Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі



жүктеу 76.98 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі76.98 Kb.


Сыртқы мемлекеттік қаржылық

бақылау жүргізудің

бағдарламаларын әзірлеу

жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға

№11 қосымша


Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі

1. Бұрынғы бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою үшін бақылау объектісінің қабылдаған шараларын зерделеу.

2. «Тәуелсіздік» стандартының сақталуы:

1) соларға сәйкес бақылау жүргізілетін бақылаудың заңнамада айқындалған түрлері мен үлгілерін көрсете отырып, бекітілген жоспарлардың, бағдарламалардың бар-жоғы;

2) бақылау қызметі басшысының ведомство ішіндегі бағыныстылық дәрежесі;

3) өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті функционалдық және ұйымдық тәуелсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде бақылау органы туралы ереженің бар-жоғы;

4) бақылаудың тақырыбын, объектісін таңдау, қолданылатын рәсімдер, дәлелдердің сипаты мен көлемі бойынша бақылау органдарының қызметіне араласуға, бақылаудың ауқымын шектеуге, сондай-ақ бақылау органдары қызметкерлерінің саяси, идеологиялық, діни және басқа да себептер бойынша тәуелсіздігі мен әділдігіне әсерін тигізетін кез келген іс-әрекетке жол беру оқиғалары орын алды ма;

5) мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда бақылау органдары қызметкерлерінің бақылау жүргізу оқиғаларының бар-жоғы.



  1.  «Әдептілік» стандартының сақталуы:

1) бақылау органдары қызметкерлерінің этикалық талаптарды және кәсіби мінез-құлық принциптерін толық сақтауын қамтамасыз ету;

2) бақылау органдарының қызметкерлері мінез-құлқымен және бақылауды жүргізу тәсілдерімен мемлекеттік қаржылық бақылау принциптері мен Стандарттарын сақтамады деген күдік пен айыптауға әкелетін іс-әрекеттерді болдырмау үшін қабылданып жатқан шаралар;

3) бақылау объектісімен теріс пиғылды қарым-қатынас оқиғаларының бар-жоғы;

4) бақылау объектілерінен және олардың қызметкерлерінен бақылау органдары қызметкерлерінің әдепсіз мінез-құлқына қатысты хаттардың, шағымдар мен арыздардың бар-жоғы.

4. «Құзыреттілік» стандартының сақталуы:

1) мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру (семинарларға, конференцияларға қатысу (соның ішінде шетелде), оқу мекемелерінде оқу, техникалық сабақ өткізу, өздігінен білім алу және тағы басқа);

2) бақылауды сапалы жүзеге асыру үшін жиынтығында жеткілікті деңгейі бөлігінде бақылау тобы құрамының сәйкестігі (жұмыс тәжіибесі, жасы, мамандығы және тағы басқалар бойынша іріктеу).

5. «Жариялылық» стандартының сақталуы:

1) мемлекетік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті түрде жариялау жолымен қызметті жүзеге асыру;

2) өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдардың басшыларына, мәслихаттарға және әкімдерге өз қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін сақтауы;

3) бақылаудың нәтижелері жөніндегі материалдарды және бақылау органдарының қызметі туралы өзге де мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, бақылау органдарының веб-сайттарында орналастыру, баспасөз мәслихаттарын, брифингтер мен басқа да жария іс-шаралар өткізу;

4) берілген ақпараттың жеке адамның құқықтары мен бостандығын қорғау туралы, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де мәліметтер туралы заңнаманың талаптарына сәйкестігі.

6. «Құпиялылық» стандартының сақталуы:

1) бақылау органдары мен олардың қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асырған кезде алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауы;

2)  бақылау объектісінде алынған ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету, оған қолжетімділікті шектеу, алынған ақпаратты тек бақылау мақсатында пайдалану;

3) бақылау органдары қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асырған кезде алынған ақпараттан тікелей немесе жанама жеке пайда алу оқиғаларының бар-жоғы;

4) бақылаудың қандай да бір аспектілеріне қатысты ақпаратты жария ету оқиғаларының бар-жоғы;

5) бақылаудың нәтижелері бойынша түпкілікті құжат ресімдеп қабылдағаннан кейін бақылау органдары басшыларының және/немесе оларға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалардың өткізілген бақылау қорытындыларына қатысты ақпаратты беру туралы стандарттың талаптарын сақтауы.

7. «Жоспарлау» стандартының сақталуы:

1) бақылаудың тақырыптары мен объектілерін көрсете отырып бақылаудың жоспары мен бағдарламасын жасау;

2) қолжетімді ақпарат негізінде, бақылау объектісінің қызметіне қатысты стратегиялық және операциялық жоспарлармен, нормативтік құқықтық актілермен, оның қаржыландыру рәсімдерімен және ол жүргізіп отырған шығыстармен танысуды қоса алғанда, бақылау тақырыптары мен объектілерін алдын ала зерделеу;

3) бақылау объектілеріне жүргізілген бұрынғы тексерулердің нәтижелерін және бақылау органдарының ұсынымдары мен ұсыныстары бойынша қабылданған шараларды талдау;

4) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалау;

5) бақылауды жоспарлау кезінде бақылаудың үлгілерін, түрлерін, объектілерін және ауқымын, бақылауды жүзеге асыруға қажетті ресурстарды және бақылау органдары қызметкерлерінің құрамын айқындау;

6) мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бақылау кезінде мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың, стратегиялық және операциялық жоспарлардың іс-шараларының іске асырылу тиімділігін бағалаудың өлшемдерін, көрсеткіштерін айқындау;

7) бақылау іс-шараларының жоспарларын жасау үшін ақпараттық жүйенің деректер базасын пайдалану;

8) бақылау органының бақылау іс-шаралары жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізудің негізділігі;

9)  жоспарланып отырған жылы бақылауға жататын бақылау объектілерін мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының арасында бөлу туралы Есеп комитетінің, мәслихаттың тексеру комиссияларының ұсыныстарын есепке алу, бірлескен бақылау іс-шараларының тізбесі.

8. «Қадағалау» стандартының сақталуы:

1) бақылау органдары басшыларының қадағалаудың нысандары мен әдістерін айқындауы;

2) қадағалау дәрежесін бақылаудың күрделілігіне, бақылау тобының немесе бақылау органының жекелеген қызметкерлерінің біліктілік пен кәсіпқойлығының деңгейіне қарай айқындау;

3) бақылауды жүзеге асырудың мазмұнын, әдістерін, бағдарламалық мәселелерді қамтудың толықтығын, сондай-ақ бақылау бағдарламасын орындау жөніндегі бақылау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін қамтамасыз ету;

4) жиі туындайтын проблемалар туралы түсіндіруді, хабардар етуді, орындалған жұмысты бақылауды, бақылауды жүзеге асырушы топта пікір алшақтығы болған жағдайларда дауларды шешуді, сондай-ақ бақылау жоспары мен бағдарламасына өзгерістер енгізуді қамтамасыз ету.

9. «Дәлелдер» стандартының сақталуы:

1) бақылау объектісінде тікелей жинақталған, сондай-ақ бақылау нәтижелерін растау үшін заңнаманы сақтай отырып, басқа да шынайы көздерден алынған материалдар мен ақпараттың толықтығы;

2) негізінде бақылау нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсынымдар тұжырымдалатын дәлелдердің бақылаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

3) бақылауды шынайылығы мен объективтілігінің дәлелі ретінде қызмет атқаратын ақпаратты жеткілікті көлемінің бар-жоғы;

4) бақылаудың бекітілген бағдарламаларына сәйкес ақпарат жинау мен өңдеуді жүзеге асыру;

5) ақпарат жинау мен өңдеу әдістерінің бақылаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі.

10. «Құжаттама» стандартының сақталуы:

1) бақылаудың нәтижелерін растайтын барлық қажетті материалдарды жинақтаудың, оларды кейіннен пайдалану және сақтау үшін бір жүйеге келтірудың тәртібі;

2) құжаттауға қажетті материалдарды айқындау кезінде бақылау органдарының қызметкерлеріне сыртқы ықпалдың бар-жоғы;

3) құжаттаманың көлемі мен мазмұнының бақылаудың үлгісіне, түріне және бақылау объектісінің қызметіне, сондай-ақ анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің сипатына сәйкестігі;

4) бақылау объектісінде жиналған құжаттаманы тігу және сақтау тәртібінің сақталуы;

5) құжаттарды сақтауға тапсырғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз ету тәртібінің сақталуы.

11. «Есептілік» стандартының сақталуы:

1) бақылау органдары мен олардың қызметкерлерінің қызметінің қорытындысы бойынша дайындалған, бақылаудың мақсатына қол жеткізілгенін растауға жеткілікті бүкіл ақпаратты қамтитын есептердің (бақылау актілері, қорытындылар, қаулылар мен ұсынымдар) мазмұны;

2) бақылау объектісінің қарсылықтарын қараудың нәтижелерін, сондай-ақ бар болса бақылауға жүргізуге тартылған мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшылардың аудиторлық есептерін, қорытындыларын есептерге енгізу;

3) есептер қысқа және түсінуге жеңіл ме;

4) бақылаудың қорытындысы бойынша есепте (бақылау актісінде және қорытындыда) кіріспе бөлік, бақылаудың мақсаты, объектісі мен нысанасы, бақылаудың негізгі нәтижелерінің баяндалуы, тұжырымдар мен ұсыныстар қамтылған ба;

5) бақылау органдарының қаулылары мен ұсынымдарында бақылау объектісіндегі кемшіліктерді түзетуге бағытталған ұсынымдардың және қажет болған жағдайда, кейіннен жекелеген бағыттарын көрсете отырып бақылау жүргізу жөніндегі ұсыныстардың бар-жоғы.

12. «Басқару» стандартының сақталуы:

1) бақылау органдарының бақылаудың сапасын қамтамасыз ету үшін өз қызметінде тиісті басқаруды жүзеге асыруы;

2) бақылау органдарының лауазымды адамдары мен құрылымдық бөлімшелері арасында міндеттерді бөлу;

3) бақылау органдарының өздерінің ережелері мен регламенттеріне сәйкес басқаруды жүзеге асыруы;

4) өздерінің қызметкерлерінің қызметін бағалау негізінде жазалау және көтермелеу шараларын объективті анықтауға мүмкіндік беретін стимулдар мен жағдайлар жасау;

5) бақылау жүргізудің барлық кезеңдерінде басқаруды жүзеге асыру туралы талаптардың сақталуы.

13. «Сапаны бақылау» стандартының сақталуы:

1) Стандарттарға сәйкестігі мәніне тұрақты түрде іріктеп тексеруді жүргізу жолымен сапаны бақылауды қамтамасыз ету;

2) бақылау органы басшысының сапаны бақылауды жүргізудің қажеттілігі мен кезеңділігін, сондай-ақ мерзімі мен ұзақтығын айқындауы;



3) осы бақылауға қатысқан қызметкерлердің сапаны бақылауды жүзеге асыру оқиғаларының бар-жоғы.
_______________________

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет