«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Loading...


жүктеу 42.56 Kb.
Дата13.06.2017
өлшемі42.56 Kb.


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы « 24 » қарашадағы

№ 314 қаулысымен

бекітілген

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін

медициналық ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламенті


  1. Жалпы ережелер

1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті берушісі медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11304) бұйрығымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 6697) бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» № 035-2/е және № 079/е нысандары бойынша учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері (бұдан әрі – ЖПД) қол қойған, дәрігердің жеке мөрімен және көрсететің қызметті берушінің мөрімен расталған анықтама болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.




  1. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)

iс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді (iс-қимылды) бастауға стандарттың 9 тармағында көзделген құжаттар болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей өтініш білдіруі негіз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсімдердің (iс- қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1 – іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарын қабылдау. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут ішінде;

2 – іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің учаскелік дәрігері немесе ЖПД көрсетілетін қызметті алушының еңбекке жарамдылығын тексеріп, сараптамадан өткізуі. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут ішінде;

3 – іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) учаскелік дәрігер немесе ЖПД қол қойған, дәрігердің жеке мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған анықтаманы беру. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут ішінде.

Көрсетілетін қызметті берушіге (тікелей) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған сәтінен бастап - дәрігердің қабылдауында болған жағдайда – 30 (отыз) минут, үйге шақыру кезінде – жұмыс уақыты ішінде.

6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарын қабылдау болып табылады, ол 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негiз болады. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимыл нәтижесi көрсетілетін қызметті берушінің учаскелік дәрігері немесе ЖПД еңбекке жарамдылығын тексеріп, сараптамадан өткізуі болып табылады, ол 3-ші іс-қимылын бастауға негiз болады. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл нәтижесi көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) учаскелік дәрігер немесе ЖПД қол қойған, дәрігердің жеке мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған анықтаманы беру болып табылады.



  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесi:

1) көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу бөлімінің маманы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің учаскелік дәрігері немесе ЖПД.

8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (iс-қимылдарының) сипаттамасы:

1 – іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарын стандартының 9 тармағына сәйкес қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут ішінде;

2 – іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің учаскелік дәрігері немесе ЖПД көрсетілетін қызметті алушының еңбекке жарамдылығын тексеріп, сараптамадан өткізеді. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут ішінде;



3 – іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) учаскелік дәрігер немесе ЖПД қол қойған, дәрігердің жеке мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған анықтаманы береді. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут ішінде.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттiлігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
: assets
assets -> Ережелер І қаза
assets -> Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама "Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы "
assets -> Өндірістік оқыту шебері П. Курманов атындағы «Үздік дәнекерлеуші» атты облысаралық кәсіби шеберлік байқауының ережес І
assets -> Өскемен 2015 ӘОЖ. 811. 512. 122: 37. 09
assets -> «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік
assets -> Регламенті Жалпы ережелер «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»
assets -> Регламенті Жалпы ережелер
assets -> «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Осы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...