Мекен жайы

Loading...


жүктеу 44.49 Kb.
Дата16.01.2017
өлшемі44.49 Kb.






Мекен жайы:

100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28

Тел.8(7212) 77-04-16

77-04-02

77-04-37

www.library.ksu.kz

e-mail: rootlib@ksu.kz


Е.А. Бөкетов атындағы Карағанды

мемлекеттік университеті

Ғылыми кітапхана
Бірінші курс

студенттеріне жадынама
Білім – адам баласының ортақ қазынасы
Ж. Баласағуни

Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы университеттің мәдени және ақпараттық орталығы болып есептеледі және ЖОО-ның ғылыми және білім беру жұмысына көмек беру үшін ашылған. Кітапхананың негізгі міндеті - профессорлар мен оқытушылар құрамын (ПОҚ), магистранттарды, студенттерді оқу бейініне қарай, ғылыми-зерттеу бағытына және қолданушылардың рухани сұранысына қарай ақпараттармен толық қамтамасыз ету.

Профессорлар мен оқытушылар құрамына (ПОҚ), магистранттарға, студенттерге, БКФ және дайындық курсы тыңдармандарына қызмет көрсету факультеттердің оқу кітапханаларында жүзеге асырылады.

Кітапханаға жазылу персоналдар басқармасының (ПОҚ және қызметкерлер үшін) берген мәліметтері бойынша және оқуға қабылдау бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Қолданушыға барлық оқу залдарына және ғылыми кітапхананың электрондық ресурстар залдарына кіруге рұқсат беретін оқырман билеті беріледі.

Университеттің кітапханалық қызмет көрсету жүйесі:


  • оқу залы (12 зал, 1000-нан аса орын);

  • электрондық ресурстар залы (1,3,4,6,8,10,11 - ғимараттардағы 7зал);

  • абонементтер (11);

  • каталогтар залы;

  • құжаттарды Ғаламтор арқылы жеткізу.

Залдар мен абонементтер үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейін кесте бойынша жұмыс жасайды. Жексенбі күндері бас ғимараттың оқу залы мен электрондық ресурстар залы сессия кезеңдерінде ғана жұмыс істейді. Кітапхана ережесі мен жұмыс кестесі кітапхананың веб-сайтында көрсетілген (http://library.ksu kz).

Электрондық ресурстар залында Ғаламторға, жазылған мәліметтер базасына («Заң», «Параграф», «Республиканская межвузовская электронная библиотека»,

e-library, Elsevir баспасының Sciencedirect және Scopus деректер базалары, Springerlink, Thomson Reuters) және өзіміздің мәліметтер базасына («Alma Mater КарГУ им.Е.А.Букетова», «Академик Е.А. Букетов», «Экология Центрального Казахстана») қолжетімділікті қамсыздандырады. Сонымен қоса аудиоматериалдарды тыңдау, ақпараттарды көшіру және жазып алу, құжаттарды ламинаттау және түптеу қызметтері көрсетіледі.

Оқу залдарында кітапханада бар міндетті баспалар нұсқаларына және басқа да кітап қорларына еркін қолжетімділік мүмкіндігі ұсынылады. Жатақханаларда негізгі оқу әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен жұмыс істеу үшін оқу залдары ұйымдастырылған.

Қызмет көрсетудің барлық орындарында қажетті кітапханалық-библиографиялық анықтамалар және қажетті басылымдарды іздеу, кітап қорындағы немесе электрондық каталог бойынша әдебиетті тақырыптық таңдау, курстық және диплом жұмыстарын безендіру бойынша мерзімді жазылған мәліметтер базасындағы анықтамалық аппараттары бойынша кітапханалық анықтама мен кеңестер беріледі және т.б.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің ғылыми кітапханасының кітап қоры университеттің маңызды ақпараттық ресурсы болып табылады. Оның көлемі қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, қытай, поляк және әлемнің басқа тілдерінде шығарылған 1 млн.758 мың дана кітаптан астам.

Кітапхана қорынан ғылымның барлық бағыттары бойынша баспа және электрондық тасымалдаулар түріндегі әдебиеттерді табуға болады.


  • Ғылыми және ғылыми-танымал әдебиеттері

  • Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттері

  • Көркем әдебиет

  • Мерзімдік басылымдар

  • Диссертациялар мен авторефераттар қоры

  • Электрондық және магниттік тасымалдаулардағы материалдар

Электрондық каталог (ЭК) - Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында 1996 жылдан бастап электрондық технологияның енгізілуіне байланысты ИРБИС - кітапханалық-ақпараттық кіріктірілген жүйе бағдарламасымен қамсыздандырылған.

ЭК кітапты, мақалаларды, оқу-әдістемелік кешендерді және басқа да құжаттарды келесі іздестіру элементтері: авторы, тақырыбы (кітап, мақала немесе басқа құжаттар атауы) жылы және баспа орны, басылым редакторы, кілт сөздер, құрастырушы, тақырыбы, пәні бойынша іздеуге және таңдауға арналған. ЭК-ның ақпараттық массиві пайдалануда ыңғайлы болу үшін бірнеше каталогта ұсынылған: «Кітаптар», «Мақалалар», «Оқу-әдістемелік кешендер», «Типтік бағдарламалар», «Электрондық кітапхана» және т.б.

Каталогқа тікелей оқу залдарындағы, электрондық ресурстар залдарындағы, абонементттердегі, деканаттардағы, кафедралардағы және университеттің құрылымдық бөлімшелеріндегі дербес компьютерлерден корпоративтік желі бойынша, сондай-ақ, Ғаламтор бойынша кітапхана сайты арқылы (http//www.library.ksu.kz) қосылуға болады.

Электрондық кітапхана (ЭК) толық мәтінді, мазмұны бойынша әмбебап, оқу және ғылыми материалдардың мәліметтер жинағы.

ЭК-ға ПОҚ-ның дәрістерінің көшірмелері, оқу-әдістемелік кешендер, оқу тұсаукесерлері, «Қарағанды университеті хабаршысы» барлық сериялары (2000 жылдан бастап), «Жастар әлемі» газеті (1996 жылдан бастап), университет ПОҚ-ның ғылыми мақалаларының көшірмелері, сирек кітаптардың электрондық нұсқалары енгізілген. ЭК-да ПОҚ-ның әзірлеген электрондық оқулықтары мен өзге де сырттан алынған электрондық оқулықтар (отандық және шетелдік) бар. Оқыту бағдарламалары, тест тапсырмалары, электрондық анықтамалық жүйе, жол көрсеткіш бар.



ЭК-ға кіруге электрондық ресурстар залында және кітапхананың сайты (http//www.library.ksu.kz) арқылы авторизация режимінде электрондық каталог аясында (тіркелген қолданушылар, яғни студенттер мен оқытушылар логин және пароль арқылы) мүмкіндік алады.

Кітапхананың Ғаламторда http//www.library.ksu.kz сайты жұмыс істейді. Онда толық мәтіндік және кітапханалық ақпараттар, қолданушы сұранысына орай материалдар, кітапхананың қызмет көрсету түрлері берілген.
: download -> KAZ
download -> Жұмыс бағдарламасы «Кәсіби қазақ тілі»
download -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
download -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
download -> Э н. профессор М. Д. Жұмабаева. Силлабус «5В090800 «Бағалау» мамандығының студенттеріне/магистранттарына арналған ««Іскерлік қазақ тілі» курсының типтік бағдарламасы
download -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско- российский медициналық
download -> «бжзқ» АҚ Басқармасының 2013 жылғы 04 қазандағы №40 хаттамасымен бекітілген
download -> «бжзқ» АҚ Басқармасының 2013 жылғы 04 қазандағы №40 хаттамасымен бекітілген
download -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
download -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
KAZ -> Кітапханаға түскен Қарму баспасынан шығарылған кітаптар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...