«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Loading...


Дата06.03.2017
өлшемі172.87 Kb.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы « »

№ бұйрығына

1-қосымша


«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) Қазақстан Республикасының инвестиция және даму жөніндегі министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);

2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал);

3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға жүгінген сәтінен бастап – 2 жұмыс күнді құрайды;

2) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО-ның қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.

Портал арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі сұрату берілген кезден бастап 30 минутты құрайды.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейінгі ұйымдарда орын болмаған жағдайда кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабардар ету немесе көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Бұл көрсетілетін қызмет мектепке дейінгі ұйымдарда бар орындар санымен шектеледі. Бірінші кезекті орынды алуға құқылылар:

1) мүмкүндігі шектеулі балалар және мүгедектердің балалары;

2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) жетім балалар;

4) көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан балалар;

5) соғысқа қатысқан және соғыс мүгедектеріне жеңілдік пен кепілдік берілген тұлғалардың балалары;

6) әскери қызметшілердің балалары.

Баланың кезекте тұрған уақытында көрсетілетін қызметті алушы жеңілдікті растайтын құжаттарды тапсырған жағдайда жеңілдік берілуі мүмкін, немесе жеңілдігі тоқтатылуына байланысты бірінші кезекте орын алу құқығынан айырылады. Осыған байланысты, баланың кезектілікке алғашқыда тіркелген мерзімі сақтала отырып, қалыпты кезектіліктен жеңілдік қарастырылған кезектілікке немесе керісінше ауысу мүмкіндіктері қарастырылған.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) ХҚКО Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбі аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, үзіліссіз.

Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды кезекті «брондауға» болады.

3) портал: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) сәйкестендіру үшін баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірме);

3) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме);

4) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің).

Техникалық мүмкіндік болған жағдайда, жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.

ХҚКО-ға:

1) көрсетілетін қызметті алушының, көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

2) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат.

ХҚКО-ға өтініш берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді ХҚКО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға ХҚКО ұсынған нысан бойынша жазбаша келісім береді.

Порталға: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанындағы сұрату.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұратудың қабылданғаны туралы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарлама жолданады.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: жазбаша түрде Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданады.

ХҚКО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) берілген шағым ХҚКО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Орталықтың басшысына жолданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Бір бала Қазақстан Республикасының тек бір қаласында/ауданында кезекке тұра алады. Басқа қалаға/ауданға немесе бір қала/аудан ішінде қоныс аударғанда баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері мектепке дейінгі балалар ұйымындағы (бұдан әрі - МДБҰ) кезектен міндетті түрде шығып, МДБҰ тіркеудің алдыңғы күні сақталмай, жаңа тіркеу орны МДБҰ қайтадан кезекке тұруы тиіс.

14. МДБҰ жыл сайынғы жинақтау жаз мезгілінде ағымдағы жылғы 01 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Жинақтау уақытынан кейін МДБҰ қосымша орындар босаған жағдайда МДБҰ жолдама жеңілдікпен (бар болған жағдайда) кезекте немесе тиісті жас санатындағы қалыпты кезекте тұрған балаға беріледі.

15. Бөлек тізім бойынша МДБҰ орындарды бөлуді (қайтадан пайдалануға берілген немесе босатылған) көрсетілетін қызметті беруші бөлек тізімнің санымен пропорциялы жүргізеді және өңірдің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінде анықталған орын санының жалпы және жинақтау кезіндегі жеңілдік кезегінің санына арақатынас түрінде көрсетіледі (мысалы, 70/30 – 70% орын жалпы кезекте тұрған балаларға, 30%-ы жеңілдік кезегінде тұрған балаларға арналады). Сонымен бірге аталған арақатынас барлық өңірде әрекет етуі қажет (облыстар немесе республикалық маңызы бар қалалар).

16. Кезектің реттік саны «Кезек» (жалпы немесе жеңілдік), «Жас ерекшелік тобы» және «МДБҰ» топталған параметрлері және «Кезекке қою күні» сортталған параметрлері негізінде құрылады.

17. МДБҰ-да жас ерекшелік топтары жылдың басынан 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін құрылады.

18. 7 жасқа толған балалар МДБҰ тұрған кезектен автоматты түрде шығарылады, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне немесе электронды поштасына хабарлама жолданады.

19. Көрсетілетін қызметті беруші порталда МДБҰ кезекте тұрған балалардың бөлек тізімін жариялайды. Жинақтау аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде МДБҰ жолдама алған балалар тізімі олардың кезектілігін көрсете отырып, порталда жарияланады.

20. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО-ға келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша барып жүргізеді.

21. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қолданусыз Портал арқылы көрсетіледі. Егер мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алуға құқығы болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға ЭЦҚ қажет болады.

22. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.

23. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

______________________________


«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

1-нысан - Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелер арқылы электронды түрде берген құжаттың шығу нысаны



№ _____ ЖОЛДАМА
________________________

Мекенжайы: _____________

Телефон: ________________

Баланың тегі, аты: ____________________________________________________

Туылған күні: ________________________________________________________

Үйінің мекенжайы, телефоны:__________________________________________

__________________________________________

Бөлім басшысы _________________________________________ (Т.А.Ә.)

Ескерту: Ата-аналар мектепке дейінгі ұйымға 5 күн ішінде барып жолдаманы тіркеуі қажет.

2-нысан – Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі қағаз түрінде берген құжаттың шығу нысаны





Уәкілетті орган_____________________________

Уполномоченный орган______________________
№ ____ ЖОЛДАМА
НАПРАВЛЕНИЕ № _______
Берілген күні «_____» ____________ 20_____ ж.

Дата выдачи «_____» ____________ 20_____ г.


Баланың Т.А.Ә.(әкесінің аты болғанда) ________

__________________________________________

Туған күні, айы және жылы _________________
Ф.И.О (при наличии отчество) ребенка __________________________

Дата, месяц, год рождения __________________

Мектепке дейінгі ұйым ___________________
_________________________________________

Дошкольная организация___________________


_________________________________________

ЖЫРТПАЛЫ ПАРАҚ

ОТРЫВНОЙ ЛИСТ



Уәкілетті орган____________________________

Уполномоченный орган_______________________
№ ____ЖОЛДАМА
НАПРАВЛЕНИЕ № _______
Берілген күні «_____» ____________ 20_____ ж.

Дата выдачи «_____» ____________ 20_____г.


Баланың Т.А.Ә.(әкесінің аты болғанда) ________

__________________________________________

Туған күні, айы және жылы _________________
Ф.И.О. (при наличии отчество) ребенка __________________________

Дата, месяц, год рождения __________________

Мектепке дейінгі ұйым ___________________
_________________________________________

Дошкольная организация___________________


________________________________________






РЕГИСТРАЦИОННЫЙ В

ЖУРНАЛЕ ВЫДАЧИ БЛАНКОВ НАПРАВЛЕНИЙ - __



ЖОЛДАМА БЛАНКІСІН БЕРУ ЖУРНАЛЫНДАҒЫ ТІРКЕУ № _________

РЕГИСТРАЦИОННЫЙ НОМЕР В ЖУРНАЛЕ ВЫДАЧИ БЛАНКОВ НАПРАВЛЕНИЙ №_____



Жауапты адамның Т.А.Ә. (әкесінің аты болғанда)

______________________________________

Қолы _____________

Ф.И.О. (при наличии отчество) ответственного лица ___________________________________

Подпись _____________
Мөрдің орны/



Жолдама берілген күннен бастап 5 күн бойы жарамды болады

Направление действительно в течение 5-и дней со дня выдачи

ЖОЛДАМА БЛАНКІСІН БЕРУ ЖУРНАЛЫНДАҒЫ ТІРКЕУ № _________

РЕГИСТРАЦИОННЫЙ НОМЕР В ЖУРНАЛЕ ВЫДАЧИ БЛАНКОВ НАПРАВЛЕНИЙ №_____


Жауапты адамның Т.А.Ә. (әкесінің аты болғанда)

______________________________________

Қолы _____________

Ф.И.О. (при наличии отчество) ответственного лица ______________________________________

Подпись _____________
/Место печати
Жолдама берілген күннен бастап 5 күн бойы жарамды болады

Направление действительно в течение 5-и дней со дня выдачи



Жолдаманың негізгі нысанымен міндетті бақылау салыстыра тексеруге жатады.

Подлежит обязательной контрольной сверке с основной формой направления.


«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша


Нысан

Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) Білім басқармасының, бөлімінің басшысына, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне

____________________________________

________________________________________________________________________

мекенжайында тұратын:

________________________________________________________________________

(Т.А.Ә., әкесінің аты болғанда)

тел._________________________________



Өтініш

___________________________________________________ жылы туған

балам ____________________________________________________________

мектепке дейінгі ұйымға кезекке қоюыңызды сұраймын.

Мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекті жолдама алу құқығын растайтын құжаттарды қоса беремін:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мерзімі _________________

Қолы _________________

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

3-қосымша

__________________________________

(Т.А.Ә., әкесінің аты болғанда)

__________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)



Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын ұсынуыңызға, атап айтқанда:

(жоқ құжаттардың атауы):

1) ______________________________ ;

2) ______________________________ ;

3) ....... .

жоқтығына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызмет (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) үшін құжаттар қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа біреуден екі данада жасалды.

Т. А.Ә. (ХҚКО-ның қызметкері) ______________________________ (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _________________________________________________

Телефон _________________________________________________________



Қабылдады: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы _________________

«____» _____________ 20__ жыл
Каталог: upload -> files -> Proekty standartov
Proekty standartov -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
Proekty standartov -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
Proekty standartov -> «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау»
Proekty standartov -> «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Proekty standartov -> Стандарт государственной услуги «Выдача справки о временной нетрудоспособности с медицинской организации, оказывающей первичную медико-санитарную помощь»
Proekty standartov -> Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер
Proekty standartov -> «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық диспансерден анықтама беру»
Proekty standartov -> «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру»
Proekty standartov -> «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...