Мектеп оқушыларына сөз және оның мағынасын меңгертудің ерекшеліктері



жүктеу 111.17 Kb.
Дата15.02.2017
өлшемі111.17 Kb.
ӘОЖ 372.61
Мектеп оқушыларына сөз және оның мағынасын меңгертудің ерекшеліктері
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент,

Тұрмаханова С.Ә.


Резюме

В статье указаны осовенности изучении слов и их значения у учащихся

Summary

The article indicated osovennosti study of words and their meanings in students



Сөздің ішкі семантикалық байланысы оның мағынасы мен ұғымының арақатынасынан көрінеді. Лексикалық тіл білімінің негізі - сөз және оның мағынасы. Сондықтан оқушыларға лексика туралы, оның ерекшекліктері мен түрлері туралы мәлімет игертіледі. Ал оны игертудің негізі мағына мен ұғым.

Көптеген оқулықтарда: “Сөз - мағына мен дыбыстардың бірлігі” деген анықтама берілген. Ой елегінен өткізе зерделесек, шындығында сөздің құрамында мағына мен дыбыстың болатыны даусыз. Дыбысталусыз сөз болмайтын сияқты, мағынасыз да сөз болмайды. Бірақ бұл анықтама сөздердің барлық қасиеттерін анықтап бере алмайды. Өйткені бір сөздің мағынасы тіл-тілдерде әр-түрлі сөз арқылы беріледі. Сондай-ақ бұл анықтама сөздердің көп мағыналық қасиеті мен синоним, антоним сияқты тілдік құбылыстардың басын ашып бере алмады. Сондықтан І.Кеңесбаев: “Сөз - дыбыстар мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жиынтық бейнесі”,- деп сөздің мағынасын сәл күрделендірген [1.14].

Сөз - сөзтану ғылымының нысаны. Сөз - көп қырлы күрделі құбылыс, себебі оны таратушы адам, адамның рухани мәні көп қырлы күрделі болғандықтан, сөзі де сол сияқты мәнге ие. Б.Н.Головин тіл мен сөзді былай ажыратады: тіл – жалпы, сөз – жеке [2. 321] Г.Я.Солганик сөз деректі айтылым десе [3. 223], Р. Сыздық сөзді (речь), тіл, сөз, сөйлем деп айтады [4. 235]. Ендеше, тіл – дерексіз, сөз – деректі, тіл – мәнді, сөз – құбылыс. Сөз - лингвистикалық, әлеуметтік, интеллектуалдық құбылыс. Сонымен сөз дегеніміз – жоғары қабілетті тұлғаның әлеуметтік-лингвистикалық компетенциясы арқылы бір немесе бірнеше сөйлемнің жиынтық операциясынан тұратын ой, пікір ретінде танылатын тілдің динамикалы процесінің өндірісі. Сөзтану әлемінің көп қырлы күрделі мәселесі стилистикаға тікелей қатысты. Сөзтану – сөз лингвистикасы болса, ол стилистика шеңберінде өзінің көп қырлы күрделі мән-маңызын жан-жақты көрсете алады.

Сөйлесу арқылы адамдар білетін ақпарат – деректермен алмасады, олар тілді ғана меңгеріп қана қоймайды, дағдыларды жақсы іс-әрекеттерді де бір-бірінен үйренеді. Адамдар ресми, әңгімелесу, кәсіби әлеуметтік тілдесім, дербестік арқылы байланысады. Тыңдап – түсіну сөйлеудің бірінші сыңары болса, оның екінші сыңары – ауызша сөйлеу тіл арқылы оқушылардың іскерлігін, сөйлеу дағдыларын, әдептерін қатысын мәдениетін қалыптастырамыз. Баланың ауызша тіл дамыта оқытуда тіке байланыс қағидасы, адам жеке қабілетін, сөйлеуге үйретуге жаттығу жұмыстарының түрлерін айқындау, жұмыс түрлері, өзектілік қағидаларын басшылыққа алуымыз керек.

Сөздік қорды байытудағы ең өнімді тәсілдердің біреуі – сөздікпен жұмыс жүргізу. Сөздік жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:

І. Өз ойын тыңдаушысына білдіру, ұғындыру үшін оқушының ең алдымен сөздік қоры мол болуы керек. Ондай оқушының ұғымы да кеңейе береді, әрі тілі орамды болып, пікірін толық кеткізе алады. Ал сөздік қоры тапшы адам сөйлегенде көңілінде сайрап тұрған ойын дәл білдіруге қажетті сөз таба алмай, сасқалақтап, қиналыс табады. Сондықтан сөз байлығын арттыру ең басты талап болып саналады. Оқушылардың сөзі грамматикалық құрылысы жағынан дұрыс, мінсіз болуға тиіс. Яғни сөйлемдегі сөздер тілінің құрылысы материалы болып есептелінеді.

Грамматика сөздердің тұлғалары мен өзара бір-бірімен байланысын анықтаумен қатар, жаңа сөз тудыруды да қарастырады. Ендеше сөз сөйлеу барысында тілдің қолданылған сөздер заңдарына сай болуы қажет. Дұрыс мінез сөйлеуге үйрету жұмысы грамматика сабақтарында соған байланыстырыла жүргізіледі. Сонымен қатар бұл жұмыс грамматика сабақтарынан тыс, өз алдына бөлек сабақ ретінде де ұйымдастырылады.

2. Дұрыс сөйлеу мәдениетін тәрбиелеуде, алдымен бала тілдің дыбыстық құрылымын толық меңгеруі тиіс. Сөйлеудің дыбыстық жағы фонетика мен орфоэпия деректеріңе сүйенеді.

Бала үлкендерге еліктеу арқылы ана тілінің сөз екпіндерін, интонациясын дұрыс сақтауға үйренеді.

Сондықтан әр сөз ауыздан шыққанда оның ішіндегі кейбір дыбыстары немесе сөздің (желініп) қоймай, түсінікті, анық естудің дұрыс болуын қамтамасыз етуі керек.

Оқушылардың тіл мүкістігінен немесе еркеліктен сөздерді әдейә бұзып айтушылық райлары мектепте көптеп кездеседі. Ондай оқушылармен кезінде жеке жұмыстар жүргізілген дұрыс.

3. Оқушылардың сөзі анық болуы тиіс. Айтайын деген ойына мағынасы дәлме-дәл келетін сөзді тыңдап, теріп алып сөз сөйлеуге қазақ тілінің сөз байлығы жеткілікті. Мұғалімнің міндеті – балаларды ойын күмілжітпей, дәл айтуға үйрету. Әрине бұл талап та жоғарыда айтылған сөздің қорын молайту талабымен ұштасып жатыр. Дәл айтылмаған ойды түсінудің өзі бірсыпыра қиындыққа ұшыратады.

4. Оқушылар ойын тәртіппен бір жүйеге түсіріп айта білуге тиіс. Бұлай дағдыланбаған оқушы әңгімедегі оқиғаларды есіне түсіруіне қарай байланыссыз, шашыратып айтады да оның мағынасы мүлде түсініксіз болып шығады.

Бұл әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына тән кемшілік, өйткені кішкене балалар бір оқиғаны еске түсіргенде оның жүйесін, тәртібін, яғни оқиғаның неден басталып, қалай аяқталғанын басына тоқып ойлап тұрмайды. Оқығанын еске түскен жайды лақ еткізіп айта салады.

Мұғалімнің ең басты міндеті – балалардың айтар ойын тәртіппен, жүйелі сөйлеуге үйрету. Бұл үшін жоспарлы түрде әдейі сабақтар ұйымдастырылып, онда балалардың көңілдері сөйлемдердің орналасу тәртібіне аударылуы тиіс. Оқушылардың жазған мазмұндама мен шығармаларын талқылау кезінде де ондағы ой жүйесі қатты ескеріледі.

5. Оқушылардың сөздері таза болуға тиіс. Яғни балалар ойды білдіруге көмегі жоқ, артық сөздерді қолданбай, таза сөйлеуге дағдыланатын болуы керек.

6. Оқушылардың сөзі мүмкіндігінше бейнелі болуға тиіс. Бейнелеп сөйлеген сөз сәнді шығады және тыңдаушыға күшті әсер етеді. Бастауыш сынып оқушыларынан, әрине толық мағынасындағы бейнелеп сөйлеуді талап етуге болмайды. Мұнда тек балалар тек бейнелеп сөйлеу элементтеріне еліктейтіндей ғана жұмыстар ұйымдастырылады. Бұл жұмыстағы негізгі міндет – балаларды көркем шығармада кездесетін бейнелі ұғымларды түсіне білуге үйрету, кейбір әңгімелердегі бейнелі тіркестерді өздері сөйлегенде не мазмұндама, шығарма жазғанда қолдана білуге дағдыландыру керек.

7. Оқушылардың сөйлеген кездегі тұрысына, сздің айтылуына (дыбыстық жағы, мәнерлілігі, жылдамдығы, дауыс сазы, екпін т.б.) көптеген талаптар қойылады.

а) оқушының сөйлегенде дауыс сазы не қатты, не тым (естілмейтіндей) жай шықпай, бір қалыпты, орта, қоңыр дауыспен сөйлеуге тиіс.

Оқушы сөйлегенде асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау (бет әлпеті, қабақ қағысы, зейін, танымайтан жеоде өзін ұстау мәнері т.б.) мәдениетіне жаттықтырудың да маңызы бар.

Оқушыларды мұндай қасиеттерге тәрбиелеу олардың болашағы үшін қажет екендігін көрсете келіп, балалардың табиғи сөйлеу мәнерін бұзбай, қайта дамыта түскенде ғана, «ойы мен сезімі бет әлпетінен көрініп, көзінен от шашып тұратын шешендерді» жиіоек кездестіруге болады.

ә) оқушылар сөйлеу ішінде ойдың тірегі болып тұрған сөзді тауып, оған логикалық екпін түсіре сөйлеуге, лепті, сұраулы, хабаолы сөйлемдерді тиісті интоницияға түсіріп, сөйоеп дағдылануға тиіс.

Оқушыларды осы көрсетілген талаптарға сай сөйлеуге дағдыландыру үшін жоспарлы түрде әдістемелік жұмыс жүргізілуі тиіс.

8. Ауызша сөйлеу кезінде оқушылар өзіне айтылған сөздерді тыңдап, оның мәнін байыппен аңғара білуге жаттықтырылуы тиіс. Сонымен қатар олар әңгімелесі барысында сұоақ қоя алуға және өзіне қойылған сұрақтарға тиянақты жауап қайтара алуға дағдыландырыла алынады.

Оқушылардың біреумен сөйлесе алу шеберліктері сөз жоқ сөзді қорының байлығына, сөнымен қатар тілдің грамматикалық құрылысын қандай дәрежеде меңгергендіктеріне байланысты.

9. Көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету қажет. Сынып алдында немесе басқа жиындарда, тіпті танымайтын аудиторияларды (мекемелерде, үлкендер қатысқан жиналыстарда) тыңдаушыларына қарап ойын асықпай, саспай, қысылмай айтып беру, ой ұшқырлығын дамытады, ұжым алдында өзін ұстай алуға дағдыландырады. Сонымен қатар, сөздік пайдалануға фразалар құоа білуге, айтылатын әңгімесінің мазмұнын құрастыру шеберлігіне, яғни ойлаудың алуан түрлі қасиеттерін қалыптастырып, оларды шығармашылық белсенділікке дағдыландырады. Оқушылардың оқыған материалда, мазмұнын дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы түсіну үшін оқу сабақтарында неше түрлі сабақтар ұйымдастырылады. Бұл талаптар алты жасарларға да жат емес. Себебі мектеп жасыдағы бала тілдің фонологиялық жүйесін толық түсінеді.

Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардың сипатына, оқушылардың дасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүргізеді:


  1. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау;

  2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу;

  3. Шығарманы оқу;

  4. Әңгіменің жоспарын жасау;

  5. Оқыған шығарманың мазмұнын айту;

  6. Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.

Азат елдің азаматы егеменді елдің тұтқасын қолына берік ұстайтын, тәуелсіздіктің мағынасын терең түсінетін сабырлы, сауатты экономика құпиясын меңгерген, салауатты азамат болуы қажет [11.17].

1979 жылы жарық көрген Ә.Болғанбаевтың оқулығында: “Сөз дыбысталу мен мағына бірлігінен тұрады. Әрбір сөз - белгілі бір құбылыстың аты”,- деп анықтама береді [5.17]. Сөзге мағына мен, дыбыстың бірлігі, не мағына мен дыбыстың және грамматикалық категориялардың бірлігі деп берілген анықтамалардың қазіргі тілшілерімізді қанағаттандыра алмайтындығы анық.

Тіліміздегі сөздердің ең үлкен тобы заттар мен құбылыстарды, олардың негізгі қасиетін білдіретін толық мағыналы, дербес сөздер болып келеді. Лексикалық мағынаға ие болатын негізінен осы сөздер. Грамматикалық тұрғыдан алғанда оларға зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу сөздер жатады. Бұлардың (есімдіктің жайы басқаша, оған кейінірек тоқталамыз) ең маңызды қасиеті – затар мен құбылыстарды, іс-әрекеті, олардың белгілерін атап білдіретіндігінде. Сондықтан бұлар лексикологияда қарастырылады. Ал шылау, одағай, көмекші сөздер, модаль сөздер шындық болмыстағы зат, құбылыстарға тікелей қатысты болмағандықтан, олар әдетте лексикологияда емес, грамматикада зерттелетіндігі жоғарыда ескертілді.

Тіл-тілдердегі сөздердің табиғаты мен түрлі қасиеттерінің сәйкес келе бермейтіндігі кей ғалымдарымыздың жалпы сөзге тиянақты анықтама беруге болмайды деген қорытындыға келуіне себепші болған. Мысалы, М.Н.Петерсон: “Сөздерге қанағаттанарлық анықтама жоқ, оны берудің өзі де екіталай: сөз логикалық анықтама беріп болмайтын түсінік, сондықтан оны тек сипаттап не белгілерін көрсетумен ғана шектелген дұрыс”,- деген болатын [6.166]. Осы пікірге жақын пікірді Л.В.Шерба да келтіреді. “Шындығында, сөз деген не? Меніңше, бұл әр тілдерде түрліше болады. Бұдан жалпы, сөз деген түсінік жоқ деген ұғым тумайды. Мен сөз туралы көптен бері ойланып жүрсем де бұл проблеманы шешуді өз алдыма мақсат ете алмаймын”,- дегенді айтады [7.190].

Бұл пікірлерден сөзге тіпті анықтама беруге болмайды екен деген түсінік тумаса керек. Біз жоғарыдағы пікірлерді сөздің аса күрделі кұбылыс екенін дәлелдеу үшін келтірдік. Біздің ойымызша, профессор М.Оразовтың «Сөз теориясы» деген еңбегінде «Сөз дегеніміз мағына мен дыбысталудың тарихи, әлеуметтік шартты байланысы»,- деп берген анықтамасы соңы сөздің аса күрделі қасиеттеріне жан-жақты талдау жасап берілген анықтама деп білеміз [8.85]. Олай дейтін себебіміз, тілдің негізгі қызметі адамдардың катынас құралы болу екендігі анық. Сондықтан да тілдің белгілі бір адамзат қоғамына танылған сөздік құрамы мен грамматикалық құрылымы да болуы керек. Бұлардың барлығы да дыбыстар арқылы өмір сүреді. Бірақ мағынасыз дыбыстардың жалаң өздері қатынас құралы қызметін атқара алмайды. Осы негізде жүйелі дыбысталудың барлығы да сөз бола бермейтіндігі анық. Қатынас құралы болатын тілдің негізгі қызметі - адамдардың пікір алысуы. Бұл үдеріс сөзсіз адамдарға тәуелді болмаған табиғи құбылыстар мен шындық дүниедегі түрлі жағдайлармен байланысты болады. Демек ғалымның (М.Оразов) сөзге берген анықтамасы көңілге қонымды [8.8б].

Жоғарыдағы айтылған пікірлерден өз мақсатымызға мынадай ой корытындысын шығаруға болады.

Балаға тіл үйреткенде дайын сөздерді (мағына мен дыбыстар бірлігін) үйретеміз де, оған біртіндеп мағынаны ажыратуды көрсетеміз. Екінші сөзбен айтқанда, тіл үйренгенде әр адам жаңа тіл не жаңа сөз жасамайды, ертеден келе жатқан, ата-бабадан мұра болып берілетін даяр форманы қабылдайды, біртіндеп оны үйренеді. Тіл үйренгенде үйренуші бала сөздің жеке фонемалық элементтеріне, сөздердің грамматикалық формаларына назар аудармайды. Сөйлем құрап оның ең жоғарғы формасына келтіргенде ғана сөздердің тұлғасына, байланысу тәсіліне, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне, т б. көңіл аударылады.

Сөз ұғымын меңгерту арнайы логикалық жаттығулар арқылы оқытылады.Р.Ә.Шаханова орыс бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың негздерін анықтады [9.33]. Біз оқушылардың сөздік қорын молайтуға арналған жаттығулар жүйесінің негізгі түрлеріне тоқталайық.

Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік, ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасады. Егер белгілі бір зат туралы ұғымымыз болмаса оның мағынасын да білмейміз. Ұғым бар жерде мағына бар. Демек, ұғымның болуы сөз мағынасының ең маңызды шарты болып табылады. Бірақ сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да себеп болатын жайттар бар. Сөз мағынасы заттық-логикалық ұғымнан басқа айтушының ақиқат дүниеге көзқарасын, әр түрлі көңіл-күйін, сезімін және сөздің грамматикалық сипатын да білдіре алады. Бұдан сөз мағынасының ұғымнан кең екенін көреміз. Мысалы: Тәй, тәй, тәй!... Қаз! Қаз! Қаз! Қарағым!... апыл-тапыл басқанға мәз.(Б. Майлин). Тату боп жүрсең нетті қағыңғыр-ау, Қоймайсың Борабаймен төбелесті.(Б. Майлин). Түу! Ойбай-ай! Құдай-ай! Обал-ай(І. Жансүгіров). Осындағы тәй-тәй, қаз-қаз, қарағым, түу, қағыңғыр-ау, ойбай-ай, құдай-ай, обал-ай тәрізді сөздер қалыптасқан арнаулы мағыналарыың үстіне адамнң қуаныш, сүйініш, күйініш, таңырқау, таң қалу сезімдерін білдіріп, эмоциялық мән беріп тұр. Сөйтіп, сөз мағынасының ойды ғана білдірмейді, сонымен бірге сезім мен ерікті, көңіл-күйін білдіру үшін де жұмсалатындығын аңғарамыз. Мұндай қасиет ұғымда кездеспейтіні белгілі.

Сөз мағынасын меңгерудің білімдік, танымдық маңызы оқушылардың тіл білімі-туралы ұғымының кеңейуіне, тілдік ең кіші бөлшегі-сөздің фонетикасымен, морфологиясы, синтаксисі және стилистикасымен қатынасын түсінуіне, сөйтіп бүкіл тілдің жүйесі тұтас ұғынуына мүмкіндік береді ол үшін лексика туралы алған ұғым әрқашан грамматиканы оқыту барысында кеңейтіп, тәжірибелік маңызы ашыла түсуі керек. Өйткені жеке сөз ешқашан өз бойындағы бар мүмкіншілікті толық таныта алмайды.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Кеңесбаев I. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. А.: Ғылым, 1987, 14б.

2. Головин Б. Н. Основы културы речи. М., 1980, 335с

3. Солганик Г.Я. Стилитика текста. М., 2000.

4. .Сыздық Р. Сөз құдіреті. А., 1997.

5. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., Мектеп. 1979, 17 б.

6.Петерсон М.Н. Способности и труд. М., 1966, 166 с.

7. Щерба Л.В. Безграммотность и ее причины. –Вопр. Педагогики. -М.: 1936.

190 с.

8.Оразов М. Сөз теориясы. Ташкент. 1985, 85 б.

9. Шаханова Р.Ә. Техникалық жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде

қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері.



П.ғ.д.дисс. Автореф.-Алматы.: 2002,-33б

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет