«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Осы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу»

Loading...


Дата22.01.2017
өлшемі59.99 Kb.
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты
1.Жалпы ережелер
1. Осы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) электрондық форматтағы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тіркеу қызметін ұсынуды регламенттейді.

Мемлекеттік қызмет сондай-ақ жеке тұлға немесе оның өкілі уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде көрсетіледі, ол уәкілетті ұйымның тіркеу журналында тіркеледі.

2. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті ұйым – күн сайын дүйсенбіден жұма аралығында үзіліссіз, сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес мереке күндері.

2) портал – тәулік бойы.

3. Электрондық форматтағы мемлекеттік қызмет нысаны толық автоматтандырылған болып табылады.

Электрондық емес форматтағы мемлекеттік қызмет нысаны – автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің және «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысының негізінде ұсынылады.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызметті алушылар жеке тұлғалар (бұдан әрі – тұтынушы) болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет:

1) тікелей жүгінген кезде - тұтынушының таңдауы бойынша уәкілетті ұйым ғимаратында;

2) электронды форматта – порталдағы жеке кабинетте көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында: www.mz.gov.kz;

2) уәкілетті ұйымдардың үй-жайларында;

3) порталда;

4) ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталығының  телефоны (1414) арқылы да ұсынылады.

9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде - қағаз түріндегі (ерікті нысандағы) тіркеу туралы анықтама (талон) беру;

2) порталға электрондық форматта жүгінген кезде – осы стандартқа              1-қосымшаға сәйкес уәкілетті ұйымның электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы тіркеу туралы анықтама (талон) беру;

3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

10. Мемлекеттік қызмет электронды форматта не уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген, өртке қарсы шаралар қабылданған уәкілетті ұйымда өтініш білдірген күні көрсетіледі. Залда күтуге арналған креслолар мен ақпараттық стенділер орналастырылады.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алуы үшін тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлік) болуы қажет.

Мемлекеттік қызметті электрондық форматта алу үшін тұтынушының:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлік);

2) электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.

12. Уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алуы үшін тұтынушы ерікті нысанда өтініш толтырады.

Мемлекеттік қызметті электрондық форматта алу үшін тұтынушы осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес порталдағы жеке кабинетте электрондық құжат нысанында сұрау салуды толтырады.

13. Уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде жауап (растау не бас тарту) бір күн ішінде беріледі, осы уақыт ішінде тұтынушыға тіркеу туралы анықтама (талон) не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.

Тұтынушының сұрау салуы бойынша порталда электрондық форматта жауап (растау немесе бас тарту) бір күн ішінде беріледі, осы уақыт ішінде осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматта тұтынушыға жауап беріледі.

Электрондық форматта мемлекеттік қызмет порталға өтініш жасалған күні көрсетіледі. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет алуға сұрау салу уәкілетті ұйымның жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін).

14. Уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде тұтынушының мемлекеттік қызметті алуға сұрау салуы:

1) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген талаптар орындалмағанда;

2) уәкілетті ұйымды еркін таңдау кезінде жылына бір реттен жиі  тіркелгенде;

3) уәкілетті ұйым тіркейтін тіркелген халықтың саны нормативтерден асқанда;

4) бірнеше уәкілетті ұйымға тіркелген кезде қабылданбайды.

Мемлекеттік қызметті электрондық форматта алуға тұтынушының сұрау салуы:

1) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген талаптар орындалмағанда;

2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы        11 қаңтардағы  Заңының 40-бабында көзделген нормаларға сәйкес келмегенде қабылданбайды.
3. Жұмыс қағидаттары
15. Уәкілетті ұйымның тұтынушыға қатысты қызметі мына қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) заңдылықты сақтау;

3) тұтынушылармен жұмыс істеу кезінде этика және деонтология қағидаттарын сақтау;

4) мемлекеттік қызметті көрсетудің уақтылығы мен сапасы;

5) өтініштерді қарау кезінде лауазымдық тұлғалар қызметінің айқындылығы.


4. Жұмыс нәтижелері
16. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстың нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

17. Уәкілетті ұйымдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

18. Осы стандартқа 4-қосымшада уәкілетті ұйым қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіретін және шағымдарды әзірлеуге жәрдемдесетін лауазымдық тұлғаның байланыс деректері көрсетілген.

19. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдар тұтынушының таңдауы бойынша мыналарға жүгіну арқылы:

1) электрондық мекенжайлары мен телефондары ссы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының тікелей басшыларына жіберіледі;

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – басқармалар) басшыларының азаматтарды қабылдауы осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес, сондай-ақ www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан кесте бойынша жүзеге асырылады;

2) (8-7172)-74-32-40, 74-32-45 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «сенім телефондарына»;

3) осы Стандартқа 6-қосымшада көрсетілген басқармалардың «сенім телефондарына»;

4) www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсындағы «сұрақ-жауап» бөлімінде;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің блогына (www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің блогы» беті);

6) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер арқылы;

7) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кеңсесіне жазбаша шағым арқылы жіберіледі.  

20. Порталда мемлекеттік қызметті сапасыз көрсетуге арналған  шағымдарды тұтынушы порталдың call-орталығының телефоны бойынша (1414) жолдайды.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

22. Мемлекеттік қызметті сапасыз көрсетуге шағым құзыретіне шағымда көрсетілген мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымдық тұлғаға жіберілуі тиіс.



Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі және тұтынушының қолы қойылады. Шағым беру кезінде субъектінің атауы немесе әрекеттеріне шағым жасалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, шағымдану дәлелдері мен талаптар көрсетіледі.

23. Қабылданған шағым Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ақпаратты есепке алу журналында (электрондық форматта) тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген мерзімдерде қаралады. Өтініш иесіне күні және уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Өтініш иесіне шағымды қарау нәтижелері туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Каталог: assets
assets -> Ережелер І қаза
assets -> Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама "Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы "
assets -> Өндірістік оқыту шебері П. Курманов атындағы «Үздік дәнекерлеуші» атты облысаралық кәсіби шеберлік байқауының ережес І
assets -> Өскемен 2015 ӘОЖ. 811. 512. 122: 37. 09
assets -> «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік
assets -> Регламенті Жалпы ережелер «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»
assets -> Регламенті Жалпы ережелер
assets -> «Туберкулезге қарсы диспансерден (аурухана) берілетін анықтама» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Туберкулезге қарсы диспансерден (аурухана) берілетін анықтама»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...