Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде этнопедагогика материалдарын пайдалану Резюме Использование материалов этнопедагогики при воспитании детей дошкольного возраста



жүктеу 69.69 Kb.
Дата28.05.2017
өлшемі69.69 Kb.
ӘОЖ 373.2:39

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде этнопедагогика материалдарын пайдалану

Резюме

Использование материалов этнопедагогики при воспитании детей дошкольного возраста

Summary

Use material ethnopedagogics in the education of preschool children
Утабаева С. 101-12 оқу тобының студенті

Ғылыми жетекші аға оқытушы Балажанова Ж.Б.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,Шымкент
Қазақстан Республикасы Конституциясында , «Тілдер туралы» , «Білім туралы» Заңдарында , «Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасы» , «Мәдени мұра» бағдарламасы , «Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы» жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге, олардың бойындағы адами, рухани байлықтарын жетілдіруге және еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеуге баса назар аударылған.

Ал «Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасында»: «Енді Қазақстан халықтарына өз мәдениетінің келбетіне қайтадан толық көлемінде ие болуға тура келеді, ал бұл арада қазақ мәдениетіне, яғни мемлекетке тарихи атауын берген халықтың мәдениетіне даусыз басымдық берілуге тиіс, өйткені ол Қазақстаннан басқа еш жерде шын мәнінде түлеп, қажетінше дами алмайды», – деп атап көрсетілген. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде: «...қазақ тарихы адамзат шежіресінің құрамдас бөлігі екені ғылыми тұрғыда дәлелденуі керек»,– деп ерекше тоқталды, тәрбиенің тарихпен сабақтастығының ашылуы, қажеттігі мектепке дейінгі мекемелердің қалыптасу, даму зандылықтарын, қазіргі қоғам талаптарымен салыстыра зерттеудің, ғылыми негізде зерделеудің көкейкестілігін көрсетеді.

Этнопедагогиканың зерттеу объектісі халық педагогикасы. Халық педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы.

Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.

Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.

Халықтық тәрбиенің негіздерін оқытып, білдіріп меңгерту үшін, ең алдымен этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық танымдық негіздерін үйретіп білдіруге тура келеді. Ал ол этнос туралы ұғымды, этностардың туып, дамып қалыптасуын, этномәдениеттің ерекшеліктері мен оның әлемдік өркениетке ұштасуын, кірігу жолдарын теориялық тұрғыда қарастырудан басталады.

Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ-ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты болғандықтан, қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық мәдениеті жайында олардың ой-пікірлеріне арнайы тоқталуды қажет демекпіз.

Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына, жан-жақты жетілген, ұлттық сана-сезімі, ұлттық психологиялық нышандары қалыптасқан, рухани байлығы дамыған, ғылым мен практика жетістіктерінен хабары бар ертеңгі азаматты тәрбиелеу – отбасы, балабақша және мектептің үздіксіз жүзеге асыратын міндеттері екені баршаға аян.

Бұл жөнінде «Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасын» және «Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасы» дайындалып, осы құжаттарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстаң Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы №1762 «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері туралы» қаулысындағы ережесінде қазақ балаларын қоғамдық мекемелерде, отбасында және мектепте өз ана тілінде тәрбиелеу мен білім беруге ерекше көңіл бөліну қажеттілігі атап көрсетілді.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжатта: «Білім берудің деңгейлері мен мазмұны» белгіленіп, сонда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі деп көрсетілген.

Қазақстанның егемендi ел болуымен байланысты оқу-ағарту iсiнде оның басшылыққа алатын негiзгi идеялық бағыты қазақстандық патриотизмге негiзделуi керек. Ал Қазақстандық патриотизм мемлекеттiң территориялық тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттық мәдениеттiң сақталуын, Қазақстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн қамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалық және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк қазақ тiлi мен халықаралық қатынас тiлi – орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмақ. Бұл бағдарламада келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшiн қамқорлық жасау, оларға қажеттi бiлiм беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру, бүгiнгi нарықтық қатынас жағдайында өздерiнiң ата-бабаларының дәстүрiн сақтай отырып еңбек етуге әзiр болуын қамтамасыз ету көзделедi. Келер ұрпақтың бейбiт отанда өмiр сүрiп, шапшаң қарқынмен дамып, жан-жақты жетiлуi, Отанының адал патриоты болуы тиiс. Сондай-ақ Қазақстан үкiметi қабылдаған «Бiлiм туралы» заңының «Бiлiм жүйесi» деп аталатын екiншi бөлiмiнде «Бiлiм беру жүйесiнiң (пәннiң) мiндеттерi; Қазақстан республикасына шын берiлген, адал патриот азамат даярлау. Олар мемлекеттiк белгiлердiң мәнi мен маңызын терең түсiнген, халықтық дәстүрлердi қастерлейтiн Халықтар достығының негiзiнде тәрбиеленген, халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың мiндеттерi мен құқықтарын терең сезiнген Қазақстанда тiршiлiк етушi халықтардың негiзiн қалаушы – қазақ халқы мен басқа халықтардың тiлiн, тарихын, салт-дәстүрлерiн қадiр тұтып, оны игеруге кепiлдi азамат болуы керек» делiнген.

Әр халықтың қалыптасу тарихында олардың алдыңғы қатарлы тобы-зиялы қауым шешушi роль атқарса, ал бүкiл мемлекеттiң дамуында этностардың өзара байланысы басты рөл атқарады. Этникалық зерттеулер ескi тарихи-мәдени ескерткiштердi анықтаудан, белгiлеуден басталады. Әр этнос өзiне тән материалдық-мәдени байлықты жасайды. Мәселен, еңбек құралдарының түрi, тұрмыстық тұтыну бұйымдары, құрал-саймандар, салт-дәстүрi, рухани көзқарастың бiрлiгi әр этностың өзiне тән ерекшелiгi болып саналады. Бұған халықтың ауыз әдебиетi үлгiлерi мен жазу-сызу мәдениетi де енедi. Ерте дәуiрдегi этностық тұрмыстың ерекшелiгiн тас дәуiрiнiң мұраларынан, үй құрылысы мен оның әшекейлiк бұйымдарынан, керамикалық ыдыстар мен оның ою-өрнек үлгiлерiнен байқаймыз. Мiне, бұл жағдайларды анықтауға археологиялық қазбалар көмектеседi. Мәдени қазба ескерткiштер ертедегi этностар мәдениетiнiң өркендеуiн немесе құлдырау кезеңiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Археологтар адам мен хайуанаттардың сүйегiн, қамалдардың қабырғаларындағы немесе бейiттердегi тұтыну заттарының қалдықтарын (бiлезiк, сырға, батырлардың сауыт-саймандары, қару-жарағы, ыдыс-аяғы т.б.) тауып, сол арқылы ескi мәдени мұралар жайында қорытынды жасайтын болады.

Қазіргі таңда ұлттық салт-дәстүрлердің оқу-тәрбие процесіне енгізілуі негізге алынып отыр. Оқушыларға отбасынан басқа ұлттық тәлім-тәрбие беруде мектептің алатын орны ерекше. Үйде бала ата-анасына еркелесе, мектепте балаларға мұғалімнің айтқаны заң, олар ұстазының айтқанын бұлжытпай орындауға тырысады. Сондықтан да оқу-тәрбие процесінде ұлттық салт-дәстүрлерін пайдаланудың рөлі ерекше.

Ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуі, оның тарихи аясының кеңеюі ұлт тағдыры үшін зор маңызды, ол ұлттың қабілеттілігін, рухани күшінің жеткіліктіліғін көрсетеді. Ұлттың рухани мұралары мен дәстүрлерін, қахармандык, ерлік салтын қастерлеу - ұлттық идеяньщ басты көзі болады, оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігін нығайтады.

Тәуелсіздік алу және халықаралық қатынастардың бірте-бірте кеңеюі иәтижесінде біздің өзге халықтар жөніндегі түсінігіміз қалыптасты.

Осы құрылымдарын негізге ала отырып, біз ұлттық салт-дәстүрлерінің құрылымының схемасын ұсынамыз.


Ұлттық салт-дәстүрлерінің құрылымы

Дәстүр

Салт




Жол-жора

Ырым

Кәделер

Ғылым да

Әдебиет те

Өнерде

Әскерде



2. Құда түсу, қыз ұзату, келін түсірумен байланысты

1. Баланың өмірімен байланысты



Көшіп қонумен байланысты




Қонақ күту, үлкенді сыйлаумен байланысты

3. Өлікті жөнелтумен байланысты



4. Ұлттық тағам дайындаумен байланысты

Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттық сана-қабілетінде, түсінік-талғамында, мінез-құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген.

Егеменді елімізді бұдан әрі де бейбіт жолмен өркендете береміз десек әрбір ұстаз, ата-ана, саналы ұлт өкілдері «Береке бірлікке жеткізеді, ынтымақ елдікке жеткізеді» деген халық қағидасын үнемі іс пен әрекеттің пәрменді құралы ретінде пайдалануды естен шығармауы керек.

Қорытындылай келгенде, мектепке дейінгі балалардың тәрбиесін қалыптастыруда этнопедагогика материалдарын қолданудың ерекшелігін кешенді тұрғыдан қарастыру мәселесіне біздің республикамызда, Ресейлік және шет елдік көптеген психологтар мен педагогтар үлкен еңбек сіңіруде.


Әдебиеттер:

1.Назарбаев Н.Ә. «Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болу тиіс// Егемен Қазақстан.- 29 қараша.-, 2003



2.Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы. -Алматы.-11 шілде, 1997

3.Сәтімбеков Р.С.Тәрбие тағылымдары. –Алматы, Нұрлы жол, 2002 ж. -101 б.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет