Мектепке дейінгі ұйым мен балалардың заңды өкілдерінің арасындағы шарт № Тараз қаласы 20 ж



жүктеу 42.83 Kb.
Дата15.02.2017
өлшемі42.83 Kb.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ

ӨКІЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ШАРТ № ____
Тараз қаласы « » 20 ж

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 35 «Ер Төстік балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорны, балабақша жарғысының негізінде әрекет ететін балабақша меңгерушісі Ережепбаева Алма Сайлаубекқызы, бір жағынан және бұдан әрі

(баланың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы)

«Ата-ана» деп аталатын анасы (әкесі, оларды алмастырылатын тұрғалар)

(анасының, әкесінің, оларды алмастыратын тұрғалардың тегі, аты, әкесінің аты)

Екінші жағынан, төмендегілер туралы осы шартты жасады:



1.Балабақша міндеті:

1)Қалалық білім бөлімінен берілген жолдама негізінде

Баланы тобына қабылдау;

(атауы)


2)Баланың дене және психикалық денсаулығын нығайтуды және өмірін қорғауды, оның интеллектуалдық, дене және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету;

Дамуында ауытқулары бар баланы түзеу (қарапайым, білікті) жұмыстарын жүргізу;

Оның шығармашылық қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту;

Баланың даму ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тәсілдерді жүзеге асыру;

Баланың эмоционалдық жайлылығына қамқор болу.

3) Балаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес тәрбие мен білім беру.

4)Балабақшада заттық-дамытушы ортаны (бөлме, құрал жабдықтар, оқу-көрнекілік құралдар, ойындар, ойыншықтар) ұйымдастыру;

5)баланың жас, жеке ерекшеліктеріне, білім беру бағдарламасының мазмұнына сай оның іс әрекетін ұйымдастыру;

6)Балаға медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыру: шынықтыру шараларын алдын алу іс-шаралары:

Жоспарлы түрде № 5 қалалық емхананың бекітілген дәрігердің бақылауы бойынша

(нақты атауы)

Сауықтыру іс-шаралары:

Жоспар бойынша екпе егу, жыл мезгілдеріне байланысты шынықтыру шараларын жүргізу және күніне фито чай (ит мұрын, эхинацея, таңқұрай т.б.) беріледі.

(нақты атауы)

Санитарлық-гигиеналық іс-шаралар:

Арнайы дезинфекицялық ерітіндімен жуып-шаю, балабақша іші-сыртын жылына екі рет дезинфекция-дератизация іс-шараларын жүргізу.

( атауы)


7) Балаланың дұрыс өсуі мен дамуына қажетті дұрыс тамақтануымен қамтамасыз етеді
Баланы бес мезгіл тамақтандыру: І таңғы ас -08.35, ІІ таңғы ас – 10.30 түскі ас -12.15 , бесін ас -15.30, кешкі ас -16.45

(күніне қанша рет, тамақтану уақыты)

8)Баланың балабақшаға келу кестесін белгілеу:

Дүйсенбі-жұма 7-00 ден -19-00- дейін сенбі, жексенбі –демалыс.

9)Баланың ауырған, санаторлық-курорттық емделуі кезінде, карантин болған жағдайда «Ата-анасы» демалыста болғанда және дәлелді себептермен уақытша болмаған жағдайда (ауырыу, іссапарда болуы т.б.) сондай-ақ жазғы маусымында 2 ай мерзімге дейін, «Ата-анасының» демалыс ұзақтылығына қарамастан; басқа жағдайларда белгілі бір себептермен.

10) Ата-анаға баланы тәрбиелеу мен оқытуға; дамуындағы ақауларды түзетуге көмек көрсету.


11)Ата-анамен жұмыс жүргізу балабақшаның жылдық жоспарына сәйкес

12) Осы шартты орындау.

2. «Ата-ана» міндеті:

1) Балабақшада Жарғысын және осы шарты орындау.

2)Балабақшада баланың тамақтануы 8750 ( сегіз мың жеті жүз елу) тенге 00 тиын.

мөлшерінде ақы төлеуді әр айдың 10-на дейін жүзеге асыру. Қайта есептеу ата-ананың өтініші бойынша баланың келмегенін растайтын құжат болған жағдайда қарастырылады.

3)Баланы 16-жасқа толмаған (немесе басқа жағдайлар) тұлғаларға сеніп тапсырмай, тәрбиешіге өзі алып келуге және тәрбиешіден алып кетуге тиіс;

4) Баланы балабақшаға ұқыпты күйінде, таза киім мен аяқ киім кигізіп алып келу;

5)Балабақшаға баланың келе алмайтыны; ауырып қалғаны туралы хабарлау.

6)Баланы балабақшадан себепсіз қалдырмау, ауырып келмеген күндеріне дәрігерден анықтама алу. Баланың кейбір себептермен болмайтындығы туралы тәрбиешіге алдын- ала хабарлау.

7)Баланы тәрбиелеу мен оқытудың барлық бағыттары бойынша балабақшамен бірлесіп әрекет ету.

8)Балабақшаға жарғылық міндеттерді іскер асыру бойынша қолдан келетін көмек көрсету.

9)Балабақшаның Ережесін қатаң сақтау, баланы балабақшаға 08-30-ға дейін кешікпей алып келу.

10) Балабақшада педагогтар кеңесіне кеңесші дауысы құқығымен қатысу;

11) Балабақшада балалармен жұмысты жақсарту және қосымша қызметкерлерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар еңгізуге;

12) Балабақшада жарғысы мен осы шарт міндеттерінің орындалуын талап етуге;

13) Балабақша меңгерушісі мен педагогтердің топтағы балалармен жүргізілетін жұмыстар туралы есептерін тыңдауға;

14) Осы шартты бір жақты тәртіппен балабақшаны бұл жөнінде алдын ала 10 күн бұрын ескерту арқылы бұзуға құқығы бар



3.Балабақша:

1) Балабақшада әрі қарай болуға кедергі болатын бала денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды болған жағдайда баланы балабақшадан шығаруға;

2) Баланы отбасында тәрбиелеу ісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар еңгізуге;

3) Ата-ана өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаған жағдайда, «Ата-ананы» алдын ала 10 күн бұрын ескертіп, осы шартты бұзуға құқығы бар.

4) Баланың қолына беріп жіберілген бағалы заттарға (планшет, үялы телефон, алтын бұйымдар) жоғалған жағдайда балабақша жаупты емес.

4. Шарт қол койылған сәттен бастап күшіне енеді және екі жақтың келісімі бойынша мерзімі ұзартылуы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.

5. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар қосымша түрінде рәсімделеді.

6. Тараптар міндеттердің тиісті деңгейде орындалуына немесе дұрыс орындалмауына жауапты.

7.Шарт екі дана жасалған:

Бір данасы балабақшада баланың жеке құжатында, екінші «Ата-анада» (оны алмастыратын тұлғалар) сақталады.

Осы Шартқа қол қойған тараптар:

«Тараз қаласы әкімдігінің білім Ата-ана

бөлімінің № 35 «Ер Төстік» (анасы, әкесі, оны алмастыратын тұлға)

балабақшасы» МКҚК Тұрғылықты мекен-жайы

Мекен-жайы: Тараз қаласы,

Достоевский көшесі № 14 Жұмыс орны

Тел: 8(7262)-34-09-77 телефоны

Меңгеруші: Ережепбаева А.С.



Қолы Қолы

Мөр

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет