентіне есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті талқылау және бекіту үшін енгізеді, ол өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылады.


      2. Есеп комитетінің Төрағасы тоқсанына бір реттен сиретпей Қазақстан Республикасының Парламентіне Есеп комитетінің жұмысы туралы ақпарат береді.

      45-бап. Есеп комитетінің Қазақстан Республикасының


               Үкіметімен өзара іс-қимылы

      1. Есеп комитеті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылы үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынғаннан кейін екі ай ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылған ақпараттың объективтілігі бойынша қорытындыны белгіленген мерзімде ұсынады.


      2. Қорытындыда бүкіл шоғырландырылған есеп бойынша да, бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілері бойынша да тұжырымдар мен ұсынымдар көрсетіледі.

      46-бап. Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және қаржылық


               бақылау органдарымен өзара іс-қимылы

      1. Өз қызметін үйлестіру мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында құқық қолдану практикасын, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтау мәселелерін қарау үшін Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесін құрады.


      Үйлестіру кеңесін қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру Есеп комитеті бекітетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі туралы ережеде айқындалады.
      2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің шешімдері мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үшін міндетті болып табылады.
      3. Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимылы осы Заңға және Есеп комитеті мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп бекітетін нормативтік құқықтық актіге сәйкес жүзеге асырылады.

8-тарау. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      47-бап. Тексеру комиссиясының құрамы және оны қалыптастыру
               тәртібі

      1. Тексеру комиссиясы басшылығының құрамы төраға мен оның төрт мүшесінен тұрады.


      2. Тексеру комиссиясының төрағасын тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты Есеп комитетінің ұсынуы және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
      3. Тексеру комиссияларының мүшелерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      48-бап. Тексеру комиссиясы төрағасының, тексеру


               комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері

      1. Тексеру комиссиясының төрағасы:


      1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және тексеру комиссиясына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады;
      2) тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелерін бекітеді;
      3) тексеру комиссиясы мен тексеру комиссиясының аппараты мүшелерінің жұмысын ұйымдастырады;
      4) бекітілген штат саны мен жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде тексеру комиссиясы аппаратының құрылымы мен штат кестесін бекітеді.
      Облыстың тексеру комиссиясы төрағасының шешімі бойынша тиісті мәслихатқа аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті беру облыстың тексеру комиссиясы мүшелерінің біріне жүктелуі мүмкін.
      2. Тексеру комиссиясының мүшелері:
      1) тексеру комиссиясының аудиторлық, сараптамалық-талдау, ақпараттық және өзге де қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

      49-бап. Тексеру комиссияларының қызметін ұйымдастыру

      1. Тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі осы Заңда, ережеде және регламентте айқындалады.
      Тексеру комисссиясы туралы ережені тексеру комиссиялары туралы үлгілік ереже негізінде тиісті мәслихат бекітеді.
      Тексеру комиссиясының регламентін тексеру комиссиясы бекітеді.
      2. Тексеру комиссияларының аудиторлық іс-шараларын өткізуді, сондай-ақ оның ақпараттық-талдау, құқықтық, консультациялық, ұйымдастырушылық және өзге де қызметін тексеру комиссиясының аппараты қамтамасыз етеді.
      Тексеру комиссиясының аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын лауазымды адамдардан тұрады, оны тексеру комиссиясының төрағасы тағайындайтын аппарат басшысы басқарады.

      50-бап. Тексеру комиссиясы және оның лауазымды адамдары


               тәуелсіздігінің кепілдіктері

      1. Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары өз қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит объектісінен тәуелсіз болады.


      2. Тексеру комиссиясының қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың құқыққа сыйымсыз араласуына жол берілмейді.
      3. Мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларын және өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді.
      4. Тексеру комиссиясының жергілікті бюджет қаражатын пайдалануын мемлекеттік бақылау және қадағалау мәслихаттың келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

9-тарау. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАСУ НЕГІЗДЕРІ

      51-бап. Тексеру комиссиясының мәслихаттармен өзара
               іс-қимылы

      1. Тексеру комиссиясы мәслихаттың қарауына:


      1) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатына ағымдағы жылғы 20 мамырға дейiн;
      2) тиісті облысқа кіретін аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатына ағымдағы жылғы 20 сәуiрге дейiн жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынады, ол өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылады.
      2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты тексеру комиссиясынан тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылу мәселелері бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит, сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы ақпаратты сұратуға құқылы.

      52-бап. Тексеру комиссиясының Есеп комитетімен өзара


               іс-қимылы

      1. Тексеру комиссиясы Есеп комитетіне есепті кезеңдегі өз жұмысы туралы ақпаратты тоқсан сайын ұсынады. Ұсынылатын ақпараттың нысаны мен құрылымы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың тиісті рәсімдік стандартымен регламенттеледі.


      2. Тексеру комиссиясы Есеп комитетімен келісу бойынша Есеп комитетімен қатарлас (бірлескен) тексеру жүргізуге қатысуға құқылы.

10-тарау. ІШКІ АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАН

      53-бап. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның
               прокуратура және қылмыстық қудалау органдарымен
               өзара іс-қимылы

      1. Прокуратура немесе қылмыстық қудалау органдарының сұрау салуы келіп түскен кезде ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган:


      1) мемлекеттік аудиттің тиісті объектісі бойынша бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері болған жағдайда, қайта мемлекеттік аудит жүргізбей осы нәтижелерді ұсынады;
      2) егер бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерінде сұрау салуда қойылған мәселелер көрініс таппаған жағдайда, бұл мәселелер ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның келесі жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде ескеріледі.
      2. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудиторлары мамандар ретінде тексеруге қатысу және құзыреті шегінде қорытынды беру үшін тиісті талап ету немесе сұрау салу бойынша прокуратура органының қарамағына, қозғалған қылмыстық іс шеңберінде шығарылған тиісті қаулы бойынша қылмыстық қудалау органының қарамағына жіберілуі, сондай-ақ соттың тиісті ұйғарымы бойынша соттың тартуы мүмкін.

      54-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган


               және оның лауазымды адамдары тәуелсіздігінің
               кепілдіктері

      1. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудиторлары өз қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит объектісінен тәуелсіз болады.


      2. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың құқыққа сыйымсыз араласуына жол берілмейді.
      3. Осы Заңның 53-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудиторларын және өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді.

11-тарау. ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТТЕРІ

      55-бап. Ішкі аудит қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру

      Ішкі аудит қызметтері орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен құрылады және осы Заң мен орталық мемлекеттік органның бірінші басшысы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі бекіткен ішкі аудит қызметтері туралы ереже негізінде әрекет етеді.


      Ішкі аудит қызметтері туралы ереже ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ереже негізінде әзірленеді.

      56-бап. Ішкі аудит қызметі тәуелсіздігінің кепілдіктері

      Ішкі аудит қызметі ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз болады.
      Ішкі аудит қызметі басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, орталық мемлекеттік органның бірінші басшысына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне бағынады және есеп береді.
      Ішкі аудит қызметін орталық мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның өкілеттіктеріне жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындауға немесе орындауға тартуға болмайды.

      57-бап. Ішкі бақылау жүйесі

      1. Ішкі аудит қызметі тиісті мемлекеттік органға ведомстволық бағынысты ұйымдардағы ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыста консультациялық қызметтер көрсетеді.
      2. Мемлекеттік органның ішкі бақылау жүйесі мынадай өзара байланысты құрауыштардан тұрады:
      1) бақылау ортасы – мемлекеттік органның ішкі (корпоративтік) мәдениеті, ұйымдық құрылымы және есептілік сапасы мен қызметінің тиімділігін алдын ала айқындайтын саясат пен рәсімдердің ішкі жиынтығы;
      2) тәуекелдерді бағалау – мемлекеттік органның өз мақсаттарына қол жеткізуіне әсер ететін тәуекелдерді анықтау, талдау және олардың алдын алу процесі. Тәуекелдерді бағалау бақылау рәсімдерін жасау және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі іс-шараларды жоспарлау үшін негіз болып табылады;
      3) бақылау рәсімдері – лауазымды адамдар (құрылымдық бөлімшелер) өз функцияларын орындауы кезінде жүзеге асыратын бақылау рәсімдерінің (техниканың) үйлесімі;
      4) ақпарат пен байланыс – мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын қамтитын деректердің уақтылы және тиімді анықталуы, оларды тіркеу және оларды алмасу. Мемлекеттік орган ақпаратқа санкциясыз қол жеткізуден қорғау үшін шаралар қабылдайды;
      5) ішкі бақылау жүйесі тиімділігінің мониторингі және оны бағалау – мемлекеттік органның мақсаттарға қол жеткізуіне және есептілігінің анықтығына әсер ететін қателердің туындау ықтималдығын айқындау, бұл қателердің елеулілігін анықтау және алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге ішкі бақылау жүйесінің қабілетін айқындау.

      58-бап. Мемлекеттік орган басшысының ішкі аудит қызметімен


               өзара іс-қимылы

      Мемлекеттік органның басшысы ішкі аудит қызметімен өзара іс-қимылды:


      1) жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын және ішкі аудит қызметін оқыту жөніндегі жоспарларды бекіту;
      2) мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің ұсынымдарын іске асыру туралы шешімді қарау және қабылдау;
      3) ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша жылдық есепті қарау арқылы жүзеге асырады.

12-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      59-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және
               қаржылық бақылау туралы заңнамасын бұзғаны үшін
               жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      60-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
               органдарының және (немесе) олардың лауазымды
               адамдарының құқықтық актілеріне, әрекеттеріне
               (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.


      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бюджет қаражатын мақсатсыз және негізсіз пайдаланудың анықталған фактілерімен байланысты құқықтық актілеріне шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

      61-бап. Өтпелі ережелер

      Мемлекеттік аудитор болып табылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшілер 2017 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның
39-бабында айқындалған тәртіппен тиісті сертификаттаудан өтуге міндетті.

      62-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң:
      1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8) тармақшасын, 27-бапты;
      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-баптың 3-тармағын, 13-баптың 3-тармағын және 45-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабының 8) тармақшасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «8) мемлекеттік аудитор – мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметші;».

      Қазақстан Республикасының


      Президенті                                 Н.Назарбаев

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК



Көрсеткіш
Мәні

Актіні қабылдау күні

12.11.2015

Актіні өзгерту күні




"Әділет АҚЖ-да өзгертілген редакциясын орналастырған күні

20.11.2015

"Әділет" АҚЖ ресми жарияланған күні




Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

"Егемен Қазақстан" 17.11.2015 ж., № 220 (28698); "Казахстанская правда" от 17.11.2015 г., № 220 (28096)

Акт нысаны

Заң

Құқықтық қатынас саласы

Қаржы тәртібі. Бухгалтерлік есепке алу. Қаржылық бақылау. Аудит, Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттары

Заңды күші

Заң

Актіні қабылдаған орган

Қазақстан Республикасының Парламенті (бұрынғы атауы: Қазақ ССР Жоғарғы Советі; Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы; ҚР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы; ҚР Жоғарғы Кеңесі)

Әрекет аймағы

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі

95318

НҚА ережешығармашылық органмен берілген тіркеу нөмірі

392-V

Әділет органдарында НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі




ӘМ тіркеу күні




Деректер базасының бөлімі

Қаржы

Ведомствоның актісін тіркеген орган

ЖОҚ

Актіні қабылдау орны

Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет