МӘдениет түсінігіне



жүктеу 59.66 Kb.
Дата19.03.2017
өлшемі59.66 Kb.
МӘДЕНИЕТ ТҮСІНІГІНЕ

Мәдениет дегеніміз – ( латын тілінде cultura – өңдеу, тәрбиелеу, білім беру, даму, сыйлау ) – адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі [1, 5 б.]. Мәдениет түсінігі туралы мыңға жуық анықтамалар бар. Мәдениет сөзі латынша тәрбие, қамқорлық деген мағынаны білдіреді. Мәдениет анықтамасы ең алғаш рет Ежелгі Грецияда қолданыла бастады. Осыған орай мәдениет сөзінің түсінігі мен қолданатын аясы кеңейе бастады. Мәдениеттің жақсы қарқынмен дамуы оның екі үлкен бағытқа бөлінуіне алып келді;

1) адамның тұлғалық белгісінің қалыптасуы;

2) қоғамдық өмірдің әмбебаптық құралы.

Мәдениет – латын сөзінен бастау алып, XVII ғасырдың екінші ширегінде ғана Еуропалық ойлау жүйесіне ене бастады. Мәдениет сөзі ең бірінші латын ғалымы Марка Порция Катонның латын поэзиясының үлкен жетістігі болып табылатын «De Agri Cultura» еңбегінде қолданылған. Латны тілінде мәдениет сөзі бірнеше мағынаны білдіреді:

1) өсіру, қамқор болу;

2) ауыл шаруашылығы, жер өңдеу;

3) жер өңдеу, білім алу, өсу;

4) табыну, ұрпақ.

Алғашында латын тіліндегі мәдениет сөзі адамның табиғатпен шынайы байланысы деп түсіндірілді. Ал кейін келе «мәдениет» термині – атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа қалып отыратын белгілі бір наным-сенім салт-дәстүр , әдет-ғұрып , деген мағынаны білдірді.

Мәдениет – адамдар үшін жасалған ең құнды дүние болып табылады. Сондықтан біз мәдениеттің негізгі мағынасы жеті аспектіден тұратынын ұмытпағанымыз абзал, яғни, мәдениет ол – нәтиже, процесс, амал, қызмет, қарым-қатынас, норма және жүйе.

Мәдениет дегеніміз:

1) барлық адамзат қабылдаған ойлау тәсілі;

2) адам баласының қарқынды түрде өз-өзін бостандыққа шығару үлгісі;

3) адам баласын жануарлардан ерекшелендіретін нәрсе;

4) белгілер жүйесі;

5) материалды және рухани құндылықтар жиынтығы [2, 11 б. ]. Яғни осы берілген түсініктемелерге қарап біз мәдениет сөзінің көптеген анықтамаларға ие болғанын айта аламыз.

Римнің танымал ораторы және философы Марк Туллий Цицерон өзінің «Тускуландық әңгіме» атты еңбегінде философияны «мәдениеттің жаны» деп атап, мәдениет сөзінің балма мағынасын ұсынды. Яғни Марк Туллий Цицерон философиямен айналысатын адам мәдениетті ақыл мен ойға ие болады деп есептеді.

Кейін XVII – XVII ғасырларда Европа ғалымдары да мәдениетке байланысты өз ойларын білдірді. Солардың бірі Самуэл Пуфендорфаның ойы бойынша мәдениет сөзі, ұғымы тек қана қоғамда жақсы тәрбиеленген жандарға, өнерлі адамдарға ғана тиесілі болуы керек деген ойын атап өтті.

Ал Ресей мәдениетіне мәдениет сөзі тек қана 1830 жылдары ғана пайда бола бастады. Яғни, 1837 жылы И.Ренофаранце «Орыс кітаптарын жақсы көретін оқырмандарға арналған қалта кітаптары» атты еңбегінде мәдениет терминіне екі түрлі анықтама берді:

1) жер өңдеу және шаруашылық;

2) білімділік.

Мәдениет беретін анықтамасы жөнінде барлық елдің ғалымдары өз пікірлерін білдірген. Солардың ішіндегі мәдеиет туралы ХХ ғасыр гуманисі Альберт Швейцер: «Мәдениет дегеніміз – адам баласының және бүкіл адамзаттың прогресінің жиынтығы, ал бұл прогресс индивидтің рухани жетілуге ықпал тигізуі тиіс. Өйтпеген жағдайда, бұл прогресс мәдениетке апармайды», – дейді [3, 103 б.]. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ мәдениет адамның жақсы қасиеттерінің жетілуіне, оның бойындағы рухани байлығының өсуіне септігін тигізуі тиіс деп санауымызға болады. Яғни біз прогресске экономикалық прогресті ғана жатқызбаймыз сонымен қатар адам баласының адамгершілік қасиеттернің, рухани жан дүниесінің жетілуін де жатқызуымызға болады.

Мәдениет – адам баласының өмірдегі ең үлкен жетістігі болып саналады. Себебі адам баласы басқа тіршілік иелерінде кездеспейтін орныққан сана-сезімі арқылы тұлғалық бойына мәдениет ұғымын дарытып, қоршаған ортаға басқаша көзқарастамен қарауға ие болды. Адам мәдениетті дамыта отырып, өзін тұлғалық деңгейге көтеріп басқа тіршілік иелерінен ерекшеленді. Мәдениет сөзі қазіргі таңда біздің өмірімізде – реттеуші қызметін атқарады. Себебі қазіргі заманда әке-шеше мен баланың ортасындағы сенімсіздік, бір ұлттың шеңберінде өмір сүре тұра, діндерін, салт-дәстүрлерін, бір-бірінің адамгершілік қасиеттерін бағаламау орын алуда. Міне, қоғамдағы осындай келеңсіз жағдайларды мәдениет арқылы реттеуге болады.

Мәдениет – адамгершілік тұрғысынан да білім беру жүйесі жағынан да үлкен мәнге ие бола алатын түсінік. Себебі мәдениет ғылым ретінде:

1) философия, лингвистика, тарих;

2) этнология, психология, саясаттану;

3) экономика, педагогика пәндерінің негізін түсіндіріп бере алады.

Адамның өмірдегі негізгі мақсаттарының бірі – мәдениет орнатқан қағидаларға бағына отырып, өз бойындағы рухани қасиеттерді, білімділікті, адами құндылықтарды тәрбиелеу керек. Жалпы алып қарайтын болсақ мәдениет бұл бір адамның ғана тәрбиелілігін көрсетпейді сонымен қатар бүкіл бір ұлттың, елдің, мемелекеттің рухани сатысын көрсетеді. Осыдан айтар болсақ әр елдің өзіндік мәдени қағидалары бар. Яғни, әлемдегі барлық мемлекеттер бір-бірінен мәдениет арқылы ерекшелене алады. Мәдениет әлемдік немесе ұлттық қарым-қатынаста діннің, қоғам тәрбиесінің, адамдардың рухани құндылықтарының ерекшеліктерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар олардың арасындағы ішкі саясатының өрлеуіне, экономикасының қарқынды түрде дамуына көмектесетін құрал ретінде қарастыруға болады. Яғни, осындай тұжырымдамаларды қолдайтын ғалымдарды да кездестіруге болады. Мысалы, неміс тарихшысы Д.Гиноу мынадай ойын атап өтті: «Қырғиқабақ соғыс кезіндегі американдық дипломаттар Америка Құрама Штаттары өзінің өмір сүру салтының артықшылықтарын шетелдерге мәдениет арқылы көрсетуі қажет деген ұйғарымғы келді. Егер Кеңес Одағы коммунизмді экспорттаса, АҚШ-тың қоғам қайраткерлері мен саяси стратегтері өз елінің бүкіл Әлемге ықпалын мәдениет арқылы жүргізу әрекеттерін одан сайын күшейте түсті» [4, 56 б.]. Яғни мәдениет арқылы үлкен алпауыт елдер соғыс жарияламай , бір бірінің саясатына әсер ете алады.

Мәдениет – бұл адам баласын қоғамдандыру жүйесі болып табылады. Яғни, қоғамдандыру деп отырғанымыз – адамзатты қоғамға сай тәрбиелеу, қоғамда орныққан жүріс-тұрыс ережелерін сақтау, қоғамда қалыптасқан тәртіптерді игеру барысында ғана адам баласы қоғамның негізгі мүшесіне айналады. Осы тұрғыдан П.Б. Вейльдің тұжырымдамасында, «мәдениет – бұл артефактер, әрекеттер және қарым-қатынастар жүйесі, өз кезегінде, ол уақыт сынағынан өтіп, белгілі бір мәдени қауымдастыққа тән жалпы психологияны қалыптастырады» [5, 124 б.]. Яғни адам баласы мәдениет қағидаларын бойына дарыта отырып, қоғамда өзіндік ой-пікірін, тұжырымдамасын тиянақты түрде түсіндіре алады.

Мәдениетті кең мағынада қарастырар болса, ол мәдениеттану ғылымының дамуына өз әсерән тигізді. Яғни мәдениеттану ғылымы мәдениеттің тарихын оның маңыздылығын, дамуын зерттеді.

Мәдениеттанудың ғылым ретіндегі ерекшелігі – көп жоспарлылығы себебі мәдениет көпөлшемді құбылысқа ие болып келеді. Мәдениеттану сөзінің мағынасына байланысты ғылымда әр түрлі түсініктемелер қалыптасты. Солардың ішіндегі үш негізгі түсінікті белгілеп өтуімізге болады:

1) Мәдениеттану – мәдениеттің тарихи түрде дамуын зерттейтін субъектілік кешен.

2) Мәдениеттану – бұл әр халықтың дәстүрлі және діни ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы.

3) Мәдениеттану – бұл әлеуметтік-гуманитарлық жүйедегі білімнің

негізгі ғылыми кешені болып табылады.



Мәдениет адам баласы қалыптастырған, әлі де қалыптастырып келе жатқан жүйе болып табылады. Мәдениеттің адамзаттың рухани жан дүниесіне берген әсері мол болды. Мәдениетсіз адам, адамсыз мәдениет қалыптаспайтыны анық. Сондықтан мәдениет адам баласының өне бойына рухани қағидаларды дамытып оны басқа тіршілік иелерінен ерекшелендірді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Нағымұлы С. Мәдениеттану. – Астана: Фолиант, 2007. – 312 б.

  2. Ғабитов Т., Затов Қ. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 382 б.

  3. Швейцер А. Культура и этика. – М.: Прогресс, 1973. – 398 с.

  4. Глобалистика: Международный междисциплинарный энциклопедический

словарь / гл. Ред. Мазурь И.И., Чумаков А.Н. – М. – СПб. Питер, 2006. – 421 с.

5 Грушевицкая Т.Г. Инкультурация и социализац //www.countries.ru/library/ intercult/ mkis.htm

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет