Мектепішілік бақылау туралы ереже жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы»

Loading...


бет1/4
Дата06.11.2019
өлшемі70.44 Kb.
  1   2   3   4
МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ 

1.     Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, білім беру мекемесінің Жарғысына, мектеп директорының бұйрығымен бекітілген мектепті дамыту бағдарламасына сәйкес әзірленді және мектеп әкімшілігінің мектеп ішілік бақылау мазмұны мен жүзеге асыру тәртібін регламенттейді.

1.2. Мектепішілік бақылау – білім беру үдерісінің жағдайын, білім беру мекемесі қызметінің негізгі нәтижелерін диагностикалау үшін ақпараттың басты көзі. Мектеп ішілік бақылау дегеніміз мектеп әкімшілігі мүшелерінің басшылық тәртібі және өз құзыры шектеуінде мектеп қызметкерлерінің ҚР заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін сақтауын бақылау түрінде жүзеге асырылатын бақылау, тексеру өткізулері болып табылады.

1.3. Мектепішілік бақылаудың негізін әкімшілік пен педагогикалық ұжымның педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыруға, педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және ынталандыру мақсатында оларға әдістемелік көмек көрсетуге бағдарланған демократиялық негіздегі өзара іс-әрекеті құрайды.

 

2.     Мектепішілік бақылаудың мақсаты мен міндеттері

 

2.1. Мектепішілік бақылаудың негізгі мақсаты білім беру үдерісін бұдан әрі дамыту жөніндегі қорытынды мен ұсыныстарды қалыптастыруға ықпал ететін себеп-салдарлық байланысты белгілеп, педагогикалық жүйенің жалпы білімнің мемлекеттік стандарттары талаптарына сәйкес жұмыс істеуі мен дамуын бекіту болып табылады.



 Оқу-тәрбие үдерісін тікелей бақылауды жүзеге асыру кезіндегі мектеп ішілік бақылаудың мақсаты:

·       педагогикалық ұжымның терең білімділігін сақтау және тұлғаның маңызды және болашақтағы қажеттілігіне сәйкес негізде білімге қол жетімділік, сапа және нәтижесін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін жетілдіру;

·       педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіптік әлеуетін анықтау және іске асыру;

·       білім алушылардың білім әлеуетін анықтау және іске асыру,  тұлғаны жан-жақты даму динамикасын бақылау;   

·       білім мекемесінің білім беру үдерісін жасақтау және ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

 

            Мектепішілік бақылаудың міндеттері:



·        білім саласындағы заңнамалардың орындалуын бақылау, заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы және орындалмаған жағдайларын анықтау, олардың жолын кесу бойынша шаралар қабылдау;

·        педагог қызметкерлер қызметінің нәтижесіне талдау және сараптамалық бағалау жасау, озық, инновациялық технологиялар, оқытудың әдістері мен тәсілдерін енгізгені үшін жауапкершілікті арттыру;

·        педагогикалық қызмет нәтижесін зерделеу, білім беру үдерісін ұйымдастырудағы жағымды және жағымсыз беталыстарды анықтау және соның негізінде педагогикалық тәжірибені тарату, жағымсыз беталыстарды жою туралы ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;

·        бақылау үдерісінде педагог қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету;

·        оқу материалының білім алушылардың даму динамикасына сәйкес игерілу сапасын анықтау мақсатында жекелеген пәндер бойынша білім алушылар жетістіктерінің мониторингі;

·        мектеп құжаттамасының жағдайы және жүргізілуін бақылау жүйесін жетілдіру.

 

3.     Мектепішілік бақылаудың функциялары мен объектілері

 

Мектеп ішілік бақылау функциялары:



-         ақпараттық – аналитикалық;

-         бақылау – диагностикалық;

-         түзету – реттеуші;

-         ынталандырушы.

Мектеп ішілік бақылау объектілері:

-         мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау;

-         жаппай оқытудың орындалуын бақылау;

-         оқу пәндерінің оқыту жағдайын бақылау;

-         оқушылардың білім сапасын, ептілігі мен дағдыларын бақылау;

-         мемлекеттік (қорытынды) аттестаттауға дайындық және өткізуді бақылау;

-         әдістемелік жұмысты бақылау;

-         оқушылардың тамақтануын бақылау;

-         тәрбие жұмысын бақылау;

-         бейіндік алдындағы және бейіндік дайындықты бақылау;

-         оқыту шарты мен ұйымдастыруда СанЕменН сақталуын бақылау.

 

4.   Мектепішілік бақылаудың бағыттары,



түрлері, нысандары мен әдістері

 

     4.1. Мектеп директоры (немесе оның тапсырмасы бойынша директордың орынбасарлары ) қызметкерлер қызметінің нәтижесіне келесі бағыттар бойынша мектеп ішілік бақылау жасауға құқылы:



          - білім саласындағы білімге қол жетімділік, сапа және нәтижесін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР заңнамаларын және мемлекеттік саясатты сақтау;

- жалпы білімнің мемлекеттік стандарттары бағдарламаларын, оқу бағдарламаларын іске асыру;

- білім беру үдерісінде әдістемелік және ақпараттық қамтуды қолдану;

- білім алушыларды мемлекеттік (қорытынды) және аралық аттестаттау, үлгерімді ағымдағы бақылау өткізу тәртібін сақтау;

- мектептің жарғысын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және оқшауланған актілерін сақтау;

- білім алушылар мен мектеп қызметкерлернің денсаулығын қорғау және нығайту мақсатында қоғамдық тамақтану және медициналық мекеме ұйымдары бөлімшелерінің жұмысы;

- ғылыми - зерттеу жұмысын жүргізу, тәжірибелік – эксперименттік жұмыс жүргізу;

- мектеп директорының құзыры аясындағы басқа да мәселелер.

4.2. Мектепішілік бақылау барысында мұғалімнің қызметін бағалау кезінде төмендегілер ескеріледі:

- жалпы білім берудің мемлекеттік білім стандарттарын толық көлемде орындау (материалды өту, тәжірибелік жұмыстар, бақылау жұмыстарын, экскурсиялар өткізу және басқ.);

- білім алушылардың білім, ептілік, дағды деңгейі;

- білім алушылардың дербестік деңгейі;

- білім алушылардың жалпы оқу дағдыларын, зияткерлік ептілікті меңгеруі;

- білім беру үдерісінде білім алушыларға саралап жіктелген көзқарас;

- мұғалімдер мен білім алушылардың бірлескен жұмысы;

- жағымды әсерлі микроклиматтың болуы;

- оқу материалының мазмұнын іріктей білу (оқушылардың білім жүйесін игеруге бағытталған қосымша әдебиет, ақпарат, иллюстрация және басқа да материалдар);

- педагогикалық жағдайларды, рефлекстерді талдау қабылеті, педагогтық жұмыс нәтижесін өздігінен бақылау;

- өз жұмысын түзете білу;

- өз тәжірибесін қорыта, жүйелендіре білу;

- АКТ, технология элементтерін қолдана білу.

4.3. Бақылау түрлері:

         - тақырыптық, сыныптық-қорытынды, тақырыптық-қорытынды, пәндік-қорытынды, пәндік, дербес;

         - фронталдық, сыныптық-қорытынды, пәндік-қорытынды, дербес.

4.4. Мектепішілік бақылаудың бақылау мерзімділігі бойынша түрлері:

         - кіру (оқу жылының басында өткен жылғы курс бойынша);

         - алдын ала (қорытынды бақылау жұмыстары, мектеп бітіретін сыныптардағы емтихандар алдындағы алдын ала танысу, жаңа оқу жылына дайындықты тексеру);

         - ағымдағы (оқу-тәрбие үдерісін тікелей бақылау, тақырыпты өткен соң тоқсан, жартыжылдық бойынша үлгерім қорытындысы);

         - аралық (оқу жылының соңына үлгерім қорытындысы);

         - қорытынды (мектептің оқу жылы бойынша жұмыс нәтижесін зерделеу, 9, 11-сынып түлектерін қорытынды аттестаттау).



4.5. Мұғалімнің қызметін бақылау әдістері:

- сауалнама;

- әлеуметтік сұрақ;

- әңгімелесу;

- бақылау;

- құжаттамаларды зерделеу;

- сабақтарға қатысу (директордың орынбасары аптасына кемінде 5 сабаққа қатысу ұсынылады);

-  сабақтарды өзін-өзі тексеруді талдау;

- білім алушылардың жұмысы туралы әңгіме;

- білім алушылардың оқу жұмысының нәтижесі.



Оқу қызметінің нәтижесін бақылау әдістері:

-         бақылау;

-         білімді ауызша тексеру;

-         білімді жазбаша тексеру (бақылау жұмысы);

-         құрама тексеру;

-         әңгіме, сауалнама, тестілеу, әңгімелесу;

-         сынақ, реферат тапсыру, жобалық қызмет;

-         құжаттамаларды тексеру.

 
5.     Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру,

 жүзеге асыру және қорытындысын шығару тәртібі

 

5.1. Мектеп ішілік бақылау жоспарлы немесе жедел тексеру, мониторинг, әкімшілік жұмыстар жүргізу түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.     



Жоспарлы түрдегі мектепішілік бақылау бекітілген мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ол оқу жылының басында директордың жанындағы кеңесте, педагогикалық кеңесте педагогикалық ұжым мүшелеріне жеткізіледі.

 Жедел тексеру түріндегі мектеп ішілік бақылау білім алушылар мен олардың ата-аналары, ұйымның өтінішінде көрсетілген бұзушылықтар туралы деректерді анықтау және мәліметтерді тексеру, білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы даулы жағдайды реттеу мақсатында жүзеге асырылады.

Мониторинг түріндегі мектеп ішілік бақылау білім сапасын басқару міндеттерін нәтижелі шешу үшін білім беру үдерісін ұйымдастыру және нәтижесі туралы ақпараттар жинау, жүйелік есеп, ақпараттарды өңдеу және талдауды қарастырады.

Әкімшілік бақылау жұмыстары түріндегі мектеп ішілік бақылауды білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау аясында оқытудың табыстылығын тексеру мақсатында мектеп директоры немесе оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары жүзеге асырады.

Оқушылардың пәндер бойынша мазмұны және сапа деңгейі дайындығын тексерудің тестілік нысанының тәжірибеге енгізілуіне байланысты, оқыту үдерісінде оқушылардың білімін тексерудің дәстүрлері нысандарымен қатар тапсырмалардың әр түрлері (жауапты таңдау, қысқаша жауап, объектілердің сәйкестігі) және тапсырмалардың дәстүрлі емес тұжырымдамалары, гипертесттерді қолдану.

Білім мекемелері қызметінің білім алушылардың дайындық мазмұны мен сапасына және түлектердің мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкестігі мәніне көрсеткіштердің өлшемдік маңызын ескере отырып, бақылау жұмыстарының орындалуына талдау жасау.



5.2. Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру үшін негіздер:

-  педагог қызметкердің аттестаттау туралы өтініші;

- ОБ директоры бекіткен мектепішілік бақылау жоспары;

- жеке және заңды тұлғалардың білім саласындағы бұзушылықтар туралы өтініші.



5.3. Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру ережесі

- мектепішілік бақылауды білім беру мекемесінің директоры немесе оның тапсырмасы бойынша оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері жүзеге асырады;

- мектепішілік бақылауға сарапшы ретінде қатысуға жақтас (құзырлы) ұйымдар мен жекелеген мамандар қамтыла алады;

- мектеп ішілік бақылау мектеп директоры бекіткен мектеп ішілік бақылау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады;

- бақылау жүргізу алдында ОБ бойынша бұйрық шығарылып, жоспар-тапсырма құрылады, онда аталған тексерудің өзіндік ерекшеліктері:тақырыбы, мақсаты, өткізу негізі, нысаны, әдістері, тексеру барысында қаралатын мәселелер, тексеру бақылау жұмыстарын өткізу немесе сабақтарға, факультативтерге қатысу кестесі және т.б. анықталады;

- тексеру аяқталған соң қорытынды материал (аналитикалық анықтама, инспекциялау қорытындысы туралы анықтама, тексеретін мәселе бойынша жұмыс жағдайы туралы баяндама, бұйрық) дайындалады, онда төмендегілер көрсетілуге тиіс:

тексеру негізі;

зерделенетін объектінің қысқаша сипаттамасы;

ақпарат алу көзі;

қатысқан сабақтар, іс-шаралар саны;

жоспар-тапсырмада қойылған барлық мәселелер жөніндегі ақпарат;

қорытынды мен ұсыныстар, ұсынымдар.

-         тексеру ұзақтығы әрбір нақты жағдайға белгіленеді;

-         жоспарлы бақылау жүргізу кезінде, егер айлық жоспарда бақылау мерзімі көрсетілсе, мұғалімді қосымша ескерту талап етілмейді.

Директор және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мектеп мұғалімдерінің сабақтарына алдын ала кемінде 2-3 сабақ бұрын ескертіп қатысады, сыныптың және мұғалімнің сабаққа дайындығы туралы бақылау мақсаты белгіленген жағдайда – алдын ала ескертусіз қатысады.

5.5. Аттестатталатын мұғалімдерге фронталдық тексеру өткізген кезде, мектепішілік бақылау қорытындысымен танысқан соң олар қорытынды материалға фронталдық тексеру қорытындысы туралы хабарландырылғанын куәландырып, қолдарын қоюға тиіс. Мұнда олар қорытынды материалға бақылау қорытындысымен толық немесе жекелеген деректер мен нәтижелер  бойынша келіспейтіні туралы жазуға және мектептің кәсіподақ комитетінің дау-жанжал комиссиясына немесе білім басқармасының жоғарғы органдарына өтініш білдіруге құқылы.

Мектепішілік бақылаудың оның нысаны, мақсаты мен міндеттеріне байланысты, сондай-ақ нақты іс жағдайын ескере отырып, қорытындысы бойынша:

- педагогикалық, әдістемелік кеңестердің отырыстары, мектептің әдістемелік бірлестіктерінің отырыстары, педагогтардың жедел кеңестері, директордың жанындағы кеңестер өткізіледі;

- жасалған ескертулер мен ұсыныстар тиісті хаттамаларда белгіленеді.

5.6. Мектепішілік бақылау қорытындысы бойынша мектеп директоры келесі шешімдер қабылдайды:

- анықталған мамандар (сарапшыларды) қамтып қайталап бақылау өткізу туралы;

- бұйрық шығарып, лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту;

- бұйрық шығарып, қызметкерлерді ынталандыру;

- өз құзыры шектеуінде өзге де шешімдер.

5.7. Білім алушылар, олардың ата-аналарының өтініштерінде, сондай-ақ басқа да азаматтар мен ұйымдардың өтініштері мен сауалдарында                көрсетілген мәліметтерді тексеру қорытындысы туралы оларға белгіленген тәртіпте және белгіленген мерзімде хабарланады.

 

6.     Мектепішілік бақылау жүргізу технологиясы

 

6.1. Фронталдық дербес бақылау

Фронталдық дербес бақылау аттестаттаудан өтуге өтініш білдірген жеке мұғалімнің педагогикалық жұмысын зерделеу және талдауды болжайды.

 Фронталдық дербес бақылау барысында әкімшілік:

мұғалімнің қазіргі заманғы психологиялық және педагогикалық ғылымдар саласындағы білім деңгейін, мұғалімнің кәсіби шеберлігін;

мұғалімнің оқытудың неғұрлым тиімді нысандары, әдістері мен тәсілдері, ақпараттық технологияларды меңгеру деңгейін;

білім алушылардың пән бойынша (пән мұғалімі ретінде) оқу жұмысының нәтижелілігін;

сыныптағы білім алушылардың оқудан тыс жұмысының нәтижелілігін (сынып жетекшісі ретінде);

мұғалімнің кәсіби біліктілігін жоғарылату тәсілдерін зерделейді.

Фронталдық дербес бақылауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік:

функционалдық міндеттері, мұғалімнің жұмыс бағдарламалары (мұғалімнің оқу жылына арнап құрастыратын, мектептің әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралатын және бекітілетін, жұмыс үдерісінде түзетілуі мүмкін күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауы), сабақтың жоспарлары, сынып журналдары, оқушылардың күнделіктері мен дәптерлері, ата-аналар жиналысының хаттамалары, тәрбие жұмысының жоспарлары, аналитикалық материалдармен танысуға;

- сабақтарға, сыныптан тыс іс-шаралар, үйірме, спорт секциялары сабақтарына қатысу және талдау арқылы мектептің педагог қызметкерінің тәжірибелік қызметін зерделеуге;

- педагогикалық қызметке сараптама жүргізуге;

- алынған ақпаратқа талдау жасап, білім беру үдерісіне мониторинг жүргізуге;

- социологиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулер: білім алушылар, ата-аналар, мұғалімдермен сауалнама, тестілеу ұйымдастыруға;

- қорытынды жасауға және басқарушылық шешімдер қабылдауға құқылы.

Педагог қызметкердің құқықтары:

-         бақылау мерзімін және оның қызметін бағалау өлшемдерін білу;

-         бақылау мақсаты, мазмұны, түрі, нысаны мен әдістерін білу;

-         әкімшіліктің қорытындылары және ұсыныстарымен уақытында танысу;

- бақылау қорытындысымен келіспеген жағдайда мектептің кәсіподақ комитетінің дау-жанжал комиссиясына немесе білім басқармасының жоғарғы органдарына өтініш білдіру.


     6.2. Тақырыптық бақылау

     Тақырыптық бақылау мектеп қызметінің жекелеген мәселелер бойынша жүргізіледі және төмендегідей болуы мүмкін:

-         сыныптық – қорытынды;

-         тақырыптық – қорытынды;

-         пәндік – қорытынды;

-         пәндік;

-         дербес.

Тақырыптық-қорытынды бақылау мазмұнына педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыстарын бақылау енгізілуі мүмкін. Пәндік-қорытынды бақылау мазмұнына педагог қызметкердің анықталған пәнді оқыту жөніндеі қызметін қорыту және талдау енгізілуі мүмкін.

Педагогикалық ұжымның мүшелері оқу жылының басында және тікелей тексерудің алдында екі апта бұрын бақылау тақырыптары, мерзімі, мақсаты, нысаны және әдістерімен таныстырылуға тиіс.

Тақырыптық бақылау барысында:

-         тақырыптық зерттеулер жүргізіледі (сауалнама, тестілеу);

-         мұғалім, сынып жетекшісі, үйірме мен спорт секцияларының жетекшілері, білім алушылардың тәжірибелік қызметіне талдау жасалады; сабақтарға, сыныптан тыс іс-шараларға, үйірме жұмыстары, спорт секциялары сабақтарына қатысады; мектептің және сыныптың құжаттамаларына талдау жасалады.

Тақырыптық бақылау қорытындысы бойынша оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және білім алушылардың білім сапасы, тәрбиелену және даму деңгейін жоғарылатуға бағытталған шаралар қабылданады.
6.3. Сыныптық – қорытынды бақылау (тақырыптық, фронталдық)
Сыныптық-қорытынды бақылау нақты сыныпта немесе параллелде жүзеге асырылады.

Сыныптық-қорытынды (фронталдық) бақылау қандай да бір сыныпта немесе параллельдегі білім беру үдерісінің жағдайы туралы ақпарат алуға бағытталған.

 Сыныптық-қорытынды (тақырыптық) бақылау педагогикалық ұжым қызметінің бағыттарының біріндегі іс жағдайы туралы (білім алушыларды бейімдеу) ақпарат алуға бағытталған.

Сыныптық-қорытынды бақылау барысында әкімшілік жеке бір сыныптағы немесе сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысының барлық кешенін зерделейді:

- барлық мұғалімдердің жұмысы;

- білім алушыларды танымдық қызметке баулу, білімге деген қызығушылықты сіңіру;

- өздігінен білім алу, өзін-өзі тексеру, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі билеуге қажеттілікті ынталандыру;

- мұғалім мен білім алушылардың ынтымақтастығы;

- сынып ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық климат;

- білім алушылардың сабаққа қатысуы;

- оқыту нәтижелілігі.

Сыныптық-қорытынды бақылаудың ұзақтығы анықталған мәселелерге сәйкес зерделенетін істің қажетті жан-жақтылығымен анықталады.

Педагогикалық ұжымның мүшелері мектептің жұмыс жоспарына сәйкес сыныптық-қорытынды бақылау объектілері, мерзімі, мақсаты, нысандары мен әдістерімен алдын ала танысады.

Сыныптық-қорытынды бақылаудың қорытындысы бойынша педкеңестер, директордың жанындағы кеңестер өткізіледі, қосымша сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы өткізілуі мүмкін.

 

2018-2019 оқу жылына арналған МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ МЕН БАСҚАРУ жоспары

Бақылауға арналған сұрақтар

Бақылау мақсаты

Бақылау объектілері

Жауапты тұлғалар

Бақылау нәтижелері, қорытындылау, қаралатын орны


ТАМЫЗ

1. Жаппай оқытудың жүргізілуін бақылау

1. Сыныптарды жинақтау, Аудандық ББ үшін мәліметтер дайындау

Сыныптар бойынша оқушылар тізімін салыстыру

1–11-ші сынып оқушыларының тізімдері

Директор, ДОТІЖО

Мектеп бойынша бұйрық, аудандық

ББ-не есеп



2. Сынып кабинеттерінің оқу жылына дайындығы

Қауіпсіздік техникасының жай-күйін, материалдық базаның дайындығын тексеру


Сынып кабинеттері

ДОТІЖО , ДШЖО

Ұсынымдар

ӘК


4. Ыстық тамақтануды ұйымдастыру

Ыстық тамақтанудың ұйымдастырылуын тексеру. Асханада санитарлық-гигиеналық талаптарының орындалуы

Асхана

ДТІЖО

Анықтама

ПК



2. Мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау

1. Қауіпсіздік техникасы (бұдан әрі – ҚТ) бойынша мектеп жұмыскерлеріне кіріспе нұсқау беру

ҚТ бойынша журналдардың дұрыс ресімделуін тексеру

Мектептің барлық жұмыскерлері

ДОТІЖО, ДШЖО

ҚТ бойынша журналдар

ӘК


2. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды (бұдан әрі – КТЖ) әзірлеу және бекіту

КТЖ-дың оқу бағдарламаларына сәйкестігін бағалау

Пән мұғалімдерінің КТЖ


ДҒӘЖО

КТЖ бекіту

ӘБ отырысы




3. Тәрбие жұмысының жай-күйін бақылау

Тәрбие жұмысын жоспарлау бойынша ұсынымдар


Құжаттаманың бірыңғай талаптарға сәйкестігі



1–11-ші сыныптардың сынып жетекшілерінің жоспарлары

ДТІЖО

Ұсыныпмдар

Сынып жетекшілерінің жиналысы





ҚЫРКҮЙЕК


1. Жаппай оқытудың орындалуын бақылау

1. 1, 10-шы сыныптарды жинақтау

Мектептің шағын ауданының барлық оқушыларын оқумен қамту бойынша сынып жетекшілерінің жұмысын талдау


1, 10-шы сынып оқушыларының тізімдері

ДОІЖО

ББ есеп беру

ӘК


2. «Тәуекел тобындағы» , аз қамтылған отбасынан шыққан балалармен жұмыс

«Тәуекел тобындағы», аз қамтылған отбасынан шыққан балалар туралы деректер қорын қалыптастыру

«Тәуекел тобындағы», аз қамтылған отбасынан шыққан балалар

ДҚТІЖО


«Тәуекел тобындағы», аз қамтылған отбасынан шыққан балалар тізімі

ӘК


3. Мектепті оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету

Кітапхана қорының жай-күйін талдау

Кітапхана қоры

Кітапхана меңгерушісі

Анықтама

ДЖК


4. Ыстық тамақтануды ұйымдастыру

Ыстық тамақтанудың ұйымдастырылуын тексеру. Асханада санитарлық-гигиеналық талаптарының орындалуы

Асхана

ДТІЖО

Әлеуметтік педагог



Анықтама

ДЖК


5. 1–11-ші сынып оқушыларының сабаққа қатысуы

1–11-ші сынып оқушыларының сабаққа қатысуын талдау

1–11-ші сынып журналдары

ДТІЖО


Талдау

ДЖК



2. Мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау

Қосымша білім беру қызметтерінің мазмұнын бақылау

Арнайы курс бағдарламаларын құрастыру сапасын талдау

Оқу бағдарламалары

ДОІЖО

ДТІЖО


Педагог-ұйымдастырушы

Ұсынымдар, бағдарламаларды бекіту

ӘК


2. 1–11-ші сыныптардың сынып журналдары(Kundelik.kz)

Сынып жетекшілерінің журналдарды дұрыс ресімдеуі


1–11-ші сынып журналдары

Директордың ОТІ жөніндегі орынбасарлары


Анықтама

ДЖК


3. Мұғалімдердің жеке іс құжаттарының жай-күйі

Мұғалімдердің жеке іс-құжаттарын тексеру



Мұғалімдердің жеке істері

Іс-жүргізуші

Ұсынымдар

ӘК


4. 2–11-ші сынып оқушыларының күнделіктерін тексеру

Күнделіктерді жүргізуде бірыңғай орфографиялық режимді сақтау

2–11-ші сынып оқушыларының күнделіктері

ДТІЖО

ДОІЖО


Анықтама, сынып жетекшілерінің жиналысы


3. Оқу пәндерінің оқытылу жағдайын және МЖМБС орындалуын бақылау

1. 2–11-ші сыныптардағы бастапқы бақылау срездері

Оқу жылының басында оқушылардың БДМ деңгейлерін тексеру

2–11-ші сынып оқушылары

ДОІЖО

ДҒӘЖО


Анықтама

ДЖК


2. Педагогтар мен оқушылардың ОӘК қамтамасыз етілуі

Оқулықтар мен бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етудің ҚР БҒМ ұсынған тізімге сәйкестігін бекіту

1–11-ші сынып оқушылары, оқытушылар

ДОІЖО

Кітапханашы



Ақпарат

ӘК


3. Жас мамандардың сабақтарына қатысу

Сабақта қолданылатын формалар мен әдістер; оқу материалын меңгеру

Жас мамандар

ДҒӘЖО

Ұсынымдар

ӘК


4.Қорытынды аттестаттауға, ОЖСБ-ға дайындық деңгейі

Негізгі пәндер бойынша БДМ қалыптасуын талдау

10, 11-ші сынып оқушылары

ДОТЖО

ДҒӘЖО


Анықтама

ДЖК



4. Педагог кадрлардың әдістемелік жұмысының жай-күйін бақылау

1. Әдістемелік бірлестіктер (бұдан әрі – ӘБ) жұмысын жоспарлау


ӘБ жоспарларын мектептің әдістемелік тақырыбының көрініс табуы мәселесіне қатысты талдау




ӘБ құжаттамасы

ӘБ жетекшілері, ДҒӘЖО

ӘБЖК

2. BilimLand электрондық білім беру жүйесін бақылау


BilimLand білім беру платформасын оқыту үдерісіде пайдалануды ұйымдастыру



Электрондық оқыту жүйесі


ДОТІЖО

Ұсынымдар, талдау

ДЖК


3. Мектептердің педагог кадрлармен жинақталуы

Тарифтік тізімді талдау

Тарифтеу

ДОТІЖО

ДҒӘЖО

Тарифтеуді бекіту,

ДЖК


4. Педагогтарды аттестаттауға дайындық

Аттестатталушы мұғалімдердің оқыту деңгейін талдау

Аттестатталушы мұғалімдер

ДҒӘЖО, ӘБ жетекшілері


Аттестаттауға арналған құжаттар


5. Тәрбие жұмысының жай-күйін бақылау

1. Сынып жетекшілерінің тәрбие жоспарларын тексеру

Құжаттаманың бірыңғай талаптарға сәйкестігі

1–11-ші сыныптардың сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысының жоспарлары



ДТІЖО

Анықтама, сынып жетекшілерінің жиналысы

2. 9, 11-ші сынып оқушыларын жұмысқа орналастыру қорытындылары

Мектеп түлектерінің жұмыспен қамтылуын талдау

Растаулар

ДТІЖО

Ақпарат

ДЖК



6. Санитариялық-гигиеналық режимнің, ҚТ жай-күйін бақылау

1. Мектепте ҚТ сақтау мәселесі бойынша сынып жетекшілерінің, пән мұғалімдерінің жұмысы

Педагогтардың ҚТ, сабақта және сабақтан тыс уақытта өзін өзі ұстау қағидалары бойынша нұсқау жүргізуін тексеру және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру


Сынып кабинеттері, құжаттама

ДОТІЖО

ДШЖО


Директордың қатысуымен өтетін жиналыстың анықтамасы

2. Кабинеттердің санитариялық жай-күйін тексеру бойынша рейд

Кабинеттердің жарықтандырылуын тексеру, көгалдандыру, жиһаздың стандартты санитариялық нормаларға сәйкестігі

Сынып кабинеттері

Медициналық қызметкер, ДШЖО

Эколог


Анықтама,

ӘК


Қ А З А Н

1. Жаппай оқытудың орындалуын бақылау

1. «Тәуекел тобындағы» білім алушылармен жұмыс (1–11-ші сыныптар)

1-ші тоқсанда білім алушылардың үлгермеушілігінің алдын алу

«Тәуекел тобындағы» оқушылар

ДҚТІЖО

Ұсынымдар,

Педконсилиум



2. Жетім балалармен және АҚҚ балалармен жұмыс

Нормативтік құқықтық құжаттарды орындау бойынша жұмысты талдау

Құжаттама

ДТІЖО

әлеуметтік педагог



Анықтама

ӘК


3. Денсаулығына байланысты үйден оқушыларға оқытуды ұйымдастыру

Үйден оқытудың ұйымдастырылу жай-күйін талдау

Құжаттама

ДОІЖО

Педагог-психологтар



ДЖК

Педконсилиум




2. Мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау

1. 1,5 және 10-шы сынып оқушыларының жеке істерінің жай-күйі

1, 5 және 10-шы сыныптардың сынып жетекшілерінің оқушылардың жеке істерін ресімдеу бойынша жұмысын тексеру

1, 5 және 10-шы сынып оқушыларының жеке істері

ДОІЖО

Анықтама

ӘК


2. 1–11-ші сынып журналдарының жай-күйін бақылау (Kundelik.kz)

Пән мұғалімдерінің журналдарды тексеру барысында бірыңғай орфографиялық режимді сақтауын талдау, бағалардың жинақталуы

1–11-ші сыныптардың сынып журналдары

ДОІЖО

Ұсынымдар,

ДЖК


3. 5–9-шы сыныптарда физика мен орыс тілі бойынша жұмыс дәптерлерін тексеру

Дәптерлерді тексеру сапасын талдау, бірыңғай орфографиялық режимді сақтау

Оқушылардың дәптерлері

ӘБ жетекшілері

Анықтама

ӘК


4. 2–11-ші сынып оқушыларының күнделіктерін тексеру

Күнделіктерді жүргізуге қойылатын бірыңғай талаптардың орындалуын тексеру

Оқушылардың күнделіктері

ДТІЖО

ДОІЖО


Анықтама

ДК



3. Оқу пәндерінің оқытылу жағдайын және МЖМБС орындалуын бақылау

1. Әкімшілік бақылау жұмыстары, диктанттар, 2–11-ші сыныптарда негізгі пәндер бойынша тестілеулер

1-ші тоқсанның қорытындылары бойынша БДМ қалыптасу деңгейін талдау

2–11-ші сынып оқушылары

ДҒӘЖО

ӘБ жетекшілері



Анықтама,

ӘК


2. Қорытынды аттестаттауға, ОЖСБ-ға дайындық деңгейі

БДМ қалыптасу деңгейін талдау

9–11-ші сынып оқушылары мен пән мұғалімдері

ДҒӘЖО

ДОІЖО


ДЖК

Талдамалы

анықтама


3. 5-ші сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті, математика, жаратылыстану сабақтарына қатысу

Сабақтастық шеңберінде 5-ші сынып оқушыларының бейімделуін қадағалау

5-ші сынып оқушылары

ДҒӘЖО

ДОІЖО


Талдамалы анықтама

ӘК


4. 10-шы сыныптардағы сабаққа қатысу

10-шы сынып оқушыларының жоғарғы мектепте оқуға бейімделуін қадағалау

10-шы сынып оқушылары

Мектеп психологы,

ДОІЖО


Анықтама, ұсынымдар

5. 2–4-ші сыныптардағы әдебиеттік оқу сабақтарына қатысу

Сабақта қолданылатын формалар мен әдістер

Бастауыш сынып мұғалімдері

ДҒӘЖО

ДОІЖО


Ұсынымдар

ӘК


6. 5–9-шы сыныптарда технологияның оқытылуын зерттеу

Сабақтың іс-тәжірибелік бағыты

Технология мұғалімдері

ДҒӘЖО

ДОІЖО


Ұсынымдар

ӘК



4. Педагог кадрлармен әдістемелік жұмыстың жай-күйін бақылау

1.Жаңадан келген мұғалімдердің, жас мамандардың кәсіби біліктілігі

Мұғалімнің жұмыс істеу әдісімен танысу, оқу материалын игеру


Жаңадан келген мұғалімдер мен жас мамандар


ДҒӘЖО

Анықтама,

Әдістемелік кеңес


2. Ғылым негіздері бойынша олимпиадаларға дайындық бойынша пән мұғалімдерінің дарынды балалармен жұмысы


Аудандық және облыстық олимпиадаларға дайындық бойынша жұмысты талдау



Құжаттама

ДҒӘЖО

ӘБ мәжілісі

3. Педагогтарды аттестаттауға дайындау


Аттестатталушы мұғалімдердің оқыту деңгейін бақылау

Аттестатталушы мұғалімдер

ДҒӘЖО

Аттестаттауға қажетті құжаттар

5. Тәрбие жұмысының жай-күйін бақылау

1. 5-ші сыныптардың сынып жетекшілерінің бейімделу кезеңіндегі жұмысы

5-ші сыныптардағы психологиялық ортаны зерттеу; бейімделу кезеңінде әдістемелік көмек көрсету


Сынып жетекшілері мен

5-ші сынып оқушылары



Сынып жетекшілерінің ӘБ жетекшісі, психолог

Ұсынымдар

педконсилиум


2. 2–11-ші сыныптардың сынып жетекшілерінің және қосымша білім беру педагогтарының күзгі каникулды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысы

Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытының ұйымдастырылуын талдау

2–11-ші сыныптардың сынып жетекшілерінің жоспарлары

ДТІЖО

Педагог-ұйымдастырушы



Күзгі демалыс күндеріне арналған жұмыс жоспары, анықтама


6. Санитариялық-гигиеналық режимнің жай-күйін, ҚТ бақылау

1. Паспортталған кабинеттер конкурс-байқауы

Кабинеттердің талаптарға сәйкестігін тексеру

Паспортталған кабинеттер

ДТІЖО

Комиссия мүшелері



Анықтама

ӘК



Қ А Р А Ш А

1. Жаппай оқытудың орындалуын бақылау


1. Оқушылардың 1-ші тоқсандағы қозғалысы мен оқу үлгерімінің қорытындылары

Оқушылардың 1-ші тоқсандағы оқу қызметінің қорытындыларын талдау


Оқу жетістіктерінің нәтижелері

ДОІЖО

Анықтама,

ПК


2. Үйден оқыту жай-күйін, әлеуметтік педагогтың міндеттерін орындауын бақылау. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының қорытындылары

Балаларды үйден оқытудың ұйымдастырылу жай-күйін зерттеу, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсету. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының қорытындылары

Үйден оқытуды ұйымдастыру бойынша құжаттама

ОТІ орынбасары , әлеуметтік педагог

Директордың қатысуымен өтетін жиналыстың анықтамасы

3. Мектепте инклюзивті оқытуды ұйымдастыру

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды мектеп өміріне бейімдеу, білім алушыларды тәрбиелеу мен оқытуға жеке тұрғыдан келуді жүзеге асыру

Құжаттама

Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары

Ұсынымдар

Педконсилиум




Достарыңызбен бөлісу:

  1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...