Мектепке дейінгі мекемелердің оқу-тәрбие үрдісінде мақал-мәтелдерді қолдану

Loading...


жүктеу 42.74 Kb.
Дата09.06.2017
өлшемі42.74 Kb.
Мектепке дейінгі мекемелердің оқу-тәрбие үрдісінде мақал-мәтелдерді қолдану

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Шыниева Роза Төребекқызы

4 курс студенті Трамова Айсұлу Сапарқызы

«Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі

Шынеева Гүлдана Төребекқызы


Мектепке дейінгі білім беруде балалардың қазақ балабақшаларының балаларына ұлттық тәрбие берудің және оған басшылық педагог-тәрбиешілерді дайындаудың бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай айтылған «Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтеуге даяр болады... Олар күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоты болады...».

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым Шоқан Уәлиханов. Ш.Уәлиханов пен Березин архивтерінде ХІХ ғасырдың 50-жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтел сақталған. Солардың ішінде күні бүгінге дейін құнын жоймаған: «Тоймасқа берме, толмасқа құйма», «Ақыл-дария, көңіл-дүлдүл», «Тотықұс бойын көріп зарланады, аяғын көріп қорланады» деген секілді ондаған белгілі мақал бар. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері әр түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жарияланып келеді. Қазақ фольклорының басқа түрлерімен бірге оны жинап жариялаушылар: Ш.Ибрагимов, М.Терентьев, Ы.Алтынсарин, Я.Лютш, Ф.Плотников, Н.И. Гродоков, А.А.Васильев, П.А.Мелиоранский, А.А. Диваев, Н.Ф.Катанов, Н.Н.Пантусов, В.В.Катаринский т.б. болды.

Қай халықтың ауыз әдебиетінде болса да мақал мен мәтел көлемі шағын, тілі көркем, мазмұны бай жанрға жатады. Мақалдар мен мәтелдер ғасырлар бойы халықпен бірге жасап, біреулері ескіріп қолданудан шығып қалып, екіншілері жаңарып, жаңадан пайда болып тұрады.

Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, мақалдың өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ең алдымен, әдебиеттік жағынан алғанда, мақал үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып келеді. Ол адам өмірінде, тұрмыс тіршілікте, қоғамдық жағдайларда кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданады. М.Горькийдің «Мақал мен мәтел еңбекші халықтың тарихын, әлеуметтік барлық өмір тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтып береді», - деуі осыдан.

Мақал-мәтелдер балаларға терең ой салып, көркем-образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады. Бала тәрбиесіндегі халқымыз асыл сөзін, даналық ойларын мақал-мәтелдер арқылы үлгі-өнеге ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Бала тәрбиесіндегі мақал-мәтелдерді тақырыптық жүйемен топтап ұсынған. Мысалы: «Оқу білім бұлағы», «Еңбек», «Достық-жолдастық», т.б. балаларға арналған мақалдар білім алуға, оқуға шақыра отырып, олардың тілін ширатуды көздейді. Еңбек ету, білім алу, жақсы азамат болып өсу үшін тәрбиенің де жақсы болуы керектігі мақал- мәтелдерде толық қамтылады. Мысалы:» Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар.», т.б Мақал-мәтелдердің адал, достық, жақсы жолдастыққа баулитын, адамгершілікке жат мінезден аулақ болуға да тәрбиелейтін тұстары да баршылық. «Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық», «еңбек түбі зейнет» т.б. Бала тәрбиесіндегі басты мәселенің бірі - еңбек ете білуді, үлкендер еңбегін бағалауды үйрету десек, мақал-мәтелдерде бұл назардан тыс қалмаған.

Мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштың өтірік өлең мен ертегі, дастандар және лиро-эпостык, жырлар-балаларды елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, жамандық пен жақсыны, шындық пен өтірікті айыра білуге, батырлық пен батылдыққа тәрбиелейді.

Осылай балалардың ынтасын және танымдық қызығушылығын арттырып, олардың өз бетінше ізденуіне жол ашу.

Әрбір баланың ішкі дүниесіне үңіліп, қазақи тәрбие беру негізгі міндетіміздің бірі болуы шарт.Оларға:

1. Ана тіліміздің ерекшелігін ескеріп, сонау ақын-жазушыларымыздың «тіл» жайлы айтылған нақыл сөздерін, мақал-мәтелдерін, өлеңдерін пайдалана отырып, ұрпақ бойына тілімізге деген құрметті қалыптастыру.

2. Ұйымдастыырлған оқу іс-әрекеті барысында ұлттык, ойындарды (қыз қуу, көкпар, теңге алу, бәйге, алтын сақа) түрлі әдістермен ыңғайына қарай қолдану. Бұл балалардың оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын оятады.

3. Мақал-мәтел сайысын ұйымдастыру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында балаларды топтар бойынша бөліп сергіту сәті ретінде пайдалану. Бұл баланың сөздік қорын молайтады, әрі есте сақтау қабілетін арттырады.

Мақал-мәтелді тіл дамыту құралы десек, тәрбиешінің міндеті – оларды балалардың жас ерекшеліктеріне, сауат ашу ұйымдастырылған оқу іс-әрекет мазмұнына сәйкес лайықты, орынды қолдана білу. Бұл міндетті жүзеге асыруда тәрбиешінің өзі қазақ халқында, өзге халықтарда көркем сөзді қандай мақалдар бар екенін жақсы білуі, әрбір ақынның жыр қоржынынан қарапайым да ойлы сипатымен бала жанын баурап алатын, тіл дамытудың қисынды қиюластырылған көркем де қуатты құралы – мақалдардың әр түрін сараптап, талдай алатындай болуы шарт.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде мақал–мәтелдерді қолдану өскелең жас ұрпақты тәрбиелеуде ерекше орын алады. Мақал мен мәтелдерде халық жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арамдықты, еңбеккерлік пен еріншектікті, жомарттық пен сараңдықты, саналылық пен надандықты салыстыра сөз етеді. Мақал–мәтелдерді ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолдану ыңғайлы, әрі балалардың тіл байлығы мен оқуға қызығушылығы арта түседі.

Балабақшаның оқу-тәрбие үдерісінде халықтық педагогиканың озық үлгілерінің мүмкіндігі мол, ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысында ұлттық мінез-құлық, әдет-ғұрып негізінде бата, аталы сөздер, тәрбиелік мақсатта мақал-мәтелдерді пайдалану қажет.

Бүгінгі күн талаптарына сай ұлттық тәрбие берудің ерекшеліктерін ескерер болсақ, оқу-тәрбие үдерісінде мақал-мәтелдерді ұтымды пайдаланудың қажет екендігіне көзіміз жетеді. Сондықтан қазіргі таңда педагогика мен психология пәндерінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен беретін тәрбиешілердің мақал-мәтелдердің астарлы мағынасына студент жастардың назарын аудартуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауы. – Астана, 15 желтоқсан 2012

2. Аққозин М. Қазақтың мақал-мәтелдері Алматы, 1990



3. Зәкірманов А., Молдабаева М. Ата салтың - халықтық қалпың Алматы, 1995

4. Адамбаев Б. Тозған қазды топтанған қарға жейді. Халықтың шешендік сөздері, мақал-мәтелдері Алматы, 1991
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...