Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық мәселелері Резюме Педагогико-психологические проблемы воспитания с помощью игры детей дошкольного возраста



жүктеу 69.22 Kb.
Дата19.06.2017
өлшемі69.22 Kb.
ӘОЖ 373.22

Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық мәселелері

Резюме

Педагогико-психологические проблемы воспитания с помощью игры детей дошкольного возраста

Summary

Pedagogical-psychological problems of education by playing preschool children
Шадиева Д. 101-12 оқу тобының студенті

Ғылыми жетекші аға оқытушы Балажанова Ж.Б.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,Шымкент
ХХІ ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту дамудың басты факторына айналып отыр. Біз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, халықтың неғұрлым әлсіз буындарына атаулы көмек қағидаттарында бүкіл мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттарды кең ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргіземіз.

Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар, қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшан-теңіз. «Үлкендер өсіп келе жатқан балдырғанға адамгершілік сезімдерін дер шағында дарыта беру үшін оны қоршаған ортасында көңілді, қуанышты жайларды жасай білуі шарт» - дейді Е.А.Аркин. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты оқу іс-әрекеті болып табылады. Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын оларды үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық дамуында маңызы өте зор. Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні өте зор.

Қазіргі ізгілендіру заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін, қабілетін, іскерлігін, ойлауын, ойын барысын да байқау қажет, сонда ғана олардың білімге, ынтасын арттырып, еңбексүйгіштікке, білімге құштарлық қасиеттерін нәтижелі қалыптастыруға болады.

Тәрбиеші балалармен ойынды ұйымдастырып, оларды үйрету, қалыптастыру үшін ең алдымен балалардың психологиялық ерекшеліктерін білуі керек :

1. Мектеп жасына дейінгі баланың бойындағы психикалық процестер: зейін, қабылдау, қиялдау, есте қалдыру, ойлау, сөйлеу, сезімдер. Осындай психикалық процестер баланың бойында болуын, өзгеріп жетілуін қарастырады.

Бала мұндай ерекшелік пен іс-әрекетті қимыл жасау процесінде, ойын барысында шешеді. Мектеп жасына дейінгі балаларының психологиясы психикалық дамуды, заңдылықтарды, іс-әрекеттің дамуын, жеке бастың қалыптасуын зерттейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясын білу оқыту, тәрбиелеу практикасын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Баланың психикалық даму ерекшелігі - ойлауында, ақыл-ойында, ынтасында, қабылдауында оқу-тәрбие үдерісі кезінде негізгі ерекшелік болып табылады.

Ойын барысында баланың қажеттіліктері мен құштарлығы, қабілеті, зейіні, ой-өрісі кеңейіп, өзінің психикалық дамуына үлес қосып отырады.

Бала ойын барысында жаңа іс-әрекеттерді, материалды игеру барысында үлкендердің басшылығымен, көмегімен игереді. Содан кейін өз түсінігі бойынша ары қарай дамытуға, жалғастыруға, ойын ортаға салуға үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалары оқу іс-әрекет барысында, оқу-тәрбие тыс уақытта іс-әрекеттің барлығын түгел қамти алмайды.

Сондықтан да баланың жас ерекшелігін ескере отырып, ойындарды ретімен қолданудың дұрыс жолдарын қарастыру керек.

Мектеп жасына дейінгі балаларының психикалық дамуы барысында пайда болған және жаңа қасиеттер мен қызығушылыққа итермелейтін іс-әрекеттің жаңа түрлерін игеруге бастайтын қайшылықтар техникалық дамудың күштері болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі баланы оқыту процесінде ойындарды пайдалануда балалардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері бар.

Олар:

1.Ойынның мақсаты мен міндеттерін анықтау.



2.Ойында қандай тәсілді қолданудың жоспарын түзу.

3.Жұмысты нәтижелі аяқтау үшін бала өзін-өзі бақылап отыруын қадағалау.

Ойын барысында балалардың дербестігін арттыруда олардың оқуға деген табыстары мен кемшіліктерін өздеріне дұрыс бағалауға үйретудің маңызы зор.

Психолог, педагог мамандар өздерінің зерттеу жұмысында: мектеп жасына дейінгі балалары оқу іс-әрекет барысында дидактикалық ойынды тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізгенде ғана жақсы нәтиже беретіні дәлелденген.

Балабақшадағы оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің алғы педагогикалық шарттарының бірі - өркениеттің бүгінгі деңгейіне негізделген әлеуметтік - педагогикалық талаптарға сай жастарға білім мен тәрбие беру, адам баласының өткен ұрпақтарының қол жеткізген жетістіктерінен бас тарту деген сөз емес, қайта сол көненің негізінде жаңа мазмұн мен мағыналарға жеткізілетін түрлерді дүниеге келтіру арқылы бүгінгі күн талаптарына сай жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкіндігін пайдалану.

Ойын элементтерін оқу іс-әрекеттер барысында пайдалану балалардың білімді қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнын бала санасына жақындатады. Ал балалардың табиғи жағдайда өткізетін туристік іс-әрекеттерде (туристік жорықтарда, жарыстарда) ұлт ойындарын пайдалану тәрбие жұмысына оларды қызықтырып, еліктіре түседі.

Ойындары балалардың іс-әрекеттерінің мазмұнын байытып, нақтылаудың нәтижесінде балалардың белсенділігін жетілдіріп, жұмыс қабілеттерін жақсартады, түрлі қиындықтар мен кедергілерді еркін игеруге мүмкіндік туғызады.

Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Оның үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр-дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендері айтылады. «Домбырамен күй шерту», «Аударыспақ», «Күлкі ойыны», «Балалар ойыны», «Ақсүйек», «Тоғызқұмалық», «Жұмбақ айтыс», «Асық ойнау» өте ерте заманда пайда болған. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойындарының ғасырлар бойы өмір сүргендігін айқын көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтын «Ақсүйек» ойыны байқағыштыққа, қырағылыққа, батылдыққа, ерлікке, шапшаңдыққа баулиды. Баланың ақыл-ойын дамытатын тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның түрі: «Он бір қара жұмбақ». Оның басты ерекшелігі есеп сұрақтарын қою арқылы баланың ойлау қабілетін дамытады. Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», т.б. тартымды ойындарды үйрету, тіл өнеріне негіз салады деп есептелген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап баланың психологиясын аңғаруға болады.

Ойын адам баласының ұжымдық шығармашылығының және орындалуы да көбінесе ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым - қатынасқа әрекеттенуге тәрбиелеуге мүмкіндік мол.

Психолог ғалым Т.Тәжібаев өз зерттеулерінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің кейбір ерекшеліктерін ескілікті білдіреді деген теріс көзқарасты орынды сынай отырып, олардың тәлім - тәрбиедегі, денесін машықтыру мен ақыл - ойын жетілдірудегі жеріне тоқталады. Ұлттық ойын түрлері ұрпақтың көңіл көтеруі, ойын - сауық түрлерімен шұғылдануымен ғана шектелмей, олар сол халықтың салт санасын, дәстүрін, тұрмысын білдіретін әрекет екендігін көрсетеді. Кез келген ойынның түр сипаты халықтың тіршілік тынысын бейнелейтін құбылыс.

Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.

Ұлы Абайдың: «Ойын ойнап ән салмай өсер бала болама?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Балабақша балаларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен, олар Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров.

Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж.Руссо мен И. Т. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт және тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы С. П. Шацкий, В. А. Сухомлинский , Н. К. Крупская өз пікірлерін білдірген.

Педагогикалык үрдісті жетілдіруде ойынның алар жөнінде Қазақстандық ғалым Н. Құлжановада зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Сонымен бірге ойынды әдептілік тәрбиелік мақсатқа пайдалану болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы білім беру жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі мектепке дейінгі мекемеден, бастауыштан басталғандықтан жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы баланы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалық дамуын қалыптастыруға болады.

Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты іс-әрекеті. Қай дәуірде болмасын, ойын ойнау - әр баланың тілегі, қажеттілігі, арманы және борышы. Ойын - балалардың ойлау қабілеттіліктерін аша түсумен қатар, табиғатқа, ілімге, ғылымға, өмірге, қоғамға сондай-ақ, айналасын тануға деген құштарлықтарын оятып, тіршілікке бейімделтіп, санаға тың талпыныс беретіндігін ғылым да дәлелдеген. 

Ғылыми тұрғыдан келгенде, мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық маңызы зор болмақ.
Әдебиеттер:
1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халыктарына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму» атты жолдау. - Астана,2015.-30 қараша

2.Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. – Астана: Фолиант, 2008, - 336б.



3.Баймұратова Б.Б, Сәтімбекова М.С, Жұмабекова Ф.Н. «Балбөбек» бағдарламасы. Алматы, 2000

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет